|
Ахметов Б. А. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық өтілі 6 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Технологиялық машиналарды жөндеу»
|
Дата | 21.11.2018 | өлшемі | 71,5 Kb. | | #23284 |
| Ахметов Б.А. – «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық өтілі 16 жыл. 050724-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні, 3 кредит. - Аңдатпа
- «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні студенттерге жөндеу аспаптары жөнінде, әдістері мен технологиясы жөнініде толық жалпы мәлімет, қажет болған жағдайда студенттерге, өз бетінше орындауға берілген жекелеген тақырыптар бойынша білімдерін өз бетінше толықтыруға немесе тереңдетуге мүмкіндік береді.
- «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының бакалаврлары үшін міндетті пән болып табылады, өйткені бұл курстан алынған білім жабдықтарды жөндеуде, монтаждауда және өңдеуде қолданылатын барлық жабдықтарды пайдалану кезінде қажет болады.
Пәннің мақсаты Пәнді оқытудағы мақсат болашақ мамандарды – инженер-механиктерді машиналарды жөндеудің, бөлшектердің зақымдану және тозу түрлерін анықтаудың, бөлшектерді беріктендіру әдістерінің, жөндеудің технологиялық процестерін жасаудың, жөндеу жабдықтарын таңдаудың және кәсіпорынның жөндеу қызметін ұйымдастырудың жалпы мәселелері бойынша теориялық және тәжірибелік дайындау болып табылады. - Пәнді оқытудың міндеттері:
- - жабдықтардың пайдаланулық сенімділігін арттырудағы машиналарды жөндеудің ролі мен мағынасымен танысу;
- - бөлшектердің зақымдануларының, тозуларының түрлерін және оларды қалпына келтіру әдістерін білу;
- - бөлшектерді және машиналарды жөндеу тәсілдерін таңдауға және жөндеудің технологиялық процесін жасауға дағдылану;
- - дефектоскоптарды, машиналарды диагностикалау құралдарын пайдалануға, бөлшектердің зақымданулары мен тозуларының түрлерін анықтауға дағдылану;
- - машиналарды және жабдықтарды жөндеудің жүйесі мен негізгі қағидаларын, тозу дәрежесін анықтауды, машиналарды жөндеуден кейін қабылдау және сынау ережелерін білу.
Материалдарды таңдау мен құрылымдаудың негізгі принциптері - Негізгі материалдар екі топқа бөлінген:
- - дәрістік материалдар;
- - тәжірибелік сабақтардың материалдары.
- Дәрістік материалдардың құрылымы:
- Сенімділік туралы мәліметтер
- Жабдықтардың сенімділіктерін бағалау
- Бөлшектердің бұзылуының түрлері
- Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
- Майлау шаруашылығы
- Машиналар мен жабдықтардың техникалық диагностикасы
- Жабдықтарды күрделі жөндеуді ұйымдастыру
- КЖ технологиялық процестері
- Бөлшектерді жөндеу тәсілдері
- Бөлшектерді пісірумен және балқыма құюмен жөндеу
- Бөлшектерді өсірумен жөндеу
- Бөлшектерді беттік беріктендіру әдістері
- Пластикалық деформациямен беттік беріктендіруші өңдеу
- Тозуға төзімді материалдар балқымасымен беріктендіруші өңдеу
- Типтік машина бөлшектерін жөндеу
- Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары:
- 1. Бүріккіштерді тексеру және сынау
- 2. Бөлшектердің ультрадыбыс-тық дефектоскопиясы
- 3. Материалдарды үйкеліс пен тозуға сынау
- 4. Агрегаттарды монтаждауды бақылау тәсілдері
- 5. Типтік бөлшектердің тозуын анықтау
- 6. Бөлшектерді тазалау тәсілдері
- 7. Майлау материалдары және жабдықтарды майлау
Оқыту әдістері мен түрлері - Студенттер кредиттік жүйе бойынша оқытылады, оқу түрі – күндізгі, жүргізілетін сабақтар түрі – дәріс және тәжірибелік.
- Дәрістік және тәжірибелік сабақтардың негізгі бөлігі интерактивтік тақта, компьютерлер, зертханалық стендтер мен қондырғылар қолданылып, арнаулы дәрісханаларда (ОӨШ, 706 МҒ дәр.) өтіледі.
- Курсты оқып-үйрену нәтижесінде студент:
- білуі керек:
- - жөндеу құралдарының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін;
- - жөндеу әдістері мен құралдарын;
- - сәйкес жөндеу аспаптарының қолданылу аймақтарын.
- орындай алуы керек:
- - қойылған мәселеге тәуелді жөндеу аспаптарын таңдауды;
- - жөндеу технологиясын жасауды..
- ұғымы болуы керек:
- - жөндеу әдістері мен құралдарын қолдану обылысында ғылыми зерттеулерді жүргізу негіздері жөнінде;
- - мұнай-газ өндірісінің жабдықтарының күйін бағалау әдістері жөнінде.
Білімді бақылау және бағалау - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде кредиттік технология бойынша оқитын барлық курстарда барлық пәндерден студентердің білімін бақылау үшін рейтингілік бақылау қолданылады.
- Мамандықтың жұмыстық оқу жоспарына кірген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады
| | | | - Қорытынды бақылау
- Аралық бақылау
- Ағымдық бақылау
| | Өзім жөнінде: Біліктілігім: инженер-механик, МГЖМЖ кафедрасының аға оқытушысы. Соңғы 5 жылда 10-нан аса ғылыми-әдістемелік еңбектерім жарияланды. Мен жетекшілік ететін дипломдық жобалар тақырыптары университет сайтында көрсетілген. Менің курсым бойынша оқушылардың үлгерімінің орташа балы 83-89%. - Оқушыларға қойылатын талаптар:
- 1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
- 2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
- 3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.
- 4. Сабаққа кешікпеу.
- 5. Сабақтан қалмау.
- 6. Оқу процесіне белсенді қатысу.
- 7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|