мəселені шешуде жəне еңбек тəртібін бірнеше рет бұзған жағдайда
ескерілмейді.
Көтермелеу шараларымен салыстырғанда тəртіптік жазалар,
жұмыстан
босатуды
есептемегенде,
еңбек
кітапшасына
енгізілмейді. Бұны мына жағдаймен түсіндіруге болады, егер
тəртіптік жаза тағайындалғаннан кейін қызметкер бір жыл ішінде
жаңа тəртіптік жазаға тартылмаса, ол тəртіптік жазаға тартылмаған
тұлға ретінде саналады.
Тəртіптік жаза бір жыл өтпей де алынып тасталуы мүмкін. Егер
жазаланған тұлға жаза тағайындалған кезден соң жаңа тəртіптік
теріс қылық жасамаса жəне өзін тəртіпті қызметкер ретінде көрсете
білсе, орган, лауазымды тұлға немесе жұмыс беруші өз бастамасы
бойынша, жазаланған қызметкердің тікелей бастығының немесе
еңбек ұжымының өтініші бойынша тəртіптік жазаны мерзімінен
бұрын алып тастауға құқылы. Тəртіптік жазаны мерзімінен бұрын
алып тастау жұмыс берушінің бұйрығымен рəсімделуі тиіс.
Алайда, тəртіптік жазаның бүкіл мерзімінде жазаланған тұлғаға
көтермелеу шаралары қолданылмайды.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Еңбек тəртібінің түсінігі жəне мəні.
2. Технологиялық тəртіп дегеніміз не?
3. Өндірістік тəртіп дегеніміз не?
4. Еңбек тəртібін қамтамасыз етудің əдістері.
5. Ішкі еңбек тəртбінің ережелері.
6. Ішкі еңбек тəртібін құқықтық реттеу қандай нормативтік-
құқықтық актілермен қамтамасыз етіледі?
7. Ішкі еңбек тəртібінің ережелері қандай бөлімдерден тұрады?
8. Қызметкердің еңбек тəртібіне қатысты негізгі міндеттері.
9. Жұмыс берушінің еңбек тəртібіне қатысты негізгі міндеттері.
10. Көтермелеу шаралары жəне оларды қолдану тəртібі.
11. Қазақстан Республикасында қандай мемлекеттік наградалар
белгіленген?
12. Тəртіптік жауапкершіліктің түсінігі жəне мəні.
13. Тəртіптік жауапкершілік шараларын атаңыз.
14. Тəртіптік жазаларды тағайындау тəртібі.
15 Т А Р А У
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбекті қорғаудың түсінігі жəне қағидалары. Қазақстан
Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен
денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, əрбір азаматтың қауіпсіздік
жəне тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету
құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен,
еңбекті қорғау жəне оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы
нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғауды кең жəне тар мағынада түсінуге болады. Кең
мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі
барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған
шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық,
медициналық,
техникалық
жəне
экономикалық
құрамдас
бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті
қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл
еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы,
еңбекті
қорғаудың
техникалық
аспектісі
машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу
жəне т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс
екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар жəне
т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына
қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік
жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен
байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық
бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су
болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса
не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан
тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас
бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау
бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығына қауіп төнген.
Дəл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі
бұзылған кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау
қаржыландырылмаса жəне осының нəтижесінде қызметкерлер
қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе,
ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек
жағдайларын тудыратыны сөзсіз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде
қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы
еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің,
кооператив мүшелерінің, тəжірибеден өтіп жүрген студенттердің,
соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне
таралады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:
· еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;
· ауыр, зиянды жəне қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін
жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;
· əйелдердің, кəмелетке толмағандардың жəне еңбекке қабілеті
төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;
· өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу жəне есепке алу
ережелерінде;
· қауіпсіздік техникасы жəне өндірістік санитария жөніндегі
ережелерде.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі
қағидалары ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңының 4-бабында
көзделген. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кəсіподақтар
мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік
жəне басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді
жəне келесі қағидаларға негізделеді:
- кəсіпорынның өндірістік қызметінің нəтижелеріне қарағанда
қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
- меншік иесінің немесе оның уəкілетті өкілінің толық
жауапкершілігі;
- еңбекті қорғау міндеттерін осы мəселелерге қатысты
мемлекеттік бағдарламалардың жəне еңбекті қорғау саласындағы
қызметтің экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың өзге де
бағыттарымен үйлестірудің нəтижесінде кешенді түрде шешу;
- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын жəне шаруашылық
қызметіне қарамастан барлық кəсіпорындар үшін бірыңғай
талаптарды белгілеу;
Достарыңызбен бөлісу: |