13
ендіру; маркетингтік стратегияны әзірлеу, отандық тарауалардың бәсеке
қабілеттілігі мен сапасын жоғарылату және т.б.
Диплом жұмысының құндылығы болып маркетинг бюджетін
қалыптастыру мен маркетинг және инвестиция рентабельділігін анықтау
бойынша жасалынған ұсыныстар табылады.
Үшінші тарау нарық құрылымын анықтау бойынша есептер, тауар
бағасы, жарнама тиімділігі, логикалық рационалды жүйені қалыптастыру,
маркетингтік жоспарды әзірлеу және т.б. ұсынылуы қажет.
Үшінші тараудың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан
Республикасы
кәсіпорындарының
маркетингін
дамыту
болашағы
анықталады.
Диплом жұмысының жалпы мазмұнынан туындайтын негізгі нәтижелер
мен ұсыныстар қысқа да нақты түрде «қорытындыда» беріледі.
Қорытынды жұмыстың қысқаша мазмұнын баяндап, негізгі нәтижелер мен
ұсыныстарды көрсетуі керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі диплом жұмысын жазуда қолданылған
әдебиеттер туралы ақпараттарды көрсетіп, мемлекеттік стандарттың
талаптарына сай рәсімделуі керек және олардың саны 25-тен кем болмауы
керек.
Қосымшаларда жанама маңызды және аралық формулалар мен есептер,
кестелер, ережелер, әдістемелер, есепті шешу алгоритмдерін сипаттау,
статистикалық, салық есептемелерінен және т.б. тұратын мәліметтер
келтіріледі, жұмыстың мәтіні барысында оларға сілтемелер беріледі.
Диплом жұмысында қарастырылатын салаға қатысты түсінікті
терминдер және анықтамаларды қолданған жөн.
Анықтама – бұл үрдістің немесе құбылыстың мазмұнын оның белгілері
арқылы сипаттау. Анықтама қысқа және нақты болуы тиіс.
Диплом жұмысын жазу үшін ғылыми фактілер мен практикалық
материалдарды жинақтау керек. Бұл ақпарат нақты, обьективті және шынайы
болуы қажет. Бұл талаптарға, әдетте, ресми басылымдар, мемлекеттік
мекемелердің, танымал ғалымдардың жарияланымдарында, ғылыми
конференциялар материалдарында, Қазақстан Республикасы статистика
Агенттігінің статистикалық есебінде және диплом жұмысын орындаушының
жинақтаған бастапқы мағлұматтарында болатын ғылыми фактілер сәйкес
келеді.
Нақты материалды қолданудың айрықша форматы – цитаталар, олар
өзгеріссіз берілуі керек. Цитаталардың алыну көздеріне сілтемелер міндетті
түрде көрсетілуі қажет.
Диплом жұмысын ғылыми тілде жазу керек. Ғылыми тілдің стилі –
тұлғасыз монолог, мазмұндама үшінші жақтан жазылады, авторлық «мен»
қолданылмайды.
Диплом жұмысындағы барлық мәліметтердің шешімі, нақтылығы,
обьективтілігіне диплом жұмысының авторы - студент жауапты.
14
4.
Диплом жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар
Диплом жұмысы стандартты А4 (210х297) форматты беттерге теріліп,
түптелген болуы қажет. Оның мәтіні және басқа элементтері ЭЕМ арқылы ақ
парақтың бір бетіне бірлік интервалмен басылады. Берілген жағдайда 14
кегль «Times New Roman» шрифті қолданылады. Диплом жұмысының көлемі
60-9
0 бет.
Диплом жұмысының мәтінін келесі мөлшерлерге сай беру керек: сол
жағы - 30 мм, оң жағы - 10 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, төменгі жағы - 25 мм.
Белгілі бір терминдерге, формулаларға әртүрлі гарнитуралы
шрифттарды қолдану арқылы ерекше көңіл бөлу үшін компьютерлік
мүмкіншіліктерді қолдануға рұқсат беріледі.
Фамилиялар, ұйымдар, кәсіпорындар, басылымдар аттарын және басқа
жеке атаулар диплом жұмысына түпнұсқа тілінде беріледі.
Жеке атауларды қысқартуға және ұйымдардың, кәсіпорындардың
атауларын түпнұсқадағы атауын қоса отырып, диплом жұмысының тіліне
аударуға рұқсат етіледі.Диплом жұмысының «Мазмұны», «Кіріспе»,
«
Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар оның
тараулары мен бөлімшелері (параграфтар) сияқты құрылымдық
элементтердің атаулары, құрылымдық элементтердің тақырыпшалары болып
келеді. Оларды парақтың жоғарғы жағында және ортасында бас әріппен
артынан нүкте қоймай, астын сызбай, толық шрифтпен басу керек.
Мысалы:
Кіріспе
Диплом жұмысын бөлімге және бөлімщелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім
және бөлімшелер аяқталған ақпараттардан болуы тиіс. Бөлімшелердің атауы
жиынтықта диплом жұмысының тақырыбын ашуы көзделеді.
Диплом жұмысының тарауларының бүкіл құжат шегінде реттік саны
болу қажет. Олар нүктесіз арабтық сандармен белгіленген және абзацтан
жазылуы тиіс. Бөлімшелер (параграфтар) әр тараудың шегінде реттік саны
болуы керек. Бөлімшенің реттік саны тарау мен бөлімшелердің нүкте арқылы
бөлінген реттік санынан тұрады. Бөлімшенің реттік санының соңында нүкте
қойылмайды.
Диплом жұмысының «Мазмұнына» тараулар мен бөлімшелердің беттері
көрсетілген нөмірлері мен атаулары кіреді. «Мазмұны» деген сөзді бас
әріптермен тақырыпша ретінде мәтінге симметриялы түрде жазады. Мысалы:
диплом жұмысының тақырыбы «Кәсіпорында маркетингтік зерттеуді
ұйымдастыру» («Счастливый молочник» ЖШC материалдары негізінде).
15
Мазмұны
Кіріспе
3
1
Кәсіпорында маркетингік зерттеулерді ұйымдастырудың
теориялық негіздері
4
1.1
Маркетингтік зерттеулердің мәні мен рөлі
5
1.2
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары мен
ұйымдастырушылық формалары
6
1.3
Сүт нарығында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың
шетел тәжірибесі
17
2
«Счастливый молочник» ЖШC маркетингтік зерттеулерді
ұйымдастыру
26
2.1
«Счастливый молочник» ЖШC негізгі экономикалық
көрсеткіштерді талдау және жалпы негіздемесі
37
2.2
«Счастливый молочник» ЖШC қызметінде маркетинг
элементтерінің қолданылуын талдау
47
2.3
«Счастливый молочник» ЖШC-гі маркетингтік зерттеулерді
ұйымдастыруды
бағалау
және
оның
бәсекелік
артықшылықтарын талдау.
57
3
«Счастливый молочник» ЖШC маркетингтік зерттеулерді
ұйымдастырды жетілдіру
3.1
Маркетингтік зерттеулер бюджетін жасау
62
3.2
Сүт нарығындағы тұтынушылар талғамын зерттеу методикасы
және оның нәтижелері
67
3.3
Сигменттеу позициялау стратегиясын құру
77
Қорытынды
87
Қолданылыған әдебиеттер тізімі
90
Қосымшалар
92
«Тарау», «бөлімше» сөздері тақырыпшада жазылмайды. Диплом
жұмысының әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Кіріспе, тараулар,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және әр қосымша жаңа беттен
басталады.
Мәтіндегі абзац мөлшері бес белгіге тең (1,0 см). Диплом жұмысының
барлық беті, қосымшалар, иллюстрацияларды қоса алғанда, титулдық беттен
бастап ретпен белгіленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына
нүктесіз қойылады. Жеке бетте орналасқан кестелердің, иллюстрациялардың
нөмірлері жалпы белгілеуде болады.