Анықтама-кітапша



жүктеу 2,6 Mb.
бет1/3
Дата22.05.2018
өлшемі2,6 Mb.
#16076
  1   2   3

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Кредиттік технология бойынша оқитын

білім алушыларға арналған

АНЫҚТАМА-КІТАПША



Көкшетау 2017

Мазмұны:


1

Кіріспе

3

1.1

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті туралы жалпы мәлімет

3


1.2

Сіз таңдаған университетте оқудың артықшылығы

10

2

Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін

ұйымдастырудың жалпы ережелері

12


2.1

Кредиттік технологиямен оқытумен байланысты негізгі ұғымдар

12

2.2

Дәріс алудың білім траекториясын қалыптастыру және оқу пәндеріне жазылу тәртібі

17

2.3

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру

18

2.4

Білім алушылардыңбілім жетістіктерін бақылау мен бағалау жүйесі

19

2.5

Автоматтандырылған ақпараттық «Platonus» бағдарламасының жүйесі

22

2.6

Автоматтандырылған ақпараттық «TAMOS» UNIVERSITY SUITE

бағдарламасының жүйесі


24


2.7

Үйренушілердің академикалық жинақтылығы, ғылыми тағылымдама

25

3

Оқушылардың құқылары мен міндеттері

27

3.1

Студенттердің құқылары

27

3.2

Міндеттері

27

3.3

Кредиттік білім алудың шарттары

28

3.4

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің

кітапханасын пайдалану ережесі


29


4

ҚОСЫМШАЛАР




4.1

1-қосымша. Академиялық күнтізбе

31

4.2

2-қосымша. Студенттің жеке оқу жоспарының үлгісі

34

4.3

3-қосымша. Білім алушының тіркеу үлгісі

35

4.4

4-қосымша. Әкімшліктің тізімі мен телефон нөмірлері

36

4.5

5-қосымша. Өтініштерді жазу үлгілері

41


1 Кіріспе
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 2000 жылы Қазақстан Республикасында өтіп жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен реформаларға сай ұйымдастырылған.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жаңа үлгідегі оқу орны ретінде ғылыми-педагогикалық құрамы білікті, жақсы материалдық-техникалық базасы бар және қазіргі заманғы мамандарды даярлау бойынша инновациялық технологияны қолданатын және халықаралық сапа стандартына сай келеді.



Университеттің басты миссиясы - жоғары білікті кадрларды даярлау, өздерін кәсіби тұрғыдан көрсете білетін, шешім қабылдап, оған жауапты бола алатын тұлғаларды дайындау болып отыр. Біздің негізгі міндеттерінің бірі:

- студенттерді (магистрант) нақты кәсіби салада құзырлы маман ретінде қалыптастырып, қазіргі дамыған өмірге бағытталған кәсіби, құқықтық, моральдық-этикалық және эстетикалық нормаларға сай тәрбиеленген өз ортасының белсенді тұлғасын дайындау;

- мемлекеттік-отаншылдық құндылықтарға бағытталған, бар күшін қоғам мен өз әлеуетін жетілдіруге ұмтылатын және әрдайым ізденіске талпынатын бірегей тұлғаны қалыптастыру;

Университет дамуының негізгі тұжырымдамасы ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауына, Н.Ә. Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлттық жоспары; 2020 жылға Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарына; 2016-2019 жж. аралығындағы ҚР білім берудің Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің дамуы 2010-2020 жж., Қазақстан Республикасында үздіксіз білім алу жүйесіндегі тәрбие беру Тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру Тұжырымдамасы; 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім алудың Жол картасы; Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарындағы заңдар мен мемлекеттік стандарттар, кредиттік технология бойынша оқытуды оқу үрдісіне енгізу ережелері қарастырылады.



1.1 Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

туралы жалпы мәлімет
Университетте ғылыми - педагогикалық үлкен өтілі, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар, жоғары дәрежелі профессорлық - оқытушылық құрамы жұмыс істейді. Олардың ішінде білім үздіктері; академиктар, Халықаралық ғылым академиясының мәртебелі мүшелері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының педагогикалық ғылым академиясының корреспондент мүшелері, еңбек сіңірген қайраткерлері, жоғары білімді мәртебелі жұмыскерлері, педагогикалық еңбектері үшін орден және медальдардың иегерлері.

Университет ректоры - Елюбаев Мәди Сағынтайұлы басқарады, заңтану ғылымдарының докторы, профессор. Шоқан Уалиханов атындағы мемлекеттік Көкшетау университетін тағамдаған, 2006 жылдан бастап заң ғылымдарының кандидаты, 2011 жылдан бастап заң ғылымдарының докторы, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері, 2016 жылдан бастап Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстанның криминологтар одағының мүшесі, «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, арнайы бизнес – бағдарламаларға қатысушы. «Efficient Management of Higһer Education Institions. Tһe UK Experience». Held in London-Oxford – Cambridge. «Efficient Management of Higher Education Institions. The USA Experience», Held in New York and Washigton, USA. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін негізін қалаушылардың бірі болып саналады.
Университет президенті - Елюбаев Сағынтай Зекенұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық академиясының академигі, ҚР ғылым Ұлттық Академиясының мүше-корреспонденті, облыстық мәслихаттың депутаты, Ақмола облысы мәслихатының әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ҚР агенттігінің департаменті мен облыстық прокуратураның қоғамдық кеңесінің мүшесі. К.А. Тимирязев атындағы Ленин Мәскеу ордені мен Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық академиясын аяқтады. 1979 жылдан бастап Елюбаев С.З. - ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, 1997 жылдан бастап ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы болып табылады.

Елюбаев С.З. - агрария саласындағы белгілі ғалым, ҚР Елбасының марапат қағаздарына ие болған (2008 ж., 2011 ж.). Елюбаев С.З. «Жоғары білім саласының құрметті қызметкері» (2001 ж.) және «Ресейдің құрметті агрохимигі» (2011 ж.) берілді. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Халықаралық Сократ марапатымен, агрохимия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін (Оксфорд, Ұлыбритания, 2011 ж.). марапатталған. Агрохимия саласы бойынша Халықаралық сыйақы лауреаты (2011 ж.) иегері.

Марапаттары: «Құрмет» төсбелгісі (2013 ж.), медальдар: «Ерен еңбегі үшін» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының білімді дамытудағы ерен еңбегі үшін» (2005 ж.), «Белсенді еңбегі үшін ( «НұрОтан ХДП партиясымен)» (2010), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының медалімен (2011 ж.).Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін негізін қалаушылардың бірі болып саналады. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академик атағын алды.

Университеттің бірінші вице – президенті - Досанова Сая Сабырқызы, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім мәртебелі жұмыскері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің еңбектің Қызыл Ту Қазақ орденін тағамдады. 1988 жылдан бастап филология ғылымдарының кандидаты, 2006 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы. Арнайы бизнес – бағдарламалардың қатысушы: «Efficient Management of Higher Education Institions. The UK Experience», Held in London-Oxford – Cambridge. «Efficient Management of Higher Education Institions. The USA Experience», Held in New York and Washigton, USA. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін негізін қалаушылардың бірі болып саналады.
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қызметінің негізгі бағыттар келесі мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты:

1. нарық заманында білім беру сапасына сай білім беру қызметін көрсету және қоғамға қажет жоғары білікті және бәсекелестікке қарсы тұратын мамандарды даярлау ҚР білім беру нарығында ең басқа орындарға шығу;

2. студенттерді отансүйгіштікке, ықыластыққа, жоғары мәдениеттілікке, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

3. материалдық-техникалық базаны нығайту, педагогикалық үрдісті оқу-әдістемелік, ғылыми, қаржылық және кадрлармен қамтамасыз етумен жақсарту;

4. университеттің қызметін СМЖ негізінде жетілдіріп отыру және білім беру түрлерін талаптарға сай қамтамасыз ету, көрсетілетін білім беру түрлерінің сапаға толықтай сәйкес болуы, талаптар мен тұтынушылардың күтетін нәтижелерін ескере отырып, кадрларды даярлаудың сапасын көтеру үшін академиялық ортада инновацияларды пайдалану;

5. жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді үш тілде қалыптастыру: ПОҚ ағылшын тілін игерулерін жетілдіру, пәндерді оқыту кезінде алдыңғы қатарлы педагогикалық теория мен практикалық әдістерді игеруі, ЖОО үшін білім беру бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеу, соның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Қазақстан Республикасында ең алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Ол лицензияланған білім беру, нарық заманына сай кадрларды дайындайтын, сонымен қатар қысқа мерзімде мықты материалдық база құрып, жоғары білікті педагогикалық құрам құрады.

Университет құрылған сәттен бастап жақсы базасы бар кітапхана құру мақсаты болған, ол ЖОО оқу-әдістемелік үрдісі және студенттер мен оқытушылардың сұраныстарына жауап береді.

Кітапхана қорында қазіргі заманға сай оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелері бар. Университет кітапханасы студенттерге білім беру бағдарламаларын меңгеруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысып, республикалық, жоғары оқу орындарында өтетін конференциялар, олимпиадалар мен сайыстарға қатысуды қамтамасыз етеді.

Университеттің мақтанышы - ҚР өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерге бағытталған профессорлық-оқытушылар құрамы болып табылады.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы педагогикалық өтілі мен біліктілігі ескеріле отырып, конкурс негізінде құрылады. Педагикалық ғимарат бес факультетке 12 кафедра қосылған. Университеттің құрамында келесі кафедралар бар:


  1. халықаралық қатынастар,тарих және әлеуметтік жұмыс;

  2. қаржы;

  3. есеп және басқару;

  4. заңтану және кеден ісі;

  5. аударма ісі және шет тілі;

  6. ақпараттық жүйелер және информатика;

  7. экология, өмір мен қоршаған орта қауіпсіздігін сақтау;

  8. дизайн және мәдени-тынығу жұмысы;

  9. әлеуметтік - педагогикалық тәртіптер;

  10. туризм, алғашқы әскери дайындық, дене мәдениеті және спорт;

  11. көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;

  12. әскери кафедрасы.

Аймақтар мен облыстарда қажетті мамандықтар бойынша факультерде кадрларды дайындайды.


Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 5 факультетінде қазақ және орыс тілінде оқытады, 24 мамандық бойынша бакалавриат, әскери-есептік кафедрасында 7 мамандық бойынша, жоғарғы оқу орнынан кейін 10 мамандық бойынша магистратура, 2 мамандық бойынша докторантура дайындайды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде білім беру үрдісі біліктілігі жоғары, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, мамандығы бойынша және аралас салаларға қатысты, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне жауап бере алатын ішкі қазақстандық және дүниежүзілік үрдістерге төтеп бере алатын мамандарды дайындауға бағытталған.



Бакалавриат мамандықтары:

  1. 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру»;

  2. 5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»;

  3. 5В010300 «Педагогика және психология»;

  4. 5В010400 «Алғашқы әскери дайындық»;

  5. 5В010800 «Дене мәдениеті және спорт»;

  6. 5В011100 «Информатика»;

  7. 5В011400 «Тарих»;

  8. 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»;

  9. 5В012000 «Кәсіптік білім»;

  10. 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»;

  11. 5В020200 «Халықаралық қатынастар»;

  12. 5В020700 «Аударма ісі»;

  13. 5В030100 «Заңтану»;

  14. 5В042100 «Дизайн»;

  15. 5В050800 «Есеп және аудит»;

  16. 5В050900 «Қаржы»;

  17. 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

  18. 5В060800 «Экология»;

  19. 5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

  20. 5В073100 «Өмір қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау»;

  21. 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;

  22. 5В090200 «Мәдени-тынығу жұмысы»;

  23. 5В090200 «Туризм»;

  24. 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс».


Әскери кафедрасының мамандықтары:

  1. ӘБМ 800100 «Мотоатқыштық бөлімшелердің әлеуметтік-құқықтық және тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы»;

  2. ӘБМ 021000 «Бөлімше бөлшектері және ӘПМ-нің қосылуымен мото атқыштардың әскери қолдануы;

  3. ӘБМ 250300 «Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырылуы;

  4. ВУС 280100 «Өртке қарсы күзетті ұйымдастыру»;

  5. ВУС 260100 «Әскери хабарламалар мен әскери тасымалдарды ұйымдастыру»;

  6. ВУС 300300 «Әскери психология»;

  7. ВУС 120300 «Құрлықтағы әскелердегі байланысты ұйымдастыру» (қыздар үшін).


Магистратураның мамандықтары:

  1. 6М010300 «Педагогика және психология»;

  2. 6М030100 «Заңтану»;

  3. 6М050800 «Есеп және аудит»;

  4. 6М050900 «Қаржы»;

  5. 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

  6. 6М060800 «Экология»;

  7. 6М070300 «Ақпараттық жүйелер»;

  8. 6М090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;

  9. 6М073100 «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ;

  10. 6М090200 «Туризм».


Докторантураның мамандықтар:

  1. 6D010300 «Педагогика және психология»;

  2. 6D050900 «Қаржы».

Университеттің білім беру бағдарламасының барлық мамандықтарына «Діни және этникалық толеранттық негіздері», «Медиапедагогика», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері», «Кәсіпкерлік қызмет негіздері», «Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет», «Кәсіпкерлік қызметінің теориясы мен практикасы», «Қолданбалы есептерді шешу үшін «Offic» пакетін қолдану, «Кәсіпкерлік негіздері», «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметті беру негіздері», «Халықаралық ынтымақтастық және кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнес және қызмет көрсету саласындағы әлеуметтік серіктестік», «Хореография» факультативтер енгізілген. Информатика, тілдер мен мәдениет пәндеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Он жеті жылдық мерзім ішінде ЖОО қызметік оқу алаңы көлем 10-есе өсті, компьютермен және қазіргі инновациялық құралдармен қамтамасыз етілуі 12 есеге өсіп, Интернет жүйесіне қосылған, соның ішінде Wi-Fi; «Электрондық университет» бағдарламасы, ooVoo бағдарламасы табысты енгізілген, оқытудың спутниктік каналы қосылған, зертханалар, оқу полигондары, әскери кафедрасы, клиникалар, шеберханалар, типографиялар, шығармашылық студиялар, мамандандырылған зертханалар, спорттық және жаттықтырғыш залдары жасалған.

2008 жылы қосымша жаңа оқу ғимараты ашылды. 2015 жылы Студенттер үйі іске қосылды.

Осы жылдары университетте бай кітапхана құрылған, соның ішінде барлық мамандықтарға арналған электрондық, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бар. Университет Қазақстан, Ресей және қиыр шет елдердің 42 тарта баспаларымен жұмыс істейді.

Соңғы жылдары білім беруді информатизациялауға аса назар аударылуда, ЖОО компьютерлендіру көрсеткіші 4 студентке 1 компьютер болып отыр. Студенттерге Интернет және WEB-сайттына тегін шығуғы мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясы (ДОТ) енгізіліп, Білім беру және ғылым министрлігі және басқа білім беру салаларымен байланыс жақсаруда. Университет тәжірибесінде жаңашылдық тәжірибесі ретінде тәжірбиелі педагогтардан құрылған босатылған кураторлар институтын атауға болады, олар топ студенттерінің тәрбие жұмысымен ғана айналысады. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау универсететі 2010-2011 оқу жылынан бері 24 бакалавриат мамандығы бойынша дистанциялық оқуын оқытады.

2012-2013 оқу жылынан бастап вузда ҚР ҒБМ (ЖОББЖ) жоғарғы оқумен бырыңғай басқару жүйесі енгізілген.

2013-2014 оқу жылынан бастап университетте ҚР ҒБМ «ИС PLATONUS» автоматтандырылған бағдарламасы енгізілді.

Жоғарғы мектеп тәжірибесінде кураторлар институты ерекшеленеді. Олар білікті педагогтар құрастырылады, тек қана тәрбие жұмысымен айналысады. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде, тұлғаны қалыптастыруға және студенттердің оқу үлгерімін жақсартуға көп ықпал етеді.

Жастар тәрбиесімен жалпы алғанда, кураторлар кеңесі, жастар ісі жөніндегі комитет, Жастардың сауықтыру орталығы, құқық бұзуды болдырмау орталығы, заң клиникасы, ақпараттық-насихаттау тобы, интеллектуалдық клубтар, студентттік ғылыми академия, университеттің баспасөз клубы айналысады.

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру жұмысы, салауатты өмір салатын ұйымдастыру мақсатты түрде жүргізіледі. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі, шығармашылық деңгейін көтеруі университет жастар орталығының негізгі міндеті болып табылады. Оның ішінде 11 шығармашылық студия (эстрадалық, би, домбыра, хор және т.б.), 12 спорт секциясы (волейбол, баскетбол, шахмат, тоғыз құмалақ, күрес), 4 бағытта жұмыс істейтін интеллектуалдық клубтар (дебаттар, КВН, компьютерлік клуб, ғылыми секциялар) бар.

ЖОО-да байланыс каналы, студенттерге арналған баспасөз органы, «Шұғыла - КУАМ» газеті бар, ол бір рет 2 айда қазақ және орыс тілінде шығып отырады, сонымен қатар «КУАМ жаршысы» атты ғылыми журнал мерзімдік басылым ретінде 3 айда бір рет шығады.

Университеттің студенттері Республикадағы, облыстағы, қаладағы тәрбиелік, мәдени-көпшілік, спорт шараларының белсенді қатысушылары. Олар «Жастар нұр шуағы», сап және ән, көркемөнерпаздар сайысының, дебаттық ойындардың жүлделі иегерлері, сонымен қатар «Жас толқын» республикалық конкурста призер, облыс әкімінің элит балында Гран-при жүлдесіне иеленіп, Көкшетау қаласының 180 жылдығына арналған карнавалда да жүлделі орынға ие болған. Сонымен қатар студенттер спорт саласында да қалалық, облыстық республикалық және халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жеткен. Олардың ішінде республикалық, Азия және дүниежүзілік біріншіліктің чемпиондары да бар. Сонымен осындай жүйелік, кешендік және бірізділік жұмысы студент жастарды тәрбиелеу мен білім беруде жақсы нәтижеге жетуде. Қазіргі күні университет студенттерінің әлеуметтік көрсеткіштері мен оқу жетістіктері қуантарлықтай. Біздің түлектерімізге сұраныс көп, университетттің көрсеткіші МАК нәтижелерімен ғана емес, қоғамдық бағаға ие болып отыр.

Сонымен қатар студенттерді бірегей жүйемен немесе кешендік тұрғыда тәрбиелеу әдістерін пайдалану сапалы кадрлар дайындауға оңтайлы әсер етеді. Қазіргі уақытта университет студенттерінің оқу жетістіктері мен көрсеткіштері жақсы дәрежеде болып отыр. Білім беру қызметіндегі ең жақсы бағаның бірі – ЖОО рейтингі. Ұлттық аккредитациялау орталығының рейтингісі бойынша 2008 жылы АМКУ Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы университеттердің ішінде 60 ЖОО тізіміне ілікті. 2009 жылы білім беру сапасын бағала удың Ұлттық орталығының мәліметі бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті еліміздегі ЖОО арасында ең алдыңғы қатарда (135 ЖОО 7 орында).

2011 жылы АМКУ Қазақстандағы ЖОО жетекші оқу орындарының рейтингі нәтижелері бойынша және сапалы білім беру тәуелсіз қазақстандық агенттіктің қамтамасыз етуімен 38 көп салалы ЖОО арасында 19 орынға ие болды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті ҚР 2003-2015 жылы индустрияланған-инновациялық дамудың талаптарына және 2005-2010 жылы білім берудің Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР Президентінің Жолдауына сай алғы бағыттар қояды.

2016 жылы Аккредитация және рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің Бас рейтингісінің (НААР) нәтижесі бойынша 8 дайындық бағыты бойынша, бакалавриаттың 19 бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасындағы 75 ЖОО ішінен 5-тен 18 орынның ішінде болды.

2016 жылы университеттің сайты Cybermetrics Lab испан зерттеу тобымен құрылған дүниежүзілік рейтинг нәтижелері бойынша 20 сайттың 15 орнына ие болды.

2016-2020 жылдары жоғары оқу орны стратегиялық даму стратегиясының жоспарына, Президент Жолдауына сай Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жаңа үрдістегі жоғары оқу орны болып табылады.



1.2 Сіз таңдаған университетте оқудың артықшылығы


  1. Біздің университет солтүстік аймақта бірініш болып Халықаралық сапа менеджмент жүйесін енгізіп (ХСМ) ИСО 9001:2000 және «TUV CERT TUV Thurindene.V» Герман кампаниясының халықаралық сапа сертификатын алды.

  2. Университет іскер практикадағы жоғары сапасы үшін Алтын медальмен марапатталған (Швейцария, Женева).

  3. Халықаралық ұйымдарының мүшелігі, жаңа білім тұжырымдамасына сәйкес:

Халықаралық серіктестік бойынша халықаралық AKШ агентігі (USAID);

  • Европа ректорларының клубы (Оксфорд, Ұлыбритания);

  • Magna Charta Univtrsitatum (Bologna, 2010);

  • Жоғары мектеп ғылымының халықаралық академиясы (IHEAS, MAH BШ);

  • Академиялық алмасудың немістік қызметі (DAAD, ФРГ);

  • Польша Республикасының «Перспектива» ректорларының ассоциациясы;

  • Техникалық серікктестіктің неміс қоғамдыстығы (GTZ);

  • Ресей ауылшаруашылық ғылымдарының академиясы (PACXH Мәскеу қ.);

  • Агрохимектер мен агроэкологтар ғалымдарының достастығы (РФ, КР);

  • «АГРОХИМЭКОСОДРУЖЕСТВО» (Мәскеу қ. РФ);

  • «Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) академиялық шеңберінде қарым-қатынас жасау» жаһандық серіктестігі, (2015 ж.);

  • 2015 жылы ЖОО –да техникалық мамандықтарда білім алушыларға қатысты білім алу бағдарламаларын жаңғырту арқылы Орталық Азияда академиялық ұтқырлық, серіктестік бойынша ЖОО қолдауға бағытталған Еуропалық Одақ Бағдарламасы «Erasmus+» Еуропалық бағдарлама бойынша «АКАДЕМИКА» жобасы жүзеге асырылады.

  • Балалар қозғалысын зерттеушілердің халықаралық ассоциациясы (Мәскеу қ., РФ).

Университетпен 2010 жылы қыркүйек айында 20 қазақстандық ЖОО арасында университеттің Ұлы Хартия – Италиядағы біріккен Болон декларациясына қол қойылды. 2008 жылы ҚР (Тараз декларациясы) университеттердің меморандуымына қол қойылды. 2011 жылы қараша айында Шымкенттік «Қазақстанда жоғарғы сапалы біліммен қамтамасыз ету» декларациясына қол қойылды.

  1. Университет халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша институтционалдық ұлттық аккредитациясын 2010 жылы табысты өтті.

  2. 2012 жылдан бастап жеті әскери-есеп мамандықтары бойынша әскери кафедра ашылған, студенттер ҚР БҒМ мемлекеттік гранты бойынша оқу мүмкіндіктері бар (яғни студенттер үшін тегін) және ақылы түрде оқу (жігіттер мен қыздарға) әскери билет алып, запастағы лейтенант офицер атағын алып шығады. Офицерлерді дайындау мерзімі- 2 жыл.

  3. 2010 жылы университеттегі жас ғалымдар кеңесі «Қазақстан Республикасындағы ең үздік жас ғалымдар кеңесі» атағына ие болып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы қордың грантын ұтып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруда.

  4. 2012 жылы мемлекеттік тегін гранттар беріліп, 3 әскери – есеп мамандығы бойынша әскери кафедрасы ашылды, студенттердің запастағы лейтенант атағымен қоса әскери билет (тегін) беріледі. Запас офицерлерді дайындау мерзімі 2 жыл.

  5. 2013 жылы университет ұлттық сертификат пен «Сала көшбасшысы» медалін алды оның нәтижесінде Қазақстанның шаруашылық қызметіндегі субъектілердің толық тізімін саралау, берілген ресми статистикаға сәйкес ірі кәсіпорындар арасынан ОКЭД 85 бойынша ТОП-70, «Сала көшбасшысы 2013» құрметті атағына ие болды.

  6. 2015 жылы университет Аккредитация мен рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің (АРТА) жоғары білім беруді ұйымдастыру стандарттары бойынша Ұлттық институционалдық аккредитацияны табысты өтті.

  7. КУ Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (Оқу жетістіктерін сыртттай бағалау) ОЖСБ студенттердің келуі мен олардың үлгірім сапалары бойынша 2013,2014,2015 жылдарда Көкшетау қаласындағы ЖОО арасында алдыңғы орындарға ие болды. ҚР бойынша орта балдан жоғары 14 мамандық бойынша студенттер 14 тестілеуден өтті. Республика бойынша орташа балл гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары, білім беру, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар мен технологиялар, қызмет көрсету бойынша 79 балды, ал ЖОО бойынша 94 балды құрады.

  8. Университет мемлекеттік және вузалық білім гранттар арқылы оқытуды жасайды. Іштей, сырттай, қысқартылған оқу формалары ақылы және аралық білім технологияларды пайдаланады.

  9. ЖОО –да білім алушылар мен оытушылардың ғылыми-зертту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылады: ҚР білім және ғылым министрлігімен (ҚР БҒМ) қаржыландырылатын екі гранттық жоба бойынша жұмыс жүргізіледі; жалпы сомасы 50 млн.теңгеден артық болатын 39 ықыласты зерттеу тақырыптары бойынша және 11 шаруашылық шартты тақырыптар бойынша жұмыс жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу үйлесімділігі ЖОО ғылыми бөлімімен және аймақтық дмудың ғылыми-зерттеу институтымен (ҒЗИ) жүзеге асырылады.

  10. «2015 жылғы ең үздік оқытушы» атты Республикалық конкурстаАбай Мырзахметов атындағы КУ ҚР БҒМ грант иегерлері атанды: Нұрмұханбет Д.Ы. – з.ғ.к., доцент, ҒБ және ХБ жөніндегі проректор; Лепешев Д.В.- п.ғ.к., доцент, ҒБ және ХБ жөніндегі проректордың орынбасары; Жаныс А.Б. - докторPhD, НКЦ ИТ директоры, АЖИ кафедрасының меңгерушісі.

  11. А.Мырзахметов атындағы КУ жас ғалымдары арасында ғылыми жетістіктерге жеткендердің ішінде халықаралық және республикалық марапаттар да бар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасымен, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасымен, «Жас ғалымның ең үздік басылымы» атты еңбек және әлеуметтік қатынастардың Қазақ Академиясымен ұйымдастырылған II Халықаралық конкурста жеңімпаз атанды.

  12. ЖОО ғалымдары мен білім алушылар белсенді түрде оқу үрдісіне және қатысып, ғылыми дүниежүзілік рейтингтік басылымдарда еңбектері басылады, Web of Knowledge (Thomson Reuters, Scopus), Springer іздеу базаларына кіретін журналдарда басылу, ПОҚ жеке монографиялары; оқулықтар мен электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік әзірлемелер жасалады.

  13. EXPO-2017 қатысуға дайындық белсенді түрде жасалады, ЖОО 30 астамдары авторлық құқық куәліктерін, инновациялық патенттер мен өнертабыстарға қатысты патенттері бар, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп өндірісінде, экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, «Биогаздық қондырғы» энергия көздеріне саласына қатысты әрі қарай енгізу жасалады.

  14. ЖОО 500 білім алушылар барлық білім беру бағдарламалары бойынша белсенді қатысып, 2013-2016 жылдар арасында өткен халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық конкурстар мен олимпиадалардың соңғы 3 жылда жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады: «Akmola power» және «Мини ЭКСПО», «Нео - фольклор» жас дизайнерлердің қалалық конкурсы, «Тіл – парасат» қалалық конкурс, «Сүйемін туған тілді – Ана тілін...» республикалық интернет-конкурсы, халықаралық конкурс НИРС 1-st place in the «WORLD Science» scientific competition «Methodology of modern Research in Education» және т.б.

  15. Студент пен ұстаздар арасында өзара сенім және қарым – қатынас атмосферасында әрбір оқытушыға сапалық, дамытушылық және жетімді білім береді.

  16. Университеттің құрылымына 12 оқу және зертханалық ғимараттар кіреді, сонымен қатар заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа оқу ғимараты,«Студенттер үйі» жаңа заманауи, ғылыми кітапхана, баспахана, асханалар, дәрігерлік пункттер, спорт залдары және т.б.

  17. Оқу үрдісінде эстетикалық тұрғыдан жақсы ресімделген, жақсы жабдықталған оқу дәрісханалары, практикалық базалары бар. Оқу үрдісінде ақпараттық, инновациялық технологияларды (мультимедиялық лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, жаңа компьютерлік бағдарламалар) кеңінен пайдаланылады.

  18. Әр студентпен жеке жұмыс жасау өз қабілетін дамытуға, өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Жеке түрде жұмыс жасау қағидасы студентке әр пән бойынша ақпарат алуға көмектеседі (оқу бағдарламасы, қысқаша конспект, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар, әдебиетке қол жеткізу).

  19. Шығындарды өтеу шартында студенттерге төлемақыны төлеу үшін оқуда жеңілдіктер жасалады.

  20. Үздік студенттер практиканы (мамандықтарына байланысты) Қазақстан Республикасының Сенат Парламентінде, Сыртқы істер министрлігінде, Ғарыш Агенттігінде, Туризм және спорт министрлігінде, Қазақстан Республикасының экология министрлігінде өтеді және т.б.

  21. Университетте оқу үздіктері мен қоғамдық емірге белсене қатысатын ҚР Президентінің, Абай Мырзахметов атынан, университет ректорының стипендиялары, Ақмола облысы әкіьінің, университет ректорынын шәкіртақылары, ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаевтың, университет профессоры А. Казбековтың сыйақысы тағайындалған.

  22. Университет білім беру, ғылыми бағдарламалар инновациялық технология бойынша халықаралық істестікті жүзеге асырады. Мақсаткерлік бағдарламалар бойынша жұмыс берушілерден заманауи гранттар беріледі

  23. 2015-2020 жылдары ЖОО Үш тілде білім берудің Жол картасына сәйкес 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқу курстары жүзеге асырылады.

  24. 2014 жылдан бастап толеранттық кафедрасы бар, оны Вице-президент, педагогика ғылымдарының докторы, професссор, ҚР білім берудің Құрметті қызметкері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.С.Досанова басқарады.


2 Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін

ұйымдастырудың жалпы ережелері
ҚР 13.07.1997 жылғы №202-1 «Конвенцияны ратификациялау туралы», «Еуропалық аймақтағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» заңға сәйкес Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 2004-2005 жылдан бастап барлық мамандықтар бойынша кредиттік технологиямен оқыту жүйесіне көшті.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде кредиттік технологияны енгізіп, мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені пайдаланады, яғни біздің түлектердің дипломының әлемдік білім беру кеңістігінде танылу мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар Лиссабон конвенциясы (1997) және Болония декларациясының (1999) ережелеріне және Ереван коммюникесіне (2015 ж) сай жүргізіледі.




жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау