Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет50/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134

1)  негізгі  жұмысынан  кейін  қосымша  қызметін  белгіленген 

жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс орындау; 

2)  ақысы  сақталмайтын  еңбек  демалысының  орнын  толтыру 

мақсатында істелген жұмыс; 

3) жұмыс уақыты нормаланбаған тұлғалардың жұмыс істеуі; 

4) жұмыстан сұрану үшін асыра істелген жұмыс.  

Заңдар  қызметкерлердің  келісімі  болған  жағдайда  жұмыс 

берушінің оларды кез келген мерзімнен тыс жұмыстарға тартуына 

рұқсат береді, ал жекелеген жағдайларда басшылық мерзімнен тыс 

жұмыстарды  қызметкердің  келісімінсіз  де  қолдануы  мүмкін.  Бұл 

жағдайлар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 51-бабында көзделген. 

Əрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік 

күн  ішінде  екі  сағаттан  (ауыр  дене  жұмыстарында  жəне  еңбек 

жағдайлары  зиянды  жəне  (немесе)  қауіпті  жұмыстарда – бір 

сағаттан)  аспауға  тиіс  (ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 50-бабы). 

Алайда, заңдарда бір күнтізбелік жыл ішінде рұқсат етілген 

мерзімнен тыс жұмыстар саны анықтамаған. 

Еңбек жағдайлары өте зиянды жəне өте қауіпті кезде мерзімнен 

тыс жұмыстарға тыйым салынады. 

Мерзімнен тыс жұмыстар үшін ақы бір жарым есе мөлшерінен 

кем төленбейді. 

Мерзімнен  тыс  жұмыстар  туралы  заңдар  бұзылған  жағдайда 

бұған  кінəлі  тұлғалар  белгіленген  тəртіп  бойынша  тəртіптік, 

əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Кейбір  қзыметкерлер  санаттары  үшін  (жауапты  қызметкерлер, 

еңбегін  есепке  алу  мүмкін  емес  немесе  жұмыс  уақытын  өздерінің 

еңбек  функцияларының  ерекшеліктерін  немесе  еңбектің  сипатын 

ескере отырып өз қалауымен пайдаланатын қызметкерлер, мысалы, 

орманшылар)  нормаланбаған  жұмыс  уақыты  (нормаланбаған 

жұмыс  күні)  белгіленеді.  Бұл  қызметкерлер  өндірістік  қажеттік 

туындаған  жағдайда  өздері  үшін  белгіленген  жұмыс  уақытынан 

тыс жұмысқа қосымша ақы төленбестен жəне бос демалыс күндері 

берілместен  тартылуы  мүмкін.  Соған  қарамастан,  мұндай 

қызметкерлер нормаланған – қалыпты немесе қысқартылған жұмыс 

уақытынан  кем  емес  уақытта  жұмыс  істеуі  қажет.  Асыра  жұмыс 

істеу  мерзімнен  тыс  жұмыс  ретінде  саналмайды  жəне  ол  үшін 

қосымша демалыс беріледі. 

Түнгі уақыттағы кезекшіліктер – бұл қызметкердің басшылықтың үкімі 

бойынша  ұйымда  жұмыстан  тыс  уақытта  кейінге  қалдырылмайтын 




мəселелерді  (мысалы,  мереке,  демалыс  күндері,  төтенше  жағдайлар  кезінде) 

жедел шешу жəне тəртіп сақтау үшін жауапты болуы. Кезекшілерге күзетші, 

вахтер, еден жуушы сияқты қызметкерлердің міндеттерін жүктеуге болмайды. 

Жұмыстан  тыс  уақыттағы  кезекшілікке  тек  ерекше  жағдайларда  айына  бір 

реттен жиі емес жол беріледі. 

Жұмыс уақытын өлшеу мақсатында жұмыс аптасы, жұмыс күні 

жəне жұмыс ауысымы түсініктері қолданылады. 

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 47-бабы 



 

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс 

аптасы  белгіленеді.  Бес  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде 

күнделікті 

жұмыстың 

(ауысымның) 

ұзақтығы 

жұмыс 

берушінің  актісімен  немесе  жұмыстың  ерекшелігін,  еңбек 

ұжымының  пікірін  ескеріп  жəне  жұмыс  аптасының 

белгіленген  ұзақтығын  сақтай  отырып,  жұмыс  беруші 

бекітетін ауысым кестесімен  белгіленеді. 

Өндірісінің  сипаты  мен  жұмыс  жағдайлары  бойынша  бес 

күндік  жұмыс  аптасын  енгізу  орынсыз  ұйымдарда  бір  күндік 

демалысы  бар  алты  күндік  жұмыс  аптасы  белгіленеді.  Алты 

күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың  ұзақтығы 

апталық норма 40 сағат болғанда -7 сағаттан аспауға, апталық 

норма 36 сағат  болғанда -6 сағаттан  жəне  апталық  норма 24 

сағат болғанда -4 сағаттан аспауға тиіс.

 

Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе 

ұжымдық 

шарттардың 

талаптарымен 

жұмыс 

беруші 

белгілейді. 

   


 

Қазіргі  кезде  екі  демалыс  күні  бар    бес  күндік  жұмыс  аптасы 

жұмыс  аптасының  негізгі  түрі  болып  табылады.  Бұл  ретте  жұмыс 

уақытының  апталық  нормасы (40 сағат, 36 сағат, 24 сағат)  бес 

күнге  бөлінеді,  сол  себепті,  күнделікті  жұмыс  уақытының 

ұзақтығы көбейеді. 

Соған  қарамастан,  жұмыс  аптасының  дəл  осы  түрі  еңбек  пен 

демалысты  тиімді  үйлестіруге  жəне  қызметкердің  толық  демалып, 

содан кейін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 

Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс беруші жұмыс аптасының 

ұзақтығын  сақтай  отырып,  күнделікті  жұмыс  уақытының 

ұзақтығын  өзі  анықтайды.  Бұл  ішкі  еңбек  тəртібінің  ережелерінде 

көрсетіліп,  жұмыс  берушінің  актісімен  бекітілуі  тиіс,  ал 



ауысымдық жұмыста – жұмыс беруші жұмыстың ерекшелігін жəне 

еңбек  ұжымының  пікірін  ескере  отырып  бекіткен  ауысым 

кестелерінде көрсетілуі тиіс. 

Жұмыс  ауысымы – бұл  заңға,  жеке  еңбек  немесе  ұжымдық  шартқа 

сəйкес  анықталған,  қызметкердің  тəулік  бойына  кестеге  сəйкес 

істейтін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығы. 

Егер  кəсіпорын  екі  немесе  одан  да  көп  ауысымда  жұмыс 

істейтін  болса,  онда  жұмыс  режимі  ауысым  кестесіне  сəйкес 

реттеледі. 

Бұл ауысым кестелері күшіне енгенге дейін 1 айдан кешіктірмей 

еңбек ұжымыны хабарландырылуы тиіс. Əдетте 40 сағаттық жұмыс 

аптасында 8 сағаттық  жұмыс  ауысымдары  белгіленеді.  Ауысым 

кестелері күшіне енгенге дейін еңбек ұжымында талқылануы тиіс. 

Ауысым кестелерін жасау кезінде қоғамдық көліктің жүру уақыты, 

мектепке  дейінгі  балалар  мекемелерінің,  мектептердің,  мəдени-

тұрмыстық  мекемелердің,  дүкендердің  жəне  т.б.  мекмелердің 

жұмысы сияқты факторлар ескерілуі тиіс. 

Əрбір 

ауысымның 



қызметкерлері 

өздерінің 

еңбек 

функцияларын  белгіленген  жұмыс  уақытының  ұзақтығында 



орындауға  міндетті.  Қызметкерлер  ауысым  бойынша  кезектесуді 

бірқалыпты  жүзеге  асыруы  тиіс.  Ауысымдардың  кезектесуі  əрбір 

апта  сайын  ауысым  кестесінде  белгіленген  сағаттарда  жүргізілуі 

тіис. 


Алты  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күнделікті  жұмыстың 

ұзақтығы  апталық  норма 40 сағат  болғанда – 7 сағаттан  аспауға, 

апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан жəне апталық норма 

24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс. 



Жұмыс  уақытының  режимі.  Жұмыс  уақытының  режимі 

ретінде жұмыс уақытын тəуліктер немесе өзге де күнтізбелік кезең 

ішінде  бөлу  тəртібі,  күнделікті  жұмыстың  басталу  жəне  аяқталу 

уақыты,  күнделікті  демалуға  жəне  тамақтануға  арналған  үзілістің 

басталу  жəне  аяқталуы  танылады.  Жұмыстың  жəне  үзілістің 

басталу  жəне  аяқталу  уақыты  жұмыс  берушінің  актісімен 

белгіленеді  жəне  ішкі  еңбек  тəртібінің  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады. 

Заңдарға  сəйкес  жұмыс  уақытын  күндік,  апталық  жəне 

жинақталған  есепке  алумен  байланысты  режимдерді  ажыратуға 

болады. 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау