Алматыдағы кітап мұражайының салтанатты ашылуы 1978-жылы орын алды. Мұражайдың ашылуы қазақ мəдениеті тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды

жүктеу 268,64 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі268,64 Kb.
#24312

This document consists of 

11

 printed pages and 

1

 blank page.

DC (AC/SLM) 81505/2

© UCLES 2014 

[Turn over

Cambridge International Examinations

Cambridge International General Certificate of Secondary Education

*5624730745*

KAZAKH AS A SECOND LANGUAGE

0532/01

Paper 1  Reading and Writing 

May/June 2014

2 hours

Candidates answer on the Question Paper.

No Additional Materials are required.

READ THESE INSTRUCTIONS FIRST

Write your Centre number, candidate number and name on all the work you hand in.

Write in dark blue or black pen.

Do not use staples, paper clips, glue or correction fluid.

DO 

NOT

 WRITE IN ANY BARCODES.

Answer all questions.

At the end of the examination, fasten all your work securely together.

The number of marks is given in brackets [  ] at the end of each question or part question.

2

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

1-бөлiмi

1-тапсырма, 1–6 сұрақтар.

Алматыдағы  кітап  мұражайы  туралы  ақпаратты  оқып,  келесі  бетте  берілген  сұрақтарға  жауап 

беріңіз.

Алматыдағы кітап мұражайының салтанатты ашылуы 1978-жылы орын алды. Мұражайдың 

ашылуы  қазақ  мəдениеті  тарихындағы  маңызды  оқиғалардың  бірі  болды.  Оның  маңызын 

түсінген көптеген баспа мамандары жомарттық көрсетіп, мұражайға өздерінің басып шығарған 

кітаптарын сыйлады. Мұражайдың мақсаты – көне заманнан осы заманға дейінгі қазақ кітап 

үлгілерін жинау. Қазір мұражайда 60 мыңнан аса экспонат бар. Оның ішінде 5 мың қолмен 

жазылған  көне  кітаптар  жинағы  жəне 20-шы  ғасырдың  басында  басылған  сирек  баспалар 

жинағы  да  бар.  Мəскеу  мен  Киев  қалаларында  ұқсас  мұражайлар  болғанымен,  Орталық 

Азия аймағында бұл мұражай ерекше болып табылады. Мұражай жинақтары хронологиялық 

тəртіппен  жиналған 8 бөлімнен  тұрады.  Əр  бөлім  кітап  баспасының  даму  сатыларының 

көрінісі болып табылады.  Əр бөлімнің сөрелері мен көрмелері мұражайдың 6 залынан орын 

тапқан.  Залдағы  сөрелер  мен    көрмелерде  мыңдаған  кітаптар,  альбомдар,  брошюралар, 

фотосуреттер мен құжаттар көрсетілген.  

Кітап  мұражайы  Қонаев  жəне  Қабанбай  көшелерінің  қиылысындағы  екі  қабатты  ғимаратта 

орналасқан. 1936-жылы салынған бұл ғимараттың өзі де Алматы қаласындағы  көне сəулет 

үлгілерінің бірі болып табылады.  

Мұражай қашан ашылды?

 ......................................................................................................................................................[1]

Мұражайды ашуға кімдер көмектесті? 

 ......................................................................................................................................................[1]

Мұражайдың мақсаты не?

 ......................................................................................................................................................[1]

Мұражайда қанша экспонат бар?

 ......................................................................................................................................................[1]

Мұражайдың əр бөлімі ненің көрінісі болып табылады?

 ......................................................................................................................................................[1]

Кітап мұражайының ғимараты неге ерекше?

 ......................................................................................................................................................[1]

[Барлығы: 6]

3

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

[Turn over

2-тапсырма, 7-сұрақ.

Жас  шахматшы  Мағжан  туралы  мақаланы  оқыңыз  жəне  мақаладағы  ақпаратты  пайдаланып, 

келесі беттегі жас шахматшылар сайысына қатысушылардың үлгісін толтырыңыз.  

Сайысқа  қатысушы  жас  шахматшылардың  бірі - Мағжан  Қасенов.  Мағжан  шахматпен 

2006-жылдан  бері,  алты  жасынан  бастап  айналысады.  Ең  алғаш  шахмат  ойнауды  атасы 

үйретті. Мағжанның шахматқа деген ерекше қызығушылығын байқаған ата-анасы, Мағжанның 

туған  күніне  Анатолий  Карповтың  жас  шахматшыларға  арнап  жазған  оқулығын  сыйлады. 

Мағжан  кітапты  қызығып  оқып,  Карповтың  композицияларын  шешумен  ұзақ  айналысты. 

Ол сондай-ақ, интернет арқылы да көп жаттықты. Кейін аудандық шахматшылар сайысына 

қатысып,  бірінші  жүлдені  жеңіп  алды.  Сайыс  кезінде  Алматы  қалалық  шахмат  клубының 

жаттықтырушылары  Мағжанды  клубқа  шақырды.  Клубта  Мағжан  шахмат  мамандарының 

дəрісін алып, біліктілігін одан əрі жетілдірді. Келесі сайыс қалалық жас шахматшылар жарысы 

еді.  Мағжан  өз  жасындағы  топтың  жеңімпазы  атанды  жəне  екінші  дəрежелі  шахматшы 

атағына  ие  болды.  Биыл  Мағжан  республикалық  шахматшылар  сайысына  қатысады. 

Республикалық  сайыста  жеңіске  жетсе,  Мағжанның  шахмат  шебері  атағына  ие  болуы 

мүмкін  жəне  халықаралық  жарыстарға  жолы  ашылады.  Мағжан  қазір  Алматы  қаласының 

нөмірі 36-шы орта мектебінің 7-ші сынып оқушысы. Мағжан шахматпен қатар музыкамен де 

айналысады. Ол осы оқу жылында 7-ші музыкалық мектептің домбыра сыныбын аяқтамақ. 

«Жас Шахматшы» сайысына қатысу үшін толтырылатын үлгі.

Қатысушының аты-жөні

Жынысы

Жас тобы

 12-13 

жас

Жетістіктері, жүлделері

Біліктілігі, дəрежесі

Мектебі 

Сыныбы 

Басқа қызығушылықтары 

 [Барлығы: 7]

4

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

3-тапсырма, 8–10 сұрақтар.

Математика пəнінің пайдасы туралы мақаланы оқып, келесі бетте берілген айдарлар бойынша 

мəтіндегі маңызды деректерді жазыңыз.  

Математика неге маңызды?

Математика  баланы  логикаға  үйретеді.  Оның  қарапайым  мысалы  ретінде  математикалық 

теңдеуді алайық. Теңдеудің шешімін алдын ала болжауға болады. Бірақ сол нəтижеге жету үшін 

нақты қадамдарды орындау қажет. Бұл қадамдар белгілі бір тəртіппен орындалады. Математика 

миды  əр  мəселені  тəртіппен  жəне  дұрыс  жолмен  шешуге  жаттықтырады,  ал  бұл  қабілеттер 

күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауға міндетті түрде жағымды əсерін тигізеді. 

Сондай-ақ, математика баланың критикалық ойлау қабілетін жетілдіруге жол ашады. Критикалық 

ойлау деген не? Қандай да мəселені шешудің тиімді жолдарын сараптау арқылы табу жəне оны 

шешудің  бірнеше  қадамдарын  ұсына  білу.  Сондықтан  көптеген  компаниялар  жұмысқа  алғанда 

есепке қабілеті жақсы қызметкерлерді алуға тырысады. 

Математика негіздерін білмей тəуелсіз өмір  сүру мүмкін емес. Балалар жалпы есеп негіздерін 

бастауыш  сыныптарда  үйренеді.  Ал  жоғарғы  сыныптарда  пайыздар  мен  бөлшектерді  үйрене 

бастайды.  Адамдарға  бұл  қарапайым  білімнің  қажеттілігі  сонша,  оларсыз  тіпті  тамақ  пісіру  де 

мүмкін емес. Немесе дүкендерде жеңілдіктер болғанда, заттарды қандай бағамен алу пайдалы 

екенін анықтау үшін де қарапайым есеп қажет. 

Математика  пəнінің  мамандық  таңдауда  алар  орны  тіпті  ерекше.  Есепке  еш  қатысы  жоқ 

қарапайым  деген  жұмыстардың  өзі  есептей  білуді  қажет  етеді.  Кассирлерге  ақша  санау  қажет 

болса, қарапайым құрылысшының геометриядан түсінігі болуы керек, ал тігінші есепсіз киім тіге 

алмайды. Мұндай жоғары деңгейдегі математиканы қажет етпейтін салаларда жұмыс істеу үшін 

де алдымен оқуға түсу қажет. Ал оқуға түсу үшін алдымен емтихан тапсыру қажет. 

Есепке  қабілеті  жақсы  оқушылар  инженер,  дəрігер  немесе  банк  қызметкері  сияқты  күрделі 

математиканы қажет ететін мамандықтарды таңдау мүмкіндіктері бар екенін жақсы біледі. Бұл 

маман иелерінің табысы да артығырақ болатыны белгілі. Жасөспірімдердің қалаған мамандығын 

кедергісіз таңдауы үшін оның математика пəніне деген ықыласын бала кезінен дамытқан дұрыс 

болады. 

5

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

[Turn over

Маңызды деректер

Математика қандай қабілеттерді дамытады? 

•  

.................................................................................................................................................[1]

Математика негіздерінің күнделікті өмірдегі маңызы. Екі мысал келтіріңіз. 

•  

.................................................................................................................................................[1]

•  

.................................................................................................................................................[1]

10  Математикаға қабілеті бар балалардың қандай артықшылықтары бар? Үш мысал келтіріңіз. 

•  

.................................................................................................................................................[1]

•  

.................................................................................................................................................[1]

•  

.................................................................................................................................................[1]

[Барлығы: 7]

6

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

4-тапсырма, 11-сұрақ.

Айгүл  Кемелбаеваның  «Мұнара»  романының  қысқаша  сипаттамасын  оқып,  мəтіннің  мазмұнын 

100-150  сөзбен  қорытындылап  жазыңыз.  Қорытындыңызда  романның  желісі,  кейіпкерлердің 

қарым-қатынасы  жəне  романдағы  тарихи  кезең  туралы  жазуды  ұмытпаңыз.  Есіңізде  болсын, 

қорытындыны өз сөзіңізбен жазуыңыз керек. 

«Мұнара»  романы  жартылай  автобиографиялық  роман.  Жазушы  Кеңес  Одағының  ыдырау 

үрдісімен  бір  кезде  болған  студенттік  шағының  соңғы  жылынан  көрініс  береді.  Мəскеу 

қаласындағы əдебиет институтында білім алып жатқан Айжанның арманы - жазушы болу. Білім 

алумен  қатар  қызыққа  толы,  алаңсыз  студенттік  өмірдің  де  ұсынары  көп – достық,  махаббат, 

саяхат.

Кеңес Одағы бір күнде жоғалды. Бір топ саясатшы солай болу керек деп шешті. Мəскеу барлық 

республикалармен  байлынысын  үзді.  Не  болғанын  түсінбей  қалған  Мəскеу  тұрғындарының 

арасында Айжан да туған елден шалғайда, өтпелі кезеңнің ауыртпалығымен бетпе-бет қалды. 

Бірақ асыл арманымен жеңіл қоштасу Айжанның пейілі емес.

Аласапыран  уақытта  Айжанға  күн  көру  үшін  табылған  жұмыс - əп-сəтте  байып  шыға  келген 

жас отбасының қызы Ританың бағушысы болу. Бұл жұмысты Айжан  курстасы Лилямен бөлісіп 

істемек. Үйдің иесі Жамал - бір фирманың қаржы менеджері. Айжан жерлесінің бір фирманың 

басты  маманы  болып,  қиын  қызметті  атқарып  отырғанын  іштей  мақтан  тұтады.  Бірақ  Жамал 

Айжанды  қазақ  қызы  деп  бауыр  баспақ  түгіл,  оның  кім  екенімен  аса  ісі  жоқ.  Лиля  отбасымен 

жақсы  қарым-  қатынасын  пайдаланып,  үйдегі  үлкен  ақшаға  қол  салады.  Ұрлығы  ашылып, 

жұмыстан кетуге мəжбүр болса да, Лиля Айжанға жала жабады. Ақшаның күшін əлден білетін 

Рита бала бағушыны сыйлау мүлдем қажет емес деп санайды. 

Жаңа бай отбасының өзіне қызметші ретінде ғана қарауы, Жамалдың оны өзінен төмен санауы 

–  барлығы  Айжанның  рухын  төмендетеді,  ол  осы  ауыр  сезімнен  ешқашан  құтылмайтындай 

күйде. Ал екінші жағынан ол бұл ауыртпалықтың уақытша екенін анық біледі. Аштық, досының 

сатқындығы, астамшылдық пен өктемдік - барлығы да Айжанның парасатының жолында қалады. 

Айжанды  жетелейтін  оның  ақ  арманы,  анасының  мейірімі,  өз  еліне,  өзінің  қазақи  болмысына 

деген махаббаты мен намысшылдығы.

7

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

[Turn over

Мəтіннің қорытындысы

..................................................................................................................................................................

[Барлығы: 10]

8

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

2-бөлім

5-тапсырма, 12–17 сұрақтар.

Отырар қаласы туралы мақаланы оқып, келесі бетте берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Отырар қаласының тарихы Парсы  империясының кезеңінен басталады. Ол кезде қаланың 

атауы Фараб болған. Зерттеушілер Фараб атауы тек қана бір қаланың атауы емес, бірнеше 

қаладан тұратын аймақтың атауы деп санайды. Парсы тілінде фараб сөзі «өзен суларымен 

суғарылатын  жерлер»  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  аймақтың  өмірінде  маңызды  орын 

алған Сырдария өзені балыққа бай, жағасы өсімдіктерге толы, көптеген құстар мен аңдардың 

мекені болған. Сырдарияның мол суының арқасында аймақта егін шаруашылығы өте жақсы 

дамыған. 12-ғасырдан кейінгі жазбаларда Сырдарияның бойындағы бұл қала Отырар деген 

атаумен белгілі болған. 

Отырар  қаласы  караван  жолдарының  қиылысында  орналасқандықтан,  Жібек  Жолындағы 

негізгі сауда орталықтарының бірі болған. Отырар қаласынан бір жол Тянь Шань тауларына 

жетсе, Сырдарияны бойлаған тағы бір жол Шаш, Соғды қалаларына апарған, ал тағы бір жол 

Хорезм арқылы Кавказға жеткізген. 

Отырар  қаласы  сəулеті  мен  инфрақұрылымы  аса  дамыған  қала  болған.  Археологиялық 

қазбалар  кезінде  үлкен  ғимараттардың  қалдықтары  мен 9-шы  ғасырларда  салынған  екі 

монша табылған. Бұл моншалардың астынан ыстық су құбырлары шыққан. Қазбалар кезінде 

табылған керамикалық ыдыстар мен теңгелер Отырар қаласында керамика өндірісі болғанын 

жəне аймақтың өзінің теңге жүйесі болғанын дəлелдейді. 

Отырардың өркендеуін тоқтатқан - моңғол шапқыншылығы. 1218-жылы Шыңғыс хан Отырарға 

жəне  Хорезмнің  шағы  Мұхаммедке  сауда  караванын  жібереді.  Караванда  тыңшылар  бар 

деп  күдіктенген  Мұхаммед  шах  пен  қаланың  сол  кездегі  əкімі  Қайыр  хан  караванды  тонап, 

моңғолдарды  өлтіруге  бұйрық  береді.  Шыңғыс  хан  кінəлі  адамды  жазалауды  талап  етіп, 

жаушы  жібереді.  Жауап  ретінде  Хорезм  шағы  жіберілген  жаушының  басын  шабады. 1219-

жылы Шыңғыс хан басым күшпен Отырарға жақындайды. 

Тарихи  жазбалардағы  мəліметтер  бойынша,  Отырардың  халқы  қаланы  батырлықпен 

қорғаған. Бірақ Шыңғыс ханның сарбаздары қаланың күл-талқанын шығарып, халқын аяусыз 

қырып  салған.  Тірі  қалғандары  құлдыққа  айдалған.  Отырар  аймағындағы  көптеген  қалалар 

бұл  шапқыншылықтан  бас  көтере  алмаған.  Бірақ  Отырар  қаласы 13-ғасырда  қайтадан 

мəдени  жəне  экономикалық  орталыққа  айналған.  Отырардың  жойылуының  нағыз  себебі – 

Жібек Жолының маңызының төмендеуімен байланысты, яғни экономикалық тұрақтылықтың 

болмауы. 

9

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

[Turn over

12  Отырар аймағының көне атауы Фараб. Бұл атауға ие болуының себебі не? 

 ......................................................................................................................................................[1]

13  Отырар аймағында дамыған екі экономикалық саланы суреттеңіз.

 ......................................................................................................................................................[2]

14  Отырар қаласы Жібек Жолы үшін неге маңызды болған? 

 ......................................................................................................................................................[1]

15  Мəтін  бойынша,  Отырар  қаласының  аса  дамыған  инфрақұрылымы  болған.  Үш  мысал 

келтіріңіз.

 (i) .................................................................................................................................................[1]

 (ii) .................................................................................................................................................[1]

 (iii) .................................................................................................................................................[1]

16  Моңғол шапқыншылығына не себеп болды?  Екі себебін атаңыз.

 (i) .................................................................................................................................................[1]

 (ii) .................................................................................................................................................[1]

17  Отырар  қаласының  жойылуының  негізгі  себебі  қандай  маңызды  экономикалық  өзгеріске 

байланысты? 

 ......................................................................................................................................................[1]

[Барлығы: 10]

10

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

6-тапсырма, 18-сұрақ.

Мұғаліміңіз  сізге  табандылық  туралы  шығарма  жазуға  тапсырма  берді.  Табандылық - 

қиындықтарға  қарамастан  қандай  да  бір  істі  жүзеге  асыру  үшін  қайраттылық  көрсету.  Өзіңіздің 

тəжірибеңіз,  байқауларыңыз  немесе  оқыған  кітабыңызды  қолданып,  табандылықтың  маңызы 

туралы жəне оның жеке адамның табысты болуына əсері туралы шығарма жазыңыз. Төменде 

берілген табандылық туралы пікірлерді де қолдануыңызға болады. 

Ɇɟɧɿԙ ɬɚɛɵɫɵɦɧɵԙ ɤɿɥɬɿ ɠԝɪɬɬɚɧ ɚɫԕɚɧ 

ɚԕɵɥɵɦɞɚ ɟɦɟɫ - ɟɫɟɩ ɲɵԑɚɪɭԑɚ ɛɚɫԕɚ ɠԝɪɬɬɚɧ 

ɤԧɛɿɪɟɤ ɭɚԕɵɬ ɛԧɥɭɿɦɞɟ.

Ⱥɥɶɛɟɪɬɗɣɧɲɬɟɣɧԑɚɥɵɦ

ɆɚɣɤɥȾɠɨɪɞɚɧɫɩɨɪɬɲɵ

Ⱥɥɞɵԙɧɚɧԛɥɤɟɧԕɚɛɵɪԑɚɲɵԕɫɚɠɟԙɿɥɛɟɪɿɥɿɩ

ɛԝɪɵɥɵɩɤɟɬɩɟɈԑɚɧԕɚɥɚɣԧɪɦɟɥɟɩɲɵԑɭɞɵԙɨɧɵ

ɬɟɫɿɩɲɵԑɭɞɵԙɧɟɦɟɫɟɨɧɵԙɚɣɧɚɥɚɫɵɧɞɚɠԝɦɵɫ

ɿɫɬɟɭɞɿԙɚɦɚɥɞɚɪɵɧɿɡɞɟ

ɇɟɥɶɫɨɧɆɚɧɞɟɥɚɫɚɹɫɚɬɲɵ

Ԧɦɿɪɞɟɟɲԕɚɲɚɧɠɵԑɵɥɦɚɭɦɚԙɵɡɞɵɟɦɟɫɦɵԙ

ɪɟɬɠɵԑɵɥɵɩɦɵԙɪɟɬɬԝɪɭɦɚԙɵɡɞɵ

[Барлығы: 20]

12

0532/01/M/J/14

© UCLES 2014

Permission to reproduce items where third-party owned material protected by copyright is included has been sought and cleared where possible. Every 

reasonable effort has been made by the publisher (UCLES) to trace copyright holders, but if any items requiring clearance have unwittingly been included, the 

publisher will be pleased to make amends at the earliest possible opportunity.

Cambridge International Examinations is part of the Cambridge Assessment Group. Cambridge Assessment is the brand name of University of Cambridge Local 

Examinations Syndicate (UCLES), which is itself a department of the University of Cambridge.

BLANK PAGE

жүктеу 268,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау