Алматы казах


Рахымжан Мадияр, 5 сынып оқушысы



жүктеу 1,28 Mb.
бет8/8
Дата28.02.2018
өлшемі1,28 Mb.
#10875
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8

Рахымжан Мадияр, 5 сынып оқушысы

13 мектеп-гимназисының
Қазақстан әскері – Отанымның тірегі
Соқтықпалы-соқпалы шежірелі жылдарым,

Қазақстан кең байтақ даласы мен гүл-бағым.

Аңсай күткен халқымның тәуелсіздік тұғырын,

Намысымен қорғаған қыздарың мен ұлдарың


Шығарманы бастап отырып, тіліме осы өлең жолдары орала берді. Төрт жол арқылы жандүнием жүрек түкпіріндегі толғанысын жеткізгісі келетіндей. Ата-бабамның асыл арманы мен мақсатынан туған қасиетті тәуелсіздік тұғыры баянды болсын деп тіледім. Отанымның тарихи бастауларына бойлап, бүгінгі күн өлшемімен таразылау арқылы осыншалық қиындықпен келген тәуелсіздіктің құнына баға жетпейтініне көз жеткізе түстім.

Мен тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келдім. Менің Қазақстаным толыққанды, бәсекеге қабілетті, Азия мен Еуропаны мойындатқан ел.

Менің елім – Қазақстан, егеменді ел, тәуелсіздік тұғырын тең ұстап, болашаққа бағыт алды.

Мен елімнің тұғыры – бүгінгі Қазақстан әскері дер едім. Мен де өскенде әскер қатарын толықтырып, Отанымның тыныштығын қорғаймын. Сымдай тартылған әскерлер сапында тұрып, егеменді елімнің әнұранын шырқаймын. Асқан ептілікпен әскери жаттығуларды орындаймын. Көз ілеспес жылдамдықпен Калашников автоматын жинаймын.

Менің ойымша Қазақстан әскерінің бойында отаншылдық сезімі жоғары болуы тиіс. Елін, жерін, ұлтын сүюі керек. Отаны үшін отқа да түсуге дайын болуы тиіс.

Біздің еліміздің, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне Қазақстан әскерінің ықпалы зор. Тәуелсіздікті баянды етіп, Отанымызды қорғап, еліміздің тыныштығын қадағалап, жеріміздің дамуына, гүлденуіне өз үлесін қосып жатқан Қазақстан әскеріне үлкен алғысымды білдіремін.



Тажибаева Диана, 9 класс,

ШГ 30 им. Д. Снегина,

учитель Ключинская Э. В.

Казахстан – это в первую очередь, наша Родина, мать, отец, потому что казахский народ берет свои корни именно здесь, в Великой Степи. Как же мы любим эти бескрайние просторы, лазурные реки и озера, запах горькой полыни, который мы помним с раннего детства! У меня в голове зазвучали строки из стихотворения советского композитора и народного артиста СССР Сыдыка Мухамеджанова:


Я люблю Казахстан за прекрасные степи,

За высокие горы и шумные реки,

За орла, что парит в высоте надо мной

И за солнце люблю, и за неба покой…


К этим строкам я бы еще добавила, что люблю свой Казахстан за его суверенитет, который он получил 16 декабря 1991года. Нашей независимости уже исполнилось 20 лет. Я вспоминаю стихотворение великого казахского поэта Сабита Муканова:
Свободен, величав и первоздан.

Звезде подобен средь земель и стран

Родной мой, лучезарный Казахстан!
Как и у любой конкурентоспособной страны, у Казахстана тоже есть своя армия – Вооруженные Силы Республики Казахстан. Она была создана 7мая 1992года указом нашего президента Нурсултана Абишевича Назарбаева. Этот день у нас отмечается как День защитников Отечества Республики Казахстан.

Вооруженные Силы переведены в трёхвидовую структуру: сухопутные войска, силы воздушной обороны и военно-морские силы. Например, пограничники охраняют границы нашего бескрайнего государства, и именно им мы обязаны спокойствием в нашей стране, значит, подрастающее поколение должно брать с них пример, ведь будущее нашей страны во многом зависит от нас.

Слово «патриотизм» с греческого языка переводится, как соотечественник, или отечество. Известный русский революционер-демократ, публицист, журналист П.Г.Чернышевский утверждал: «патриот – это человек, служащий родине, а родина – это прежде всего народ…». Американский политик Теодор Рузвельт считал: «важно, чтобы ты был готов умереть за свою страну; но еще важнее, чтобы ты был готов прожить жизнь ради нее…»

Патриотизм – это нравственный принцип, глубокая, пламенная любовь к своему Отечеству. Уже в школе в нас воспитывается это чувство: мы активно участвуем в различных мероприятиях, посвященных Дню Республики, Дню Независимости, Дню Конституции, искренне радуемся за успехи и взлеты своей страны. В будущем мы станем настоящими патриотами Республики Казахстан.



Шабден Бақытгүл,

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің студенті
Туған өлке, туған жерді сүю – жүректің ісі. Біздің сонау ғасырлардан бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю - әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ.

Егер осы бір төрт әріптен құралған сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, оның қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені Отан деген тек туып-өскен жерің ғана емес, ол – күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жерің, қазыналы қариясы мен ақ жаулықты анасы бар алтын бесігің, тай-құлындай бірге өскен құрбы-құрдастан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді балаң жүрген туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекен, «атамыз күйеу, анамыз келін болған жер».

Мен ұланғайыр же­ріміз бен егемен елімізді ақ білектің күшімен, ақ най­за­ның ұшымен қорғап, біз­ге мұраға қалдырған ата-ба­баларымызды, қазақ та­ри­хын­дағы есімі елге мәлім батырлар мен ақындарды, жыраулар мен ғұламаларды, мемлекет жә­не қоғам қайраткерлерін   мақ­тан  тұтамын. Со­нау қазақ-жоңғар со­ғысынан бастап, 1986 жыл­ғы Желтоқсан ұлт-азаттық кө­те­рілісіне дейінгі кезеңдегі ел есінде мәңгі қалған батыр-ақын, әнші-жырау, палуан-кү­рес­кер­лер қаншама?!. Тә­уел­сіздікті аңсап қана қоймай, со­ның жолында жанын пида ет­кен «Алаш» партиясының та­рихын алайық. Осы әпкелеріміз бен ағаларымыздың ерлік істері, батылдығы, қайсарлығы, қоғамға қызмет етуі, өз Отанын шын сүйген партиот болуы - біз үлгі тұтар мінездер.

Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде, шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт?! Елдің өз құқы өзінде. Бәрін де халық өзі шешеді. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп танып, жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.

Халқымыздың берік  бірлігі, ұйымшылдығы,  басқа  халықтармен одақтасып, достаса білуі  жеңістен  жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болады.

Бүгінгі таңда  мемлекетіміздің жан-жақты қарқынды дамуына айқын жол ашып отырған Қарулы Күштерінің қабылданған күні, яғни 7 мамыр  бүкілхалықтық мереке болып табылады. Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 20  жылдық мерекесін  атап өткелі отырмыз. Айбынды Әскер мемлекетіміздің тұғырын бекітіп, халқымыздың берекесі мен тыныштығын сақтауда қызмет етіп келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”.

«Сақтықта қорлық жоқ», «Жау жоқ деме, жар астында», «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, ел басына күн туа қалғанда елін, жерін қорғайтын, еліміздің ертеңін ойлайтын жастарды даярлайтын әскердің өмірімізде алатын орны өзгеше. Айбынымызды асыратын, жігерімізді тасытатын әскердің мықты болуы - «Қазақстан -2030» стратегиялық бардарламасының басты басымдылықтарының бірі. Ел болып, етек жиғаннан бастап ел шекарасын бекіту, оны көздің қарашығындай қорғау да басты назардан түспей келеді.

Міне, осы туған ел мен жердің амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауапкершілікпен қарау, сәбилеріміздің тыныш ұйықтауы, елдің, халықтың ертеңге деген сенімі нығаюы үшін Отанымызды қорғау біздің ең басты парызымыз, азаматтық борышымыз деп есептеуіміз керек. Солай болса, еліміздің әрбір азаматы, тұлымы желкілдеген жеткіншектен бастап, еңкейген қарияға дейін Отанының қорғаны, елінің сақшысы болуға дайын тұруы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару  әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету -  Отан алдындағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Осы тұрғыда кейбір қазақтың жас бозбаларының әскерге барып, қызмет етуден бас тартуы көңілге кірбің ұялатады. Осындай сорақы мінездердің көбірек етек алуы «Белдескенің белін үз» немесе «Жігіт жанған шоқ болсын, Шоқ болмаса, жоқ болсын» деп тәрбиелейтін отбасының аздығынан, бала бойындағы қорқақтық пен жігерсіздік сияқты қасиеттердің белең алуынан деп білемін. Үйдегі ата-ана баласының мектепке немесе оқып жүрген білім ордасына аман-есен барып, тыныш жүруін қалайды да, «үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген қағиданы басшылыққа алады. Әр адам өз Ота­ны­ның мүддесін қорғауда аза­маттық борыштары мен конс­ти­ту­циялық міндеттерін атқаруға әр­қашан дайын болуы тиіс. Отанды қорғау – ең алдымен, өз басын қорғау.

Әйгілі батыс ойшылдарының бірі Эпиктеттің: «Сенің туған жерге жасаған ең үлкен жақсылығың – оның ғимараттарын биіктетуің емес, азаматтарының ақыл-ойын өсіруің. Биік ғимараттарда аласа ойлы адамдар өмір сүргенше, аласа ғимараттарда ойы биік, парасаты жоғары адамдардың тұрғаны артық» деген сөзі де осы шындықты меңзеп тұрғандай. Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының тілімен айтқанда «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!». Егерде біз ел­дік мүдденің төңірегіне топ­тасып, өз Отанымыздың тағ­дырына деген зор жа­уап­кер­шілігімізді сезінбесек,  жо­ғары жетістіктерге жете ал­май­мыз деп ойлаймын. Осы орайда ақиық ақын Мұқағалидің мына өлең жолдары ойға оралады:


Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық,

Құласақ та, тек биіктен,

Құзға барып құлайық!

Бықсып жанған қоламта емес,

Артымызда шоқ қалсын.

Болашақтың ойнағында,

Біз тұтатқан от жансын,

...Ей, Болашақ!

Ей, Болашақ! Ошағында от жансын!
«Еліңді сүйсең, ерлік істейсің» дейді халық даналығы. Өзін патриот санайтын әрбір жас азамат Қазақстанды жан-жүрегімен сүйетініне сенемін.

Біз туған еліміздің болашағы үшін жауапты екенімізді сезінеміз. Осы мақсатта біз ең алдымен сапалы білім алып, өз ісінің кәсіпқой маманы болу, Отанымыздың өркендеуі жолында еңбек ету парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Нағыз пат­риоттар - өз елінің мүддесіне қыз­мет ететін, еліне табыс әке­ле­тін адамдар.

Демек, Отанға деген сүйіспеншілік ел игіліне жасаған жақсылықтармен өлшенбек.

Қарулы Күштердің 20 жылдығы біздің күш-жігерімізді қайрап, қуат беріп, жаңа істерге, жарқын бастамаларға жол көрсететініне сеніміміз мол. «Отаным, елім», – деп еміренген, Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтсақ, «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» жастарымыздың қатары көбейіп, елдің сенімді қорғаны болып, ашық аспанда көк байрағымыз желбіреп, баянды болашаққа нық қадам басамыз!



Шарметова Камила, 9 сыныбы

«Жаңа Ғасыр» 175 гимназия,

пән мұғалімі Камзина М. С.
Қазақстан – әскер патриотизмі

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін

емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік ұғым

да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз

келсе ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет

Н.Ә.Назарбаев


Жоспар


І Кіріспе

Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік

ІІ Негізгі бөлім:

1. Патриотизм – ақыл мен ой-сананың салтанаты

2. Патриотизм – табанды тәрбиенің жемісі

ІІІ Қорытынды

Қазақстандық патриотизм – ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы
Қазақстандық патриотизм! Отанға деген сүйіспеншілік! Бәрі де құлаққа жағымды, асқақ елестететін ұғымдар. Отанға деген сүйіспеншілігіңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тек қана от жүректі ақындар өздерінің ыстық сезімдері мен сүйіспеншілігін өлең жолдарымен былай бере алса керек.
Сен үшін, Отан, сертім сол-

Неден де болса тартынбан!

Киелі менің өрісім,

Барлығы-дағы сен үшін.


Мен де ақынның осы өлең жолдарын өзіме ұран қылып ұстап, Отанымның гүлдене беруіне, даңқын асыруға күш-қуатымды жұмсаймын.

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесіндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кеңесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз. Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес, ХХІ ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Йасауи мовзолейі, перғауындардың саркофагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлдеқашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқаны қашан.

Алайда, ХХІ ғасырдың жаһандануында қазақ халқын тағы бір үлкен сын күтіп тұр еді. Ол – қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығару. Кейде мен «өз елім» деп еміреніп, «өз жерім» деп тебіренгенде, туған Отаны үшін жаны мен тәнін аямай, қасық қаны қалғанша, ерлік іс істеген батырымыз, даналарымыз, билеріміз, ақындарымыздың жүріп өткен жолы, желтоқсанда құрбан болған ата-ағаларымыздың батыл істері біздер үшін, кейінгі ұрпақ үшін емес пе деп ойлаймын.


Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады,-

деп Қазыбек би айтқандай, отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.

Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдықты кең қасиетті міндеттердің бірі санады. Ежелгі түркі кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және XX ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев сияқты ұлт зиялылары мен қайраткерлері отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге ете білді. Әйтеке би «өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» - деп халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

Біз кеше ғана қандай едік? Тілі мен діні жоғалуға шақ қалған ел емес пе едік? Қазақ деген атымызды жоғалтуға аз-ақ қалғанымыз жоқ па?Ал, бүгін қандай елміз? Бүгінде біз жолбарыстай айбатты, қырандай ұшқыр, тәуелсіздігімізбен бірге өсіп келе жатқан бақытты елміз. Бақыттың кіндігі – Отан. «Отан» деп лүпіл қаққан жүрек болса, «Отан» деп ағындаған тілек болса, «Отан» деп сыбанбаған білек болса, «Отан» деп ел үшін егілген, халық үшін қайысқан лек болса, арман орындалады ғой деп ойлаймын.

Сондайда жалынды ақын С.Сейфуллиннің мына өлең жолдары жаныма демеу болып, арманыма қанат береді.


Шығыңдар далаға, жолға -

Бұрынғы ерлер салған жолға!


«Ата-бабаларың осы жолда бақыт іздеп құрбан болды, сендер жаңғыртыңдар, жаңартыңдар ескі дүниені, қайратты, ер, жастар»- деп бізге аманат етіп тапсырды.

Ендеше, елімнің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту – ең басты парызымыз деп түсінемін.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Балалар, Қазақстанның болашағы сендердің жақсы оқып, азамат болуларыңа байланысты. Тәуелсіздік ұғымын іспен қастерлеңдер» деген сөзі менің ойымда мәңгі сақталып қалды. Неге десеңіз, бұл сөзде көп мағына бар: аталар жолына адал бол, тәуелсіздік пен еркіндікті көздің қарашығындай сақта деп өсиет айтады. Үлкен жауапкершілік бар дегенім: аталар жолын жалғастыру – біздің мойнымыздағы іс. Оны абыроймен орындасақ, аталар үмітін ақтаймыз. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс. Солай болмақ та. Қазақ ақыны Мұхтар Шаханов:
Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға өңін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?- деп, төрт ана тек қазақ ұлтында емес, қазақстандықтарда болуы тиіс деген ой айтады.

Пай, шіркін-ай, Қазақстаным-ай! Өзіңнің арқаңда бой түзеп, дамыған елдермен иық тіресіп тұра алатын дәрежеге жеттік пе, әйтеуір. Табиғатымыз қандай тамаша! Ал кең даламыздағы кең байлығымызға бүкіл әлем көз тігіп қызығуда. Аспанымыз ашық болып, көк туымыз аспанда мәңгі желбіресін! Оны төмен түсірмеу –біздің басты борышымыз.

Отаным менсіз-ақ күн көрер-ау, ал менің Отансыз күнім панасыз жандай қараң ғой. Бізді бесігінде баласындай мәпелеп тербеген, ұлттық мақтаныш сезіміміз батыл кернеген Отанымызды қалай сүймеске!...

Мен бүгінгі бақытты, шат-шадымен мәнді де мағыналы өмір сүріп отырған Отаныма мәртебең биік, бақытың мәңгілік болсын деймін.

Қорыта айтарым, қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі бар. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономикалық өркендеу үстіндегі күллі әлемге белгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады!» деп нақты көрсеткен болатын.



Ал қазақстандық патриотизм дегеніміз не? Ол – Отанға деген сүйіспеншілік пен адамзаттық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеу, Отанын, жерін қорғау.
жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау