850
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
банк кассасындағы ақша түсімі мен жылыстауы үнемі өзгеріп отыратындықтан, бұл
мәселе қиын және маңызды. [6]
Активтерді басқару деген не? Активтерді басқаруды үш теорияны арқылы
қарастыруға болады. Олардың әрқайсысын қарастырайық.
Коммерциялық несиелер теориясы. Бұл теория өз тамырларын XVIII ғ. ағылшын
банк тәжірибесінен алады. Осы теорияны қолдаушылар коммерциялық банк өзінің
қаражат өтімділігін оның активтері қалыпты жағдайда уақтылы өтелетін қысқа мерзімді
несиелерге орналастырған кезде сақтайды. Басқаша айтқанда, банктер тауарлардың
өндірістен тұтынуға сатылы қозғалысын қаржыландыруы тиіс. Біздің заманда бұл
несиелер тауар қорларының немесе айналымдағы капитал несиелері деген атауға ие болар
еді. Банк ісінің тарихын барысында банктер құнды қағаздарды, жылжымалы
мүліктінемесе тұтынушы тауарларын сатып алуды несиелендірмеуі, ауылшаруашылығына
ұзақ мерзімді несие бермеуі керек деп саналды.
Ауыстыру теориясы. Ауыстыру теориясы (shiftability theory), егер банктің
активтерін ауыстыруға болса немесе басқа несие берушілерге, инвесторларға қолма-қол
ақшаға сату мүмкін болса, бұл банк қаражат өтімді болып саналады деп ұйғарады.
Несиелер уақытында өтелмесе, несиені қамтамасыз етуге тапсырылған тауар-материалды
құндылықтар (мысалы, нарықтық құнды қағаздар) нарықта қолма-қол ақшаға сатылуы
мүмкін; қаражат қажеттілігі туындаса несиелер Орталық банкте қайта қаржыландырыла
алады. Осылайша, сатуға болатын активтердің бар болуы жеке коммерциялық банктің
өтімді қаражатта қажеттілігін қанағаттандырудың шарты болып табылады. Егер Орталық
банк қайта есептеуге тапсырылған активтерді еркін сатып алатын болса, банк жүйесі
сәйкесінше қаражат өтімді болады.
Болжалды табыс теориясына сәйкес, егер несиені өтеу төлемдері кестесінің
негізіне қарыз алушының келешек табыстарын салса, банктің қаражат өтімділігін
жоспарлауға болады. Ол жоғарыдағы теорияларды жоққа шығармайды, бірақ қарыз
алушының табысын несиені өтеумен байланыстыру несие кепілзатына екпіннен гөрі
маңыздырақ екенін баса көрсетеді. Берілген теория несие мен инвестицияларды өтеу
мерзімдерінің құрылымын өзгерте отырып қаражат өтімділігіне ықпал етуге болатынын
тұжырымдайды. Өндіріске қысқа мерзімді несиелердің қаражат өтімділігі мерзімдік
несиелерге қарағанда жоғары, ал бөліктеп төлейтін сатып алуларды төлеу үшін тұтынушы
несиелері тұрғын үй ипотекалық несиелерімен салыстырғанда қаражат өтімділігі жоғары.
Заңды акттер және нұсқамалар коммерциялық банктердің активті
операциялыарына екі жолмен әсер етеді: кез-келген активты операциялар үшін банк
қаражаттының бөлігін инвестициялаудың тәртібін анықтау арқылы. [5]
Банкпен тартылған қаражаттың басым бөлігі тұтынушылардың алғашқы талабы
бойынша немесе хабарламаның өте қысқа мерзімімен төленуге тиіс. Міне сондықтан
салымшылардың талаптарын орындау банктің саналы басқаруының ең бірінші шарты
болып табылады.
Екінші шарт – банк пайыздарының несиелерінденегізделген қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражаттың бар болуы. Бұндай несие беру – банк
қызметінің басты түрі. Тұтынушылардың негізделген несие қажеттілігін қанағаттандыру
қабілетсіздігі банктің тиімді операцияларды жоғалтуына, соның нәтижесінде өмір сүруге
қабілетті кәсіпорын ретінде банктің мүмкін күйреуіне әкеліп соғады. [1]
Коммерциялық банктер шектелген қаражат өтімділігі мен қауіпсіздік кезінде
табысты болуға тиіс жеке іскер ұйымдарға жатады. Сонымен қатар елдің ақша
массасының басым бөлігінің жеткізушісі ретіндегі банктердің рөлі, экономиканың осы
саласының өкілдеріне қоғам алдында үлкен жауапкершілікті артады. Қоғамда банк
жүйесінің төлеу қабілеттігі, қаражат өтімділігі немесе тұрақтылығы жөнінде күдігі
болмауы тиіс, ал салымшылар кез-келген банктің тіректігіне сенімді болуы керек. Кейбір
қатынаста банк салымшылары мен оның акцияларын ұстаушылардың мақсаттары
851
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
үйлесімсіз болады. Бұл үйлесімсіздік шын мәнінде коммерциялық банктің әр қаржы
келісімінде болатын қаражат өтімділігі мен тілеген табыстылық арасындағы шарасыз
қайшылықта өз көрінісін табады.
Қаражат өтімділігі мен табыстылық арасындағы қақтығыс банк қаражатты
орналастырғанда шешетін орталық мәселе болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді құнды қағаздарға
қаражат салу, несие қабілеттілігі күдікті қарызгерлерді азайту және қолданбаған
қалдықтарды қысқарту арқылы алына алатын жоғары табысқа қызыққан акционерлердің
қысымын да банк бір жағынан сезеді. Бірақ басқа жағынан, салымдарды алу кезінде және
бұрынғы тұтынушылар жағынан несиеге сұранысты қанағаттандыру үшін қажетті банктің
қаражат өтімділігін барлық әрекеттер нашарлататынын банк басқармасы өте жақсы біледі.
Қаражатты орналастыру нақты басымдықтарға сәйкес орындалады, олардың
міндеті – оперативті бөлімдердің басқармаларына қаражат өтімділігі мен
пайдалылығының тіркесімі мәселесін шешуде көмек көрсету. Бұл басымдықтар банкте
бар қаражаттың әр доллары мен теңгенің қандай бөлігі табыс әкелу үшін бірінші немесе
екінші қатарлы резервтерге орналастырылып, несиеге және құнды қағаздарды сатып алу
үшін қолдануға болатынын көрсетеді. Қаражатты жер теліміне, ғимараттарға және басқа
жылжымайтын мүлікке инвестициялау сұрақтары әдетте бөлек қарастырылады. [7]
Қаражатты орналастыру құрылымын анықтау кезінде ең бірінші мәселе болып
олардың бастапқы резерв ретінде бөлінетін үлесін анықтау болып табылады.
Активтердің бұл категориясы атқарымды сипатқа ие, ол коммерциялық банктердің
есебінде көрсетілмейді. Сонда да банкирлер оған үлкен мән береді және бастапқы
резервтерге алынып жатқан салымдарды төлеу үшін және несиеге тапсырыстарды
қанағаттандыру үшін дереу қолдануға болатын активтерді қосады. Бұл – коммерциялық
банктің қаражат өтімділігінің басты қайнар көзі. Көп жағдайда бастапқы резерв рөлінде
«қолма-қол ақша және басқа банктердің қарыздары» тармағына кіретін активтер болады,
оларға Ұлттық банктегі коршоттағы қаражаттар, басқа банктердің коршоттарындағы
қаражаттар, сейфтегі қолма-қол ақша және чектер, сонымен қатар инкассолау үрдісіндегі
басқа төлем құжаттары жатады.
Бірінші реттік резервтердің құрамына салымдар бойынша міндеттемелерді
кепілдендіру үшін қолданылатын міндетті резервтер және банк басқармасының пікірі
бойынша күнделікті есептеулерде қолдануға болатын қолма-қол ақшаның қалдықтары
кіретінін айта кету қажет. Тәжірибе үстінде бірінші реттік резервтерге кіретін
қаражаттың көлемін әдетте шамамен бірдей банктердің қолма-қол активтерінің салымдар
сомасына немесе барлық активтердің сомасына орташа қатынасының негізінде
анықтайды.
Екінші реттік резервтердің көлемі салымдар мен несиелердің өзгеруіне ықпал
ететін факторлар арқылы жанама анықталады. Салымдар сомасы мен несие сұранысы
қатты құбылатын банкке екінші реттік резервтер салымдар мен несиенің тұрақты көлемі
бар банкке қарағанда көбірек қажет. Бірініші реттік резервтерге секілді, екінші реттікке
де қаражаттың жалпы көлемінен белгілі бір пайыз тағайындалады. Банк бірінші және
екінші реттік резервтердің шамасын анықтағаннан кейін, ол өзінің тұтынушыларына
несие бере алады. Бұл банк қызметінің табыс әкелетін ең маңызды түрі. Несиелер –
банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс – банк пайдасының ең
ірі құрамдас бөлігі. Несиелік операциялар сонымен қатар банк қызметінің ең тәуекелді
түрі болып табылады.
Соңында, қаражатты орналастыру кезінде ең соңғы болып құнды қағаздар портфелі
анықталады. Тұтынушылардың негізделген несие қажеттілігін қанағаттандырғаннан кейін
қалған қаражатты салыстырмалы ұзақ мерзімді бірінші қатарлы құнды қағаздарға
салынуға болады. Инвестициялар портфелінің арнауы – банкке табыс әкелу және ұзақ
мерзімді құнды қағаздардың өтелу мерзімінің жақындауына орай екінші реттік резервке
қосымша болу. Активтерді басқаруда жалпы қаражат фондының әдісін қолдану банкке