123
7. Кішкене сферамен кӛздерін жасаңыздар.Жұмыс істеу ыңғайлы болу
үшін тышқанның дӛңгелегін айналдырып, масштабтыүлкейту керек.
8. Аққаланың басына кигізетін шелекке қиылған конус аламыз. Тор
түріндегі Cone (Конус) тұрғызығыз, бірақ оны аяғына дейін
тарылытпаңыз.
Әдебиеттер: 1 нег. [1-638], 2 нег. [ 1- 432].
Бақылау сұрақтары:
1. 3DMax бас меню командаларын суреттеңіз.
2. 3DMax программаларында қандай аспаптар панеліжүзеге асырылады?
3. Проекциятерезесін басқарудың негізгі аспатары.
4. Примитивтер қалай құрылады?
5. Негізгі топ бойынша примитивтерді атаңыз және суреттеңіз.
Зертханалық жҧмыс №2. Примитивтерді қҧру
Сабақ жоспары:
Объектілермен операциялар
Объектілерді клондау
Зертханалық жұмыс «Ертегі үй», «Ертегіағаш».
Примитивтердің негізгі параметрлері:
Radius -радиус;
Width- ені;
Length- ұзындығы;
Height- биіктігі;
Segments- сегменттер;
Sides- сегметке
сәйкес келетін жол;
Smooth-объектініңқырларын тегістеу;
Hemisphere- сфераны тӛменнен жоғарыға
қарай қию;
Croup\Squash- қиындының кесілуін немесе
тығыздалуын анықтау;
Size
On- қию режімін қосу;
Slice From\Slace To- қиюдың басы мен аяғын градуста анықтау;
Base To Pivot- объектінің негізіне тірек нүктелерін орналастыру;
Generate Mapping Coordinates- объектіде текстурапроекциясын құру.
Объектілер операциясы
Объектілерді басқару үшін ӛшіру, орын ауыстыру, бұру және
масштабтау сияқты негізгі операциялар қажет болады. Осы операциялар
үшін аспаптар панелінде арнайы бастырмалар арналған.
Объектілерді ерекшелеу
Мүмкін болатын ерекшелеу тәсілдері:
124
Ерекшелеу- SelectObjectsобъектісі бойынша аспапты шерту (2
бастырма);
ерекшелеуді қосу — SelectObjectsобъектісі бойынша аспапты
шерту
пернесін басу арқылы;
ерекшелеуді жою - SelectObjectsобъектісі бойынша аспапты шерту
пернесін басу арқылы;
объект аты бойынша ерекшелеу- SelectbyName аспабы (3 бастырма);
бірнеше объектілерді ерекшелеу үшінкеректі объектілерді қосып,
SelectObjectsаспап рамкасын созуға болады.Бұл әдіс «терезені басып
алу» деп аталады. Ол үшін 5 бастырма жауап беретін 2 режим бар. Егер
бастырма "ӛшірілген" болса,ондарамкаға толығымен кіретін және
рамкамен қилысатын тереземен басып алғанда барлық объектілер
ерекшелінеді. Егер 5 бастырманы "қоссақ", ондаолӛзінің түрін
ӛзгертеді, жәнеонда тек басып алуға толығымен кіретін объектілер
ерекшелінетін болады;
ерекшелеуге қосымша үшін — пернесін басып тұрып,
тереземен басып алу
ерекшелеуден шығару үшін — пернесін басып тұрып,
тереземен басып алу
қиылысатын объектілерді ерекшелеу үшін— қиылысу нүктесіне шерту
(объектілер біртіндеп ерекшелінеді);
ерекшелеуді блоктау — бос аралық пернесін басу, ондаобъектіден
ерекшелеуді алу немесе басқа объектіні ерекшелеу мүмкін емес.
Блоктауды алу үшінтағы да бос аралық пернесін басу қажет;
ерекшелеу аймағы — 4 бастырма, басып алу үшін аймақтың пішінін
ӛзгертуге болады.
Объектілердің орынын ауыстыру
Select & Move (Тасымал) аспабы аспаптар панелінде орналасқан (6
бастырма). Аспапты таңдағанда ерекшеленген объектіде түрлендіру
треногасы (X, У, Z осьтері) пайда болады. Тышқанның маркерін оське
жеткізілгенде олсары түспен ерекшелінеді, жәнеорын ауыстыру осы осьте
ғана орын алады. Егер осьтердің арасында орналасқан квадрат ұстап алынса,
онда объекті кез келген бағытта орын ауыстыру мүмкін. <Х> пернесі— осьті
жасырады.
Объектінің бұрылысы (айналуы)
Select & Rotate (Бұрылыс) аспабы аспаптар панелінде орналасқан (7
бастырма). Аспапты таңдауда еншілі объектіде орбиталар пайда болады, онда
айналу осін таңдау керек. Тышқанды ұстап тұрып объектіні бір осьтен
айналдырған дұрыс. Белсенді ось сары түспен ерекшеленеді. Дәл бұрылыс
үшін программаның тӛменгі терезесінде сандарды енгізу үшін координаталар
ӛрісі бар.
Объектіні масштабтау