455
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Жеке тұлғалардың табыс салығынан түскен түсімдерінің жалпы сомасының
құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Соңғы жылдары төлем көзінде
төленетін табыс салығының үлесінің төмендеуі байқалады, және сәйкесінше, кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының үлесі өсті.
Жалпы жеке тұлғаларға салық салу жүйесі дүние жүзілік стандарттарға, жекеше
алғанда дүние жүзілік салық кодексінің негізіне сай келеді және шетелдік тәжірибенің
негізінде құрылған. Негізінен басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда жеке
тұлғалардан түсетін табыс салығының бюджеттік түсімдегі алатын орны аз болатын
себебі, республикадағы жеке тұлғалар табысының аздығынан және жасырын табыс табу
жағдайларының болуынан, яғни тапқан табыстың барлығы жарияланып отырған жоқ.
Оның қаншалықты тиімді екенін қазір салыстырып баға беруге болады, яғни аз табысты
салық төлеушіге салық ауыртпалығы көбірек түсетіні байқалды.
Қазақстан экономикасының қазіргі кездегі дамуы, жеке тұлғаларға салық салу
жүйесін қайта құру, оның азаматтар табысымен мүліктерінің әртүрлі көлемімен көздері
бойынша халықтың өмір сүру деңгейін реттеу және кәсіпкерлікті ынталандыру үшін өте
маңызды.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының салық жүйесінде жеке табыс
салығының бюджет кірісіндегі рөлін арттыру мақсатында жалпыға бірдей декларациялау
мәселесі жүйелі түрде қолға алынса, нәтижесінде жеке тұлғалардың табыс салығы
бойынша түсімнің жоғарылауына әкелуі мүмкін болар еді.
Қоғамда табыс көзі кеңейген сайын, тұтыну шығындарының үлесі бірте-бірте
азайып, нәтижесінде жеке тұлғалардың салықтық ауыртпалығындағы жанама
салықтардың үлесі төмендей түсер еді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1
ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Заңы. Салық Кодексі.08.01.2011ж.
2
Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу –Оқулық. – Алматы:
Экономика, 2008 ж.
3
Нурумов А.А. Салық және салық салу.Оқулық. Астана.2010 жыл.360-бет.
4
Об исчислении налогообложения индивидуального подоходного налога. 2009г.
22.03.№НК-УМ-3-22.//ИНформационный бюллетень МФ РК.:2009.-№1.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару мәселелері және тәуекелді
төмендету әдістерін жақсарту жолдары
Бельдибаева К.Ж.
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail
j.kunya87@mail.ru
Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, олардың
қаржылық тәуелсіздігін, қызмет тиімділігін арттыру және ақыр соңында пайданы көбейту
немесе зиян мен банкроттықтан қашуға ынталана отырып қазіргі уақытта кәсіпорын
басшылары қаржылық жоспарлауға көп көңіл аударып жүр. Бұл күмәнсыз түрде
шаруашылық айналымын қалыптандырудың факторларының бірі болып табылады, яғни
оны қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, экономикалық жағдайлардың белгісіздігінде
кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру.
Демек, нарықтық экономикада басқарудың барлық деңгейінде шешімдер қабылдау
процесі қызметтің ақырғы нәтижесі белгісіз болғанда жүзеге асырылады.
456
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Яғнитүсініксіздік және сенімсіздік пайда болады, демек тәуекел өседі, яғни жоғалту қаупі
туындайды. Бір ерекшелігі бұл кәсіпкерлікті меңгерудің бастапқы сатысы. [1]
Қазіргі экономикалық теорияда белгісіздік көрсеткіші ретінде тәуекел деген санат
алынады. Тәуекелді басқару мәселесі шаруашылықтың кез келген секторында бар – ауыл
шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап қаржылық мекемелер мен саудаға дейін, бұл
оның өзектілігін түсіндіреді.
Осыған байланысты кәсіпорын қызметін жоспарлауда тәуекелді бағалау
көрсеткіштерінің жүйесін, оған әсер ететін факторларды анықтау, тәуекелдерді азайту мен
төмендету бойынша тәжірибелік ұсыныстар, сондай ақ тәуекелді басқару стратегиясын
жасау өзекті болып табылады.
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау мәселесінің
жасалу деңгейін талдау мынаны білдіреді, аталған мәселені отандық және шетелдік
зерттеушілердің көп көңіл бөлгеніне қарамастан, оның көптеген аспектілері жеткіліксіз
зерттелген, дәлірек айтсақ экономиканың нақты секторына тән қаржылық тәуекелдер.
Бұдан басқа, белгісіз ортада тәуекелді бағалау механизміне қатысты
концептуалдық және әдістемелік ұсыныстарда көптеген айырмашылықтар бар: қаржылық
тәуекелді төмендету тәсілдері, тәуекелдік жағдайларды басқару әдістері, тәуекелді
кешенді талдау және оны басқару алгоритмі.
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл қаржылық қызметтің маңызды
элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер
ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген
түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай
қатынастар
және
шаруашылық
айналым
қатысушыларының
бәсекелестігі
жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда
болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал
экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін
зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз қаржылықжағдай болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді
нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде
максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан
ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті
нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге
бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында,
ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы
сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше
назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар
бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді.
Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті
тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару
жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және
тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі
тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент
әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады.
Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады.
Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша
ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде