Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет55/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134

Мұндай  еңбек  демалысының  мерзімі  заңдарда  көзделмеген, 

яғни,  тараптар  бұл  мəселені  өз  еркімен  шеше  алады.  Бірақ,  көп 

жағдайда  жалақысы  сақталмайтын  еңбек  демалыстары  қысқа 

мерзімді  болып  табылады,  əдетте  олардың  ұзақтығы  екі  аптадан 

аспайды. 

Тараптардың 

келісімі 

бойынша 


мұндай 

еңбек 


демалыстарының  орнына  жұмыстар  өндірістің  жағдайы  мен 

мүмкіндіктеріне  қарай  келесі  кезеңде  орындалуы  мүмкін.  Мұндай 

келісімге аталған еңбек демалысын ресімдеу кезінде де, одан соң да 

келуге  болады.  Жалақысы  сақталмайтын  еңбек  демалысының 

уақытын  еңбекпен  өтеу  демалыстың  əрбір  күні  үшін  тиісті 

ұзақтықтағы  жұмыс  күні  есебінен  жүзеге  асырылады.  Бұл 

жұмыстың  ақысы  нақты  істелген  жұмыс  үшін  теңдей  мөлшерде 

төленеді. 

Заңдарда  қызметкерлердің  өтініші  бойынша  оларды  жалақысы 

сақталмайтын  қосымша  демалысқа  жіберудегі  басшылықтың 

міндеті 

көзделмеген. 

Тəжірибеде 

жалақы 


сақталмайтын 

демалыстарға 

шығудың 

артықшылық 

құқығына 

келесі 


қызметкерлер ие: 

·  Ұлы  Отан  соғысының  қатысушылары  мен  мүгедектері  жəне  оларға 

теңестірілген өзге де тұлғалар; 

· жасы он төртке дейінгі екі немесе одан да көп балалары бар не 

жасы он сегізге дейінгі мүгедек баласы бар əйелдер; 

· медициналық қорытындыға сəйкес отбасының науқас мүшесін 

күтуші тұлға; 

· зейнет жасына жеткен зейнеткерлер жəне мүгедектер; 

· сауықтыру-емдеу мекемелеріне жолдама алған тұлғалар; 

· ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда. 

 

Əлеуметтік  мақсаттағы  еңбек  демалыстары  заңдарда 

жекелеген қызметкерлер санаттары үшін көзделген. 



    

                                   

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 66-бабы

 

 

Əйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша босанғанға дейін 

ұзақтығы  жетпіс  күнтізбелік  күнге,  босанғаннан  кейін  елу 

алты  (ауыр  босанған  немесе  екі  не  одан  да  көп  бала  туған 

жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі.   

Есептеу  жиынтықтап  жүргізіледі  жəне  демалыс  əйелдің 

ұйымда  жұмыста  істеу  ұзақтығына  қарамастан,  жұмыс 



берушінің  қаражаты  есебінен  жүктілігіне  жəне  босануы 

бойынша осы кезеңге  төленген  жəрдемақыны  босанғанға 

дейін  нақты  пайдаланған  күндердің  санына  қарамастан 

оған толық беріледі. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап 

алған əйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, 

сəбидің дүниеге  келген  күнінен  елу алты  күнге  толғанға  дейін 

кезеңге  (ата-анасының  біріне)  демалыс  беріліп,  оның  ұйымда 

жұмыс  істеу  ұзақтығына  қарамастан  жұмыс  берушінің 

қаражаты есебінен оған осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 

     


Мұндай  еңбек  демалыстары    əйел,  отбасы  жəне  бала 

мəселесімен  тығыз  байланысты.  Əлеуметтік  мақсаттағы  еңбек 

демалыстары тиісті медициналық мекеме берген емделу парағының 

негізінде  беріледі.  Мысалы,  əйелдерге  жүктілігі  мен  босануы 

бойынша  босанғанға  дейін  ұзақтығы  жетпіс  күнтізбелік  күнге, 

босанғаннан  кейін  елу  алты  (ауыр  босанған  немесе  екі  не  одан  да 

көп  бала  туған  жағдайда  жетпіс)  күнтізбелік  күнге  демалыс 

беріледі.  Есептеу  жиынтықтап  жүргізіледі  жəне  демалыс  əйелдің 

ұйымда  жұмыс  істеу  ұзақтығына  қарамастан,  жұмыс  берушінің 

қаражаты есебінен жүктілігіне жəне босануы бойынша осы кезеңге 

төленген  жəрдемақыны  босанғанға  дейін  нақты  пайдаланған 

күндердің санына қарамастан оған толық беріледі. 

Еңбек  заңдары  бұл  демалыстың  ұзақтығын  күнтізбелік 

күндермен санайтындықтан, бұл еңбек демалысының құрамына тек 

жұмыс күндері ғана емес, демалыс, мереке күндері де енеді. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап  алған 

əйелдерге  (еркектерге)  бала  асырап  алған  күннен  бастап,  сəбидің 

дүниеге келген күніне елу алты күнге толғанға дейінгі кезеңге (ата-

анасының  біріне)  демалыс  беріліп,  оның  ұйымда  жұмыс 

істеу  ұзақтығына  қарамастан  жұмыс  берушінің  қаражаты 

есебінен оған осы кезеңге жəрдемақы төленеді. 

         

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 67-бабы 

 

Жүктілігі  мен  босануы  бойынша  демалыстан  басқа  əйелге 

оның өтініші бойынша баласы бір жарым жасқа толғанға дейін 

оған  күтім  жасау  жөнінде  жалақысы  сақталмайтын  қосымша 



демалыс  беріледі.  Қосымша  демалыс  уақыты  ішінде  оның 

жұмыс орны (қызметі) сақталады. 

Жаңа  туған  нəрестелерді  тікелей  перзентханадан  асырап 

алған  əйелдердің  (еркектердің)  өтініші  бойынша  сəби  бір 

жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау үшін жалақысы 

сақталмайтын  қосымша  демалыс  беріліп,  осы  кезеңде  оның 

жұмыс орны (қызметі) сақталады. 

Бұл  демалыстың  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  кез 

келген уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін. 

              

Байқап  отырғанымыздай,  еңбек  заңдарында  бір  жасқа  дейінгі 

балалар  бар  əйелдер  жəне  балаларды  асырап  алған  əйелдер 

(еркектер)  үшін  жалақысы  сақталмайтын  қосымша  демалыс  беру 

көзделген.  Бұл  демалыстың  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін 

кез келген уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін. Осы 

еңбек  демалысының  тоқтатылу  күні  болып  сəбидің  бір 

жарым жасқа толған күні саналады. 

Қосымша  еңбек  демалысы  кезінде  жұмыс  орны  (лауазымы) 

сақталады.  Қызметкер  еңбек  демалысының  мерзімі  аяқталмастан 

жұмысқа шығуға құқылы. 

Қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  өзара  келісімі  болған 

жағдайда,  сəби  бір  жарым  жасқа  толғанға  дейін  оны  күтуге 

байланысты  жалақы  сақталмайтын  қосымша  еңбек  демалысын 

толығымен  немесе  жартылай  сəбидің  əкесі,  атасы,  апасы  немесе 

оны іс жүзінде күтуші өзге де туыстары пайдалана алады. 

Дəл  осындай  жеңілдік  жаңа  туған  сəбилерді  тікелей 

перзентханадан  асырап  алған  əйелдерге  (еркектерге)  қатысты  да 

белгіленген. 

Жасы бір жарым жасқа дейінгі балалары бар əйелдердің жалақы 

сақталмайтын  қосымша  еңбек  демалысы  жұмыстың  жалпы 

стажына,  сонымен  қатар  мамандығы  бойынша  стажға  да 

есептеледі.  Алайда,  бұл  демалыстың  уақыты  жыл  сайын  ақы 

төленетін  еңбек  демалысына  шығуға  құқық  беретін  жұмыс 

стажына саналмайды. 

 

«ҚР еңбек туралы» заңының 69-бабы 



 

Оқу демалысы 

 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау