8.4
Ағымдық және аралық бақылауды өткізу түрін пәндердің
ерекшеліктеріне қарай оқытушы белгілейді. Ағымдық және межелік бақылау
тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиум (оқушылардың білімін сынау
мақсатымен жүргізілетін әңгіме), реферат, мәселе есептерді шешу, шығарма
және есеп беру, білім алушылардың іскерлік ойындарға қатысуын бағалау,
дөңгелек үстелдер және т.б. түрінде өткізілуі мүмкін. Ағымдық және аралық
бақылау түрін өткізу туралы ақпарат пәннің силлабусына енгізіліп, ол туралы
мәлімет білім алушыларға бірінші сабақта хабардар етіледі. 50 балдан кем
емес жинаған білім алушылар қорытынды бақылауға жіберіледі.
8.5
Егер білім алушылар дәлелді себептермен, яғни растайтын
құжатымен аралық бақылаудан балл жинай алмай қалса, деканның өкімімен
аралық мерзімге сәйкес межелік бақылауды қайта тапсыруға мүмкіндік
алады.
8.6
Пәнге сәйкес курстық жұмысты тапсырмаған білім алушылар
емтиханға жіберілмейді.
8.7
Қорытынды бақылау - емтихан түріндегі аралық аттестаттау
кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын
игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше
академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда
оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша,
қорытынды бақылау жүргізіледі. Аралық аттестаттауға межелік бақылаудан
орташа балы 50 балдан кем емес алған білім алушылар жіберіледі. Оқу пәні
бойынша аралық аттестаттау нәтижесін өткізу барысында емтиханда алған
бағасы және академиялық кезең ішіндегі аралық бақылау қорытындысы
бойынша орташа балы ескеріледі (Қорытынды білім бағасы % = 0,6*(Р1% +
Р2%)/2+0,4*Э%; Қорытынды білім бағасы % = 0,6*(Р1% + Р2%)/2+0,4*Э%).
Емтихан бағасы 100 балдық жүйеде бағаланады.
8.8
Емтихан сессиясының ұзақтығы мен емтихан саны мамандықтардың
оқу жұмыс жоспары мен академиялық күнтізбенің бекітілуіне сәйкес
анықталады. Емтихан сессиясын өткізу мен оны ұйымдастыру
факультеттердің декандарына, АСД, МДД, БПОжҚО және университеттің
офис регистраторына жүктеледі.
8.9
Білім алушылар оқу бағдарламасымен бекітілген жұмыс және жеке
оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандарды тапсырады. Оқу пәні бойынша
емтиханды өткізу тәртібі мен формасы университеттің Ғылыми кеңесімен
академиялық кезеңнің басында бекітіледі. Офис регистратордың аралық
аттестаттау нәтижесі бойынша білім алушылардың академиялық рейтингісі
құрылады.
8.10
Бітіруші курста мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес
білім алушылардың білім сапасын анықтау мақсатында оқу жетістігін
сыртқы бағалау (ОЖСБ) жүргізіледі. ОЖСБ ҚР Білім және ғылым
министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ұйымдастырады.
21
9.
Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау
9.1
Білім алушылардың білімі, ептілігі, дағдылары мен құзыреттілігі
айқындалады және 100 балдық шкала бойынша бағаланады, халықаралық
тәжірибенің әріптік жүйесімен қабылданған цифрлық эквиваленттегі 4
балдық шкалаға сәйкес бағаланады.
Білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда балдық-рейтингтік әріптік
жүйені дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстыру қолданылады.
9.2
Жаңа немесе өзгертілген критерийлерді және білім алушылардың
білімін бағалау әдістерін қолдану тек ҚР БжҒМ жаңа нормативтік құжаттары,
Ғылыми кеңестің шешімімен және университет ректорының бұйрығы
негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
9.3
Білім алушылардың білімін бағалау әдістері мен критерийлері
семестр ішінде өзгертілмеуі қажет. Оны қайта қарау мен өзгерістер енгізу тек
жаңа академиялық кезеңнің басында жүзеге асуы мүмкін.
9.4
Қолданылатын критерийлер мен бағалау әдістері пәнге сәйкес
силлабуста және білім алушылардың анықтамалық-жол көрсеткішінде
көрсетілуі қажет.
9.5
Бағалау нәтижесі бойынша жазылу емтихан тізімдемесінің
көмегімен, соның ішінде автоматты түрде «Platonus» ААЖ қалыптасады.
9.6
Әрбір пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыларға оқу
жетістіктерін бағалайтын қорытынды баға қойылады. Оң баға оқу пәнінің
емтихан тізімдемесіне және жинаған кредиттерінің көрсетілуімен студенттің
сынақ кітапшасына жазылады. F бағасы – «қанағаттандырарлықсыз» тек
емтихан тізімдемесіне жазылады.
Оқу пәнінен аралық аттестаттау өткізгенде емтиханда алған баға мен
академиялық кезең ішіндегі ағымдық бақылау үлгерімінің орташа балы
ескеріледі. Ағымдық бақылау үлгерімінің бағасы пән бойынша білімнің
қорытынды бағадан 60%-ын құрайды, емтихан бағасы пән бойынша білімнің
қорытынды бағадан 40%-ын құрайды.
9.7
Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы
емтихан өткізілген күннің ертеңгі жұмыс күнінен кешікпей апелляцияға
береді. Білім алушының жауап парағында сұрақтың дұрыс қойылмағандығы
немесе пәннің оқу бағдарламасына сай келмейтіндігі көрсетілген жағдайда
ғана апелляция қарастырылады. Емтихан сессиясы (аралық аттестаттау)
кезеңінде ректордың бұйрығымен біліктілігі апелляцияға беруші пәнге
сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады. Емтихан
тізімдемесінің негізінде апелляциялық комиссияның шешімімен хаттама
жазылады. Апелляция нәтижесі бойынша алынған баға емтихан бағасынан
төмен болса, транскриптке енгізіліп, GPA есептегенде соңғы баға есептеледі.
Апелляция нәтижесінде қорытынды бақылаудың бағасын өзгерту
туралы шешімді апелляциялық комиссия төрағасы бекіткеннен кейін кеңсе-
тіркеуші қорытынды бақылау бағасын өзгертеді.
9.8
Емтиханнан алған «қанағаттандырарлықсыз» деген бағаны оң бағаға
немесе орташа балдық үлгерімін көтеру мақсатында білім алушы келесі
22