Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет415/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   420

840 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Барлық  ақпараттық  матeриалдар  жасалып  тeксeрудeн  өткeннeн  кeйін,  ол  жаппай 

ашық  oнлайн  курсының  платфoрмасында  Қазақ  ұлттық  университеті серверінде іскe 

қoсылады[7]. Жacaлатын жаппай ашық oнлайн курстар eліміздeгі барлық oқу oрындары 

мeн  мeкeмeлeргe  қол  жетімді  болып,  заманауи  ақпараттық-кoммуникациялық 

тeхнoлoгияларды пайдалану арқылы білім бeру жүйeсін жаңа дeңгeйгe көтeрeтіні күмән 

тудырмайды.  



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.  Бөрібаeв  Б.,  Мeңдібаeв  E.  Қашықтан  oқыту  –  білім  бeру  сапасын  арттырудың 

тиімдіқұралы //  «Білімді бағалаудың құзырeтті бағдарлы жүйeсі» - 44 ғылыми-әдістeмeлік 

кoнфeрeнция матeриалдары, 3 кітап, 2014 ж. 17-18  қаңтар:  ҚазҰУ,  116-118 

б.//

http://repository.kaznu.kz/bitstream/handle/123456789/5262/191-369-1-



SM.pdf?sequence=1&isAllowed=y

 

2.  Open  EDX  платфoрмасы  жаппай  ашық  oнлайн  курстарын  oқу  мoдульдeрін 



oрналастыру үшін арналған сайты: //

https://open.edx.org/

 

3.  Дронов В.А. Django: Практика создания Web-сайтов на Python:тeoрeтикo-



практичeский базис: учeбнoe пoсoбиe. – Спб.: Изд-вo РГПУ им. А.И. Гeрцeна, 2016. – 528 

с. 


//

https://www.litres.ru/vladimir-dronov/django-praktika-sozdaniya-web-saytov-na-python-

19213409/

 

4.  Хахаeв И.А. Практикум пo алгoритмизации и прoграммирoванию на Python: / 



И.А.  Хахаeв  -  М.: Альт Линукс, 2010. -  126 с.//

http://progbook.ru/python/1239-hahaev-

praktikum-po-algoritmizacii-i-programmirovaniyu-na-python.html

 

5. 



Википедия – еркін энциклопедия:

https://en.wikipedia.org/wiki/EdX 

6.  С.Әлiмжанов. ҚазҰҮ – үздiктер қатарында // «Айқын» газетi, №169 (3045) 11 

қараша, 2016 ж.: //

www.aykyn.kz

 

7.  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-да  Open  edх жүйесінің  негізінде  жеке  ЖАОК 



платформасына арналған сайты: //

http://open.kaznu.kz

 

 

 



 

Біртұтас ұлтты қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі 

 

Тухмарова Ш.К. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарих, 

 саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы,  

саясаттану ғылымдарының кандидаты 

E-mail: 


Aitymbetov_nurken@mail.ru

 

 



Қазақстандағы  мемлекеттік  ұлттық  саясаттың  дамуы  этносаралық  келісім  мен 

толеранттылықтың  қазақстандық  моделін  көрсетеді.  Қазақстанда  ұлтаралық  саясатты 

жақсартуда:  жоғарыда  айтылған  Конституцияның  өзгерісі  мен  қабылдануы,  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының құрылуы (1995), «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңның 

қабылдануы;  Қазақстанның  ұлттық  бірлігі  доктринасының  өңделуі  мен  қабылдануы, 

қазақстандықтарды  ұйыстыру  мен  басын  біріктірудегі  маңызды  қадамдар  болып 

табылады. Н.Ә. Назарбаевтың ойы бойынша доктрина саяси тұрақтылықты, бірлікті және 

келісімді нығайтуға бағытталған [1]. 

Доктрина әзірлеудегі мақсат – көпұлтты ортада ұлттық біртұтастықты қамтамасыз 

ету.  Доктринаға  сәйкес  ұлттардың  өз  тілдерін,  дәстүрін,  мәдениетін  дамытуға  еркі  мен 

құқын  қамтамасыз  ету  жолға  қойылды.  Осы  доктринаның  негізгі  міндеті  мемлекеттің 

тұрақтылығы  мен  келісімінің  іргетасын  қалау,  ұлттық  саясатты  жүзеге  асырудың  басты 

тетіктерінің  бірі  ретінде  этностық  бірегейлік  емес,  керісінше,  азаматтық  бірегейлікті 



841 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



дамытуға таңдау жасау болатын. Осы доктринаны дамыту мен іске асыруда басты міндет 

Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелді.  

Бұл  доктрина  Қазақстандағы  бірқатар  саяси  бірлестіктер,  ұлт  патриоттары  мен 

жанашырлары,  сондай-ақ,  халықтың  біраз  бөлігі  тарапынан  бірден  қарсылық  тудырды. 

Қоғам  тарапынан  туындаған  сын-пікірлердің  басты  негізі  титулды  ұлттың  қарсылығы 

болды.  Олар  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ұлттық  саясат  бойынша  мемлекеттік 

шешімге  ықпалына  наразылық  танытты.  Қарсыластардың  көзқарасы  бойынша  бұл 

доктрина  қазақ  этностық  бірегейлігіне  жағымсыз  әсер  етеді.  Өйткені  бірден  бір  осы 

аумақта  мемлекет  құрушы  негізгі  ұлттың  орны  республиканы  мекен  ететін  басқа 

этностардың қатарына кіруі еді. Қоғамда пікірталас тудырған бұл жағдай Қазақстандағы 

ұлттық мәселе әлі де толық шешімін таппағанын көрсетті. Сонымен қатар қазақстандық 

саяси салада бұл пікірталас қазіргі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келе жатыр.  

Осы  мәселе  бойынша  қазақ  тілін  зерттеуші  американдық  саясаттанушы, 

философия  ғылымдарының  докторы,  Индиана  университетінің  профессоры  Уильям 

Фирман:  «Президенттің  енгізген  «қазақстандық  ұлт»  термині  Қазақстанды  отаным  деп 

санайтын, сондай-ақ, Қазақстанда бәрінен бұрын қазақ мәдениетін «басқаларға қарағанда 

бірінші»  орынға  шығаруға  шақыратын  кейбір  қазақстандық  ұлт  патриоттары  тарапынан 

жағымсыз қабылданды», – деп атап айтады [2, р. 396]. 

Ұлттық бағытты ұстанушы ұлт патриоттары Қазақстандағы қазақстандық ұлт тек 

қазақ халқы төңірегіне ғана ұйысу керек деген ұстанымды берік ұстанады. Сонымен қатар 

орыс тілді қауымның мүддесін жақтаушылар ұлттық құрылыс тек азаматтық тұрғыда іске 

асу  керек  деген  көзқарасты  жақтайды.  Одан  басқа,  осы  мәселе  төңірегіндегі  қарама-

қайшылықтар  қазақстандық  саясаттанушылар  мен  сарапшылар  арасында  да  қызық 

пікірталастың тақырыбына айналып келеді. Осылай қазіргі қазақстандық қоғамда ұлттық 

құрылысқа  қатысты  әртүрлі  қарама-қайшы  көзқарастардың  салдарынан  айтыс-тартыс 

жалғасын табуда. Қазақстанның саяси элитасы ұлттық бірегейліктің қалыптасуының жай-

күйін  талқылау  мен  өздерінің  нұсқасын  ұсынушылардың  негізгі  тобы  саналады. 

Қазақстанның  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бастап  миграция  үрдісінің  нәтижесіндегі 

демографиялық  өсімінде  қазақтардың  басымдығы  ұлттық  мәселеде  ерекше 

қызығушылықтар тудырады. 

РҒА Этнология және антропология институтының директоры, РҒА корреспондент 

мүшесі  В.  Тишков:  «Ресейде  национализм  мен  ұлттық  құрылыс  ескі  ұстанымдар 

тұрғысынан  нашар  зерттелінеді.  Оның  себебі  тек  біреу,  ол  –  мемлекет  пен  қоғам 

арасындағы қарама-қайшы және деструктивті көзқарастардың бар болуында», – дейді[3]. 

Жалпылама  алғанда  біршама  посткеңестік  елдерінде,  соның  ішінде  Қазақстанда  ұлттық 

бірегейлік  мәселесі  толық  шешімін  таппаған.  Қазақстан  халқының  ұлттық  бірегейлік 

туралы  анықтауға  қатысты  ұсыныстар  көп  жағдайда  талқылауларға,  қарама-қайшы 

көзқарастар мен пікірлерге ұласып жатады. Ұлттық бірегейлік мәселесі Кеңес Одағында 

пайда болған болса, тек өңірлік этностық деңгейде ғана көрінген, ал мемлекеттің деңгейде 

ешқашан  көтерілген  емес.  Өйткені  одақ  барлық  ұлттардан  жоғары  тұрды,  сондықтан 

кеңестік  кезеңде  мемлекет  «интернационалистік»  деген  түсініктің  шеңберінде 

қарастырылды. Кеңестік және автономды республикалар этнотерриториялы ұстаныммен 

құрылғандықтан  ұлттық  мемлекеттіліктің  формасы  мен  бейнесінде  болып  табылды. 

Осыған  сәйкес  бірегейлік  бірінші  кезекте  этностық  сипатты  иеленді  және  этностық 

бірегейліктің негізінде «социалистік ұлттар» қалыптасты. 

Дегенмен,  Л.А.  Фадееваның  еуропалық  бірегейліктің  қалыптасуына  арналған 

мақаласында:  «бірегейлік  әлеуметтік  ғылымдарда  көпше  түрде,  ұдайы  өзгеріске 

ұшырайтын, әлеуметтік құрастыруға икемді, тарихи және саяси стратегияның контексінің 

өзгеруіне байланысты ауысып отырады», – деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша, 

«бірегейлікті  зерттеудің  көп  қырларының  бірі  оны  қай  деңгейде  және  қандай  негізде, 

қандай акторлармен құрастырылғандығында жатыр» деген қорытындыға келеді [4].  



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау