Алшымбеков саяхат қанағАТҰлы болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын кәсіби іс-әрекетте пайдалануға даярлау



жүктеу 0,61 Mb.
бет3/3
Дата19.02.2018
өлшемі0,61 Mb.
#10160
түріАвтореферат
1   2   3

этнопедагогика материалдарын оңтайлы пайдалануға кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға құлқы жоқ. Этнопедагогикалық материалдар

пайдаланылатын экскусия үдерісін, оның технологиялық картасының мазмұнын модельдеу, компьютерлік модельдеу технологиясын, экскурсия үдерісінде мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі туралы түсінігі төмен.

Орта деңгей: кәсіби іс-әрекетінде пайдаланылатын жалпы экскурсия үдерісінің теориялық тұрғыдағы технологиясын білүге, экскурсияның технологиялық картасын өздігенен даярлауға және оны тақырыпқа байланысты өңдеп, қажетті өзгерістерді енгізіп қолдануға талпынысы бар. Инновациялық кәсіби іс-әрекетке, яғни экскурсия үдерісінде туризм субъектіліріне «Мәдени мұра» объектілерінің негізінде ұлттық тұрғыда білім беру, тәрбиелу, этнопедагогика материалдарын онтайлы пайдалануға өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылыс білдіреді. Этнопедагогикалық материалдар пайдаланылатын экскусия үдерісін, оның технологиялық картасының мазмұнын модельдеу, компьютерлік модельдеу технологиясын, экскурсия үдерісінде ақпараттық және мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі туралы түсінігі бар.

Жеткілікті деңгей: кәсіби іс-әрекетінде пайдаланылатын жалпы экскурсия үдерісінің теориялық - әдіснамалық негіздерін және технологиясын мазмұнын түсінеді, біледі, экскурсияның технологиялық картасын ешкімнің көмегінсіз өздігенен даярлауға және оны тақырыпқа байланысты өңдеп, қажетті өзгерістерді енгізіп қолдануға талпынысы тұрақты. Инновациялық кәсіби іс-әрекетке, яғни экскурсия үдерісінде туризм субъектіліріне «Мәдени мұра» объектілерінің негізінде ұлттық тұрғыда білім беру, тәрбиелу, этнопедагогика материалдарын онтайлы пайдалануға өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылысы жеткілікті. Этнопедагогикалық материалдар пайдаланылатын экскусия үдерісін, оның технологиялық картасының мазмұнын модельдеу, компьютерлік модельдеу технологиясын, экскурсия үдерісінде ақпараттық және мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігінің қажет екендігін дұрыс түсінеді, өздігенен пайдалана алады.

Жоғары деңгей: кәсіби іс-әрекетінде пайдаланылатын жалпы экскурсия үдерісінің теориялық - әдіснамалық негіздерін және технологиясының мазмұны туралы түсінігі мол, біледі, экскурсияның технологиялық картасын

өздігінен даярлай алады және оны тақырыпқа байланысты өңеп, қажетті өзгерістерді еркін енгізіп кезкелген жағдайда пайдалана біледі. Инновациялық кәсіби іс-әрекетке, яғни экскурсия үдерісінде туризм субъектіліріне Мәдени мұра объектілерінің негізінде ұлттық тұрғыда білім беру, тәрбиелу, этнопедагогика материалдарын оңтайлы пайдалануға өз кәсіби әдістемелік даярлығын қалыптастыруға ұмтылысы жоғары. Этнопедагогикалық материалдар пайдаланылатын экскусия үдерісін, онын технологиялық картасының мазмұнын модельдеу, компьютерлік модельдеу технологиясын, экскурсия үдерісінде ақпараттық және мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігінің қажет екендігін дұрыс түсінеді, өздігенен жоғары деңгейде пайдалана алады.



Осы келтірілген деңгейлер болашақ экскурсоводтардың экскурсия үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайлануға әдістемелік даярлықтарын қалыптастыру үшін оларды теориялық және практикалық даярлау жүйесі қажет. Ол туризм мамандығы шеңберінде экскурсовод мамандарын кісіби даярлауда арнайы бағытталған пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі және мамандық бойынша пәндерді оқыту негізінде кәсіби дайындау әдістемесі арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы технология және бизнес университеті, Алматы шет тілдер және іскелік карьера унивеситеті, Туран университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ улттық университеті «Туризм» мамандығы студенттерінің экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын туризм субъектілеріне ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалануға даярлық деңгейлері зерттелінді. Экспериментке 285 студент қатысты, оның 145-сі бақылау тобында, 140 – эксперимент тобында.

Анықтаушы эксперименттің нәтижесінде алынған студенттердің берген жауаптары мен бақылау жұмыстары, нәтижелері пән оқытушыларымен пікірлесе отырып талданып, даярлық деңгейлері анықталды.

Республикамыздың жоғары оқу орындарында экскурсовод мамандарының экскурсия үдерісінде тәрбиелік мақсатта қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарының деңгейінің төменгі дәрежеде болуы 45,7%, орташа деңгей 31,9%, жеткілікті деңгейі – 12,9%, жоғары деңгей – 9,8% екендігін анықтадық.

Анықтаушы эксперименттің нәтижелері экскурсовод мамандарын даярлау үдерісінде тәрбиелік мақсатта қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға оқу үдерісінің арнайы бағытталған жүйесінің қалыптаспағанын, болашақ экскурсоводтардың туризм субъектіліріне ұлттық тәрбие беру мақсаттарын, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыруда экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалынудың ықпал ететіндігін жеткіліксіз түсінбеуін, оқытушылардың болашақ туризм мамандарын даярлауда ұлттық тәрбие және білім беру мақсатында қазақ этнопедагогикасы материалдын шамалы пайдалана алатындарын көрсетті.

Анықтау эксперимент кезеңінде айқындалған осы кемшіліктерді жою мақсатында қалыптастыру эксперименті 3 кезең бойынша жүргізілді.



Қалыптастыру экспериментінің 1-ші кезеңінде 3 курс студенттеріне туризм мамандағының оқу жоспарында міндетті компонент есебінен өзіміз жасаған «Экскурсиятану» атты курсының оқу бағдарламасы негізінде білім берілді.

Қалыптастыру экспериментінің 2-ші кезеңінде «Экскурсиятану негіздері» пәні бойынша болашақ экскурсоводтарға экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика матриалдарын пайдалану әдістемесі бойынша арнайы кәсіби білім беру көзделмегендіктен 4 курс студенттеріне туристік мекемелерде өткізілетін өндірістік практиканың алдында таңдау курстарының есебінен өзіміз жасаған «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты курсының оқу бағдарламасы негізінде білім берілді. (2-кесте ).

2-кесте - «Қазақ этнопедагогикасы материалдарын экскурсия

үдерісінде пайдалану» атты арнайы курс бағдарламасы.



Бағдарлама тақырыптары

Сағат саны

Лек.

СМОӨЖ


СӨЖ

1

Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік

2






2

Экскурсия үдерісінде пайдаланылатын қазақ этнопедагогика материалдарының мазмұны

2

2


2

3

Қазақ этнопедагогикасы материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану әдістемесі

1




2

4

Түрлі тақырыптағы экскурсияларда қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалану әдістемелері

2

4


2

5

«Атакәсіп» бағдарламасы студенттерге қазақ этнопедагогика материалдары бойынша білім-тәрбие берудің төте жолы

2

3


2

6

Жалпы экскурсоводтарға қойылатын талаптарға сәйкес, студенттер бойында қазақ халқының моральдық-этикалық дәстүрлерін қалыптастыру

1

2


2

7

Экскурсия үдерісі арқылы қазақ этнопедагогика материалдарын жеткізуде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,шешендік сөйлеу дәстүрі.

1




2

8

Экскурсия үдерісінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптардың этнопедагогикалық тәрбиелік мәні

2

2

2

9

Халықаралық туризмдегі экскурсоводтың ұлттық кәсіби тұлғасы

2

2

1

Барлығы: 45 с.

15

15

15

Бағдарлама 1 кредитке 45 сағатқа арналған, оның 15 сағаты лекциялар, 15 сағаты студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстарына, 15 сағаты – студентердің өздігінен орындайтын жұмыстарына берілген.

Курстың мақсаты. Бүгінгі күн талабына сәйкес болашақ экскурсия мамандарын даярлауда, экскурсияның ұлттық тәрбие беруге бағытталуын, оның этнопедагогикалық білім мен тәрбие беру жолындағы құндылығын табиғи түрде ұштастыра отырып, туризм субъектілерін ұлттық саналылыққа, елжандылыққа, ұлтжандылық пен имандылық сезімдеріне тәрбиелеуді биік мақсат етіп қою қажеттігін көрсету,және осы мақсатты жүзеге асыруға болашақ экскурсоводтардың этнопедагогикалық теориялық және кәсіби әдістемелік даярлықтарын қалыптастыруды жетілдіру.

Арнайы курс бағдарламасы бойынша студенттер экскурсия үдерісінде ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдаланылатын қазақ этнопедагогика материалдардың мазмұнымен түрлерін меңгеріп, оларды этноэкскурсия үдерісінде пайдалануға дағдыланды. Арнайы курстың барысында студенттер этнографиялық экскурсия үдерісінде пайдаланылытын этнопедагогикалық материалдардың ұлттық тәрбиелік мақсаттағы мазмұндық жағына қызығушылық пен шығармашылық ізденіс байқатты.(3-кесте.)



Қалыптастырушы эксперименттің 3-кезеңінде біз «Экскурсовод» мамандығының ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ мамандықтың негізін қалаушы пәндер мен катар өзіміз ұсынған «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы бойынша болашақ кәсіби іс-әрекеттке қажетті этнографиялық экскурсиялар бойынша экскурсоводтың этнографиялық экскурсия портфелін даярлатуды жоспарладық. Онда студенттер белгілі бір тақырыпта этнографиялық экскурсияның әдістемесін өздігінен дайындап оны қорғайды, көпшілік жағдайда біздің тәжірибемізде ол әдістемелер дипломдық жұмыс ретінде жалғастырылады.

Белгілі бір тақырып бойынша этнографиялық экскурсияның әдістемесін жасау күрделі үдеріс, мұнда алғашқы кезеңде оқытушының көмегі қажет, әсіресе тақырыпты дұрыс таңдау мен этнографиялық экскурсияның маршруты мен технологиялық картасын жасауда. Ал этнографиялық экскурсияның мазмұны бойынша этнопедагогикалық деректік материалдарды жинақтау, іріктеу, этнографиялық экскурсияның әр кезеңі бойынша мәтінді дайындау, көрнекті құралдар мен этнографиялық экскурсиялық объектілердің паспортын жасау студентке өз бетінше орындау тапсырылады.

Осы кезеңнің мақсатына байланысты Алматы қаласының 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық қарсаңында шетелдік және отандық туристерге арналған экскурсоводтың этнографиялық экскурсия портфеліне жинақталатын мынадай тақырыптарға этнографиялық экскурсия әдістемелерін жасау тапсырылды: «Армысын әз Наурыз мерекесі», «Қазақ халқының шежіресі», «Қазақ халқының салт дәстүрлері», «Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары», «Қазақи дәстүрлі баспана», «Қазақтың ұлттық дастарханы», «Қазақ халқының ұлттық қол өнер туындылары.(Шеберлер аулына саяхат)», т.б. Аталған тақырыптардағы этнографиялық экскурсиялар бойынша студенттердің дайындаған әдістемелері Алматы қаласының «Туризм» департаментінің жанындағы арнайы комиссияда талқыланып мақұлданды.

Педагогикалық эксперименттің соңғы бақылау кезеңінде кредиттік оқыту жағдайында өзіміз ұсынған «Экскурсиятану негіздері», «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты курстарды және экскурсоводтардың этнографиялық экскурсия портфелін қалыптастыру әдістемесін ұсыну барысында болашақ экскурсоводтардың экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне ұлттық тәрбие беру мақсатында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлығының қылыптасуының деңгейін байқау мақсатында соңғы кесінді жүргізілді. Студенттерге анықтау эксперименті кезеңіндегі анкеттік сұрақтар қайтара ұсынылды.

Болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне этнографиялық білім мен тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің эксперимент басындағы және соңындағы көрсеткіштері ( 4-кестеде ) беріледі.


3-кесте - Болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия үдерісінде туризм субъектілеріне ұлттық тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарының қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші (%), (ЭТ-140; БТ-145)

Компонеттер


Жұмыс

кезең-

дері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ

Мотивация-

лық

Басы

-

-

32,8

25,6

38,1

40,9

29,1

35,5

Соңы


35,4

-

37,2

27,6

27,4

41,4

-

31,0

Мазмұндық

Басы


-


-


24,5


22,8


43,6


44,7


31,9


32,5


Соңы


29,4

-

37,3

24,6

33,3

44,5

-

30,9

Іс-әрекеттік


Басы


-


-


24,6


25,7

41,9


43,4


33,5


30,9


Соңы



28,2

-

38,3

24,3

33,5

39,9

-

35,8

Рефлексив-тік

Басы

-

-

26,3

27,7

36,2

43,9

37,5

28,4

Соңы

27,8

-

33,5

26,6

38,7

38,4

-

35,0


4-кесте - Қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелері (эксперименттің басы және соңы%), (ЭТ-140; БТ-145)


Жұмыс

кезең-

дері

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен

ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ


ЭТ


БТ

Басы

-

-

27,1

25,4

39,9

43,2

33,0

31,4

Соңы

30,2

-

36,5

25,7

33,3

41,2

-

33,1

Қорытынды нәтижелерден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобында алғашында төмен деңгейді көрсеткен студенттердің саны – 33,0% болса, эксперимент соңында төмен деңгейді көрсеткендер болған жоқ, орта деңгейдегілердің алғашында саны – 39,9 % болса, соңында олардың саны – 33,3 % болды, жеткілікті деңгейді алғашында 27,1 % көрсетсе, соңында олардың саны – 36,5 % көтерілді, жоғары деңгейді алғашында ешбір студент көрсетпесе, соңында олардың саны – 30,2 % өсті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесі біздің ұсынған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді және кредиттік оқыту жағдайындағы кәсіби оқу үдерісінде болашақ эскурсоводтардың этнографиялық экскурсия жүргізуде туризм субъектілеріне танымдық тәрбие беру мақсатында этнопедагогика материалдарын пайдалануға кәсіби даярлықтарының қалыптасуының тиімділігін арттыратын шарттардың жиынтығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген педагогикалық эксперимент нәтижелері мен зерттеу тұжырымдарына сүйене отырып, мынадай қорытындылар жасалды:

1.Бүгінгі таңда туризм мамандарын даярлауда,әсіресе экскурсоводтардың кәсіби біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруда, студенттерді оқыту үдерісі мен практикалық іс-әрекеттер арқылы қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланануға әдістемелік даярлау жаңа қоғам сұранысы мен мемілекет талабынан туындап отыр.

2.Жоғарғы оқу орндарында болашақ туризм мамандарын кәсіби даярлаудың жағдайларына тарихи талдау жасай отырып білім беру жүйесінде қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия ісінде пайдалануға студенттерді даярлау проблемасының күні бүгінге дейін қарастырылмағанын дәлелдейді.

3.Болашақ туризм мамандарының эноэкскурсиялардың мақсаты мен міндетін анықтап,тақырыбы мен обьектілерін таңдауда,материалдар жинақтап,маршрут құруда,мәтін мен технологиялық карта құрастыруда өздігімен білімін жетілдіріп,дербес шығармашылыққа бағыттау әдістері анықталды.

4.Зерттеу жұмысына байланысты болашақ туризм мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық оқыту әдістері мен мотивтері анықталып,тұжырымдар жасалды.

5.Жоғарғы оқу орндарында болашақ туризм мамандарын экскурсия барысында қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыру үдерісінің нәтижелілігі осы даярлықтың моделін және оны жүзеге асыруды сипаттайтын дидактикалық шарттарды жасаумен қамтамассыз етіледі.Даярлық моделіне психологиялық,теориялық,практика

лық,әдістемелік даярлық компоненттері жатады.

6.Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда студенттердің әртүрлі тақырыптардағы экскурсияларды даярлау және жүргізу әдістемелерімен қатар этнопедагогикалық материалдарды қолдану әдістемелерін меңгеру.

7.Болашақ экскурсоводтарды қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлаудағы жоғарғы оқу орнының іс-тәжірибелерін зерттеп,талдау мамандыққа байланысты арнайы пәндер мен арнайы практикалардың бағдарламаларын,студенттермен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс әдістемелерін жетілдіру қажеттілігін дәлелдейді.

8.Зерттеу болашақ туризм мамандарын экскурсия ісінде қазақ этнопедагогика материалдарын тиімді пайдалануға әдістемелік даярлаудың

проблемасын шешетін біздің ғылыми-теориялық негізде жасалған «Қазақ этнопедагогика материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері» атты арнайы курсымыз.

9.Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының нәтижесі болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда студенттердің кәсіби мамандыққа деген қызығушылығы артып,білімге деген талпынысы мен іскерлік қабілетінің,ізденгіштік пен табандылық қасиеттері мен құзіреттіліктің қалыптасатындығын көрсетті.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1.Болашақ туризм экскурсия мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауда біз ұсынған модель бойынша оқыту.

2.Болашақ туризм экскурсия мамандарын қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлауды біз ұсынған арнайы курс арқылы жүзеге асыру қажет.Бұл студенттердің осы проблема саласынан білім,іскерлік,дағды деңгейін арттырады.

3.Этнографиялық экскурсиялардың,этнотурлардың қазақ этнопедагогикалық материалдары жайлы бірнеше тіліндегі мәтіні бойынша электрондық оқулықтар мен әдістемелік құралдар даярлау.

4. Экскурсия үдерісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік оқыту мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибелі экскурсоводтар мен жас мамандарға және өзге тілдегі азаматтарға арнап жоғары оқу орндарында арнайы курс ұйымдастыру.

5.Жоғары оқу орндарында экскурсиятану пәні бойынша экскурсиялық практика енгізу және сағат бөлу.

Қарастырылып отырған зерттеу күрделі және көп салалы болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Болашақ туризм мамандарын қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау жаңа формалар мен әдістерді,көптеген ізденістер мен зерттеулерді талап етеді.Сондықтан болашақ экскурсоводтарды даярлау мәселелерін әр қырынан дербес зерттеу алдағы уақыттың еншісі екенін айтқымыз келеді.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1. Туризм мамандарын даярлаудағы география пәндерінің маңызы. Проблемы подготовки специалистов в системе туризма.халықаралық ғылыми-практикалық конференция.Алматы. 1997. Ал.МУ. 74-79 б.

2. Типовые программы по туризму для студентов университетов и педогогических институтов. Сборник №39,1 «Основы туризма и краеведение» Алматы . 1997. - 47 с.

3. Типовые программы по туризму для студентов университетов и педогогических институтов. Сборник №39,1 «Халықаралық туризм географиясы» Алматы Респ.издат.каб.1997.- 24 с.

4. Формирование основ экономических знаний будущих менеджеров туризма / Поиск. Серия гуманитарн. .№2 (2) – Алматы, 2004. 149-153 б.

5. Болашақ туризм мамандарының қазақ этнопедагогикасы материялдарын пайдалануға әдістемелік даярлау мәселелері // Қ. Р . білімнің даму тарихы мен қазіргі тенденциялары» проф. Сембаевқа арналған халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары.- Алматы, - 2005. 20-56 б.

6. Экскурсияның ішкі мәні. «Қазақстандағы туризм:мәселелері және болашағы» халықаралық ғылыми практикалық конфер.материалдары.

- Алматы. 2006. -20-21 б.

7. Жоғарғы оқу орындарында экскурсавод мамандарды даярлаудың әдістемелік мәселелері // «ххі ғасыр.экономика,технология және ақпараттық жүйе саласындағы ғылым және білім беру проблемалары». Халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары.- Алматы, 2006. 150-154 б.

8. Особенности обучения студентов первокурсников выбравших специальность «Туризм» // «ххі ғасыр.экономика,технология және ақпараттық жүйе саласындағы ғылым және білім беру проблемалары». Халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары. -Алматы, 2006. - 231-234 б.

9. Болашақ туризм - экскурсия мамандары үшін журналистикалық икемділік пен білімнің қажеттіліг // «Қазақстан қоғамы:ұлттық басымдылық және бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалдары. - Тараз, 2007.- 324-327б.

10. Экскурсияның білімдік-тәрбиелік мәні / Хабаршы. Қаз.ҰПу (педагогика сериясы) -Алматы, 2007. №14.102-105 б.

11. 12-жылдық білім беруде туристік-өлкетану жұмыстарын жүргізу мәселелері / Хабаршы Қаз.ҰПу. №15 (педагогика сериясы) – Алматы,2007.

12. Ш.Уалихановтың еңбектерінде топонимикалық деректерді экскурсиялық мәлемет ретінде пайдалану / «Шоқан тағылымы». –Көкшетау, 2007. Т. 2. 263-267 б.

13. Ш.Уалиханов зерттеулеріндегі халық кәсіби және табиғат қорғау мәселелерін өндірістік экскурсияларда пайдалану./ «Шоқан тағылымы» - Көкшетау, 2007. Т.2. 278-281б.

14. Студент жастарға Елбасының халыққа жолдауын туристтік-экскурсиялық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыру // «Қ.Р. президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жлдауында (2008ж.6 ақпан) Қазақстан халқының әл ауқатын көтерудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. ҚазҰПУ -Алматы, 2008. Ж. 118-121 б.

15. Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлері экскурсия нысаны // «Рухани-ғылыми мұра» Республ.ғылыми-теориялық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ.-Алматы, 2008. 144-150 б.( Қ.М.Омаров авторлық бірлестікте)

16. Экскурсия-дінтану және рухани тәрбие құралы // «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы.Шет тілі және іскерлік.карьера университеті.-Алматы, 2009.– 273-275 б.

17. Діни байланыстарды дамытудағы халықаралық туризмнің ролі // «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы діннің ролі» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы .Шет тілі және іскерлік карьера университеті. - Алматы, 2009. 170-172 б.

18. Туристтік орындарға экскурсия жұмыстарын өткерудің әдістері / ғылыми журнал «География, Биология, Экология.» 2008. 34-36 б.

19. Анимационная деятельность в туристских и спортивно-оздоровительных учреждениях // «Туризм дамуының экологиялық-географиялық мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ. - Алматы,.2009. 282-285 б.

20. Экскурсияның эстетикалық мәні // «Туризм дамуының экологиялық-географиялық мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конфер.материалы. Қаз.ҰПУ. - Алматы, 2009. 340-347 б.

21. Экскурсиятану негіздері.әдістемелік оқу құралы, -Алматы, 2009.140 б

22. Болашақ экскурсоводтардың қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлықтарын арнайы пәндерді оқыту процесінде қалыптастыру жолдары // Хабаршы. Қаз.ҰПУ.( педагогика сериясы) №4. 2009.39-43 б. (А.А.Саиповпен авторлық бірлестікте)

23. Жоғары оқу орындарында экскурсия мамандарының кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық,психологиялық мәні // Хабаршы.Қаз.ҰПУ.(педагогика сериясы) №4. 2009. 62-66б. (О.Г.Лютеровичпен авторлық бірлестікте).

РЕЗЮМЕ

Алшымбеков Саяхат Канагатович

ПОДГОТОВКА БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ ТУРИЗМА К ИСПОЛЬЗОВАНИЮ МАТЕРИАЛОВ КАЗАХСКОЙ ЭТНОПЕДАГОГИКИ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

13.00.08 – Теория и методика профессионального образования


Актуальность проблемы исследования. Актуальность данной проблемы обусловлена необходимостью совершенствования содержания и форм профессиональной и методической подготовки будущих экскурсоводов в условиях реформирования высщих учебных заведений, внедрения в ее практику ценного педагогического опыта использования материалов казахской этнопедагогики в экскурсионный процесс.

Наличие огромного теоретического и практического материала накопленного казахской этнопедагогикой с одной стороны, слабая востребованоость его в практике экскурсоводов в целях ознакомления субъектов туризма с историей, национальными традициями, обычаями и обрядами казахского народа и народов Казахстана, недостаточная разработанность методики использования материалов казахской этнопедагогики в процессе экскурсии для иностранных и отечественных туристов с другой стороны,обусловили выбор темы исследования.

Анализ имеющейся научной и специальной литературы показывает, что несмотря на огромную познавательную, образовательную и воспитательную потребность субъектов туризма к материалам казахской этнопедагогики в туристской деятельности, в профессиональной подготовке будущих экускурсоводов практически неразработана их методическая подготовка к использованию материалов казахской этнопедагогки в процессе экскурсии и содержание этнографических экскурсии.

Объект исследования: Процесс профессиональной подготовки будущих специалистов туризма в высшем учебном заведении.

Предмет исследования: Формирование методической готовности будуших экскурсоводов к использованию метериалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе.

Цель исследования – Теоретическое и научно-методическое обеспечение методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в профессиональной деятельности.

Задачи исследования:

1. Выявить теоретические и научно-методическое основы методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики.

2. Разработать модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определить ее критерии,показатели и уровни сформированости.

3. Разработать методику подготовки будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе и экспериментально проверить ее эффективность.

4. Разработать содержание системы этнографических экскурсии с использованием материалов казахской этнопедагогики (для отечественных и иностранных туристов).

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

1. Выявлены теоретические и научно-методическое основы методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики.

2. Разработана модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определены ее критерии,показатели и уровни сформированости.

3. Разработана методика подготовки будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе и экспериментально проверена ее эффективность.

4. Разработана содержание системы этнографических экскурсии с использованием материалов казахской этнопедагогики (для отечественных и иностранных туристов).

Практическая значимость исследования: В исследовании были разработаны:

- Учебное пособие «Экскурсиятану негіздері» для студентов специальности туризм высших учебных заведений;

- спецкурсы «Қазақ этнопедагогикасы материалдарын экскурсия үдерісінде пайдалану негіздері»;

- методические разработки этнографических экскурсии «Армысың әз Наурыз», «Қазақ халқының шежіресі», «Қазақ халқының салт дәстүрлері», «Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары», «Қазақи дәстүрлі баспана», «Қазақтың ұлттық дастарханы», «Қазақ халқының ұлттық қол өнер туындылары.(Шеберлер аулына саяхат)» для иностранных и отечественных туристов;

Результаты исследования могут быть использованы в подготовке будущих экскурсоводов в высших учебных заведениях и на курсах подготовки,переподготовки и повышения квалификации туристских кадров.

Основные положения,выносымые на защиту:

- выявить теоретические и научно-методическое основы методической подготовки будущих специалистов экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики.

- разработать модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определить ее критерии,показатели и уровни сформированости.

- разработать методику подготовки будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе и экспериментально проверить ее эффективность.

- разработать содержание системы этнографических экскурсии с использованием материалов казахской этнопедагогики (для отечественных и иностранных туристов).

Результаты исследования:

- разработана учебное пасобие,спецкурсы и методические рекомендации, этнографических экскурсии для бакалавриатов и магистрантов специальности туризм.

- разработана методика организация освоения будущих экскурсоводов казахской этнопедагогической материал,основанного на реализации практико-орентированного и личностно-деятельностного подходов.

- разработана модель готовности будущих экскурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в экскурсионном процессе, определены ее критерии,показатели и уровни сформированости.

- Определены пути подготовки экскурсоводов,способных квалифицировано организовать процесс экскурсии к казахскому этнопеагогическому материалу с целью формирования этнографических знании субьектов туризма.

Перспективы исследования.

Полученные результаты исследования показывает, что в профессиональной подготовке будущих экускурсоводов к использованию материалов казахской этнопедагогики в процессе экскурсии практически неразработана.

Дальнейшая теоретическая и практическая разработка исследуемой проблемы может быть продолжена в рассмотрении преемственности формирования этнопедагогической идентичности на всех уровнях системы туризма,

SUMMARY
Alshymbekov Sayakhat Kanagatovich
TRAINING OF FUTURE SPECIALISTS OF TOURISM

FOR USING MATERIALS OF KAZAKH ENTHOPEDAGOGICS

IN PROFESSIONAL ACTIVITY
13.00.08 – Theory and methodology of professional education



Actuality of research. The actuality of given problem is arouse due to the necessity of improvement of contents and forms of professional and methodological training of future tour guides at the conditions of reformation of institutes of higher education, introduction of valuable pedagogical experience of using materials of Kazakh ethnopedagogics into the process of excursion.

Availability of accumulated huge theoretical and practical materials of Kazakh ethnopedagogics on the one hand, and less demand for them at the practice of tour guides in an effort to familiarize the subjects of tourism with the history, national traditions, customs and ceremonies of Kazakh people and people of Kazakhstan, insufficient readiness of methodology of using materials of Kazakh ethnopedagogics at the process of excursions for foreign and domestic tourists at the other hand, have caused the selection of the subject of research.



Analysis of available scientific and special literature show that in spite of huge informative, educational and educative necessitites of subjects of tourism for the materials of Kazakh ethnopedagogics in tourism activity, in professional training of future tour guides the methodological training of tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogics at the process of excursion and the contents of enthographic excursions are not developed.

Object of research: Process of professional training of future specialists of tourism at the institutes of higher education.

Subject of research: Formation of methodological readiness of future tour guides for using materials of Kazakh enthpedagogics at excursion process.

Aim of research: Theoretical and scientific-methodological provision of methodological training of future specialists, tour guides for using materials of Kazakh enthopedagogy in professional activity.

Goals of research:

  1. Discovery of theoretical and scientific-methodological bases of methodological training of future specialists, tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy.

  2. Development of model of readiness of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process, identification of its criteria, indicators and levels of formation.

  3. Development of methodology of training of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process and checking experimentally its efficiency.

  4. Development of contents of system of ethnographical excursions by using materials of Kazakh ethnopedagogy (for domestic and foreign tourists).

Scientific novelty and theoretical importance of research:

  1. Discovery of theoretical and scientific-methodological bases of methodological training of future specialists, tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy.

  2. Development of model of readiness of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process, identification of its criteria, indicators and levels of formation.

  3. Development of methodology of training of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process and checking experimentally its efficiency.

  4. Development of contents of system of ethnographical excursions by using materials of Kazakh ethnopedagogy (for domestic and foreign tourists).

Practical importance of research: Followings were developed during research:

    • Teaching aids “Basics of Excursion Study” for students of specialty tourism at the institutes of higer education;

    • Special courses “Basics of Excursion Study”, Ethnopedagogical basics of Excurison Study”;

    • Methodological course books of ethnoexcursions “Customs of Kazakh people”, “Traditions of Kazakh people”, “National cuisine of Kazakh people”, “National manual art of Kazakh People” for foreign and national tourists;

Results of research can be used in training of future tour guides in higher education institutions and in courses on training, retraining and improvement of skills of tourism personnel.
Main provisions for defence:

- revealing of theoretical and scientific-methodological bases of methodological training of future specialists, tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy.

- development of model of readiness of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process, identification of its criteria, indicators and levels of formation.

- development of methodology of training of future tour guides for using materials of Kazakh ethnopedagogy at the excursion process and checking experimentally its efficiency.



- development of contents of system of ethnographical excursions by using materials of Kazakh ethnopedagogy (for domestic and foreign tourists).

Authenticity and validity of main provisions and conclusions of research are stipulated by precision of methodological position and by using the methods of research complying with its tasks and stages of research.



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау