қосымша
2011 жылғы “29” 12
№ 4/1114 қаулысымен бекітілген
“Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы” мемлекеттік мекемесінің
2011-2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
Алматы қаласы – 2011 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Миссия және пайымдар..............................................................................................................................................................3
2. Ағымдағы жағдайды талдау......................................................................................................................................................3
2.1. Алматы қаласы жер қорының жалпы сипаттамасы........................................................................................................3
2.2. Жер ресурстарын пайдаланудағы және Алматы қаласының жер қатынастары мәселелері................................4-5
3. Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері.....................................................................................................................................................................................5-22
4. Басқарманың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі..........................................................................................................................................................................................15
5. Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы қызметінің функционалдық мүмкіндіктері.....................22-23
6. Ведомоствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдерді басқару..........................................................................................23-25
7. Бюджеттік бағдарламалар..................................................................................................................................................25-25
8. Бюджеттік шығындардың жинағы...................................................................................................................................28-32
1. “Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы” ММ-ның миссиясы және бағдары
Миссиясы: Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалануға қалыпты жағдай жасау және жер қатынастары саласында заңдылыңды нығайту.
Пайымы: Жер пайдалану мәселелері мен проблемаларының реттілілігі, жеке және заңды тұлғалар үшін жер учаскелеріне құқық ресімдеу процестерінің айқындылығы және мерзімін қысқарту негізінде жердің инвестициялық тиімділігін арттыру заманауи геоақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жер учаскелері және Алматы қаласының жер қоры туралы мәліметтер есебін сандық және сапалық тұрғыдан жүйелеу. Жер қатынастарына қатысушылардың сапалы мемлекеттік қызмет түрін алуы.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
1-стратегиялық бағыт. Жер қатынастары саласындағы шағымдар, өтініштер, сот процесстерінің көбеюін алдын алу.
2.1. Жер жағдайы және жер ресурстарын басқару
Қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес Басқарма жыл сайынғы “Бар жерлер және оларды санаттарға, меншік иелеріне және пайдалы жерлерге бөлу” жөніндегі жер балансын жүргізу үшін жер есебін жүргізеді. Жерлерді меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қолдану көрсеткіші өскендігі байқалады. Сәйкесінше жер қатынастарына қатысты ақпарат алу қажеттігі туындайды.
Қазіргі таңда жер учаскелеріне қатысты мәлімет алу үшін мемлекеттік жер кадастрын (МЖК ААЖ) жүргізетін кәсіпорын “АлматықалжерҒӨО” МЕК-тен ақпарат сұрату керек, сосын өтініш жазған жеке және заңды тұлғаларға жауап беріледі. Сондықтан мемлекеттік жер кадастрынан мәлімет беру жылдамдығы жоқ.
Жер-кадастрлық мәліметтерді беру мәселесі барлық мүдделі органдарды байланыстыратын ақпараттық жүйе жасалғанда ғана шешіледі.
Жер ресурстары саласындағы аталған мәселелерді шешу жер жағдайы саны мен сапасы туралы нақты ақпараттарды беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1.1) жер ресурстарын басқару, жер жағдайы және оларды пайдаланудың негізгі параметрлері
Жер балансының мәліметі бойынша Алматы қаласының жалпы аумағы –33,25 мың гектарды құрайды.
Оның ішінде:
1) Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып отырған жерлер – 1,8 мың гектар,
бағбандық жүргізу үшін пайдаланылып отырған жерлер – 0,9 мың гектар;
шаруа қожалығын жүргізу үшін –0,1 мың гектар
мемлекеттік емес ауылшаруашылық кәсіпорындары-0,8 мың гектар;
Елді мекендер жері – 20,7 мың гектар, оның ішінде:
жеке тұрғын үйлер – 6,9 мың га;
көп қабатты тұрғын үйлер – 1,4 мың га;
ПМИТК – 0,4 мың га;
өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін –0,1 мың га;
емдеу мекемелері - 0,2 мың га;
әкімшілік ғимараттар –1,8 мың га;
мектепке дейінгі және мектеп мекемелері – 0,6 мың га;
ЖОО және орта-техникалық мекемелер – 0,3 мың га;
сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – 0,6 мың га;
басқалары – 8,4 мың га;
3) Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері. Қорғаныс және басқа да ауылшарушылық мақсатында пайдаланылмайтын жерлер – 4,4 мың гектар, оның ішінде:
өнеркәсіп – 2,4 мың га,
автокөлік –0,4 мың га;
электр көлігі – 0,1 мың га,
Қорғаныс министрлігінің ұйымдары – 0,2 мың га,
басқалары – 1,3 мың га:
4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 4,6 мың га:
Су қорының жерлері – 0,4 мың га;
2010 жылдың 12 айында 15 887 мың хат-хабар өңделген, оның ішінде 1 839-ы қызметтік, 11 152-сі жеке тұлғалардың және 2 896-сы заңды тұлғалардың өтініштері.
2009 жылмен салыстырсақ, Басқармаға 15703 кіріс хат-хабар түскен, оның ішінде 10244-і жеке тұлғалардың және 3256 заңды тұлғалардардың өтініштері, ал 2203-і қызметтік хат.
2010 жылы Жер комиссиясының қарауына жер учаскелеріне құқық беру туралы 9947 өтініш енгізілген, оның 4475-і бойынша оң шешім қабылданса, 5472-не заңнамада қарастырылған негіздер бойынша бас тартылған.
Басқарма өз қызметін бастаған кезден бастап 104 мың сәйкестендіру құжатын дайындаған және таратқан. Оның ішінде 2006 жылы – 31,1 мың, 2007 жылы – 28,6 мың, 2008 жылы – 17,8 мың, 2009 жылы – 14,3 мың, 2010 жылы – 12,2 мың құжат дайындауды қамтамасыз етті.
1.2) Негізгі мәселелердің сараптамасы.
Алматы қаласының бекітілген Жер балансына сәйкес 2010 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша сәулеттік-жоспарлау бойынша ұйымдастырылуы мүмкін, сондай-ақ оларды функционалдық аймақтандыру бойынша құрылыстан бос аумақтар жоқ.
2006-2007 жылдары жер учаскелерін беру туралы азаматтардан түскен өтініштердің санынан баспанамен қамтамасыз етілмеген Алматы қаласында тұратын 110 мыңнан аса отбасы бар екендігі белгілі болып отыр, бұл жалпымемлекеттік мәселе.
Сонымен бірге, азаматтар Алматы қаласының әкімдігіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініштер жазуда, алайда, инженерлік жағынан қамтамасыз етілген бос жерлердің болмауына байланысты жер учаскелерін беру мүмкіндігі жоқ.
Салыстыратын болсақ, 2008 жылы Басқармаға 46304 мыңнан аса кіріс хат-хабар түссе, оның ішінде 38840-ы азаматтардың өтініштері, ал 2010 жылы 15 887 кіріс хат-хабарлар, қолданыстағы қалақұрылысы регламенттері және инженерлік жағынан қамтамасыз етілген жер учаскелерінің жоқ екендігі жөнінде жүргізілген кең аумақымды түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде құжат айналымы 190 пайызға қысқарды.
Қазіргі кезде аудандық әкімдіктер, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Өңіраралық жер инспекциясымен бірге жер, сәулет және сауда заңнамаларының бұзылуын анықтау мен базарларды паспорттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өз бетінше басып алынған, уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталған жер учаскелерін талап етіп алу жөнінде сотқа 24 талап-арыз берілді. Талап-арыздарды қарау барысында 2 жер пайдаланушы заң бұзушылықтарды жойғандығына байланысты оларға қатысты талап-арыздар қайтарып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.
Алматы қаласының бекітілген жер балансына сәйкес 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша құрылыстан бос алаптар мен сәулеттік-жоспарлау ұйымдастырылған, сондай-ақ, функционалдық аймақтарға бөлінген аумақтар жоқ.
Сонымен қатар, азаматтар Алматы қаласының әкімдігіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу туралы өтініштер жазуда, соңғы үш жылда азаматтардан жеке тұрғын үй үшен жер учаскесін беру туралы 110 000 астам өтініш түскен. Мұндай қажеттілікті қанағаттандыру үшін 12 00 гектардай бос жер учаскелері керек, ондай жерлер қала шегінде жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың Бас жоспары барлық қалалық инфрақұрымды дамытуға арналған перспективалық және бірінші кезектегі бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруды, көпқабатты және азқабатты тығыздығы жоғары құрылыс пен тұрғын аймақтарын қайта жаңғыртуды қарастырады.
Аудандардың нақты жоспарлау жобаларының тұжырымдамалары ескі құрылыстарды бұзудың есебінен әлеуметтік объектілер құрылысы және инженерлік коммуникацияларды дамытумен кешенді құрылыс жүргізуді қарастырады.
Функционалдық аймақтандыру бойынша қала шекарасында жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған алаптар қарастырылмаған.
Қазіргі таңда бас жоспарда қарастырылған жеке тұрғын үй құрылысы үшін көзделген алаңдар толығымен игерілген.
Қалада жеке тұрғын үй үшін жер учаскесін беру мүмкіндігі жоқ.
Автопаркингтер, автомобиль қоятын орындарды пайдалану және күтіп ұстау, орналастыру жүйесін құру мен әзірлеу мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 109-бабының 2-тармағындағы “Қазақстан Республикасы астанасы көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) қоспағанда” деген сөздерден кейін толықтыру енгізу бойынша ұсынысы қолдау тапты.
Бұл өзгертулер барлық кірістерді қала бюджетіне аударатын қалалық мамандандырылған мемлекеттік мекеме құру арқылы жол белдеуі бойындағы автотұрақтардың барлық түрінен түсетін кірісті есептеу және бақылау жүйесі жасауға мүмкіндік береді, яғни, жол жүйесі мен аула аумағын жөндеу және күтіп ұстауға кететін шығынның орнын жабуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы мемлекеттік жер қорындағы өз бетінше басып алынған жер учаскелерін талап етіп алу туралы сотқа 12 талап арыз берілген, оның 9-ы бойынша соттың жер учаскесін босату туралы шешімі қабылданса, жер учаскесіне құқық берілгендігіне байланысты 2 талап арызқараудан алынды, 2 материал сотта қаралып жатыр.
Аялдама кешендері орналасқан өз бетінше басып алынған жер учаскелерін талап етіп алу туралы сотқа 120 талап арыз берілді, оның ішінде 87 учаскені босату туралы сот шешімі қабылданса, учаскені өз еркімен босатқаны үшін 14 талап арыз қараудан алынды, 19 талап арыз қаралып жатыр, сот шешімі қабалданғаннан кейін материалдар сот орындаушыларына жіберіледі.
1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Жер учаскелерін өз бетінше басып алуды болдырмау туралы ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстарда қол жеткізілген жетістіктерді атап айтуға болады. 2008 - 2009 жылы, 2010 жылдары басымдылық тәртіпте әлеуметтік қауырттылықты төмендету мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін өз бетінше басып алынған жер учаскелеріне құқық ресімдеу жұмыстары жүргізілді. Қалаға қосылған елді мекендердегі жер мәселелері жоспарлы түрде 2015 жылы реттеледі. Әлеуметтік қауырттылық тұсында жер учаскелерін ресімдеу мәселелерін шешу үрдісі жалғастырылуда.
2-стратегиялық бағыт. Жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларының барлық нормаларын сақтаумен жер учаскелеріне құқық ресімдеу процедураларының айқындығы және мерзімін қысқарту негізінде жердің инвестициялық тартымдылығын сақтау үшін жағымды жағдай қалыптастыру. Алматы қаласының аумағында жер ресурстарын тиімді және оңтайлы басқаруды қамтамасыз ету.
2.1. Алматы қаласының аумағында жер ресурстарын тиімді және оңтайлы басқаруды қамтамасыз ету.
Жер қатынастары басқармасы, Өңіраралық жер инспекциясы және Сәулет және қала құрылысы басқармасы Алматы қаласы жолдары белдеулерінде жарнама құрылғыларын орналастыру бойынша сараптама жасалды.
Қазіргі кезде 49 компанияға тиесілі 1327 жарнама құрылғысы орнатылғандығы анықталды, оның ішінде 913 билборд заңды негізде орналасқан.
235 учаскені босату туралы 12 компания сот берілді, 164 учаске бойынша сот шешімі қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда. Үстіміздегі жылы билбордтарды қала көшелерінде орналастырудың жалпы сызбасы әзірленгенге дейін сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін ресімдеу уақытша тоқтатылды. Сызба 2011 жылдың 20 желтоқсанында дайын болады және ары қарай жұмыс барысында пайдалану үшін Мәдениет басқармасына беріледі.
Бұған дейін Жер комиссиясының отырысында 16 компанияның инвестициялық шарттар негізінде 516 билборд орнату туралы өтініштері қаралды, оның ішінде 122 жер учаскесіне құқық беруден бас тартылды. Оң шешім қабылданған 394 учаске бойынша қаулы жобасы дайындалды, бірақ қол қойылмады.
Сонымен қатар, жарнама құрылғылары үшін 907 жер учаскесін бөлу туралы тағы 17 компанияның өтініші түсті, алайда, ол өтініштер қаралмады. Сондықтан өтініш иелері әр түрлі мемлекеттік органдарға шағымдар және өтініштер жазуда.
Прокуратураның нұсқауына және ҚР Жер комиссиясының 48-бабына сәйкес учаскелер аукцион арқылы берілуі қажет екендігіне байланысты Жер комиссиясында оң шешім қабылданған 394 жер учаскесін ресімдеуді тоқтату және қаулыларға қол қоймау, қаралмаған өтініштерге белгіленген тәртіпте бас тарту туралы ұсыныс енгізілді.
Кейіннен барлық өтініштер сызбалармен бірге Мәдениет басқармасына әзірленген сызбаға сәйкес билбордтарды қосымша орналастыру қажеттігін зерттеу және Алматы қаласы мәслихатының тиісті шешімінен кейін учаскелерді он-оннан лоттармен аукционға шығару үшін Жер комиссиясында қаралады.
Жер учаскелерін жалға алу мерзімі аяқталған билбордтарға келер болсақ, Мәдениет басқармасының қорытындысы бойынша Жер комиссиясында қолданыстағы регламенттерге сәйкес орналатылған билбордтардың уақытша жер пайдалану құқығын ұзарту және заң бұзушылықтар және сәйкес келмеушіліктер анықталған билбордтарды орналастыру үшін жер учаскесіне құқық беруден бас тартылатын болады.
Алматы қаласының шекарасын оның шегіне Алматы облысының Талғар, Қарасай аудандары жерлерінің бір бөлігін қоса отырып өзгерту бойынша
Ағымдағы жылдың 17 мамырында қолданысқа енген “Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 77 Жарлығын орындау үшін жерге орналастыру және қала шекарасын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шекараларды нақтылы (жергілікті жерде) бөліп шығарумен шаруашылықаралық жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді, жер пайдаланушыларды анықтау және оларды қала қарамағына өткендігі жөнінде хабардар ету, сондай-ақ, заңмен белгіленген тәртіпте өз бетінше басып алынған жерлер мен құрылыстарға қатысты шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Жер учаскелері қала шегіне қосылған тұрғындарға қайта тіркелу туралы хабарламалар таратылды.
Алматы облысының құрамындағы қала шегіне қосылатын жер учаскелері инфрақұрылым объектілері оргаласқан учаскелер болып табылады, яғни, Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес жаңадан меридиональды және кең магистральдарды, айналма автомобиль жолдары мен көлiк жолайрықтарын салу, сондай-ақ “Алматы қаласының өзендері мен су айдындары” өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кіші өзендер мен су айдындарын қалпына келтіру және оңалту, су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы экологиялық жағынан қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтiк жағынан тиiмдi тiршiлiк ортасын қалыптастыру, Алматы қаласының көлiк инфрақұрылымын дамыту және жетiлдiруге бағытталған қала құрылысы шараларының кешенi қарастырылған.
1.1) Алматы қаласында жер учаскелерін сатуда инвестициялық белсенділіктің негізгі көрсеткіштері.
Бос жер учаскелерінің шектеулілігі шартында жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер келесі негізгі көрсеткіштерден тұрады.
1. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген, оның ішінде аукцион (сауда-саттықта) арқылы сатылған жер учаскелерінің санынан.
2. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуден немесе бұрын уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер.
3. Жер учаскелерінің жалдау құқығын сатудан түсетін түсімдер.
1.2) Негізгі мәселелердің сараптамасы
Қала шегінде құрылыстан бос жер аумақтары аз болғандықтан аукционға шығарылатын жер учаскелерінің саны шектеулі. 2008 жылы аукцион өткізілмеді, 2009 жылы өткізілген үш аукционда жалпы аумағы 1,7 га болатын 25 жер учаскесі сатылып, бюджетке 118,1 млн. теңге түссе, 2010 жылы өткен екі аукционда жалпы аумағы 2,0149 га болатын 26 учаске 151 млн. теңгеге сатылды.
Екінші көрсеткіш бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен объектілердің құрылысы үшін беру туралы Жер комиссиясының оң шешімін алған, алайда қаржыландыру көздерінің болмауына байланысты өз міндеттемелерін орындамай, учаскені игеруді тоқтатқан инвесторларға қатысты, яғни бұзу жұмыстары жүргізілмеген жер учаскелерін алып қою туралы қаулыларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.
Жер комиссиясы 2009 жыл мен 2010 жыл аралығындағы кезеңде салушылардың жер учаскелерін игермеуіне байланысты жер учаскелерін беру туралы бұрын қабылданған 372 қорытындының, сондай-ақ жер учаскелерін алып қою туралы 193 қаулының күшін жойды. Күші жойылған объектілердің жалпы аумағы 2819 гектарды құрайды.
Нәтижесінде, осы көрсеткіштер бойынша түсетін түсімдер 2009 жылы 526,4 млн. теңгеге қысқарды, ал 2010 жылы жер учаскелерін сатып алулар жүргізілмеді.
Үшінші көрсеткіш бойынша бұрын уақытша жер пайдалану шартымен берілген жер учаскелерін сату, сондай-ақ көлікжайлар астындағы жер учаскелерін ресімдеу, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үйдің құрылысынан коммерциялық және өндірістік объектілерге өзгертудің есебінен 2009 жылы түсімдер 2 млрд. 235 млн.200 мың теңгені құраса, 2009 жылдың 12 айынының қорытындысы бойынша жер учаскелерінің жалдау құқығын сатудан түскен түсімдер 30 млн. 861 мың теңге болды. 2010 жылы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер 2 млрд. 489 мың теңгені немесе 118,5 % құрады, ал жоспарланған түсім 2 млрд. 100 мың теңге болған.
Салыстыратын болсақ, 2007 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сатудан жергілікті бюджетке түскен түсім 14 млрд. 329 мың құрады, ал жоспарланған түсім 14 млрд. 180 млн. теңге болған. Жер учаскелерінің жалдау құқығын сатудан 390 млн. теңге түсім түседі деп жоспарланса, бюджеттің кіріс бөлігі 418,4 млн. теңгені құрады.
1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
Тәуекелдердер және тежеуші факторлар.
Мемлекеттің жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерінің қысқаруы халықаралық экономикалық дағдарысқа және жеке инвесторлар объектілеріндегі құрылыс жұмыстарының тоқтауына тікелей байланысты.
2020 жылға дейінгі Алматы қаласындағы жер учаскелерін пайдалану болжамдары және даму үрдісі қоса беріліп отыр (4-қосымша).
Мүмкіндіктері:
- инвесторларды тарту үшін жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне құқық ресімдеу процестерінің айқындылығы және мерзімін қысқарту негізінде жердің инвестициялық тиімділігін арттыруға қалыпты жағдай туғызу, Алматы қаласының жоғары кредиттік рейтингі мен ерекше мәртебесін, географиялық орналасуын тиімді пайдалану.
Осыған байланысты, жер учаскелерін ресімдеуде, жер учаскелеріне құқық куәландыратын және сәйкестендіру құжаттарын беру мерзімін қысқартуда уәкілетті органдар арасындағы өзара әрекеттестік жүйесін оңтайландыру үшін заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Басқарма беретін рұқсат беру жүйесі (құжаттары) қайта қарау және түгендеу жүргізілді. Түгендеу жұмыстарының нәтижелері бойынша Үкіметке жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын беру мерзімін қысқарту бойынша ұсыныс енгізілді.
Бұл жұмыстардың көрсеткіші ретінде мемлекет пен шағын жеке және заңды тұлғалар арасында шарт жасау барысында жер учаскелері бағаларының тұрақты өсуі айтуға болады.
3. “Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы” ММ-ның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторы, іс-шаралары және көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Жер қатынастары саласындағы шағымдардың, өтініштердің, сот отырыстарының көбеюін алдын алу болып белгіленді.
1.1-мақсат. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша жұмыстарды тұрақты қамтамасыз ету. Мақсаттарға жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 001 республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қатынастары саласын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер.
Нысаналы индикаторы
|
Ақпарат көздері
|
Аралық мәні көрсетілмеген
| Есепті кезең | Жоспарлы кезең |
Өлш. бірліктері
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
2015 жылы жер қатынастарын реттеу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанатын жеке және заңды тұлғаларды 93 % жеткізу.
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет мониторингі
|
%
|
85
|
87
|
89
|
90
|
91
|
92
|
93
|
1.1.1-мақсат. Жер учаскелеріне жеке меншік, тұрақты жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану және өтеусіз уақытша жер пайдалану (жалға беру) құқығын беретін акт беру бойынша бекітілген Стандарттар және Регламенттерге сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша құжат беру мерзімінің 15 жұмыс күнін құрауын қамтамасыз ету.
|
Мемлекеттік қызметтің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету
|
есеп
|
мерзімінің өтіп кету%
|
2
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1.1.2-мақсат. Жер комиссиясының қарауына енгізілетін мәселелер бойынша жан-жақты қарау және негізді шешімдер қабылдау үшін Алматы қаласының Жер комиссиясының жұмысын заңнамалық тұрғыдан күшейтуді қамтамасыз ету.
|
Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу
|
Әкімнің, мәслихаттың шешімі
|
дана
|
5
|
2
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1.1.3-міндет. Жер қатынастары субъектілері арасында құқықтық сауатсыздықты төмендету
|
Жер қатынастары саласындағы құқықтық мәселелері туралы Қазақстан Республикасы халқы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Баспа және электронды БАҚ-тағы жарияланым-дардың саны
|
|
20
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
28
|
1.1.4-мақсат. Жер қатынастары саласында гендерлік саясатты жүзеге асыру.
|
Гендерлік көрсеткіш бойынша жер учаскелерінің бары туралы мәліметтерге, оның ішінде Алматы қаласының Жер балансын қоса ала отырып, сараптама жүргізу.
|
есеп
|
дана
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Мемлекеттік емес әйелдер ұйымдарының өкілдерімен жерлерді ресімдеу тәртібі және олардың құқықтарының бұзылуымен күресуге қатысты семинарлар және кездесулер өткізу.
|
|
дана
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Нәтижелерге тікелей қолжеткізу іс-шаралары
|
Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі
|
2009 жыл
|
2010
жыл
|
2011 жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1. Мемлекеттік қызметті дер кезінде көрсетуді қамтамасыз ету үшін Басқарма аппараты жұмысын ұйымдастыру.
1.1. Басқарманың кадрлық құрамын дер кезінде толықтыру және оқыту
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
2. Мемлекеттік қызметті дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Басқарманың құрылымын материалдық қамтамасыз ету.
2.1. Жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу.
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
3. Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу.
3.1 Бағалық аймақтандыру бойынша
3.2 жерлердің нысаналы мақсат жіктемесі, Алматы қаласының шекарасын өзгерту.
3.3. Жер пайдалану сараптамасы, оның ішінде гердерлік көрсеткіштер бойынша
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
4. Жер қатынастары саласындағы құқықтық мәселелері туралы Қазақстан Республикасы халқы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
4.1. Баспа және электронды БАҚ-тағы жарияланым-дар дайындау.
4.2 Телевидениеде сұхбат беру және дайындау
4.3 Электронды БАҚ-тағы және әкімдік порталындағы анықтамалық мазмұнын жаңарту
4.4 Әйелдермен және үкіметтік емес әйелдер ұйымы өкілдерімен семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Достарыңызбен бөлісу: |