143
ҚОРЫТЫНДЫ
Жыл сайын табиғи үдерістерден, сонымен қатар адамдардың қоршаған
ортаға кері әсер етуінен болған техногендік апаттар саны артып келеді.
Ормандарды кесу мен ластау, жерасты сулары деңгейінің төмендеуі,
топырақтың тұздануы, сулы орталар мен тағы басқалардың ластануы апатты
зардаптарға - селдік ағымдарға, өртке алып келуі мүмкін және әкеліп те жатыр.
Техногендік апаттар, бірінші кезекте, нәтижесінде аймаққа айтарлықтай
экономикалық шығын әкелетін таудағы және тау бөктерлеріндегі сейсмикалық
белсенділікпен, сонымен қатар өзен тасуымен, қардың еруімен, мұзды көлдер
мен тағы басқалардың толуымен және жырылуымен байланысты болады.
ҚО бұзылуларына адамның әсер етуі де және техногендік сипаттар да
себепті болуы мүмкін. Адамдардың әсер етуі көбіне таулы және тау
баурайындағы аумақтарда, өзен бассейндерінде, далалы жерлерде су және ауа
ортасын ластауда, ормандарды кесуде қадағаланады.
Бұдан басқа, ҚО ластану мен апаттар жергілікті сипатқа ие болуы мүмкін,
мысалы, автомобильдердің пайдаланылған газдарының шығуы, сулы ортаға
дәрілік препараттардың тасталуы, бөгеттердің жырылу қаупі және т.б.
Барлығы көрсетілген және басқа жағдайларды бақылатын аймақ бойынша
бөлінген ФШД мониторинг және бақылау жасау жүйесін пайдаланумен
шынайы өмірде бақылануы және қадағалануы қажет. ФШД түрленудің түрлі
принциптері бойынша құрылуы мүмкін, бірақ ең ыңғайлысы және
хабарландырылғаны ақпаратты қабылдау-берудің ықпалдастырылған ON-LINE
жүйелерімен жақсы үйлесетіндіктен, түрленудің жиілікті принциптері болып
табылады. Сондықтан олар жұмыста базалық ретінде ұсынылған ҚО МБЖ
көпшілік талаптарына, соның ішінде энергияны пайдалану, жұмылдырғыштық,
дәлдік, үйлесімділік, функционалдылық және басқалар бойынша жауапты
болатындықтан, қабылданды.
Диссертациялық жұмыста зерттеулер келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Диссертациялық жұмыста қоршаған ортаның жағдайын бақылау және
мониторинг жасау жүйесінің қазіргі жағдайы мен алдағы дамуы, оның ішінде
бағдарламалық–аппараттық жабдықталуы, жүйе құрылымы, олардың алдына
қойылған мақсат–міндеттері физикалық шамаларға арналған жиіліктік
датчиктердің жіктелуі мен DPHarp-сенсордың құрылымдық жасалу
ерекшеліктері талданған. Қоршаған ортаның жағдайын жинақталған ON-LINE
бақылау және мониторинг кешенін көппараметрлі датчиктер негізінде
жобалаудың қысқаша негіздемесі жасалынған.
2. Қоршаған ортаның жағдайын жинақталған ON-LINE бақылау және
мониторинг жасау жүйелерін құру және олардың жұмыс ерекшеліктері
принциптері, физикалық шамалар датчиктерінің номенклатурасы талданған.
Селден қорғау бақылау және мониторинг жүйесін құру концепциясы
ұсынылған, оның толық техникалық құрылғылары талданып, бақылау
объектісінде орнатылатын физикалық шамалар датчиктері, сонымен қатар
шалғайда орналасқан датчиктерден хабар қабылдағыштар мен таратқыштар
144
көрсетілген. Көппараметрлі датчиктердегі физикалық шамаларды түрлендіру
принциптеріне зерттеу жүргізілген. Терморезистивтік және қысымды өлшеу
әдістерін, таратылатын сенсорлық құрылымдардың электрлік аналогтарын,
датчиктер құрылымын пайдалана отырып, жартылай өткізгішті сезімтал
элементтердің физико-математикалық моделдері жобаланған. Көппараметрлі
датчиктердің технологиялық ерекшеліктерімен, датчиктер құрылымын және
элементтерін моделдеудің құрылымдық шешімдері талданған.
3. Көппараметрлі датчиктердің схемотехникалық іске асырылу шешімдері
талдауы және зерттеуі жүргізілген. Жинақталған ON-LINE жүйелер үшін
көппараметрлі интеллектуалды жиіліктік датчиктер үшін алгоритмдер,
сызбалар және бағдарламалар жасалынған, грант бойынша орындалып жатқан,
орнатылатын датчиктер байланыстырылған, ағын
сулардың дәрілік
ластануының бақылау және мониторинг жүйесінің сызбасы келтірілген.
Екінші ретті электронды жиіліктік түрлендіргіштері бар жинақтаушы
түрлендіргіштері өлшеу тұйығының шығыс сигналы модуляцияланған және
модуляцияланбаған күйлері қарастырылған. Интеллектуалды датчиктердің
басты артықшылықтары сыртқы әсер етуші және тапсырыс берушінің
шарттарына байланысты динамикалық бағдарламалау болып табылатындығы
атап көрсетілген.
4. Көппараметрлі интеллектуалды жиіліктік датчиктерді жүзеге асырудағы
өткізілген зерттеулер нәтижелері мен олардың эксперименталды макеттерін
сынау қорытындылары баяндалған. Электронды түрлендіргіштер орнатылған
сиымдылықты датчиктердің сезімтал элементтері мен өлшеу модулі құрылымы
келтірілген. Жұмысты зерттеу кезіндегі жасалған схемотехникалық шешімдер
көрсетілген және ластануды бақылау жүйесінің макеттік стенді көрсетілген.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
1. Қоршаған
орта күйін бақылау жүйелерінің техникалық және
бағдарламалық құрылғыларының қазіргі жай-күйі мен дамуының талдауы мен
зерттеуі жүргізіліп, негізгі құраушыларын анықтаған.
2. Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінде қолданылатын физикалық
шамалар датчиктеріне қатысты техникалық талаптарды құрған.
3. Физикалық шамалардың көппараметрлі интеллектуалды датчиктерінің
физико-математикалық моделдерін құрған.
4. Көппараметрлі
интеллектуалды датчиктердің сапасын көтерудің
құрылымдық және бағдарламалық әдістері зерттелген және талданған.
5. Құрылған қоршаған орта күйін жинақталған ON-LINE бақылау
жүйелерінің нәтижесіне сүйене отырып «Техногенді объектілерден өндірілетін
қоршаған ортаны ластаудың жеке есебін алу жүйесі» атауымен №29649
инновациялық патент алынған;
6. Негізгі құрылымдық және программалық шешімдерді тексеруге
мүмкіндік берген, көппараметрлі интеллектуалды датчиктер негізінде жұмыс
істейтін, Arduino платформасын Android бағдарламалық кешенін пайдалана
отырып жасалған, қоршаған орта күйін жинақты ON-LINE бақылау жүйесінің
аппаратты-бағдарламалық кешені жобаланған.
Достарыңызбен бөлісу: |