"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 201,84 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі201,84 Kb.
#17750
түріРегламент

Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ А-2/48 қаулысымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер



      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысы хаттамасынан үзінді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау



      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен (бұдан әрі – инвестор) ұсынылған құжаттар, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) оператор:
      инвесторлардан құжаттарды алғаннан кейін олардың толықтығын тексереді және басқарма басшысы орынбасарының лауазымынан төмен емес қызмет атқаратын басқарма өкілінің төрағалық етуімен және басқарма өкілдерінен тұратын басқарма тарапынан құрылған сараптамалық комиссия (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор инвесторды қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді – 7 жұмыс күні; 
      инвестор жетіспейтін құжаттарды бермеген жағдайда, өтінімді қарайды және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолдайды – 7 жұмыс күні; 
      2) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, инвестор ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, субсидиялар есептемелерін жасайды және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындайды – 7 жұмыс күні; 
      3) оператор:
      сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасының келісімімен белгілейді – 3 жұмыс күні;
      сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны барлық материалдарды электрондық тасығышта қоса бере отырып, оның мүшелеріне жолдайды – 5 жұмыс күні; 
      4) комиссия отырыс кезінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда, комиссия даулы мәселелер болған кезде қосымша құжаттарды сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады – 7 жұмыс күні;
      5) басқарма:
      комиссия өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін хаттама құрастырады – 1 жұмыс күні;
      комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасын хаттамаларды тіркейтін тиісті журналға тіркейді – 3 жұмыс күні;
      комиссия отырысы хаттамасынан үзінді дайындайды және операторға жолдайды – 2 жұмыс күні;
      6) оператор инвесторларға комиссия отырысы хаттамасынан үзіндіні жолдайды – 1 жұмыс күні.
      6. Төмендегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жіберу. Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор инвесторды қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді;
      2) өтініштерді қарау және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолдау;
      3) оператордан келіп түскен өтініштерді қарау, инвестор ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексеру, субсидиялар есептемелерін жасау және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындау; 
      4) комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күнін белгілеу;
      5) комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны барлық материалдарды электрондық тасығышта қоса бере отырып, оның мүшелеріне жолдау;
      6) келіп түскен құжаттарды қарау және өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау. Қажет болған жағдайда комиссия даулы мәселелер болған кезде қосымша құжаттарды сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады; 
      7) хаттаманы құрастыру;
      8) хаттамаға қол қою және оны тіркеу;
      9) комиссия қорытындысы отырысының хаттамасынан үзіндіні дайындау және операторға жолдау;
      10) инвесторларға комиссия отырысы хаттамасынан үзіндіні жолдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау



      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) оператор;
      2) сараптамалық комиссия;
      3) комиссия;
      4) басқарма.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы өзара әрекет ету реттілігін сипаттау:
      1) оператор:
      инвесторлардан құжаттарды алғаннан кейін олардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, оператор инвесторды қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді – 7 жұмыс күні; 
      инвестор жетіспейтін құжаттарды бермеген жағдайда, өтінімді қарайды және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолдайды – 7 жұмыс күні; 
      2) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, инвестор ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, субсидиялар есептемелерін жасайды және жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық комиссияның қорытындысын дайындайды – 7 жұмыс күні; 
      3) оператор:
      сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күнін комиссия төрағасының келісімімен белгілейді – 3 жұмыс күні;
      сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны барлық материалдарды электрондық тасығышта қоса бере отырып, оның мүшелеріне жолдайды – 5 жұмыс күні; 
      4) комиссия отырыс кезінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда, комиссия даулы мәселелер болған кезде қосымша құжаттарды сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады – 7 жұмыс күні;
      5) басқарма:
      комиссия өтінімді мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту не болмаса инвестордың қойылған шарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін хаттама құрастырады – 1 жұмыс күні;
      комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және комиссия отырысының хаттамасын хаттамаларды тіркейтін тиісті журналға тіркейді – 3 жұмыс күні;
      комиссия отырысы хаттамасынан үзінді дайындайды және операторға жолдайды – 2 жұмыс күні;
      6) оператор инвесторларға комиссия отырысы хаттамасынан үзіндіні жолдайды – 1 жұмыс күні.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін нақтылы сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.



 

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі
инвестициялық салынымдар кезінде
жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің
орнын толтыру бойынша субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




жүктеу 201,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау