Айқын. №10. 23 қаңтар Аманжол Н. Үш «ауыл» бас қосты



жүктеу 34,03 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі34,03 Kb.
#16450

Айқын.- № 10.- 23 қаңтар

Аманжол Н.


Үш «ауыл» бас қосты. Астанада аграрлық университеттер күндері өтуде.
Елордада республиканың аграрлық бағыттағы үш жетекші жоғары оқу орнының басын қосқан аграрлық университеттер күндері өтіп жатыр. Оқу ордасының басшысы бірлесіп жұмыс жасау жөнінде Меморандумға қол қойды.
Іс-шара Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткізілсе, оған Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Казақстан аграрлық –техникалық университетінен арнайы делегация келіп қатысты. Жергілікті оқу орданың басшысы Айтбай Бұлашевтің сөзіне қарағанда, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығына, оның ішінде, тауарлы-сүт фермалары, мал бордақылау кешендері, қайта өңдеу зауыттары мен жылыжайларды дамытуға бөлініп жатқан көңіл ерекше. Тиісінше, әрбір жаңа ашылған өндіріс және қызмет көрсету орны лайықты жас мамандарды қажет етеді. Өйткені жаңа фермалардың барлығы заманауи технологиялар бойынша жұмыс жасайды. Бұл ретте:

-Ауыл шаруашылығына қажетті кадр даярлайтын білім ордаларына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бұдан былай біз өндірісті бүгінгі күннің талабына емес, ертеңнің сұранысына сай келетін мамандармен қамтамасыз етіп отыруымыз керек, - деген ректор кадр дайындауда инновациялық бағыттарды қолдану қажеттігін алға тартты.

Әрине, білім - ғылым мен тәжірибемен ұштасқан кезде ғана сапалы болмақ. Ал бірсалалы жекеменшік оқу орындарының білім беру сапасына күмәнмен қараған. А.Бұлашев аграрлық сектор мамандарын тек материалдық базасы толыққанды жасақталған, ғылыми әулеуеті мол университеттер дайындауы керек екеніне тоқталды. Қазіргі таңда республикада ауыл шаруашылығына маманданған 23 университет жұмыс жасайды. Алайда көпшілігін бітірген студенттер біліктілік жөнінен мүлде төмен. Мәселенің шешімі - білім мен ғылымды басқару мен ұйымдастыру ісіне тіреледі. Ұлыбританияның мысалын тілге тиек қылған ректор:

- Англияда мал дәрігерлерін төрт университет дайындайтын болса, Қазақстанда мұндай жоғары оқу орнының саны 8-ге жетіп отыр. Сан қөп болғанымен, сапа төмен болғаны дұрыс емес. Сондықтан мамандандырылмаған оқу орындарына лицензияларды оңды-солды таратудың орнына, белді университеттерді дамытуға күш салған жөн, - деді.

Ректордың баяндамасынан түйсінген тағы бір жайт, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ауыл шаруашылығы мамандықтары енбей қалып отыр. Бағдарлама аясында «Агроөнеркәсіп кешендері мен ауыл-аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңға денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салалары бойынша ауылға келген жастарға әлеуметтік көмек беру туралы толықтырулар енгізілген. Алайда тізім кестесінен ауыл шаруашылығы мамандықтары құр қалып отыр. Білім басшысының сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министірлігі аймақтарға қажет мамандар тізбесін жасап, университеттерге өздері сұраныс жасап отыру керек. Сонда тапсырыс бойынша маман дайындағанда, оқу бітірген студенттер жұмыссыз қалмайды және аграрлық сектор да сапалы маманнан зәрулік көрмейді.

Шара барысында еліміздің жетекші үш жоғары оқу орнының басшылары өзара бірлесіп жұмыс жасау жөнінде Меморандумға қол қойды. Ендігі жерде университеттер оқу құралдарын шығаруда, салалық мәселелерді шешуді, сондай-ақ маман дайындауда да ғылыми әлеуеттерін ортақ пайдаланатын болады. Мәселен, бір университте оқылған дәрісті онлайн жүйесі арқылы өзге оқу орнының студенттері де тыңдай алатын болады. Ол үшін бұрынғыдай артық шығын мен уақыт шығарып, профессорлар іссапарға шығып жүрмейді, керісінше, үнемделген қаржы оқу құралдарын шығаруға жұмсалмақ.

Аграрлық университет күндері шеңберінде ҚазҰАУ мен Жәңғір хан атындағы университет басшылары да өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге А.Бұлашев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің әлеуметтік көмекке мұқтаж 33 студентіне білім гранттарын табыс етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында дағдарысқа қарамастан, аграрлық салада инфестициялық жобаларды қаржыландыру ісі тоқтамайтынын айтқан болатын. Бұл ретте аграрлық университет күндері Парламент Сенаты аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің көшпелі отырысымен тұспа-тұс келгені тегін емес. Аталмыш жиында сөз болған басты мәселелердің бірі- аграрлық ғылымды қаржыландыру ісі болды.



- Кейінгі екі жарым жыл ішінде аграрлық ғылым жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, министірліктің қолдауымен жыл сайын алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «КазАгроИнновация» компаниясына капитализациялау жүргізіледі. Ендігі күні ғылым екі бағыт бойынша қаржыландырылып отырады. Оның бірі- бұрыннан келе жатқан зерттеулерді жүргізуге қажетті қаржыландыру болса, екіншісі- ғылым саласындағы нақты институционалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін «КазАгроИнновацияны» жарғылық қаржыландыру арқылы жүзеге асады. 2010 жылы аграрлық ғылымның бюджеті шамамен 5,5 млрд.теңгені құрайды. Бұл – ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің 0,26 пайызына тең деген сөз. Жалпы, мемлекет тарапынан айтарлықтай қаржыландырудың артуы өсімдік және мал шаруашылығында заманауи зертханалар, жылыжайлар құру, ауыл шаруашылығы саласындағы техникалар мен зерттеу аспаптарын сатып алу бойынша бірқатар жобаларды жүргізуге мұрындық болары сөзсіз, - деді жиында Ауыл шаруашылығы вице- министрі Марат Оразаев.
жүктеу 34,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау