Бақылау сұрақтары:
Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық мүмкіндіктері қандай?
Мультимедиалық презентацияның классафикациясы.
Мультимедиалық презентацияның неше типі бар?
Статикалық мультимедиалық презентация дегеніміз не?
Дәріс 9
Тақырыбы: Power Point программасында презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қою
Мақсаты: Презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қоюды
үйрену
Қысқаша конспект
Power Point-тың (анимацияланған суреттер мен видеоклиптерді) презентация слайдына видеоклиптерді қою мүмкіндігін жүзеге асыруға болады (GIF форматында).
Слайд видеоклипіне flash – фильмдерді қоюға болады. Flash-фильмді видеоклиппен салыстырғанда видеоклип файлының өлшемі flash-фильмге қарағанда он есе аз.
Видеоклипті қою. Power Point-та слайдқа видеоклипті қоюдың бірнеше нұсқасы қарастырылған:
Microsoft мультимедиа коллекциясынан видеоклипті қою.
Видеоклипті файлдан қою.
Видеоклипті көшіру арқылы қою (яғни алмасу буферін пайдалану).
OLE объектісі сияқты видеоклипті қоюдың үш нұсқасы (байланыстыру және енгізу объектісі).
VBA басқару элементін қолдану арқылы видеоклипті қою.
Видеоклипті Microsoft мультимедиа коллекциясынан қою.
Видеоклипті Microsoft мультимедиа коллекциясынан қою үшін:
Вставка – Фильм и звук – Фильм из коллекции картинок командаларын таңдау. Вставка картинки диалогтік терезесі ашылады.
Изменить батырмасын шерту. Диалогтік терезе ашылады.
Искать текст енгізудің мәтіндік терезесіне видеоклип атауын енгізу. Мысалы, «Тигр». Егер видеоклип атауы белгісіз болса, онда мәтіндік терезені бос қалдыруға болады.
Файлды іздейтін тізімнен Просмотривать коллекцию таңдау.
Искат объекты тізіміне қажетті видеоклипті іздейтін видеоклип типіне жалаушаны орнату. Файл фильма жалаушасы орнатылған (MPEG) (*.m1v ; *.mp2; *.mp2v; *.mpa; *.mpe; *.mpeg; *.mpg; *.mpv2). Барлық типтегі видеоклиптер ішінен видеоклипті іздеу үшін Фильмы жалаушасын орнату қажет.
Найти батырмаға шерт. Файл табылғаннан кейін диалогтік терезе ашылады.
7. Фильм менюін ашып, Вставить пунктін таңдау. Слайдта видеоклиптің бірінші кадрының бейнесі шығады.
8. Power Point сұрағымен диалогтік терезе ашылады. Автоматически воспроизводить фильм при показе слайдов? Егер жоқ болса, қосу үшін Да немесе Нет батырмаларын ьасу керек. Басқаннан кейін слайдта видеоклиптің бірінші кадры шығады.
Видеоклипті файлдан қою. Видеоклипті файлдан қою нұсқасын пайдалансақ келесі әрекеттерді орындау керек:
Презентация жазылған папкаға видеоклип файлын жаз.
Презентацияны ашыңыз.
Видеоклип қоятын слайдқа көшіңіз.
Вставка – Фильм и звук – Фильм из файла командаларын таңдау. Вставка фильма диалогтік терезесі ашылады.
Қажетті видеоклип файлын таңда. ОК батырмасын шертіңіз.
Power Point сұрағымен диалогтік терезе ашылады. Автоматически воспроизводить фильм при показе слайдов? Егер жоқ болса, қосу үшін Да немесе Нет батырмаларын ьасу керек. Басқаннан кейін слайдта видеоклиптің бірінші кадры шығады.
Видеоклипті көрсету режимін баптау. Жоғарыда сипатталған видеоклипті қою нұсқасын қолдануда оның параметрлерін қосымша баптауды қажет етпейді.
Көрсетудің басталуын өзгерту үшін:
Қойылған видеоклиптің бірінші кадрын белгілеу.
Показ слайдов – Настройка анимации командаларын таңдау. Настройка анимации диалогтік терезесі ашылады.
Настройка менюін ашып, көрсетудің басталуына сәйкес режимді таңда (Запускать щелчком, Запускать вместе с предыдущим или Запускать после предыдущего). Дыбыстық файлда қойылған басқа параметрлерді баптау аналогтік баптауда жүргізіледі.
Видеоклипті көшіру арқылы қою. Видеоклипті көшіру арқылы қою үшін:
Видеоклип файлын көшіретін слайдқа өту.
Тышқанның оң жақ батырмасын Пуск – Проводник командаларын таңдап, видеоклип файлы жазылған папканы ашу.
Көшіретін видеоклип файлының атына тышқанның оң жағын бас және ашылған жанама менюден Копировать командасын таңда.
Проводникті жап.
Слайдта тышқанның оң жағын бас және ашылған жанама менюден Вставить командасын таңда. Нәтижесінде слайдқа қалып-күй жолында орналасқан файл атымен және видеоклиптің бірінші кадры ойнатылған терезе орналасады.
Видеоклипті жүктеу презентацияны демонстрациялау режимінде ойнату терезесіне тышқанды басу арқылы жүргізіледі. Видеоклипті жүктегеннен кейін ойнатқыштың қалып-күй жолына Остановить, Пауза батырмаларымен және шығару процесін көрсететін индикатор сызғышының басқару панелі шығады. Остановить батырмасына шерткеннен кейін видеоклипті демонстрациялау тоқтайды және демонстрацияны орнына келтіру үшін тышқанды ойнатқыш терезесіне басу. Пауза батырмасына шерткеннен кейін видеоклипті демонстрациялау тоқтатылады, ал Пауза батырмасы Возобновить батырмасына айналады. Возобновить батырмасына немесе ойнатқыш терезесіне басқаннан кейін видеоклипті демонстрациялау тоқтату орнына қайта келеді. Егер видеоклипті артқа айналдыру немесе алдыға тез айналдыру қажет болса, онда тышқанды индикатордың жылжытқышына қойып оны индикатор сызғышында артқа, алдыға орналастыру.
OLE объектісі сияқты видеобейнені қою. OLE технологиясымен видеобейнені қою үшін:
Презентация жазылған папкаға видеоклип файлын жазыңыз.
Презентацияны ашыңыз.
Видеоклипті қоятын слайдқа өтіңіз.
Вставка - Объекта командасын таңдаңыз. Вставка объекта диалогтік терезесі ашылады Тип объекта тізімінің элементтерінің бірін таңда – Windows Media Player, Видео – клип немесе Клип мультимедиа (нәтиже бірдей болады).
Создать из файла қосып - өшіру батырмаларын белсенді ету.
Обзор батырмасына шерт. Обзор диалогтік терезесі ашылады.
Видеоклип файлы тұрған папканы ашып белгіле.\
ОК батырмаға шерт. Вставка объекта диалогтік терезесі қайта шығады.
Осы терезенің ОК батырмасына шерт. Слайдқа қалып-күй жолында орналасқан файл атымен видеоклиптің бірінші кадрын ойнату терезесі қойылады.
VBA басқару элементін пайдаланып бейнеклипті қою. Нұсқаның жүзеге асуы үшін келесі әрекеттерді орында:
Презентация жазылған папкаға видеоклип файлын жазыңыз.
Презентацияны ашыңыз.
Видеоклип қоятын слайдқа өтіңіз.
Вид – Панели инструментов – Элементы управления командасын таңдау. Элементы управления инструменттер панелі ашылады.
Другие элементы батырмаларын шерт. Басқа элементтер тізімі ашылады (42-сурет).
Тізімнен Windows Media Player элементін таңдау. Тышқан курсоры + формасына ауысады. Слайдқа тышқанның сол жағын шерт, онда ойнатқыш терезесі пайда болады.
42-сурет. Басқа элементтер тізімінен Windows Media Player элементі
Ойнатқыш терезесіне тышқанның оң жақ батырмасын шерт және ашылған жанама менюден Свойства пунктін таңда. Properties қасиеттер панелінен Windows Media Player элементі ашылады.
Ойнатқыштың қасиеттер тізімі бар Alphabetic қосқышының жарлығына шерту. Қасиеттердің бірі Alphabetic қосқышында, ал енді бір бөлігі – Свойства проигырвателя Windows Media диалогтік терезесінің қосқышында бапталады. Бұл терезені шақыру үшін (Custom) қасиеттер жолына шерт, ал сонан кейін оң бөлігіне шыққан батырмаға шерт (батырмада стрелка орналасқан). Свойства проигрывателя Windows Media диалогтік терезесінде Общие және Дополнительно қосқыштары бар. 13-кестеде
Alphabetic және Свойства проигрывателя Windows Media диалогтік терезесінің қосқыштары қолданылған қасиеттерді баптау мысалы көрсетілген. Flash – фильмді қою. Презентацияға Flash – фильмді қою үшін, ол Power Point жұмыс істейтін бір форматта көрсетілуі керек.
Қою нұсқасы көрсету форматымен анықталады:
Windows Projector (EXE форматы) форматында көрсетілген flash – фильмді қою.
Quick Time (MOV форматы) форматында көрсетілген flash-фильмді қою.
HTML (HTML форматы) форматында көрсетілген flash – фильмді қою.
VBA басқару элементін пайдаланып SWF форматынан flash-фильмді қою.
Осы нұсқаларды жүзеге асыру алгоритмін қарастырайық.
Windows Projector (EXE форматы) форматында жарық көрген flash – фильмді қою
Windows Projector (EXE форматы) форматындажарық көрген flash – фильмді қою үшін:
Презентация жазылған папкаға flash – фильм файлын жазыңыз.
Презентацияны ашыңыз.
flash – фильмді қоятын слайдқа барыңыз.
Тышқанды шерткенде «Просмотреть фильм жазуымен»жүктелетін меню элементін слайдқа «Просмотреть фильм жазуымен» орналастырыңыз (Автофигуры – Прямоугольник).
Веб – бетке, файлға батырмаларына шерт және ЕХЕ форматындағы flash – фильмінің файлы жазылған папканы ашыңыз (мысалы, файл whirlwind 16.exe).
ОК батырмаға шертіңіз.
Презентацияны сақтаңыз.
HTML және Quick Time форматында жарық көрген flash – фильмді қою
Осы нұсқаны пайдалану жоғарыда сипатталған қою алгоритмімен 6 пункттен басқасы бірдей. Flash – фильмді қоюда Quick Time форматында жарияланған, мысалы, файл whirlwind 16. mov таңдалады, ал HTML форматында жарияланған flash – фильмді қоюда , мысалы, whirlwind 16.html таңдалады.
Windows Projector, Quick Time және Html форматындағы flash-фильмдерді көрсету режимін баптау
Windows Projector, Quick Time және Html форматындағы flash-фильмдерді көрсету режимін баптауды жүктеу үшін слайдта орналасқан меню элементіне шерту қажет, сонан соң сәйкес терезеде flash-фильм қосылады. Flash-фильмді демонстрациялауды аяқтау үшін терезені жабу керек.
Flash-фильмді демонстрациялау режимін тақырып жолындағы терзе менюінің командаларын өзгертуге болады (Свернуть, Развернуть, Восстановить, Закрыть). Терезенің өлшемін өзгертіп, оны экранда алмастыруға болады.
Windows Projector форматындағы flash-фильмді демонстрациялауда ашылған Flash терезесінің менюінде тышқанның оң жағын басу арқылы ашылған жанама менюі бар. Жанама меню терезе менюінің жарты командаларының дубликациясын жасайды.
VBA басқару элементін пайдаланып SWF форматынан flash-фильмді қою
VBA басқару элементін пайдаланып SWF форматынан flash-фильмді қою үшін:
Презентация жазылған папкаға flash – фильм файлын жазыңыз.
Презентацияны ашыңыз.
flash – фильмді қоятын слайдқа барыңыз.
Вид – Панели инструментов – Элементы управления командаларын таңдау. Элементы управления терезесі ашылады.
Другие элементы батырмасына шерт. Басқа элементтер тізімі ашылады (43-сурет).
Тізімнен Shockwove Flash Object элементін таңда. Тышқанның курсоры «-» формаға ауысады. Слайдқа тышқанның сол жағын шерт, онда тікбұрыш диагоналімен шығады
43 - сурет. Басқа элементтер тізімі
Тікбұрышта тышқанның оң жағын шерт, ашылған менюден Свойства пунктін таңда. Shockwove Flash элементі Properties қасиеттер панелі ашылады (44-сурет).
Ойнатқыш қасиеттер тізіміндегі Alphabetic қосқыш жарлығына шерту. Жарты қасиеттер Property Pages қосқышында, ал тағы бір жартысы Property Pages диалогтік терезесінде бапталады (44-сурет). Осы терезені қосу үшін терезенің (Custom) қасиеттер жолына шертіңіз, ал сонан соң осы жолдың шыққан оң жақ бөлігіндегі батырмаға шерт. 14-кестеде Property Pages диалогтік терезесімен Alphabetic қосқышын пайдалану қасиеттерін баптау мысалдары көрсетілген. Кейбір қасиеттерді Alphabetic қосқышына сияқты Property Pages диалогтік терезесіне де орнатуға болады. (14-кестеде осы қасиеттер «+» белгісімен, символ «V» орнатылған жалаушаны көрсетеді). Қасиеттерді баптау процесі келесі қадамдарды қосады:
44-сурет. Properties
Alphabetic қосқышына керекті қасиеттер мәнін орнатыңыз;
Property Pages диалогтік терезесін ашыңыз;
Қажетті қасиеттер мәнін орнатыңыз;
Применить батырмасына басыңыз;
ОК батырмаға шертіңіз.
Тікбұрышта тышқанның оң жағын шертіңіз, ашылған жанама менюден Формат объекта пунктін таңдаңыз. Формат элемента диалогтік терезесі ашылады.
Сохранить пропорции жалаушасын орнатып, ОК батырмаға шертіңіз.
Тікбұрыш өлшемін өзгертіңіз. Өлшемі үлкейген кезде flash – фильмнің 1-ші кадры шығады. 1-ші кадрды слайдтың қажетті жеріне орналастырыңыз.
Properties панелін жабыңыз.
Презентацияны сақтаңыз.
Презентацияны жабыңыз.
Flash-фильммен слайдты демонстрациялауда фильмді көрсетуді аяқтау үшін демонстрацияланатын фильм кадрынан тыс жерге тышқанды шерту.
Movie Maker видеоредакторы. Мультимедиалық презентацияда қолданылған презентациялар видеоклиптер жиынынан немесе қайтадан құрудан алынуы мүмкін. Екі жағдайда да оларды редакторлеу қажет болады:
Видеоклиптерді бөлімдерге бөлу;
Видеоклиптен қандай да бір фрагментті жою;
Бірнеше видеоклипті бір видеоклипке біріктіру;
Видеоклипте бар дыбыс жолын жаңа дыбысқа салу;
Бар дыбыстық жолды жаңаға ауыстыру.
Видеоклипті құру және өңдеу үшін MS Windows XP комплексіне кіретін Movie Maker видеоредакторын пайдалану, сондай-ақ ол жоғарыдағы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Microsoft компаниясы Movie Maker видеоредакторының жаңа түрін жоспарлап, оны Service Pack2-ге қосты. Видеоредактордың жаңа түрі алдыңғымен салыстырғанда мүмкіндігі жоғары. Осы статияда Movie Maker видеоредакторының 2.1.4026.0 версиясымен жұмыстың кейбір алгоритмін сипаттаймыз.
Бейнені импорттау (импорт изображении). Movie Maker видеоредакторы видеоклипте аудио және видео жазбаны графикалық файлдан құруға мүмкіндік береді. (Movie Maker - клипы). JPG форматындағы графиктік файлдардан видеоклипті құру алгоритмін қарастырайық.
Movie Maker видеоредакторын қос.
Файл - Импорт в сборники командаларын таңдау. Импорт файла диалогтік терезесі ашылады.
Суреттер файлы жазылған папканы ашып, керекті файлды белгіле және Импорт батырмасына тышқанды шерт. 45-суретте көрсетілгендей суреттер файлы Панель содержимого көшіріледі.
Видео жолында әнұранның бейнесінің кадры шығады. Аналогтық түрде қалған эскиздерді де шкалу времени –ге әкеліңіз. Нәтижесінде үш кадрдан тұратын видеоклип құрылады.
Уақыт шкаласын үлкейту үшін PgUp пернесін бір немесе бірнеше рет бас (уақыт шкаласын кішірейту үшін PgDn басу).
Егер Видео жолында кадрлердің орнын ауыстыру керек болса, оны белгілеп Del пернесін басу.
Видеоклиптің 1-кадрына басып, Воспроизведение – Воспроизвести клип командаларын таңдау арқылы монитордан видеоклипті көру.
Видеоклипті сақтау үшін Файл – Сохранить проект командаларын орындау.
Титульдық кадрды көру. Видеоклипті көруді бастайтын титульдық кадрды құру алгоритмі:
Сервис – Названия и титры командасын таңдау. Где добавить название? ашылған менюде атын енгізу текстік терезесі және бірнеше меню пункті бар Добавить название в начале фильма пунктіне шерту.
Текст атын енгіз, мысалы, Қазақстан Республикасының әнұраны.
Изменить анимацию названия меню пуктіне шерт және Две строки бөлімінен Движущиесся надписи, слоями пунктін таңдау.
Изменить цвет и шрифт текста меню пунктіне шерт және шрифті, шрифт түсін, шрифт өлшемін, шрифтің жарықтығын, кадрдегі горизонталь түрдегі мәтінді өзгерт.
Готово, добавить название в фильм меню пунктіне шерту.
Жобаны сақта.
Фильм соңына титр құру. Фильм соңына титр құру алгоритмін қарастырайық:
Сервис – Названия и титры командасын таңдау. Где добавить название? ашылған менюде атын енгізу текстік терезесі және бірнеше меню пункті бар Добавить название в начале фильма пунктіне шерту.
Мәтінді енгіз. Мысалы, Конец фильма.
алдыңғы бөлімде сипатталған 3-6 пунктткрді орында.
Дыбыстық комментарияны жазу. Дыбыстық комментарияны жазу алгоритмі:
Файл-Сохранить файл фильма командасын таңдау. Мастер сохранения фильмов командасын таңдау. Мастер сохранения фильмов диалогтік терезесі ашылады (Каталог фильма).
Мой компьютер меню пунктін таңда. Сохранение фильма для воспроизведения на компьютере және Далее батырмасын басу. Мастер сохранения фильмов ашылады.
Введите имя файла текстік терезеге фильмді сақтау атын енгіз.
Обзор батырмасына шерт және Фильм файлы жазылатын папканы таңда. Далее батырмасын бас. Мастер сохранения фильмов ашылады (Параметр фильма).
Қажетті параметрлерді орнат. Қарастырылған мысалда Максимальная при размере файла таңдау. Файлдың өлшемі 500 кБайтқа шектелген. Далее батырмасын шерту.
Фильмді сақтауды аяқтағаннан кейін Мастер сохранения фильмов ашылады. Готово батырмасына шерту.
Проектіні сақтау.
Movie Maker программасын жабу.
Гиперсілтеменің статикалық карта-менюі. Статикалы және интерактивті карта-меню кескін көмегімен, әлде слайдта ауысулармен, әлде слайд фонын көрсетуде жүзеге асады. Кескіннің кейбір аймақтарына гиперсілтемлер қойылатын меню элементтері орналасады. Бұл аймақтар активті болады.
Слайдта ауысулар кескінінің карта – менюі. Мысал ретінде, Paint графикалық редакторында сипатталған құралдар презентациясын қарастырайық. Презентация құралдар сипаттамасының слайды мен Paint графикалық редакторының экрандық көшірмесінің терезесі орналасқан слайдтан тұрады. Қарастыратын құралдар батырмасына шерткен кезде, оның сипаттамасымен бірге слайд көрсетілуі керек.
Осы презентацияны құру алгоритмін қарастырайық.
Paint программасын жүкте.
Alt+PrintScreen пернесін басу арқылы Paint терезесінің экрандық көшірмесін ал.
Paint программасын жап.
Photoshop программасын жүкте.
Жаңа файл құрып, алмасу буферінен экран көшірмесін қой.
GIF немесе TIFF форматында Paint терезесінің кескінін сақта.
Photoshop программасын жап.
Power Point программасын аш және жаңа презентация құр.
Слайдқа бір сақталған Paint резесінің кескінін қой.
Кескінді құралдар батырмасының атымен толықтырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |