3.16-сурет. Бұтақтардағы бейнеленетін элементтерді таңдауға арналған диалогтік терезе.
Find сұранысын енгізу өрісі (Табу) табуды талап ететін фильм элементтің атауын енгізуге арналған. Атауды енгізгеннен кейін бұтақтардың визуалды көрсеткішінің ізделінді элементі Movie Explorer терезесінде көрінетіндей өзгереді.
Меню батырмасы шолудың контекстік менюін ашады. (3.17-сурет). Оның көмегімен таңдалған бұтақтар элементтерінің әрекетін көрсетуге болады.
Сондай-ақ менюда бұтақтар құрылымының пішімін басқару командалары бар. Сонымен қатар Symbol Definition тармағының бейнелеуіне тиым салуға болады. Меню контексті-тәуелді болып келеді. Қатынау командаларының тізімі берілген уақыт мезеттіндегі таңдалған элементтің түріне тәуелді.
3.17-сурет. Movie Explorer панелінің контекстік менюі.
Flash MX пакетінің құрамына кіретін қолданушыны қолдау құралы пакетімен жұмыс істеу технологиясын оқуға кеткен уақытты үнемдеуге, жұмыс қолайлылығын жоғарылатуға және қолданушының жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.
1-мақсатқа жетуі үшін бірнеше пішімде жүзеге асатын көмек жүйесінің жетік дамуы қажет.
HTML пішіміндегі интерактивтік анықтама жүйесі
HTML-беттерде жүзеге асырылған интерактивтік оқулық
10-сериялық Flash-фильм ретінде ұсынылған интерактивтік сабақтар
Web арқылы жасалған оперативтік-техникалық қолдау.
Flash-фильмдердің толық функционалды мысалдарын таңдау: оның әрқайсысы Flash мүмкіншіліктерін суреттеумен қоса, жаңа фильмді құрудың түп нұсқасы болып табылады.
Жұмыс қолайлығы мен қолданушының жұмыс өнімділігі қолданбаның қамтамасыз ететін жұмыс ортасының ұйымдасуына байланысты болады. Құрастырушылар қанша ықыластанса да потенциалды қолданушылардың максималды санының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес. Мұнда қолданушылар дайындықтарының деңгейіне және олардың жеке қасиеттерімен бірге нақты фильмнің ерекшелігіне байланысты. Сондықтан Flash-тің құрастырушылары редактордың жұмыс ортасын өзінің ыңғайына баптау мүмкіндіктерін алдын ала ескереді.
Қолданушы интерфейсін баптау.
Қолданушының жұмыс істеу ортасын баптауының кейбір аспектілері алдыңғы бөлімде қарастырған, ал қалғандары туралы әзірше айтылған жоқ. Жиі қолданылатындардың қатарына мыналар жатады:
экранда бейнеленетін құрал-сайман панелінің құрамы мен пішімінің өзгеруі;
үстелде көрсетілген кескінінің қарау масштабының өзгеруі;
пішімдеу сызғышы мен координаттық желіні қосу/өшіру.
Жедел пернелердің таралуын тағайындау
Құрал-сайман панелінің құрамының өзгеруі
1-тарауда айтылғандай Flash MX-тің бір жаңалығы - ол жұмыс істеу ортасының конфигурациясын автоматты түрде таңдап алу еді. Көп жағдайда ол өте пайдалы болып келеді. Негізінен 3 конфигурация қарастырылған: дизайнерлер үшін (Designer), құрастырушы үшін (Developer) және әмбебап конфигурация (General). Егер әр конфигурацияға қысқаша сипаттама алғыңыз келсе, онда негізгі терезедегі Help менюының Welcome (Қош келдіңіз!) командасын таңдап алыңыз. Осы кезде экранда Flash арқылы құрастырылған диалогты терезе пайда болады. Ол нақты конфигурацияға сәйкес келетін 3 тармақты өзіндік менюдан тұрады. Нұсқағышты меню пунктіне (шертусіз) бағыттағанда терезенің түрі өзгереді (3.18-сурет). Меню пунктіне мауспен шерткенде,сіз одан әрі өрбітілген ақпараттарды ала аласыз.
Конфигурацияны баптау режиміне көшу үшін:
Негізгі терезе Window менюында Panel Sets (панельдер жиыны) командасын таңдап алу керек.
Ашылған каскадты менюда қолайлы нұсқаны таңдап алу керек. Әмбебап конфигурацияға Default Layout (Үнсіз келісімдегі конфигурация) пункті сәйкес келеді. Designer и Developer нұсқалары үшін қолданбалы монитордың рұқсатымен ажыратылатын 3 модификация қарастырылады.
Алдын ала анықталған конфигурацияны таңдағаннан кейін, оны артық панельдерді жабу немесе жетіспеген панельдерді шақыру арқылы өзгертуге болады. Қатынау панельдердің толық тізімі негізгі терезесінің Window менюында орналасқан.
Панельдерді өздеріңе лайықты біріктіру арқылы, таңдап алған конфигурацияны келесі жұмыс істеу сеанстарында қолдану үшін дискіде сақтауыңызға болады. Конфигурацияны сақтау үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |