Алматы, 2015 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және



жүктеу 5,74 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата17.11.2018
өлшемі5,74 Mb.
#20438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Коммерциялық ақпараттық БАҚ 

Қызметтік  қарым-қатынас  этикасы  мен  кәсіби  этиканы  ешуақытта  шатастыруға 

болмайды. Репортер ең алдымен өз мамандығының абыройын түсірмеуі керек, ре-

дакцияға тиесілі талаптарды орындап, журналистік құқықтарды сақтауы тиіс. 

Журналистикада басылымға сенсациялық материалдар жариялау - «чекті кітапша 

журналистикасы» деп аталады.  Мұндай материалдар баспасөз еркіндігі мен сөз бо-

стандығына нұқсан келтіреді деген пікір де бар. Бұл жерде екі жағдайды қарасты-

ру керек: біріншісі, бәсекелес масс-медиа сіздің редакцияңызбен бірдей деңгейде 

емес және олардың капиталы сіздікіне қарағанда төмендеу. Ал  екіншісі, біржақты, 

біртекті, нақты көзқарастары нақтыланбаған бәсекелессіз материал оқырманды жа-

лықтырып жіберуі мүмкін.  

Этика негіздері бойынша бізге жетпей тұрғаны- 

ішкі цензура. Мысалы, Қазақстандық журнал-

дың сәуір айындағы нөмірі толығымен Адольф 

Гитлердің 125 жылдығына арналады. Редактор 

осы  журналды  шығарар  алдында  бұл  жайтқа 

ардагерлер  қалай  қарайды  дегенді  ойлады  ма 

екен?  Милиондаған  адамның  өліміне  себепкер 

болған  адамға  басылымның  бір  санын  арна-

удың  қажеттілігі  қанша?  Мүмкін,  журналдың 

оқырманын  арттыруға  бағытталған  шарасы 

шығар. Десек те, әр нәрсенің өз шекарасы бар 

екендігін есте сақтаған жөн

1980  жылы  The  Washington 

Post  газеті  "Джимми  әлемі" 

атты  мақала  жариялайды. 

Онда  сегіз  жастағы  нашақор 

баланың  жағдайы  баяндала-

ды.  Журналист  Джанет  Кук 

осы  материалы  үшін    Пулит-

церов  сыйлығын  иеленеді. 

Мақала  қоғамда  үлкен  резо-

нанс туғызады. Қала басшы-

сы  баланың  жағдайы  жақсы, 

қазір  ем  алып  жатыр  дейді. 

Осыдан  кейін  баланы  іздеу 

шарасы  басталады...  біраз 

уақыт өткеннен кейін  Джим-

ми-Джанет  Куктің  қиялынан 

туған  кейіпкер  болып  шыға-

ды.  Оған  берілген  сыйлық 

кері  қайтарылып,  қызметтік 

мансабына нұқсан келеді. 

1998  жылы  репортёр  Сти-

вен  Глэсс  The  New  Republic 

басылымына 

компьютерлік 

корпорацияның кодын бұзған 

вундеркинд  туралы  мақала 

жазады.  Баланы  жазаға  тар-

тудың  орнына  корпорация 

оны  жұмыс  істеуге  шақыра-

ды. Forbes журналын жас ха-

кер  қатты  қызықтырып,  оны 

іздегенде ол да автордың ой-

ынан  шығарылған  кейіпкер 

екендігі белгілі болады.  

15



Күн  сайын  әлемде  өте  маңызды  және  аса  маңыздылығы  жоқ  оқиғалар  болып 

жатады.  Егер  журналист  осылардың  әрқайсысы  туралы  толық  ақпарат  тарататын 

болса, бұған уақыт жетпейтін еді. Әр оқиғаның басты 

және қосалқы кейіпкерлері бар. Журналистке қойыла-

тын  талаптар  бойынша,  ол  оқиғаның  ең  маңыздысын    

беруге  ғана  мүмкіндігі  бар.  Яғни,  ақпараттың  ең  қа-

жетті  дегендерін  өз  таңдауымен,  не  болмаса  редак-

тордың  таңдауымен  сүзгіден  өткізіп,  нақтылап,  сара-

лай отырып жеткізеді.  

Фактілерді жариялау қандай да бір тенденцияны қа-

лыптастыруға  ықпал  етеді.  Кей  кезде  дәйек  аудито-

рияның сенімін ақтауға бағытталса, кейде ушықтырып 

жіберуі  де  мүмкін.  Сондықтан  да  бұқаралық  ақпарат 

құралдары-адам санасына ой салуы да, оны улауы да 

мүмкін.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  халықтың  бас 

көтеріп, мемлекеттік тұрақтылықты шайқалтуға бағыт-

талған ақпараттық фон жасауына да ықпал ете алады.    

Сонымен  қоса,  газеттер  мен  журналдар  қарапайым 

халық пен билік басындағылар арасындағы қарым-қа-

тынасты жүзеге асыру платформасы  болып  та есеп-

теледі.

Бір  қарағанда  БАҚ  қызметі  өте  оңай  және  ешкімді 



ренжітпейтіндей көрінеді. Шынтуайтына келгенде, күн-

делікті теле және радиоэфирді толтыру, түрлі-түсті га-

3.

 МЕДИАДАҒЫ АҚПАРАТ



Журналист, дүкендегі сатушы 

секілді  ақпаратты  өлшеп, 

саралауы қажет....

Папарация  мен  «сары  басылымдарда»  жұмыс 

жасайтын  журналистердің  этикасына  байланысты 

да  келіспейтін  көптеген  жайттар  бар.  Өсек-аяң 

жинау-қаншалықты  этикаға  жатады?  Соған  қара-

мастан, мұндай басылымдардың таралымы бедел-

ді ақпарат құралдарынан бірнеше есеге артық.

Журналистік этика туралы сауалға жауап іздеу ең 

ауыр, әрі күрделі. Кейбір жағдайлар қағаз жүзінде 

керемет болғанымен, тәжірибеде мүлде басқадай 

жағдайлар да кездеседі.

Біз  сонымен  қатар  ақпараттық  медианы  да  са-

ралаймыз.  Бүгін  де  олар  қоғамда  болып  жатқан 

ақпараттарды  жеткізуші  ғана  емес,  мәселені  ше-

шуге  араласушы  және  қоғамдық  дебаттар  мен 

азаматтарды  осындай  шаралараға  араластырушы 

қызметін  де  атқарады.  Халықаралық  стандартта 

бұқаралық ақпарат құралдары - этикалық кодексті 

өздері  қабылдауы  керек  деп  көрсеткен.  Өзін  өзі 

реттеу-бұл  журналистика  мен  ақпарат  құралының 

негізі. Ақпарат құралындағы өзін өзі реттеу – масс 

медиа  қызметіне  мемлекеттің  араласуын  керексіз 

деп есептейді. Этиканың негізгі қағидаларына сүй-

енсек, журналистке білім мен кәсіби біліктілік және қандай жағдайды көрсетпесін 

ондағы  шынайылық  пен  нақтылықты  қамтамасыз  етуі  қажет.  Митинг,  түрлі  шие-

леністер, балалар тағдыры, миграция, табиғи апаттар мен ВИЧ, СПИД секілді қиын 

тақырыптарды көтергенде журналистке қойылатын талап күйшейе түседі. 

Журналистің этикалық Кодексін 

кім жазуы керек? Әр редакция-

ның өзіндік эткалық кодексі бо-

луы керек пе, әлде жалпыға ор-

тақ әмбебап біреу жете ме?

16



жүктеу 5,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау