Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж)



жүктеу 366,19 Kb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата23.11.2018
өлшемі366,19 Kb.
#23948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өз  қызметінің  жаңа  сатысын  Түркістан  мемлекеттік  университеті 

маңызды  ұйымдастырушылық  мәселелерді  шешуден  бастады.  Ең  алдымен 

профессорлар  мен  оқытушылардың  Москва  және  Ташкент  топтарын  

біріктіру  қажет  болды.  Олардың  арасындағы  іскерлік  байланыс  Түркістанға 

бірінші  университеттік  эшелон  келген  кезде-ақ  орнатылған  болатын.  1920 

жылы  23  сәуірде  өткізілген  Түркістан  мемлекеттік  университетінің 

басқармасы  мен  Москва  тобының  президиумының  біріккен  мәжілісінде 

университеттің 

басшы 

органдарының 



құрамы 

москвалықтармен 

толықтырылды. 

1920  жылы  желтоқсанда  ректордың  сайлауы  өткізілді.  Ректор  болып 

техникалық 

факультеттің 

студенті 

А.Ф.Солькин 

сайланды. 

Ол 


университеттің  басқармасын  жарты  жыл  басқарды.  1921  жылы  мамырда 

университет  ректорлығына  оны  1926  жылдың  қарашасына  дейін  басқарған 

профессор  А.О.Бродский  сайланды.  В.И.Романовский,  Л.В.Ошанин, 

Г.Н.Черданцев,  А.А.Семенов,  Р.Р.Шредер,  Г.Г.Маллицкий,  Н.А.Кайзер, 

М.И.Слоним, Г.М.Сваричевский сияқты орыс мәдениетінің көрнекті өкілдері 

өздерінің  тағдырын  Орта  Азиямен  байланыстырып,  жергілікті  халықты 

ағарту туралы армандады. 

Ал  С.Н.Наумов,  П.А.Баранов,  Е.П.Корвин,  М.М.Якуб,  Д.Н.Кашкаров, 

Н.А.Димо,  М.А.Орлов,  И.А.Райкова,  А.И.Введенский,  А.С.Уклонский, 

К.Г.Хрущов  сияқты  профессорлар  мен  оқытушылар  ірі  ғылыми 

орталықтарды  Орта  Азияда  жоғарғы  оқу  орнын  құру  үшін  қалдырып  кетті 

[37, 85 п]. 

Орынбор майданы жойылып, Орта Азия мен Россия қосылғаннан кейін 

Ташкентке  М.В.Фрунзе  мен  В.В.Куйбышев  бастаған  Түркістан  істері 

жөніндегі  комиссия  келді.  Комиссия  университет  жұмысына  көп  назар 

аударды. Оның басшылығы Түркістан мемлекеттік университетінің жұмысын 

тез  арада  жолға  қоюға,  Ташкентке  маңызды  техникалық  және  шаруашылық 

мәселелерін шешу үшін мамандардың келуіне үлес қосты, оқу ғимараттарын 

таңдауға  көмек  көрсетті,  жергілікті  тілді  білетін  мамандарды  дайындау 

мәселесін  күн  тәртібіне  қойды.  М.В.Фрунзе  ауыл  шаруашылық  және 

техникалық  факультеттерге  көп  көңіл  бөлді,  өйткені  олар  Орта  Азияның 

табиғи ресурстарын игеруде маңызды орын алуы тиіс болатын. 

Дегенмен, 

Университетті 

ұйымдастыру 

тарихы 


Түркістан 

комиссиясының  және  РКП(б)  Түркістан  Бюросының  мүшелері  М.В.Фрунзе, 

В.И.Куйбышев,  П.А.Кобозев  есімдерімен  тығыз  байланысты.  Университет 

құрылымы  мен  оның  жұмыс  жоспарын  әзірлеуге  олар  өздері  қатынасты. 

М.В.Фрунзе мен В.И.Куйбышевтың бастамасымен университетке қаланың ең 

жақсы  ғимараттары  берілсе,  профессорлар  мен  оқытушылар  пәтерлерге 

орналастырылды. 

Жоғарғы мектеп, оның ішінде Түркістан университетінің даму мәселесін 

талдай  отырып,  М.В.Фрунзе  университеттің  барлық  қызметі  тікелей  нақты 

міндеттерді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін көрсетті. 

Осыған  байланысты  М.В.Фрунзе  университет  құрамынан  осы 

мамандықтар бойынша жеке өз алдына жоғарғы оқу орындары ашылғанша 




ауыл  шаруашылық  және  ирригациялық  факультеттердің  жұмыс  істеуі 

қажеттілігін бірнеше рет дәлелдеді [39, с. 8]. 

Сонымен қатар, ол ғылымның тәжірибемен тығыз байланысының үлкен 

маңызын атап көрсетті. Ол әскери ғылымның жан-жақты дамуын талап етті. 

Яғни,  1919  жылдың  қыркүйегінен  бастап,  Түркістан  университетінің 

москвалық  тобы  Ресей  Революциялық  әскери  кеңесінің    тапсырмасына 

сәйкес,  әскери  факультетті  құру  дайындығын  бастады.  М.В.Фрунзенің 

бастамасы  бойынша,  1920  жылы  Түркістан  мемлекеттік  университетінде 

әскери факультет ұйымдастырыла бастады. 

Факультеттің құрылуына М.В.Фрунзе бастаған Түркістан майданының 

басшылығы  үлкен  қызығушылық  туғызды.  Әскери  кеңестен  Москва 

басқармасына  ұйымдастыру  жұмыстарының  барысы  туралы  тапсырмалар 

мен  сұраныстар  түсе  бастады.  М.В.Фрунзенің бастамасымен  Москвамен  бір 

мезгілде  әскери  факультетті  құру  жұмыстары  Ташкентте  де  басталды. 

Түркістанның  астанасында  алдын  ала  студенттер  контингенті  орта  әскери 

білімі мен әскери қызмет тәжірибесі бар адамдардан жинақталатын 150 адам 

болады  деп  есептелді.  Әскери  факультетті  бағдарламалармен,  құрал- 

жабдықтармен, әдебиеттермен және оқытушы кадрлармен қамтамасыз ету  – 

Москва  тобына  жүктелді.  Бұл  міндет  Бас  штабтың  Академиясымен  бірлесе 

отырып  шешілді.  Мұнда  әскери  факультеттің  жобасы  әзірленді,  оған 

стратегия, тактика, артиллерия, бас штаб қызметі, геодезия және топография, 

Орта  Азияның  әскери  философиясы,  әскери  тарихы,  әскери  географиясы 

кафедралары  енгізілді.  Олардың  барлығы  дерлік  білікті  оқытушылармен 

қамтамасыз  етілді.  Әскери  факультетті    ұйымдастырумен    байланысты 

барлық  жұмыстарға  Бас  штаб  Академиясының  бастығы,  ірі  әскери  маман, 

Царицын 


қорғанысының 

көрнекті 

ұйымдастырушысы, 

талантты 

шығыстанушы А.Е.Снесарев белсене араласты. 

М.В.Фрунзе  1921  жылы  былай  деп  жазды:  «...  Болашақтағы 

соқтығыстардың бәрін командирлер емес, таза ғылымның адамдары шешеді. 

Әскери техника саласындағы кез келген ірі өнертапқыштық немесе жаңалық 

екі жақ үшін тез арада үлкен артықшылық туғызатыны сөзсіз. Қазір бізде бұл 

жағынан  үлкен  бос  кеңістік...  Осыған  байланысты,  ең  алдымен,  біздің  оқу- 

техникалық  әлемімізді  қызықтар  мен  сұрақтар  шеңберіне  тартатын 

ұйымдастыру  нысандарын  табуымыз  керек.  Мұндай  құралдың  бірі  әскери 

факультеттер  болуы  мүмкін.  Мұндай  ұйым  тек  Ташкент  университетінде 

ғана  бар,  онда  ол  1920  жылы-ақ  құрылған.  Осы  жұмыстың  тәжірибесін 

ескеріп,  оны  одан  да  кең  түрде  қолданып,  әскери  іс  пен  ғылымды  тығыз 

байланыстыру мақсатында пайдалану керек» [39, с. 9]. 

Түркістан  университетінде  ұйымдастырылған  әскери  факультеттің 

тәжірибесі ескерілді: соның үлгісінде, М.В.Фрунзенің бастамасымен Москва 

және  Ленинград  институттары  жанынан  әскери  факультеттер  құрылды. 

Соңынан олар РККА арнайы әскери (техникалық) академиясына біріктірілді. 

Бұл  академияға  Түркістан  университеті  әскери  факультетінің  бір  бөлігі 

қосылды. 




1920  жылы  Түркістан  мемлекеттік  университетінің  құрамына 

медициналық, 

физика-математикалық, 

әлеуметтік-экономикалық, 

техникалық,  тарихи-филологиялық  және  жұмысшылар  дайындайтын 

факультеттер  кірді.  Осы  жылдың  күзіне  қарай  физика-математикалық 

факультетінен  ауыл  шаруашылық  факультеті  өз  алдына  бөлініп,  басқа 

факультеттермен  тең  дәрежеде  отау  тігеді.  Кейін  бұл  факультет  Орталық 

Азия республикаларының ауыл шаруашылығы үшін жоғары білікті мамандар 

дайындауда  өз  үлесін  қосып,  университеттің  алдыңғы  қатарлы  оқу  орнына 

айналуға мол септігін тигізеді. 

Дегенмен,  1921  жылдың  басына  қарай  университет  елдегі  ең  ірі  оқу 

орындарының  біріне  айналды.  Осы  жылы  университеттің  алғашқы 

бітірушілері 12 маман-дәрігерді шығарды, 1922 жылы – 17 дәрігерді, ал 1923 

жылы  24  агрономды  шығарды.  Алғашқы  бітірушілер  қатарында  кейіннен 

елге  танымал  болған  ғылым  қайраткерлері  болды:  А.А.Аскаров,  

Н.И.Смаилов  және  СССР  медицина  ғылымдары  Академиясының  мүше- 

корреспонденті  З.И.Умидова  –  жергілікті  ұлттан  шыққан  алғашқы  дәрігер 

әйел еді [40, с.3]. 

1920  жылы  7  қыркүйекте  Ленин  бастаған  Кеңес  үкіметінің  декреті 

жарық көріп, Түркістан Мемлекеттік университетін заңдастырып, оны Ресей 

Федерациясындағы Халық комиссариатының қарамағына береді [41, с.352]. 

Бұл  декрет  және  жоғары  оқу  орнының  мәртебесі,  әсіресе  Ресей 

Федерациясындағы  Халық  комиссариатының  қарамағына  беріледі  деген 

декреттің  екінші  тармағы  жергілікті  ұлттық  басшылардың  наразылығын 

туғызды. Бұл мәселе 1920 жылы 25 қыркүйекте Түркістан республикасының 

Халық  Ағарту  комиссариатының  коллегиялық  жиналысында  қаралды. 

Жиналысты Халық Ағарту комиссары Нәзір Төреқұлов жүргізіп, 

«Орталықтың  декреті  Түркістан  Республикасы  Конституция  қағидаларына 

қарама-қарсы  келеді...Сондықтан  Түркістан  Орталық  Атқару  комитеті 

жоғарыда  аталған  декреттің  күшін  жою  туралы  шешім  шығаруды  өтінеді» 

деп  қаулы  қабылдайды.  Сонымен  қатар,  Түркістан  басшылары  Кеңес 

үкіметіне  университет  «тек  мәдени-ағарту  мекемесі  және  партиядан  тыс, 

сондықтан  оны  үгіт-насихат  орны  ретінде  пайдаланыла  алмайды»  және 

жоғары оқу орнына автономиялық басқару беру туралы талаптар қояды [42, 

1-2 пп]. 

Қазақ  ұлт  зиялыларының  мәдени  саладағы  қарымды  қызметіне  кедергі 

болған  осы  партиялық  таптық  идеология  болды.  Партия  өзінің  мәдениет 

саласындағы  саясатын  атқарушы  биліктің  органдары  болып  табылатын  – 

Кеңестер  арқылы  да  жүргізіп  отырған.  Мәселен,  жаңа  мәдениетті  жасау, 

дамыту  мәселері  Кеңестердің  съездерінде  жиі  талқыланып,  жергілікті 

атқарушы органдарға орындалуға ұсынылатын болған. Осындай мәдениетке 

партиялық  басшылықтың  жүйесі  бұрынғы  шет  аймақтарда  да  оның  ішінде 

Қазақстанда  да  орнай  бастады.  Байқап  отырғанымыздай,  мәдениетке 

партиялық  басшылық  мемлекеттік  органдармен  де,  атқарушы  Кеңес 

органдарымен  де  тығыз  шендесіп,  ара-жігін  ажырата  алмайтын  ерекше 

құбылысқа (феноменге) айналды. Сөз етіп отырған, мәдениетке партиялық 



басшылықтың  белгілі  бір  принциптері  мен  әдістері  де,  сол  20-жылдары 

қалыптаса бастаған болатын. Мәдениетке партиялық басшылықты белгілі бір 

жүйе  ретінде  қарастыратын  болсақ,  онда  осыған  кіретін,  бір-бірімен  тығыз 

байланыста  болған  оның  әр  түрлі  бағыттары:  әлеуметтік,  қоғамдық-саяси, 

заңдылық-құқықтық,  ұйымдық-басқару  сияқты  сипатта  болды.  Бұлардың 

барлығында  да  партияның  басшылығы  шешуші  фактор  болып  отырған.  Ал 

енді, осы жүйенің өзі өмір сүруі үшін белгілі бір принциптерге сүйенуге тиіс 

болды.  Оның  ішіндегі  мәдениет  мәселелерін  шешудегі  ең  бастысы- 

партиялық,  таптық  принциптер  болды.  Партияның  мәдениетке  басшылық 

жасаудағы 

тағы 

бір 


ойлап 

тапқан, 


«демократияға» 

негізделген 

принциптерінің  бірі  –  кәсіподақ,  комсомол,  кооперативтік  сияқты  қоғамдық 

ұйымдарды  кірістіру  болды.  Осы  ұйымдар  арқылы,  партияның  мақсаты 

мәдени  революцияға  көпшілікті  тарту  болатын.  Кеңес  үкіметінің  20 

жылдарында  бұл  ұйымдар  белгілі  дәрежеде  дербестік  жағдайында  болса, 

кейінірек олар тек партияның шылауында қалған ұйымдарға айналды. 

Халық  ағарту  комиссариатының  барлық  қызметі,  сонымен  бірге  бас 

басқармалар  мен  басқармалардың  коллегиялық  қызметі  де  РКП(б)  Орталық 

Комитетінің  үгіт-насихат  бөлігінің  (Агит-проп)  тікелей  бақылауымен 

жүргізілді. Ал оның меңгерушісі комиссират коллегиясының мүшесі болды. 

Партияның  жаңа  қоғамының  адамдарын  тәрбиелеудегі  ықпалы  бәрінен 

жоғары  деп  баспасөзге,  әдебиет  пен  өнерге  ерекше  көңіл  бөлгені  белгелі. 

Сондықтан,  оларды  өз  ықпалында  ұстап,  істеріне  араласып,  бағыт-бағдар 

беріп отыру партия қызметінің басты мақсатына айналды. 

1923  жылғы  19  шілдеде  университеттің  атауы  Орта  Азия  мемлекеттік 

университеті  болып  өзгертілді.  1924  жылы  Шығыс  институты  Орта  Азия 

мемлекеттік  универитетінің  қарамағына  факультет  ретінде  беріледі.  Осы 

кезең  партия  ұйымдары  тарапынан  «буржуазиялық  экономизмге»  қарсы 

күрес  науқаны  басталады.  Бұл  іс-шараға  университет  коммунистері  де 

белсенді  түрде  араласып,  нәтижесінде  көзқарастары  кеңестік  өкіметтің 

мүддесіне  сәйкес  келмейтін  «реакциялық,  ескіше»  профессорлар  қудалауға 

ұшырады.  1929  жылы  жаңадан  маркстік  мамандарды  даярлау  мақсатында 

тарихи  материализм  кафедрасы  құрылады.  Онда  әлеуметтік-саяси  пәннен 

дәріс  оқыту  үшін  университетке  арнайы  түрде  Орталықтан  қызыл 

профессорлар  Институтын  бітірген  орыс  оқытушылары  шақыртылады  [6,  с. 

23]. 

20  жылдардың  аяғында  университет  түпкілікті  өзгерістерге  ұшырайды. 



Оның  факультеттерін  тексеру  мақсатында  арнайы  комиссия  құрылып, 

университетің  болашақтағы  тағдырын  шешіп  береді.  Әсіресе,  Шығыс 

факультеті  жан-жақты  тексеруге  алынады.  Комиссияның  жасаған 

қорытындысында  былай  делінеді:  «Шығыс  институтының  оқу  жоспарлары 

өмірден  алыс  және  студенттердің  назарын  көбінесе  шығыс  тілдері  мен 

Шығыстың  әр  түрлі  «тарихына»  аудару  үшін  құрылған,...  Орта  Азияның 

жаулағанға  дейінгі  кезеңге  үлкен  мән  беріліп,  революция  тарихы  нашар 

көрініс  тапқан»  [6,  с.  23].  Өйткені,  бұл  факультетте  негізінен 

шығыстанушылықты игеретін пәндер оқытылатын: Түркістан және онымен 



шектесетін  елдердің  экономикалық  географиясы,  Қазақ  халқының  тарихы, 

Қазақ  тілі,  Қазақ  халық  ауыз  әдебиеті  ескерткіштерін  оқу,  Орхон 

жазуларының  тілі,  Ағылшын  тілі,  Өзбек  тілі,  Өзбекше  құжаттарды  оқу, 

Түрікмен тілі, Татар тілі, Ұйғыр тілі, Мұсылмандық Шығыстың тарихы, Араб 

тілі,  Парсы  тілі,  Түркістан  этнографиясы,  Мұсылман  заңдары,  Шығыс 

каллиграфиясы,  Ежелгі  Шығыс  тарихы,  Тіл  біліміне  кіріспе,  Исламтану, 

Саяси  экономика  және  тағы басқалары.  Осындай  «қатаң» тексерістен  кейін, 

1929  жылы  шығыс  факультеті  жабылып,  оның  орнына  педагогикалық 

факультет  құрылады.  Сонымен  қатар,  20  жылдардың  аяғында  жаппай 

репрессиялық  шаралар  университетте  өтіп,  соның  ішінде  шығыс 

факультетінің  М.Әуезов,  Қ.Кемеңгеров,  И.Қашқынбаев,  М.Тынышбаев, 

Х.Досмұхамедов және тағы басқа 20 шақты аспиранттар мен оқытушылары 

«ұлтшыл»  деген  айыппен  тұтқындалады  [43,  6-7  бб].  Сонымен  қатар, 

А.Э.Шмидт,  П.Е.Кузнецов,  А.А.Семенов  және  тағы  басқа  шығыстанушылар 

контрреволюционерлер ретінде жазаланады [44, 96 п]. Кеңес большевиктері 

тарапынан жүргізілген жазалау шаралары шығыстану саласы және жергілікті 

ұлттардың ана тілі мен әдебиетінің дамуына тосқауыл болып, үлкен кедергі 

келтірді.  Өйткені,  ана  тілі  және  әдебиеттен  сабақ  беретін  оқытушыларды 

дайындау  міндетін  шығыстану  факультеті  атқаруға  тиіс  еді.  Дегенмен, 

осыған  қарамастан  университеттің  алдында  тікелей  міндет  –  барлық  Орта 

Азия  республикалары  және  Қазақстан  үшін  жоғары  білікті  кадрларды 

дайындау міндеті тұрды. 

Бұған  1924/25  оқу  жылында  университетте  Қазақстаннан  927  студент, 

оның  ішінде  288  қазақ,  Қырғызстаннан  378,  Түркмениядан  97  студент 

оқығандығы куә бола алады [39, с. 9]. 

Осылайша  Орта  Азия  мемлекеттік  университеті  шын  мәнінде 

республикааралық жоғарғы оқу орнына айналды. 

 

Бауыржан  ЕҢСЕПОВ,  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  С. 



Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің  аға 

оқытушысы 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. Назарбаева Г. Әбжанов Х. Қазақстан:  тарих  тұлға  теория.  –Алматы: 

Дәуір, 2004. -344 б. 

2. Умаров С.М. ХХV лет САГУ. –Ташкент: изд. САГУ, 1945. -256 с. 

3. Дадабаев К.Д. Успехи развития высшего образования в Узбекстане. // 

Научные труды ТашГУ. Ташкент, 1963. Вып.324. с.15-32. 

4. Лунин  В.В.  Из истории  первого  высшего  востоковеденого  учебного 

заведения в Средней Азии. Москва: Восточной литературы, 1963. -302 с. 

5. ӨР ОММ. 595-қ., 1-т., 5-іс. 

6. Шамсиева И.М. Роль Ташкентского государственного униерситета в 

истории высшего образования Средней Азии (1920-1960 гг.). Автореф. дисс. 

на соиск. учен. степ. канд. ист. наук. -Ташкент. 1999. -27 с. 




7. ӨР ОММ. 1-қ., 13-т., 1170-іс. 

8. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 10-іс. 

9. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 1-іс. 

10.  Байтурсунов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей, 

1919. № 29. 2 августа. 

11. Ленин В.И. Полное собрание сочинений. Т.34. -810 с. 

12. Маркс К. Энгельс Ф. Сочинения, Т. 22. -700 с. 

13. История Узбекской ССР. Т.2. -Ташкент: АН УзССР, 1957. -705 с. 

14. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 5-іс. 

15. Зорин С.М. Народный университет // Наша газета, 1918. №59. с.5-6. 

16. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 8-іс. 

17.  Рашидов  Г.Р.  История  Социалистического  Ташкента.  Т.1.  – 

Ташкент: Наука, 1965. -520 с. 

18. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 110-іс. 

19.  Дворкина Е.А. Основание университет в Туркестане. –Ташкент: 

САГУ, 1957. -236 с. 

20.  Победа  Великой  Октябрской  социалистич.еской  революции  в 

Туркестане (Сборник документов), - Ташкент: Госиздат УзССР, 1947.420 с. 

21. ӨР ОММ. 374-қ., 1-т., 5-іс. 

22. Попов А. Свет на Востоке // Наша газета, 1918. № 40. С.3-10. 

23.  Жизнь  и  деятельность  представителей  казахской  национальной 

интелегенции в Туркестане / Сборник документов и материалов. – Шымкент: 

Южной-Казахстанский  госуниверситет  им.  М.Ауезова,  2004.  Ч.2.  –  276  с. 

Мамандықтар бойынша әртүрлі техникалық курстар 

24. Народный университет, 1918. №1. с.3-4. 

25. Народный университет, 1918. №2. с.3-5. 

26. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 15-іс. 

27. Туркестанский университет // Наука и просвещение, 1920. №2. с. 

85-95. 

28. ӨР ОММ. 368-қ., 1-т., 34-іс. 



29. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 15-іс. 

30. История Коммунистических организаций Средней Азии, -Ташкент: 

Узбекстан, 1967. -550 с. 

31. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 14-іс. 

32.  Зевельев  А.  Владислав  Дамианович  Фигельский.  -Ташкент: 

Госиздат Уз ССР, 1962. -280 с. 

33. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 10-іс. 

34. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 2-іс. 

35. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 187-іс. 

36. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 123-іс. 

37. ӨР ОММ. 34-қ., 1-т., 217-іс. 

38. Развитие социалистической культуры в союзных республиках. (Сб. 

статей). -Москва: АН СССР, 1962. -420 с. 

39.  ХХ лет Среднеазиатского государственного университета (1920 - 

1940), Ташкент: Гостехиздат УзССР, 1940. -355 с. 



40. Димо Н.А. Институт почвоведения и геоботаники САГУ, Ташкент, 

1927. -160 с. 

41. Хрестоматия по новейшей истории Казахстана (1917-1939 гг.). Т.1. 

(Под ред. К.С.Каражанова) –Алматы: Санат, 2002. -408 с. 

42. ӨР ОММ. 1630-қ., 1-т., 5-іс. 

43. Досжанов Д. Абақты. –Алматы: Қазақстан, 1992. -228 б. 

44. ӨР ОММ. 368-қ., 4-т., 5-іс. 

 

РЕЗЮМЕ 

В  статии  рассматривается  роль  и  место  Среднеазиатского 

государственного  университета  в  общественной  и  культурной  жизни 

Республики  Казахстан.  В  данной  работе  изучается  история  формирования 

Туркестанского,  позднее  Среднеазиатского  государственного  университета, 

созданного  в  20  –  30  годы  ХХ  века  в  городе  Ташкенте.  Исследуется 

деятельность представителей первого поколения казахской интеллигенции в 

данном  университете  и  вклад  университета  в  развитие  народного    и 

сельского хозяйства Республики Казахстан. 



RESUME 

The role and place of Middle Asian State university in social-cultural life of 

the  Republic  of  Kazakhstan  are  worked  out  in  dissertation.  The  history  of 

formation  of  Turkestan,  later  Middle  Asian  State  University,  which  was  based  in 

20-30  of  XX  century  in  Tashkent  city  is  learned  in  this  work.  The  activity  of 

representatives of the first generation of Kazakh intelligentsia in this university and 

the  contribution  of  university  in  development  of  social-  economical  life  of  the 

Republic of Kazakhstan are researched in it. 



жүктеу 366,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау