62
Form1формакласы System.Windows.Forms.Form ортасынан мұраланатын барлық код
үлгілерінен тұрады:
public class Form1 : System.Windows.Forms.Form
{
…
}
Осы класс ішінде форма конструкторы да орналасады.
Орта ұсынған параметрлерді ӛзгертуге болады, сонда ӛзгертулер формада –
графикалық интерфейсте бірден кӛрінеді. Windows формаларының концепциясы – оның
компоненттерін тасымалдау арқылы орналастыруға болады, ал оның жалпы коды
автоматты түрде жазылып шығады.
Лекция 12-13. Басқару элементтерімен жҧмыс істеу. Контейнерлер тобы.
Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
Басқару элементтері — бұл программа мен қолданушы арасында ӛзара қатынас құру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін компоненттер. Visual Studio.NET ортасы осындай бірнеше
функционалдық топтарға жіктелетін кӛптеген элементтерден тұрады.
Командалық объектілер тобы. Button, LinkLabel, ToolBar сияқты басқару
элементтеріне тышқан батырмасын шерту әсер етіп, олар бірден белгілі бір әрекетті іске
қосады. Осы аталған элементтер кең таралған түрлерге жатады.
Мәтіндік объектілер тобы. Кӛптеген қосымшалар қолданушыға мәтін енгізу
мүмкіндігін береді, ал олар ӛз кезегінде, мәтіндік жазбалар түрінде әртүрлі мәлімет
шығара алады. TextBox, RichTextBox элементтері мәтін қабылдайды, ал Label, StatusBar
элементтері мәтінді шығарады. Енгізілген мәтінді ӛңдеу үшін, кӛбінесе командалық
объектілер тобындағы бір немесе бірнеше элементтерді басу қажет болады.
Ауыстырғыштар (переключатели) тобы. Программада әрекеттің немесе есептің
орындалу нәтижесінің алдын ала анықталған бірнеше нұсқалары болуы мүмкін. Бұл
топтың басқару элементтері қолданушыға солардың ішінен бір нұсқаны таңдау
мүмкіндігін береді. Бұл кӛп кездесетін элементтер тобы болып табылады, оған ComboBox,
ListBox, ListView, TreeView, NumericUpDown және т. с. с. жатады.
Контейнерлер тобы. Бұл топтағы элементтер программа әрекетімен тікелей
байланыспағанымен, олар басқа басқару элементтерін ұйымдастыруда, оларды топтауда
және жалпы дизайн формаларын жасауда маңызды рӛл атқарады. Кӛбінесе формадағы
мұндай элементтер батырмалардың, мәтін ӛрістерінің, тізімдердің орналасу аймағын
құрайды, сондықтан оларды контейнерлер деп атайды. Бұған қоса, Panel, GroupBox,
TabControl тәрізді элементтер программа мүмкіндіктерін ыңғайлы етіп, логикалық түрде
топтауға кӛмектеседі.
Графикалық элементтер тобы. Windows программаларының ең қарапайым түрінің
ӛзінде графикалық бейнелер — иконкалар, қондырма суреттер (заставка), әртүрлі суреттік
бейнелер болады. Формада осыларды орналастырып, бейнелеу үшін графикамен жұмыс
істейтін Image List, Picture Box сияқты элементтер бар.
Сҧхбаттасу (диалог) терезелері. Құжаттармен әртүрлі операциялар орындауда,
мысалы, оларды ашу, сақтау, баспаға шығару, алдын ала кӛру кездерінде — біз соларға
сәйкес сұхбаттасу терезелерін пайдаланамыз. .NET ортасын жасаушыларға стандартты
63
процедуралар жасайтын терезелер құрумен айналысу қажет емес: OpenFileDialog, SaveFile
Dialog, ColorDialog, PrintDialog элементтерінің осындай дайын операциялары бар.
Меню тобы. Кӛптеген тұтынушылар программалар интерфейсін ӛз қалаулары
бойынша жасап алады: біреулерге белгілі бір аспаптар тақтасының болғаны ұнаса, баз
біреулерге – терезелерді ӛзінше, басқа бір ерекше түрде орналастыру ұнайды. Дегенмен,
кез келген программада оның барлық мүмкіндіктері мен баптауларына қол жеткізуге
болатын меню болуы тиіс. MainMenu, ContextMenu элементтері меню тақырыптары мен
пункттерін жасайтын дайын формалар болып табылады.
Енді жоғарыда айтылған әртүрлі басқару элементтерімен жұмыс істеу әрекеттерін
қарастырып шығамыз.
Бас
меню
жасау.
Windows-қосымшаларының
кӛпшілігінің
орындайтын
функциялары мен командаларының сатылық құрылымы кӛрсетілетін бас менюі бар.
Практикалық түрде басқару элементтері арқылы орындалатын барлық функциялардың
меню пункттері сияқты баламалы мүмкіндіктері болады.
Бас меню жасау үшін ToolBox басқару элементінде орналасқан MainMenu басқару
элементі қолданылады. Бір жаңа программа жасап, оны NotepadCSharp деп атайық та,
форманың мынадай қасиеттерін іске қосайық:
Form1, форма, қасиеті
Мәні
Name
frmmain
Icon
Code\Glava2\NotepadCSharp\Icon\README.ICO
Text
Notepad C#
WindowState
Maximized
Басқару элементін формаға тасымалдаймыз. Бізге меню жолдарын келесі
пункттермен толтыру керек (1 сурет):
1 сурет. Notepad C# программасының бас меню пункттері
Бас менюдің әрбір пунктінің ӛз қасиеттер терезесі бар, онда басқа басқару
элементтеріндегідей Name және Text қасиеттерінің мәндері беріледі (2 сурет). Text
ӛрісіндегі New сӛзі алдында & — амперсанд таңбасы тұр, ол менюдегі N таңбасының
асты сызылып, оның Windows пернелік интерфейсінің құрамдас бӛлігі болатынын
64
кӛрсетеді. Бұл қолданушы пернетақтада Alt сонан соң N пернелерін басса, New ішкі
менюінің шығарылатынын білдіріп тұрады.
2 сурет. New меню пункті қасиеттері
Windows ортасында акселератор деп аталатын жылдам пернелермен жұмыс істейтін
интерфейс мүмкіндігі де бар. Қос пернелік командалар Shortcut тізімінде кӛрсетіледі.
Стандарттыпункттерге бұрыннан белгіленген пернелер комбинациясын тағайындау керек.
Кӛлденең бӛлу сызығы ұқсас әрекеттерді бір-бірінен айырып тұру үшін қажет; оны
шығару үшін Text пунктінің қасиетіне тире таңбасын қою қажет. Меню пункттерін
пайдалану үшін программа кодында оларға аттар (Name қасиеті) тағайындалады, ӛйткені
меню пункттері бірнешеу болады. Notepad C# программасындағы меню пункттерінің
қасиеттері тӛмендегі кестеде келтірілген.
1 кесте. Notepad C# программасындағы бас меню
пункттері
Name
Text
Short
cut
mnuFile
&File
mnuNew
&New
CtrlN
mnuOpen
&Open
CtrlO
mnuSave
&Save
CtrlS
menuItem5
-
mnuExit
&Exit
AltF4
mnuEdit
&Edit
mnuCut
Cu&t
CtrlX
mnuCopy
&Copy
CtrlC
mnuPaste
&Paste
CtrlV
mnuDelete
&Delete
Del
Достарыңызбен бөлісу: |