Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет83/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134

жəне  өкілеттіктер  негізінде  əрекет  етеді.  Ереуіл  комитетінің 

міндеттеріне,  сонымен  қатар,  қызметкерлерді  ұжымдық  еңбек 

дауын шешу барысы туралы хабарландырып отыру да кіреді. 

Ереуілді басқарушы органның құқықтары: 

· жұмыс берушімен, мемлекеттік органдармен, кəсіподақтармен, 

өзге  де  заңды  жəне  лауазымды  тұлғалармен  арасындағы  ереуілге 

шыққан  ұжымдардың  талаптарын  шешу  мəселелеріне  қатысты 

қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіру; 

·  жұмыс  берушілерден  еңбек  ұжымының  мүдделеріне  қатысты 

мəселелер жөнінде ақпарат алу; 

·  еңбек  ұжымының  талаптарын  қарау  барысын  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жариялау; 

·  жұмыс  берушімен  ұжымдық  еңбек  дауын  шешу  мəселесіне 

қатысты   келіссөздер жүргізу; 

· даулы мəселелер бойынша қорытынды беру үшін мамандарды 

шақыру; 

· еңбек ұжымының келісімі бойынша ереуілді тоқтата тұру. 

Ереуілді  жалғастыру  үшін  дауды  келісім  комиссиясының, 

делдалдың немесе еңбек арбитражының қарауы қажет емес. Жұмыс 

беруші  жəне  еңбек  дауларын  реттеу  жөніндегі  орган  ереуілдің 

жалғасатыны 

жөнінде 


үш 

жұмыс 


күнінен 

кешіктірмей 

хабарландырылуы тиіс. 

Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  оны  реттеу  жөнінде 

келісімге  қол  қойған  жағдайда,  сонымен  қатар,  ереуіл  заңсыз  деп 

танылған  жағдайда    ереуілді  басқаратын  органның  өкілеттіктері 

тоқтатылады. 

Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы 

барысында  жұмыс  берушінің,  мемлекеттік  органдардың  жəне 

қоғамдық  бірлестіктердің  құзыретіне  жататын  шешімдерді 

қабылдауға құқығы жоқ. 

Тараптардың  ереуіл  барысындағы  міндеттері.  Ереуіл  кезінде 

ұжымдық  еңбек  шартының  тараптары  өздерінің  барлық 

мүмкіндіктерін, соның ішінде, бітімгершілік құралдарын пайдалана 

отырып,  оны  шешудің  жолдарын  іздестіруді  жалғастыруға 

міндетті. 

Ереуілді  жүргізу  барысында  ұжымдық  еңбек  дауының 

тараптары  мен  ереуілді  басқарушы  органдар  қоғамдық  тəртіпті 

қамтамасыз етуге, заңдылықты сақтауға жəне мүліктің сақталуына, 

сонымен  қатар,  тоқтатылуы  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына 



қауіп  төндіруі  жəне  өндірістің  тоқтауына  əкелуі  мүмкін  

машиналардың,  жабдықтардың  жұмысын  қамтамасыз  етуге 

қатысты барлық шараларды қолдануға міндетті. 

Адамдардың  қауіпсіздігі,  олардың  өмірі  мен  денсаулығын 

қамтамасыз  етумен  жəне  қоғамның  маңызды  мүдделерімен 

байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ереуілге шыққан жағдайда, 

ереуіл  кезінде  қажетті  жұмыстың  (қызметтің)  ең  аз  мөлшерін 

қамтамасыз  етуі  қажет.  Бұл  қызмет  ереуілді  жүргізуге  кедергі 

болмауы тиіс. 

Жұмыстың  (қызметтің)  мұндай  түрлерін  тараптар  атқарушы 

билік  органымен  немесе  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органымен 

бірлесе  отырып,  өз  келісімінде  анықтайды.  Егер  тараптар  бұл 

мəселеге  қатысты  келісімге  келе  алмаса,  онда  жұмыстардың 

аталған  тізімін  атқарушы  билік  органы  немесе  жергілікті  өзін-өзі 

басқару органы белгілейді. 

Ереуілдердің  түрлері.  Ереуілдер  заңды  жəне  заңсыз  болуы 

мүмкін. 


Егер ереуіл қолданыстағы заңдардың талаптарын сақтай отырып 

жүргізілсе онда ол заңды деп танылады. 

Заңсыз деп мынадай ереуілдер танылады: 

·  саяси  себептер,  соның  ішінде,  конституциялық  құрылымды 

өзгерту,  мемлекеттік  органдарды  шақыру,  тарату  немесе  олардың 

қызмет тəртібін өзгерту, олардың басшыларын қызметінен босату, 

сонымен  қатар,  ұлттық  жəне  нəсілдік  теңқұқылықты  бұзу,  елдің 

аумақтық  біртұтастығын  өзгерту  туралы  талаптарға  негізделген 

ереуілдер; 

·  ҚР  «Ұжымдық  даулар  жəне  ереуілдер  туралы»  заңының 2-6- 

баптарының ережелерін сақтамай жарияланған, аталған заңның 11-

12-баптарының  талаптарын  бұза  отырып  басталған  немесе 

аяқталған ереуілдер. 

 

Сонымен  қатар,  ереуілді  заңсыз  деп  танудың  негіздері  болып 



мына жағдайлар табылады: 

- ұжымдық еңбек дауының (шиеліністің) пəнінің болмауы; 

- қызметкерлердің талаптарды орындамауы; 

- ұжымдық еңбек дауының туындау сəтін бұза отырып, ереуілді 

жариялау. 

Егер  дау  еңбек  арбитражымен  қарастырылмаса  немесе  еңбек 

арбитражының  тараптармен  алдын-ала  міндетті  деп  танылған 

шешімі  болса,  сонымен  қатар,  ереуілді  жариялау  туралы  шешімді 




мұндай уəкілеттігі жоқ орган қабылдаса, ереуілді жариялау туралы 

шешім қызметкерлердің жалпы жиналысының дауыс беруі арқылы 

қабылданбаса,  егер  бұл  үшін  еңбек  ұжымы  мүшелерінің  немесе 

конференция делегаттарының құрамының үштен екі бөлігінен азы 

дауыс  берсе,  ереуілді  басқарушы  орган  жұмыс  берушіні  ереуіл 

басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша 

түрде ескертпесе, ереуіл заңсыз деп танылуы мүмкін. 

Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот заңшығарушылық 

актілерге  сəйкес  қабылдайды.  Ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы 

талап-арызды жергілікті атқарушы органдар, тиісті прокурор жəне 

жұмыс  беруші  бере  алады.  Сот    ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы 

істі  талап-арыз  берілген  күннен  бастап  күнтізбелік  он  күннен 

кешіктірмей қарауы қажет. 

Егер  сот  ереуілді  заңсыз  деп  тану  туралы  шешім  қабылдаса, 

еңбек ұжымы ереуілді тоқтатуға жəне ереуілді басқарушы органға 

сот  шешімінің  көшірмесі  берілгеннен  бастап  бір  тəуліктен 

кешіктірмей өз жұмыстарын жалғастыруға міндетті. 

Соныман  қатар,  ереуілді  басқарушы  орган  сот  шешімін 

заңнамада белгіленген тəртіпте шағымдау құқығына ие. 

Сонымен,  ереуілді  кейінге  қалдыруды,  тоқтата  тұруды  жəне 

мерзімінен бұрын тоқтатуды екі орган жүзеге асыра алады: 

заңда  көзделген  жағдайларда – сот,  ереуілді  басқарушы 

орган – кез келген уақытта. 

Заңсыз ереуілдер үшін жауапкершілік. Егер сот ереуілді заңсыз 

деп  таныса,  онда  мұндай  ереуілге  қатысу  еңбек  тəртібін  бұзу 

ретінде  қарастырылады  жəне  заңда  көзделген  тəртіптік  жаза 

шараларын қолдануға алып келуі мүмкін. 

Басқа  тұлағаларды  ереуілге  қатысуға  зорлық  немесе  қорқыту  арқылы 

мəжбүрлеген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Жұмыс  берушіге,  өзге  де  ұйымдарға  немесе  азаматтарға 

келтірілген зиянды, сонымен қатар, ұйымының өзінің шығындарын 

өтеу сот тəртібімен жүзеге асырылады. 

Егер  заңсыз  деп  танылған  ереуіл  кəсіподақтың  бастамасымен 

жүргізілген  болса,  онда  зиянды  өтеу  кəсіподақтың  қаржысы 

есебінен сот белгілеген мөлшерде жүзеге асырылады. 



Ереуілге шығу құқығын шектеу жағдайлары. Заңдарда ереуілге 

шығу  құқығын  шектейтін  жағдайлар  көзделген.  ҚР  «Ұжымдық 

даулар  жəне  ереуілдер  туралы»  заңының 16-бабына  сəйкес, 

ереуілдерге мына жағдайларда рұқсат берілмейді: 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау