4-тақырып. Тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар құрылу есебі
Дәріс мақсаты: Тауар-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оны сатуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды алып тастағандағы мөлшерлерін анықтау
Сұрақтары:
1. ТМҚ есебі және оларды шегерімдерге жатқызу
2. Еңбек ақы бойынша шығындар есебі және оларды шегерімдерге жатқызу
3. Болашақ кезеңдер шығындарын шегерімдерге жатқызу
1. ТМҚ есебі және оларды шегерімдерге жатқызу
Салық Кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.
Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.
Салық Кодексінің 65 баптың 3 тармағына сәйкес салық мақсаттары үшін тауар-материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі.
7-БЕС бойынша тауар-материалдық қорлар дегеніміз - бұл:
а) өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға арналған шикізат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнім салатын ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі активтер.
б) аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтер атқару;
в) субъектінің қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар;
Тауар-материалдық қорларды өткізудің таза құны әдеттегі шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оны сатуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды алып тастағандағы мөлшерге тең болады.
Тауар-материалдық қорлар өткізу құн мен өткізудің таза құнының ең төменгі бағалануы бойынша бағаланады. Өткізудің таза құны бұл тауар-материалдық қорлардың бүлінуі немесе лоардың ішінара яки толық ескіруі, немесе олардың сату құны төмендеуі себепті өзіндік құн қалпына келмейтін кезде ғана қолданылады.
Тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды сатып алуға кеткен шығындар, оны осы кезде орналасқан жеріне жеткізуге және тиісті жағдайға келтіруге байланысты көлік-дайындау шығындары, өнімді қайта өңдеуге (жұмыстар мен қызметтерді атқаруға) кеткен шығындар кіреді.
Тауар-материалдық қорларды сатып алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, сырттан әкелуне салынған баж салығы, жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы, көлік дайындау шығындары және қорларды сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығындар кіреді. Сауда жеңілдіктері, артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезінде шегеріледі.
Тауар-материалдық қорларды қайта өңдеуге (жұмыстарды, қызметтерді атқаруға) кеткен шығындарға өндіріс процессінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттардың, материалдардың, отынның, энергияның, еңбек ресурстарының, негізгі құралдар амортизациясының құны, сондай-ақ өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру бірлігімен тікелей байланысты, өндіріс технологиясының және ұйымдастырудың шарты болып табылатын басқа да шығындар кіреді және бұлар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құны болып танылады.
Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіруге кеткен шығындар экономикалық маңызына сәйкес мынадай элементтер бойынша топтастырылады: материалдық шығындар; еңбекақыға кеткен шығындар; сақтандыруға жасалған аударымдар; құрал-жабдықтардың тозуы; өндірістік мақсаттағы басқа шығындар.
Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындар өздері болған есепті кезеңнің шығындары ретінде танылады, мысалы: жалпы және әкімшілік шығындар - бұл өндірісті (жұмыстарды, қызметтерді) басқарумен және ұйымдастырумен байланысты шығындар; кредит үшін проценттер төлеуге кеткен шығындар; тауар-материалдық қорларды өткізу жөніндегі шығындар.
Тауар-материалдық қорларды есепке алу әдісі өндіріс үлгісіне, өнім түріне, оның күрделілігіне байланысты болады. Есепке алудың негізгі әдістері: нормативтік, қайта бөліністік, тапсырыстық. Тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалау мына әдістердің бірімен жүргізіледі: орташа алынған құн; ФИФО; ЛИФО; ерекше ұқсастыру.
2. Еңбек ақы бойынша шығындар есебі және оларды шегерімдерге жатқызу
Салық Кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.
Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.
Еңбек ақы-бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Еңбек ақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек ақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбек ақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбек ақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
3. Болашақ кезеңдер шығындарын шегерімдерге жатқызу
Салық Кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.
Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегерілуге тиіс.
Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.
Шаруашылық қызметінің барысында, кәсіпорындарда келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процестер бойынша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасауы бойынша; егістік жерлерді қайта өндеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастырған жағдайда бір жолғы жаппай жасалатын жалға берілген негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізу бойынша; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылу сомасы; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындар жатады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. ТМҚ есебі және оларды шегерімдерге жатқызу
2. Еңбек ақы бойынша шегерімдер
3. Болашақ кезеңдер шығындарын шегерімдері
5-тақырып. Салық есебінің ережелері және тіркелген активтер бойынша шегерімдер.
Дәріс мақсаты: Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның шекті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға жіктелуін айқындау және есептеу
Сұрақтары:
1. Амортизациялауға жататын тіркелген активтер, амортизациялаудың шекті нормалары, оларды шегерімге жатқызу
2. Тіркелген активтердің басқа шегерімдері
3. ЖЖТ-тан шегерімдерге жататын негізгі құралдарды жөндеу шығындарының салық есебі
1.Амортизациялауға жататын тіркелген активтер, амортизациялаудың шекті нормалары, оларды шегерімге жатқызу
Салық Кодексінің 105 бабында тіркелген активтерге мынадай анықтама беріледі:
Тіркелген активтер — салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер.
Негізгі құралдар — сатып алынған кезінде құны, сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 50 айлық есептік көрсеткіштен жоғары қызмет ету мерзімі бір жылдан артық материалдық активтер.
Материалдық емес активтер — жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер.
Салық Кодексінің 106 бабында тіркелген активтердің құны белгіленеді:
Негізгі құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндіру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығындар, сондай-ақ салық төлеушінің шегерімге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізіледі.
Қатысушылар, құрылтайшылар негізгі құралдарды жарғылық капиталға өздерінің салымы ретінде енгізген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негізгі құралдарды өтеусіз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актісінің деректері бойынша, бірақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгіленеді.
Құрылысқа алынған және құрылыс жүргізу кезеңінде төленетін (төленуге тиіс) кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.
Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтерді сатып алу жөніндегі шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.
Тіркелген активтердің құны Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерімге жатқызылады (5-тармақ)
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуді 107-бапта көрсетеді:
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге:
жер;
өнім беретін мал;
мұражай құндылықтары;
сәулет және өнер ескерткіштері;
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жағажолдар, бульварлар, скверлер;
аяқталмаған күрделі құрылыс;
фильм қорына жататын объектілер;
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған салық заңдарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негізгі құралдар;
инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар жатады.
Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация нормаларын, бірақ Салық Кодексінің 110-бабында белгіленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледі.
Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне сәйкес түзетіледі.
Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Тіркелген активтер амортизациясының шекті нормалары (110-бап).
Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға және ішкі топтарға бөлінеді:
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш берілген тіркелген активтер бойынша, осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда, пайдаланудың алғашқы салық кезеңінде амортизациялық аударымдарды амортизацияның екі есе нормасы бойынша есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың алғашқы салық кезеңінде ішкі топтың құн балансынан бөлек есептеледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті ішкі топтың құн балансына енгізілуге тиіс.
2. Тіркелген активтердің басқа шегерімдері
Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-жабдықтардың құны; салық төлеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.
Ғимараттар, қондырғылар, кұрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың құны анықталады:
Салықтық кезеңнің басына топ ішіндегілердің баланстық құны (өткен салық кезеңінің соңындағы топ ішіндегілерінің баланстық құны, амортизациялық аударым сомасының азайғаны, жөндеу жұмыстары жүргізілгендері және есептен шыққандары ескеріліп, жасалған түзетулері)
|
+
|
Салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер мынадай құны бойынша: алынған құны - бастапқы
құнынан алуға байланысты шығыстар, өндіру, салу, монтаждау және орнату шығындары кіреді;
жарғылық капиталына салым ретінде алынған - құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;
тегін алынған - бастапқы құны бойынша, алыс-беріс актісі бойынша анықталады, бірақ нарықтық құнынан жоғары болмауы тиіс
|
_
|
Салықтық кезеңде есептен шыққан тіркелген активтер мынадай құны бойынша: сату және қаржылық лизингке берген кезінде - сату құны бойынша;
жарғылык, капиталына салым ретінде берген кезде- бастапқы құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;
есептен шығарған, жоғалтқан, бүлінген кезінде
(егерде сақтандыру қоры бар болса) - құны төленген сақтандыру сомасынан алынады, яғни сақтандыру келісімшартына, сақтандыру ұйымдарының төлеген сомасы бойынша анықталады;
есептен шығарылған, жоғалтқан, бүлінген кезінде егерде сақтандыру қоры жоқ болса) - баланстық құны бойынша;
тегін берген кезде - баланстық құны бойынша
|
Жарғылық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі құралдардың баланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық құнын төмендетеді.
Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.
Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық кұнында көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан азайта алады.
Тіркелген активтердің келіп түсуі және шығып қалуы (109-бап).
1. Сатып алу, өтеусіз алу, жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде келіп түскен тіркелген активтер ішкі топтың құн балансын Салық Кодексінің 106-бабына сәйкес белгіленетін құнға арттырады.
2.Шығып қалатын тіркелген активтер ішкі топтардың құн балансын:
өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде — өткізу құнына;
жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде — Салық Кодексінің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып, анықталатын құн бойынша;
өтеусіз беру кезінде — баланстық құны бойынша кемітеді.
3. Егер тіркелген активтің бір бөлігі ғана өткізілсе, сату кезеңінде тіркелген активтің құны қалған және өткізілген бөліктің арасында бөлінеді.
Тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер (111-бап)
Ішкі топтың барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің соңында шегерімге жатады.
Егер ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 300 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, салық төлеуші ішкі топтың құн балансының көлемін шегерімге жатқызуға құқылы.
Салық төлеуші тіркелген активтер бойынша Салық Кодексінің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерімдер жасауға құқылы.
Қаржы лизингі шарттарымен берілген (алынған) тіркелген активтер (112-бап)
Қаржы лизингіне (қаржы лизингі бойынша) берілген (алынған) тіркелген активтердің құны лизинг алушының ішкі тобының құн балансында ескеріледі.
Егер активтер оларды қаржы лизингіне бергенге дейін ішкі топтың құн балансына енгізілген болса, лизинг берушідегі тиісті ішкі топтың құн балансы қаржы лизингіне берілген тіркелген активтердің құнына азайтылуға тиіс.
Инвестициялық салық преференциялары (138-бап).
Инвестициялық салық преференциялары корпорациялық табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша беріледі.
Инвестициялық салық преференциялары дегеніміз жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасауға құқық беру, мұндай салық төлеушілерді жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп түрғандарын кеңейту мен жаңарту мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде жаңадан пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату.
Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі (139-бап).
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі преференциялар) тіркелген активтерге инвестицияларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге беріледі.
2 Преференциялар салық төлеушілерге преференцияларды қолданудың басталу кұнын белгілейтін келісім-шартқа (оның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесі салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі) сәйкес мынадай мерзімдерде:
келісім-шарт жасау кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілерге—тіркелген активтер іске қосылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап;
жаңадан тіркелген салық төлеушілерге—тіркелген активтер іске қосылған кезден бастап беріледі.
Корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушіге жиынтық жылдық табыстан іске қосылған тіркелген активтердің құнын преференциялардың қолданылу мерзіміне қарай теңдей үлестермен шегерімге жатқызуға құқық береді.
Преференциялар беру тәртібі және жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарымен айқындалады.
3 Корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшін салық төлеуші жаңадан іске қосылатын тіркелген активтер бойынша олардың құнын ішкі топтың құн балансына енгізбейді және олар бойынша бөлек есеп жүргізеді.
4 Мүлік салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзімі біткеннен кейін салық төлеуші Салық Кодексінің 351-360-баптарында белгіленген тәртіппен мүлік салығын және 323-344-бапттарында белгіленген тәртіппен жер салығын төлей бастайды.
5 Преференцияларды қолдану мерзімі тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай әрбір жекелеген жағдайда айқындалады, бірақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
Преференциялардың қолданылуын тоқтату (140-бап).
1. Преференциялардың қолданылуы Салық Кодексітің 139-бабының 5-тармағын ескере отырып, келісім-шартта көрсетілген мерзімде тоқтатылады не мұндай мерзім біткенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
Преференциялардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында белгіленген жағдайларда оны тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен жүзеге асыруы мүмкін.
2.Преференциялардың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші салықтарды төлейді және Салық Кодексі пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
3. ЖЖТ-тан шегерімдерге жататын негізгі құралдарды жөндеу шығындарының салық есебі
Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер Салық Кодексінің 113-бабында берілген, оған сәйкес:
Осы топқа енетін негізгі құралдарды жөндеуге салық төлеуші жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбір топқа қатысты шегерім жасауға рұқсат етіледі.
Әрбір топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған нақты шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансының шегінде шегеріледі
Көрсетілген шектен асып кеткен сома топтың құн балансын нақты шығындарға пропорционалды ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджеттен алынған субсидиялар есебінен жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерімге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды.
Жалдаушы жасаған және жалға беруші жалдау шартына сәйкес өтемеген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар жалдаушының негізгі құралдарының тиісті тобын жөндеуге арналған шығыстар құрамына қосылады және осы бапта белгіленген тәртіппен шегерілуге жатады.
Егер жалданатын негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар 4 тармаққа сәйкес шегеруге жатқызылмаса, мұндай шығыстар жалдаушыда, сәйкесінше жеке амортизациялық ішкі топтар құрады және ЖЖТ-тан амортизациялық аударымдар түрінде Салық Кодексінің 107 бабында белгіленген тәртіппен жалдау шарты мерзімі ішінде шегеріледі. Жалдау шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушы сәйкес ішкі топтың құндық балансынан алып тастайды.
Инвестициялық жоба ретінде пайдалануға берілген негізгі құралдарды жөндеудің нақты шығындар сомасы сәйке ішкі топтың құндық балансын ұлғайтады.
Егер жалға келісім-шартқа сәйкес беруші жалдаушыдағы негізгі құралдарды жөндеу шығындарының орнын толтыратын (төлейтін) болса, онда бұл шығындар жалға берушіде құндық баланстың сәйкес мөлшерінде шегерімге жатқызылады.
Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер
Қолданыстағы жабдықтардың күрделі және ағымдағы жөнделу проблемасы ең үлкен және әзірге шешілмеген проблема болып табылады. Салық кодексінде бұл ұғымдарды дәйектеуде ажыратушылық жоқ.
Бұл мәселе жөніндегі салық органдарының тұрақты айқындамасы 113-баптың ережелерін басшылыққа алуды ұсынуға және модерлендіру мен ағымдағы да, күрделі де бүкіл жөндеуді салық кезеңінің соңындағы топтың құн балансының кесте бойынша шегіндегі шегерімге жатқызуға, ал асып кеткен сомасын топтың құн балансының ұлғайтылуына бағыттауға саяды.
Бұл жерде Салық кодексінің ұғымдық 10-бабына жүгінген орынды. Оның 3-тармағында былайша көзделген: Салық Кодексіте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының заңдары салаларындағы ұғымдар, егер Салық Кодексіте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
Мұның өзі біздің 6-"Негізгі құралдарды есепке алу" деген бухгалтерлік есепке алу стандартына және оған әдістемелік ұсынылымдарға жүгінуімізге құқық береді. Бұларда күрделі және ағымдағы шығыстар ұғымы айқындалған.
Жұмыс істейтін субъектілерді модерлендіруге, қайта жаңарту мен техникалық жағынан қайта жарақтандыруға және күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар негізгі құралдарға күрделі қаржы салудың мысалы бола алады. Бұл ретте кейіннен күрделі қаржы салу нәтижесінде негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнының ұлғаюы объектінің пайдаланылу мерзімі, өндірістік қуаты және басқалары сияқты нормативтік көрсеткіштерін арттыратын оның жай-күйі жақсарған жағдайда ғана жүргізіледі.
Объектіні сақтау және оның техникалық жай-күйін қолдау мақсатында негізгі құралдарды жөндеумен пайдалануға жұмсалатын шығындар бастапқы құнын ұлғайтпайды да ағымдағы шығыстар ретінде танылады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Амортизациялауға жататын тіркелген активтер, амортизациялаудың шекті нормалары, оларды шегерімге жатқызу
2. Тіркелген активтердің басқа шегерімдері
3. ЖЖТ-тан шегерімдерге жататын негізгі құралдарды жөндеу шығындарының салық есебі
Достарыңызбен бөлісу: |