«Клоундар биі»- «Ұлытау»
Айкүлмес: Кетіңдер, көргім келмейді ешкімді! Қажет емес!
Патша: Қанша жерден жыласаң да, мен мерекені өткіземін. Жаңа жыл таяп қалды. Ал сен керек емес, қажеті жоқ деп басты қатырдың ғой! Не боп кетті мына заман?! Балалар ата-аналарын тыңдамайды, не масқара бұл! Мен әлгі, қалай еді өзі,... жарнамаға да ақшамды төлеп қойдым! Байқау арқылы, дайындығымыз мықты, биылғы жылдың символы Қоян да бар деп, мерекені өткізу үшін тендер ұтып алдым. Керек десең қонақтарды да шақырып үлгердім.
Айкүлмес: Қажеті жоқ, мерекенің де, қонақтардың да қажеті жоқ!
Ақылшы: Жоғары мәртебелім! Қиын жағдайға ұшырадық!
Патша: Не болды? Айт! (Қызына) 5 минут аузыңды жапшы! Мұнда мемлекеттік мәселе туындап жатыр.
Айкүлмес: Жаппаймын, жаппаймын аузымды! Ешкімді де, ештеңені де тыңдамаймын!
Ақылшы: Аса мәртебелім, бізде өте жаман жаңалық! Қоянды белгісіз біреулер ұрлап кетті!
Айкүлмес: Менің досымды, Қоянды ұрлап кетті ме? Мен енді күндіз-түнді жылайтын боламын.
Патша: Ақылшысын ба сен, әлде кімсің? Енді не істейміз?! Мына Айкүлместі қалай жұбатуды және қонақтардың алдында масқара болмауды ойлап тап.
Ақылшы: Қоянды ұрлағандар хат тастап кетіпті.
Патша: Не істеп тұрсын, оқы тезірек!
Ақылшы: «Айкүлмес ханшайым, сенің Қояның бізде! Егер бізге бір қап тамақ пен ақша жібермесең, ең дұрысы етті көбірек салып, біз сенің семіз Қояныңды жеп қоямыз. Белгіленген жерге ешкімге айтпай, Патшаның күзетінсіз келуіңіз керек. Бізді орманнан табасыз.»
Айкүлмес: Ылғи осылай, мен көз жасымды тыйсам, бір жаман нәрсе болады. Әкетай, тезірек Қоянды табыңыз. Әйтпесе, мен жыл бойы тоқтамастан жылаймын.
Патша: Әрине, Қоянды құтқару керек. Ол ылғи сенің қырсық мінезіңнің кесірінен қиындықтарға тап болады. Сарайдан қуып шыққан да сенсің. Алиса құрбың саған оны сеніп тапсырған болатын. Ал сен тек жылауды ғана білесің.
Ақылшы: Таптым, таптым! Көмекке Алисаны шақыру керек. Хатта күзетпен келмесін делінген. Ал құрбысымен келмесін деген сөз жоқ. Айкүлместі жалғыз жіберуге болмайды.
Патша: Менің бұйрығымды тыңдаңдар. Алисаны Сарайға шұғыл түрде жетізіңдер! Айкүлмеспен бірге Қоянды іздеуге шықсын.
Айкүлмес: Алисаға мен өзім барамын, бірақ оған не айтамын?
Патша: Кім бұл жерде Патша?! Мен бе сен бе? Бұйрықты орындаңдар!!!
Ақылшы: Құп болады, Тақсыр! Орындаймыз! Егер қосымша күштер қажет болса оны да ұйымдастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |