4
Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын
талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі
жӛніндегі бірқатар еңбектерді атап ӛтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін
ақпараттандыру мен информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
саласында бірқатар еңбектер жарық кӛрді. Бұл еңбектерде – білімді
ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды пайдаланудың
педагогикалық мәселелері [Г.К.Нұрғалиева], қашықтан оқыту жағдайында
оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру [Д.М.Джусубалиева],
білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелері [Б.Баймұханов,
С.Е.Шакликова, С.С.Үсенов, Р.А.Ильясова, Г.Б.Ахметова], жалпы білім беретін
орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру [С.Қариев, А.Қ.Қозыбай,
А.И.Тажигулова], білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық
әдістемелік жүйені құрастырудың әдіснамалық және технологиялық мәселелері
[Ш.Х.Құрманалина] жан-жақты қарастырылған. Бұл аталған ғалымдардың
еңбектерінің нәтижелері білім
беру
стандарттары мен оқытудың
бағдарламалық-әдістемелік кешендерін жасауда негізгі қолданысқа ие болды.
Студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік
тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-
мамандарды
дайындау
мәселелері
[Е.Ы.Бидайбеков,
Ш.Шекербекова,
Г.А.Абдулкаримова, Е.А.Вьюшкова, А.Ибашова және т.б.], информатиканы
оқытудың теориясы мен әдістемесінің түрлі аспектілері бойынша
қарастырылды. Атап айтқанда: «Информатика» мамандығының оқушыларын
программалауға іргелі және оза оқытудың әдістемелік жүйесін дамытып,
теориялық негізін жасау [Ж.К.Нұрбекова], логикалық программалауға
оқытудың әдістемесі [Н.А.Талпақов], математикалық модельдеу және есептеу
эксперименті [Л.Б.Рахымжанова], Интернет-технологияларды пайдаланып
оқыту [С.Н.Конева] және т.б. тақырыптар қарастырылған.
Кӛптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп
келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын
пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
А.Ә.Шәріпбаев
компьютерлердің
бағдарламалық
және
ақпараттық
құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың
жаңа
ақпараттық
технологияны
пайдалана
білу
мәселелерін,
М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын
құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына кӛпжақтарға берілген
есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, Л.А.Баймаханова бастауыш мектепте
педагогикалық
құралдарды
пайдалану
әдістемесі,
А.Қ.Бекболғанова
ақпараттық-қатынастық
технологияны
қолдану
негізінде
колледжде
математиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары, І.Ж.Есенғабылов
орта мектептің 5-6 сыныптарында компьютерлік технологияны қолданып
математиканы оқытудың тиімділігін арттыру мәселелері, А.О.Алдабергенова
ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың
әдістемесі, Г.Б.Таутаева интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
мәселелерін қарастырған. Дегенмен бұл аталған жұмыстарда әртүрлі пән
5
саласы бойынша білімдерді бір қалыпты оқыту әдістемесінің мәселелері
жеткілікті зерделенбеген. Ал ол ӛз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми
жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл
әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі
заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына
мүмкіндік туғызады.
Сондықтан бүгінгі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды
физиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасындағы қайшылықтарға байланысты
білім берудің неғұрлым тиімді технологияларын іздестіру кӛкейкесті мәселе
болып саналады. Сондай-ақ, оқу-ағарту саласының жетік компьютерлен-
дірілгендігі және оларға арналған компьютерлік оқыту бағдарламаларының
кӛптеп енуі, ал екінші жағынан мектепте физиканы оқытуда ақпараттық-
логикалық модельдеуді қолдану мәселесі теориялық жағынан негізделіп,
әдістемесінің жасалмағандығынан туындаған қайшылықтар бар. Осы
қайшылықтар зерттеу тақырыбын “Колледжде компьютерлік оқыту
бағдарламаларын
қолдану
жағдайында
ақпараттық-логикалық
модельдеудің әдістемесі (физиканы оқыту мысалында)” деп таңдауымызға
негіз болды және оның кӛкейкестілігін дәлелдейді.
Зерттеудің нысаны. Колледждегі білім беруді ақпараттандыру
жағдайында физиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Колледжде физиканы оқытуда компьютерлік оқыту
бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу
әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Физиканы оқыту үдерісінде компьютерлік оқыту
бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеуді
ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оны колледжде оқытуда іске
асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер колледжде физика курсын оқытуда
компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-
логикалық модельдеу теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның
әдістемесі
даярланса,
онда
оқушылардың
компьютерлік
оқыту
бағдарламаларын қолдануға негізделген ақпараттық-логикалық модельдеуді
жетік меңгеру үдерісінің тиімділігі және физиканы оқытудың сапасы артады,
ӛйткені бұл оқу орындарында білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік
сұранысына сәйкес келіп, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен
белсенділігін арттыра түседі.
Зерттеудің міндеттері.
1. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға
негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу
бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде физиканы оқыту үдерісінде
қолданылатын ақпараттық-логикалық модельдердің мән-мағынасы мен
атқаратын қызметін анықтау.
2. Оқыту
үдерісінде
ақпараттық-компьютерлік
білім
берудің
дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-