Түтін – бұл газ, бу және қатты бөлшектерден тұратын ауаның және жану өнімдерінің дисперсті жүйесі. Бөлінген түтін көлемі, оның тығыздығы және улылығы жанғыш материал қасиеті мен жану процесінің өту жағдайына байланысты.
Өртте түтін түзілу өрттің барлық ауданынан бөлінетін түтін мөлшерімен алынады, м3/с. Ол мына қатынаспен анықталуы мүмкін:
мұндағы φ – пропорционалдық коэффициенті; Vm – жанудың массалық жылдамдығы; Vп.г – бір килограмм жанғышты жандыру кезінде түзілген жану өнімдерінің көлемі, м3/кг; Тд және То – түтін және қоршаған орта температурасы, К.
Ғимараттар мен бөлмелердің түтіндену процессі жану кезінде түзілген және ғимараттан жойылатын Vуд түтін мөлшеріне тәуелді. Егер бұл айырмашылықты бөлме көлеміне W теңестірсек, түтіндену қарқындылығын аламыз, м3/(м3с):
(1.9)
мұндағы W – бөлме көлемі, м3; z – түтін концентрациясы (пайыз үлесінде).
Бөлме көлемінен басқа, осы формулаға кіретін барлық шамалар уақыт аралығында өзгереді. Сондықтан да практикалық есептеулер үшін, берілген мәндерді дифференциалды түрде жазып алу қажет. Онда бөлмедегі түтін концентрациясына сүйене отырып, өрт анализі немесе белгілі бір объектінің жедел құжаттарын өңдеу кезінде жеңілдік береді.
Түтін концентрациясы – бұл бөлме көлеміндегі жану өнімдерінің мөлшері. Оны зат мөлшерімен сипаттауға болады г/м3, г/л немесе көлем үлесінде.
Түтін тығыздығынан көру қабілеттілігі экспериментальды жолмен дәлелденген, мысалы, егер заттар 3м арақашықтықта 21 Вт топтық шамның жарықтандырылуымен көрінсе (көміртегінің қатты бөлшектері 1,5 г/м3)– түтін оптикалық тығыз; 6 м дейін (0,6–1,5 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін орта оптикалық тығыз; 12 м дейін (0,1–0,6 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін оптикалық әлсіз.
Өрттегі газ алмасу – бұл жану кезінде жылу бөлінумен шақыртылған газ тәрізді массалардың қозғалысы. Газдар қызған кезде, олардың тығыздығы төмендейді, және олар суық атмосфералық ауаның тығыз қабаттарымен шығарылады және жоғарыға көтеріледі. Жалын факелының негізінде жану аймағына ауа ағынының енуіне қабілетті сирету пайда болады, ал жалын факелының үстінде – артық қысым. Ашық кеңістіктерде және үлкен емес ауданды бөлмелерде газ алмасу аэродинамика заңы негізінде өткізіледі, және газ алмасу процесін қарастыру арнайы білімдерді қажет етеді.
Бөлме ішіндегі өрт кезінде, газ алмасу процессі термодинамикалық параметрлер көлемінде (Рτ, r, Тτ – қысым, тығыздық, температура) табиғи газ алмасу заңының негізінде базаланады.
Бөлмедегі газ алмасу процесіне бөлме биіктігі, ойықтардың геометриялық өлшемдері, жел бағыты мен жылдамдығы көп әсер етеді.
Өртте газ алмасу процесі бөлмелерде, сонымен қатар ғимараттарда да түтінденуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өртте газ ағындарын басқару бойынша ұйымдастыру жұмыстары ғимараттар мен қос бөлмелерде түтінденуді тоқтатуға қабілетті, ол өртті жою және тоқтату жұмыстарын жеңілдетеді.
Сур. 1.1. Өрттегі жылу берілу
Өртте болатын ең басты процесстердің бірі жылу алмасу болып табылады. Жану кезіндегі бөлінетін жылу, біріншіден, өрттегі жағдайды қиындатады, екіншіден, өрттің даму себептерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, жану өнімдерінің қызуы, газ ағындарының қозғалысын тудырады (жану аймағының жанында орналасқан бөлмелер мен территориялар).
Жану реакциясының аймағында қанша жылу бөлінсе, сонша ол одан шығарылады. Түсіндірме ретінде (сур 1.1) қызмет етеді.
Qоб = Qг + Qср, (1.10)
мұндағы Qоб – жануға дайындалған жанғыш заттардың жылу шығыны; Qср – жану аймағынан қоршаған кеңістікке жылудың өтуі.
Жанудың жалғасуы үшін жылудың белгісіз бөлігі қажет етіледі. Бөлінетін жылудың барлығы 3 % дейін сәулелену жолымен жанып жатқан заттарға және булануға беріледі. Бұл жылу мөлшерін өрт кезіндегі жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін тоқтату және сөндірудің нормативты параметрлерін анықтау кезінде қолданады.
Сыртқы ортаға берілетін жылу өрттің таралуына жағдай жасайды, температураның жоғарылауын, конструкциялардың деформациясын тудыртады және т.с.с.
Өрттерде жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Осылайша, бұл әдіспен резервуарда бензиннің жануы кезінде жылудың 57–62 % беріледі, ал орман штабельдері жанғанда 60–70 %.
Әлсіз жел кезінде жылудың көп бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарына беріледі. Қатты жел кезінде жағдай қиындай түседі, өйткені қызған газдар ағыны көлденең таралады.
Ішкі өрттер кезінде (яғни қоршаулардағы өрттер) сыртқы өрттерге қарағанда жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Ғимараттар ішіндегі өрттер кезінде жану өнімдері корридорлар, саты торлары, лифт шахталары, вентканалдар бойымен қозғала отырып, жылуды кездескен конструкциялар мен материалдарға береді. Мынаны ескеру қажет, конвекционды ағыстар жылдамдығы мен жану өнімдерінің қызу температурасы жоғары болған сайын, жылу қоршаған ортаға соғұрлым көп беріледі.
Ішкі өрттер кезінде жылу жанып жатқан бөлмеден қорғағыш конструкциялар, металл құбырлар, балкалар арқылы көршілес бөлмелерге өтеді. Резервуарларда сұйықтықтар өрті кезінде жылу қара мұнай өнімдерінің лақтырылуы мен қайнауын тудырта отырып, төменгі қабатпен беріледі.
Сур. 1.2. Сәулеленудің қарқындылық бағыты
Жылудың сәулеленумен берілуі сыртқы өрттер үшін тән. Жалын беті үлкен болған сайын, оның қаралық дәрежесі соғұрлым төмен, жану температурасы жоғары болған сайын, жылу соғұрлым көп беріледі. Қуатты сәулелену газмұнай фонтандары, резервуарларда ЖТС және ЖС, орман штабельдерінің жануы кезінде байқалады. Бұл жағдайда жылудың 30-дан 40 % - дейін үлкен арақашықтарда беріледі.
Ең қарқынды жылу жалын факеліне беріледі, иілу бұрышының ұлғаюынан жылудың қарқынды берілуі төмендейді (сур. 1.2).
Қоршаулардағы өрттер кезінде сәулелену қимылы жанып жатқан бөлмелердегі құрылыс конструкциялары және жылу экраны тәрізді түтіндеумен шектеледі. Жану аймағынан алыстатылған участоктарда сәулеленудің жылулық әсері өрттегі жағдайға әсер етпейді. Бірақ, жану аймағына жақын болған сайын, оның жылулық әсері қауіптірек болады.
Практика көрсеткендей, 80–100 °С тең құрғақ және 50–60 °С ылғал ауа температурасы кезінде, адам арнайы жылу қорғағышсыз тек саналған минуттар аралығында жүре алады. Ең жоғарғы температура және бұл аймақта ұзақ уақыт бойы болу, жылулық соққыға, естен тануға және өлімге душар етеді.
Түсетін жылулық ағын жалын факелы мен объект арасындағы қашықтыққа тәуелді. Бұл параметрмен сәулеленуші объект үшін қауіпсіз жағдай байланысты.
Сур. 1.3. Өрттегі аймақтар:
1 – жану аймағы;
2 – жылулық әсер аймағы;
3 – түтіндену аймағы.
Кейбір материалдар үшін жіберілетін жылулық ағын тығыздығы мен температурасы анықтамалық әдебиеттерде көрсетілген. Мысалы, адам үшін сәулеленудің шекті қарқындылығы 1050 Вт/м; адамның қорғалмаған дене бөлігінің қызу температурасы 40 °С аспауы тиіс. Өрт сөндірушінің жауынгелік киімі үшін 7500 Вт/м және 393 °С тең.
Бөлмедегі өрттер кезіндегі жанғыш газдар, жалын факелы және қорғағыш конструкциялардың жылу алмасу процесі бір мезгілде жылулық сәулелену, конвекция және жылу өткізгіштікпен жүзеге асырылады.
Ішкі өрттерде сәулеленумен берілетін жылу бағыты конвекцияның жылу беруімен сәйкес келмейді, сондықтан да бөлмеде қорғағыш конструкциялардың беттік аймақтарына ғана әсер ететін аймақтар болуы мүмкін.
Өрттің аймақтары мен стадиялары
Өрт дамитын кеңістік үш аймаққа бөлінеді: жану, жылулық әсер және түтіндену (сур. 1.3).
Жану аймағы деп, жалынның диффузионды факелінде термиялық ыдырау процесстері немесе жанғыш заттар мен материалдар (қатты, сұйық, газ, бу) булануы өтетін кеңістікті айтады. Жану жалынды (гомогенді) және жалынсыз (гетерогенді) болуы мүмкін. Жалынды жану кезінде жану аймақтарының шектері жанғыш материал беті және жалынның жұқа қабаты болып табылады, жалынсыз – жанғыш заттың қызған беттігі.
Сур. 1.4. Өрттегі жану аймақтары:
а – ашық кеңістікте;
б, в – қоршауларда.
Жалынсыз жанудың мысалы ретінде кокстың, ағаш көмірінің жануы, талшықтардың, торфтың бықсуы бола алады.
Жалынды жану аймақтарының шегі сызба түрінде сур. 1.4 (а. б. в) көрсетілген.
Жылулық әсер аймағы жану аймағының шектеріне қосылады. Кеңістіктің бұл бөлігінде жалын бетінің, қоршаған қорғағыш конструкциялар және жанғыш материалдар арасында жылу алмасу процесстері өтеді. Қоршаған ортаға жылудың берілуі жоғарыда қарастырылған әдістермен жүзеге асады: конвекция, сәулелену, жылуөткізгіштікпен.
Түтіндену аймағы адамдардың дем алу органдарының қорғау құралдарынсыз келуі және көру қабілетінің жетіспеушілігінен өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды қиын орындалуымен түсіндірілетін, жану аймағына қосылатын кеңістік.
Ғимараттар мен имараттардағы өрттер кезінде өрттің қауіпті факторлары түтіндену аймағында қалып қойған адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке құрамның жауынгерлік жұмыстарды орындау қиындығы болып табылады. Бұдан басқа, түтінденген бөлмелердегі жеке құрам жұмысы белгілі дағдыларды, жоғары физикалық және психологиялық дайындықты қажет етеді.
Түтіндену аймағына жылулық әсер аймағы жатады.
Түтіндену аймағының шектері деп түтін тығыздығы 1-10-4÷6-10-4 кг/м3 құрайтын, заттар көрінуі 6-12 м, түтіндегі оттегі концентрациясы 16% және дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз адамдардың өмірі мен денсаулығына улы газдар қауіп төндірмейтін шектер саналады.
Өрт кезінде жану аймақтарының шегін орнату мүмкін емес, өйткені олар әрдайым өзгеріп отырады.
Өрттің даму процессінде үш стадияны ажыратады: бастапқы, негізгі(дамыған) және соңғы. Бұл стадиялар өрттің қай жерде өткеніне байланысты емес: ашық кеңістікте немесе бөлмеде.
Бастапқы стадияға өрттің жану көзінен дамуы сәйкес келеді; бөлме толығымен жалынмен қамтылған сәтке дейін. Бұл стадияда бөлмедегі температураның өсуі және онда газ тығыздығының төмендеуі өтеді. Бұл жағдайда ойықтар арқылы газдардың жойылуы, келетін ауа мөлшерінен жоғары.
Өрттің бастапқы стадиясында ауа және бөлмедегі жану өнімдері көлемде өзгереді, бірнеше ондық паскальге дейін артық қысым пайда болады, оның нәтижесінде газ қоспасы құрылыс конструкцияларының, терезе, есік және басқа да саңылаулар арқылы сыртқа шығады. Жану концентрациясы біртіндеп төмендейтін бөлмедегі ауа оттегісімен әрекетке түседі. Егер бөлме қоршаған ортадан оқшауланған болса, мысалы терезе ойықтарының шынылануы бұзылмаса немесе мүлдем жоқ болса, есіктер тығыз жабық болса, жану процесінің дамуы баяулайды немесе мүлдем тоқтатылады. Кері жағдайда өрттің бастапқы стадиясында жану белгілі бір бөлме ауданына таралады, конструкциялар мен материалдар қыздырылады, бөлменің орта көлемді температурасы 200–300 °С дейін көтеріледі, түтінде көміртегінің оксид және диоксид құрамы өседі, қарқынды түтін бөліну өтеді және көру қабілеттілігі төмендейді. Бөлменің көлемі, оның герметизация дәрежесі және өрт ауыртпалығының таралуына байланысты өрттің бастапқы стадиясы 5–40 мин жалғасады. Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минуттан кейін пайда болады.
Өрттің бұл стадиясы, ереже бойынша, құрылыс конструкциялардың от төзімділік дәрежесіне әсер етпейді, температурасы төмендеу болғандықтан.
Жалынның сызықты таралу жылдамдығының шамасы тұрақсыз және көптеген факторларға, сол сияқты өрт даму стадиясына тәуелді болғандықтан, сөндірудің күштері мен құралдарын есептеудің өрт геометриялық параметрлерін практикалық есептеу кезінде жабық бөлмелердегі дамудың алғашқы 10 минутында ол 0,5 коэффициентімен алынады. Өрт дамуының сызықты жылдамдығы бастапқы стадиядағы жану процесіне қарағанда екі есе баяу жүреді.
Бөлменің өрт дамуының негізгі стадиясына орта көлемді температураның максимумға дейін жоғарылауы сәйкес келеді. Бұл стадияда, жанғыш заттар мен материалдардың көлемді массасының 80–90 % жанып кетеді, бөлмедегі газдар тығыздығы мен температурасы уақыт аралығында біршама өзгереді. Өрт дамуының берілген режимы квазистационарлы (орнатылған) деп аталады, бұл жағдайда бөлмеден шығарылатын газдар шығыны келетін ауа ағынына және пиролиз өнімдеріне тең.
Өрттің соңғы стадиясында жану процессі аяқталады және температура біртіндеп төмендейді. Шығарылатын газдар мөлшері, жану өнімдерінен және келетін ауа мөлшерінен төмен болады.
Өрттегі газалмасу
Өртті сөндіруде газ ағындарымен басқару жедел-тактикалық іс-қимылдардың ең негізгісі болып табылады, ол өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын табысты жүргізу мақсатында орындалады.
Өртте газ алмасудың өзгеру көмегімен түтіндену аймақтарының өлшемдерін азайтуға, жану бағытын өзгертуге, жану аймағында өтетін процесстер жылдамдығына әсер етуге болады.
Газ алмасу қарқындылығын, жану аймағына келетін ауа ағынының жылдамддығымен түсіндіруге болады. Қызған жану өнімдері, реакция аймағында бөлмеге енетін ауа тығыздығымен салыстырғанда артық қысымды тудырта отырып, жоғарыға көтеріледі. Бөлменің төменгі бөлігінде тотығу реакциясына қатысатын ауадағы отттегі қысымының парционалды өзгеруінен, сирету пайда болады. Қысым сыртқы бөлме көлеміне немесе көршілес жанып жатқан бөлме қысымына тең бөлме биіктігі тең қысымдар деңгейі деп аталады. Осы бөлме деңгейінің жоғары бөлігі түтінмен толтырылса, төменгісі – жану өнімдерінің концентрациясы, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз жұмыс істеуге бөгет келтірмейді. Егер тең қысымдар деңгейінде бөлмеде шартты тығыздықты өткізсек, онда оны тең қысымдар тығыздығы деп атауға болады. Жану аймағына таза ауаны енгізіп тұрған ойық жану өнімдерін сыртқа шығару сәті басталады, бұл жұмыс аймағын қиындатады.
Тең қысымдар деңгейінің түсіріруі, өрт бөлімшелері жеке құрамының дұрыс емес іс-қимылдарынан басталуы мүмкін. Мысалы, келетін және шығарылатын ойықтар аудандарының бұзылуынан, жауынгерлік қанат жаю және оқпаншылардың жану ошағына өтуін қиындатады.
Тең қысымдар деңгейі төмен орналасқан сайын, соғұрлым түтіндену аймағы көп көлемді алады, жану өнімдерінің қос бөлемелерге таралу қауіптілігі пайда болады.
Өрттермен табысты күресу үшін, өрт бөлімдерінің жеке құрамы өртте газ ағындарымен басқару әдістерін жетік білулері тиіс.
Олардың алғашқысын ғимарат аэрациясының өзгеруі деп атауға болады, яғни ғимараттағы терезе, есік, қоршағыш конструкциялардағы саңылауларды ашу және жабу.
Тең қысымдар деңгейі әрдайым тартпалы немесе енетін ойықтар аудандарына жақын орналасады. Сәйкесінше, өрт сөндіру жағдайларында, бөлмедегі тең қысымдар деңгейін реттеуге, түтіннен бос жұмыс аймағын жасауға болады. Бірақ, мынаны ұмытпау қажет, бдөлмедегі шығармалы және тартпалы ойықтар белгілі бір қатынаста орналасуы тиіс. Мысалы, шығармалы ойықтар үстінде тартпалы ойықтар ауданының өсуі бөлменің іші және сыртындағы қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл мақсатта шығармалы ойықтар уаданы тартпалы ойықтар ауданынан 1,5-2 есе көп болуы ұсынылады. Жауынгерлік жағдайда бұл қатынас тең қысымдар деңгейімен байқалады және бөлменің қоршағыш конструкцияларында қосымша саңылауларды жасаумен реттеледі.
Егер де өрт жағдайында қосымша төменгі ойықтар арқылы күшиер мен құралдардың енгізілуі қажет етілетін болса, жоғарыда ұсынылған қатынастармен жоғарғымойықтарды үлкейту қажет.
Өрт түтін сорғыштарын желдетумен қолдану, екінші әдіс болып табылады. Соңғылардың қолданылуы қорғалатын объектте өңделетін жедел-тактикалық құжаттарда айтылуы тиіс.
Қозғалмалы желдету қондырғылары өрттің түрлі мүмкін нұсқауларында қолданылады: жанып жатқан бөлмеге таза ауаны жіберу; жанып жатқан бөлмеден жану өнімдерін шығару; түтін сорғыштарды қиылыстырып қолдану, яғни олардың бір бөлігін жанып жатқан бөлмеге ауаны кіргізу үшін қолдану, ал қалған бөлігін – одан түтінді шығаруға.
Сур 1.5. Түтін сорғыштардың жұмыс істеу сызбасы:
а)бөлмеде бір ойықтың бар болуы кезінде;
б) бөлмеде бірнеше ойықтың бар болуы кезінде.
Үшінші әдіс өрт бөлімшелері жеке құрамының сәйкес от сөндіргіш заттарды қолданумен қорытындыланады. Мысалы, бөлмелердегі өрттерде газ тәрізді массалардың қозғалыс бағытын ойықтардағы ұстатқыштармен өзгертуге, түтіннің таралуын болдырмас үшін орташа және жоғары қысқалықты ауа-механикалық көбікті қолдануға болады. Көбік түтінді бөлмеден шығару үшін де кең қолданылады. Бірақ бұл әдісті орындау кезінде бөлмеге оның бөгетсіз кіру шараларын қарастыру қажет.
Сөндіру процесінде өрт бөлімшелерінің жеке құрамы шашыранды суды жиі қолданады. Бұл жағдайда түтінде орналасқан көміртегінің қатты бөлшектері ылғал әсерінен қоршалады, бөлме температурасы төмендейді, кейбір суда ерігіш улы жану өнімдерінің концентрациясы азаяды, ал бұл, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге қолайлы болып табылады.
2.2 Өрттердің дамуы
Жану ауданының өзгеру белгісі бойынша өрттерді таралатын және таралмайтын деп бөлуге болады.
Өрттер өлшемі және материалдық шығыны, ұзақтылығы және басқа да ұқсастық пен айырмашылықтар бойынша топтастырылады.
Бұдан басқа, топтастыруда жеке топшаны атап өту қажет, ашық кеңістіктегі өрттер – массалы өрттерді, ол жанғыш материалдар ірі қоймаларында және өнеркәсіп өндірістеріндегі болатын өрттер жиынтығымен түсіндіріледі. Жеке өрттер, жеке ғимараттар мен имараттардағы өрттермен жобаланады. Бір участокта ғимараттар мен имараттардың қарқынды жануы жаппай өрт деп аталады. Әлсіз жел немесе ол мүлдем болмаған кезде жаппай өрт отты шабуылға ауысуы мүмкін. Отты шабуыл – бұл турбулентті жалын факелы жану өнімдерінің қуатты конвективті колонкаларымен 14-15 м/с жылдамдығымен шығарылатын өрттің негізгі формасы.
Қоршаулардағы өрттерді екі түрге бөлуге болады: ауа алмасумен және өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер.
Ауа алмасумен реттелетін өрттер бөлменің газды ортасында оттегі құрамының өтуімен және жанғыш заттар мен материалдардың артып қалуымен түсіндіріледі. Бөлмедегі оттегі құрамы оның желдету шарттарымен анықталады, яғни өрттің бөлмеге механикалық желдету жүйелерімен және ауа шығыны немесе шығармалы ойықтар ауданымен.
Өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер бөлмеде артық ауа оттегісінің өтуі және өрт ауыртпалығынан өрттің даму тәуелділігімен түсіндіріледі. Бұл өрттер, өздерінің параметрлері бойынша ашық кеңістіктегі өрттерге жақындайды.
Қоршауға әсер ету сипаты бойынша өрттер жергілікті және көлемді болып бөлінеді.
Жергілікті өрттер қоршаулардағы әлсіз жылу әсерімен сипатталады және жануға қажетті артық оттегі кезінде дамиды, және жанғыш заттар мен материалдар, олардың күйі мен бөлмеде орналасуына тәуелді.
Көлемді өрттер қоршаулардағы қарқынды жылу әсерімен сипатталады. Желдетумен реттелетін көлемді өрт үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатты, жану процесі ауа оттегісінің артық қысымы кезінде өтеді және ашық кеңістіктегі жану жағдайларына жақындайды. Өрт ауыртпалығымен реттелетін көлемді өрттер үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатсыз.
Қоршаулардағы көлемді өрттерді ашық өрттер деп аталады, ал есік және терезе ойықтары жабық кезінде өтетін жергілікті өрттерді – жабық деп атайды.
Түрлі айырмашылық және ұқсастық белгілері бойынша келтірілген өрттер топтастырылуы шартты болып табылады, өйткені өрттер өзінің даму барысында бір класс, түр, топ түрінен басқаға өтуі мүмкін. Бірақ өрт сөндіру практикасы үшін, қарастырылған топтастырылу қажет, өйткені жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін, от сөндіргіш заттар түрін, өрттің даму сәтінде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Өртті сөндіру кезінде мүмкін болатын жағдайлар:
көмекті қажет ететін адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдің пайда болуы;
бөлмелердің қиын жоспарлануы;
оттың конструкциялар, канал, желдету және пневмотранспорт жүйелері бойымен, терезе ойықтары, лоджия, балкондар, жанғыш материалдар, технологиялық құрылғылар арқылы көлденең және тік бағытта таралуы;
температураның тез өсуі және жылу ағындарының ашық ойықтар арқылы орын ауыстыруы;
заттар мен материалдардың термиялық ыдырауы нәтижесінде газоауалы және буауалы қоспалардың түзілуі;
түтін, улы өнімдердің бөлінуі және олардың тез таралуы;
электр кернеуінің астындағы құрылғылардың бар болуы;
ҚӘУЗ, бактериялық зақымдалу, жарылысты және радиоактивті заттар мен материалдардың бар болуы;
жоғары қысымды баллондар, ыдыстар, аппараттардың бар болуы;
технологиялық құрылғы, ғимараттар мен имараттардың конструктивті элменттерінің деформациялануы және бұзылуы;
ғимараттарда материалды, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы;
2.3 Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты
Өрт сөндіру – бұл өртке қарсы қызмет жеке құрамының жауынгерлік тапсырмасының құрама бөлігі. Өрт сөндіру табыстылығы мынадай жағдайларда жүзеге асады: өртте шешуші бағытты дұрыс анықтау, күштер мен құралдарды уақытында жұмылдыру, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын басқара білу, жоғары тактикалық білімділік, шешуші бағытта белсенді және шешуші іс-әрекеттер.
Өрт сөндіру - өртті жоюға және мүліктер мен адамдарды құтқаруға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрт сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі функциясы болып табылады.
Өртте отты тоқтатудың негізгі әдістері:
жану аймағын отсөндіргіш заттармен немесе жанғыш материалдарды араластыру арқылы суыту;
жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды от сөндіргіш заттармен араластыру;
жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды жану аймағынан от сөндіргіш заттар және құралдармен оқшаулау;
от сөндіргіш заттармен жану реакциясын химиялық тоқтату.
Жану аталған әдістерді қолдануымен тоқтатылады.
Берілетін от сөндіргіш заттарды таңдау жауынгерлік тапсырмамен талап етілген жанғыштың физико-химиялық қасиеттерімен, жануды тоқтататын және басқа жағдайлармен анықталады.
Жауынгерлік тапсырманы орындау үшін, қажетті берілетін от сөндіргіш заттар шығыны және мөлшері өрттің даму негіздері және оны сөндіруді ұйымдастырумен, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерімен, қолданылатын өрт техникасының тактико-техникалық сипаттамасымен шартталған және оларды беру қарқындылығымен, сол сияқты өрт сөндірудің практикалық тәжірибиесі негізінде анықталады.
Егер жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындау үшін от сөндіргіш заттар жетіспесе, қотару әдісі, өрт автокөліктерімен немесе өрт сөндіру мақсатындағы техникалармен және от сөндіргіш заттарды басқа да әдіс-тәсілдермен оларды өрт орнына жеткізу ұйымдастырылады.
Өрт сөндіру екі кезеңнен тұрады:
жануды тоқтату;
жануды жою.
Өртте жануды тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
талап етілетін күштер мен құралдарды уақытында енгізу және жұмылдыру;
оқпаншылардың позицияға дереу шығуы және олардың білгірлік әрекеттері;
өртке қарсы бөліктерді құру;
от сөндіргіш заттарды үздіксіз берумен.
Өртте жануды жою мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
жануды тоқтатуда енгізілген күштер мен құралдарды отқа шешімді түрде бағыттау;
оқпан әдістерін білу;
өртті жою барысында өрт ауданының тереңдігініне орын ауыстыру;
тоқтатуда берілген отсөндіргіш заттарды сол мөлшерде беру.
Өртке келген өртке қарсы қызметінің бөлімшелері енгізілген күштер мен құралдарға сүйене отырып, өртті қысқа уақыт аралығында жоюы тиіс.
Жауынгерлік есепте жаңа өрт автокөліктерінің, тиімді от сөндіргіш заттардың, жеке құрамның дем алу органдарының қорғау құралдарының пайда болуынан, өрт сөндіру тактикасы белсендірек болып табылады.
Бұл өрт бөлімшелерінің жұмыс уақытын қысқартады, жауынгерлік қанат жаю ұзақтылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Өрт бөлімшелерінің өртке келу сәтінен бастап, от сөндіргіш және техникалық құралдарды бір уақытта қолдану арқылы өртке әсер ету белсенділігі жүзеге асырылады.
Төмен және орта қысқалықты көбіктердің, суландырғыш және қоюландырғыш түріндегі су қоспаларының пайда болуы өрт сөндіру тактикасының дамуына оң нәтиже берді. Өз кезегінде, жаңа от сөндіргіш заттардың пайда болуы, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуын қажет етті: көбік генераторларын, турбиналы типті шашыранды оқпандарды, әр түрлі көбік көтергіш түрлерін және т.с.с.
Өрт сөндіру табыстылығы сөндіруге қатысушылардың біркелкі шабуылды қимылдарымен жүзеге асады және шешуші бағытта бірінші оқпанды уақытында енгізуіне тәуелді.
Өртте жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты негізгі жауынгерлік тапсырманы шешу жағдайындағы өртке қарсы қызметінің күштер мен құралдарды қолдануын қамтамасыз ету бағыты болып табылады.
Өртке бірінші болып келген бөлімше бастығы, бірінші бөлімшенің барлық күштерін адамдарға көмек көрсетуге және қосымша күштер мен құралдарды енгізуге бағыттауы тиіс.
Өрт сөндіруде екі кезеңді атап өтуге болады, яғни өртті жою және тоқтату.
Адамдар мен жануарларға қаупі жоқ, ал өрт дамуы қолда бар күштер мен құралдармен шектелген болған жағдайда, өрт жойылған деп саналады.
Жану тоқтағанда және жанудың қайта жануын болдырмайтын шаралар қолданылса, өрт тоқтатылған деп саналады.
Тоқтату кезеңіне бірінші сөндіру құралдарын енгізу сәтінен, өрттің алдағыда таралуы тоқтатылған сәтіне дейінгі уақыт аралығы сәйкес келеді, яғни сызықты таралу жылдамдығы нөлге тең.
Өртті тоқтату анықтамасынан көрініп тұрғандай, ол тек оттың алдағыда таралуын тоқтатпайды, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігін, жарылыс қаупін және конструкциялардың бұзылуын қарастырады.
Өртті тоқтатудың жалпы ұзақтылығы қорғау қимылдарына және шабуылға жұмсалған уақытымен алынады. Оларға жататындар: оттың барлық таралу бағыттарына өрт сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды енгізу, от сөндіргіш заттарды үздіксіз беру, көшіру, конструкцияларды ашу және бұзу, түтінмен күрес шараларын жүзеге асыру, барлау нәтижелері немесе жағдайдың өзгеруі бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды түзету.
Тоқтату кезеңінде бөлімшелердің шабуыл қимылдарының ұйымдастырылған деңгейімен әрдайым күресе біл керек.
Өрт сөндіру маңыздылығын анықтау үшін бұл процессті басқару жүйесі ретінде қарастырамыз (сур.1.).
Өрт сөндіру жүйесінің принципиалды сызбасы (сур. 1) келтірілген, ол үш элементтен тұрады:
П - өрт (жұмыс объектісі);
ПП – бөлімшелер (күштер мен құралдар);
РТП - өрт сөндіру басшысы.
Сур 1. Өрт сөндіру жүйесінің принципиалды сызбасы: τдейст. РТП – шешімдерді өңдеу және бөлімшелер алдына тапсырмаларды қою бойынша өрт сөндіру басшысының қимылдары; τдейст. ПП – ӨСБ бұйрықтарын орындау үшін сөндіру құралдарын қолдану бойынша бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары.
1 суреттен көрініп тұрғандай, өрт сөндіру ӨСБ және оған бағынатын бөлімшелердің біркелкі қимылдары нәтижесінде жүзеге асады. Бұл қимылдар бастапқыда тоқтатуға бағытталған, ал содан кейін түрлі сөндіру құралдарын пайдалану жолымен жоюға бағытталған.
Өртті тоқтатудың негізгі шарты болып табылады:
мұндағы QФ, IФ – өрттегі от сөндіргіш заттың қарқындылығы және нақты шығыны, л/с және л/см2; QТР, IТР – өрттегі от сөндіргіш заттың қарқындылығы және қажетті шығыны, л/с және л/см2; – өрт ауданының өсу жылдамдығы, м2/мин.
Өртті жою тоқтату сәтінен жану толық тоқтатуға дейінгі уақыт аралығына сәйкес келеді. Бұд кезең үшін негізгі шарттар мінездемелі: жанудың толық тоқтатылуы; қайта тұтанудың болмауы.
Өртті жою кезеңі үздіксіз жауынгерлік іс-қимылдармен, жұмыстың жалпы көлемінің және өрт ауданының өлшемімен сипатталады.
Өрт сөндіру нәтижесін анықтайтын негізгі көрсеткіш жою және тоқтату болып табылады, ол келесі факторларға тәуелді:
өрттің бос даму ұзақтылығы;
бірінші күштер мен құралдарды енгізу сәтіндегі өрттің өлшемі мен түріне;
қолданылатын күштер мен құралдар түрі және мөлшеріне, сол сияқты олады орналастыру әдісіне.
Ауданы бірнеше шаршы метрді иеленген дамыған өрт кезінде және өртке бірінші болып келген бөлімшелердің от сөндіргіш заттардың қарқынды беру қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған кезде сөндіру екі стадияда жүзеге асырылады.
Өртті тоқтатудың бірінші стадиясында, өрт бөлімшелерінің келуімен жалын майданының таралуы шектеледі, яғни өрт белгілі шектерде тоқтатылады, оны тоқтату шаралары құрылады.
Екінші стадияда, от сөндіргіш заттардың нақты шығыны жеткілікті болғанда, өрт ауданын барлық майданы бойынша сөндіру процесі жүреді, ал жану процесінің тоқтауы жалынның таралу жылдамдығын 3-4 рет төмендеткен кезде басталады.
Жою барысында қосымша күштерді енгізу, олардың топтастырылуы, конструкцияларды ашу және бұзу, конструкциялардың бұзылу және деформациялану қаупін жою, артық төгілген сумен күрес, материалдық құндылықтарды көшіру, жеке жану ошақтарын сөндіру, өрт туралы мәліметтер жинау және акт құру бойынша жауынгерлік іс-қимылдары өткізіледі.
Өртте адамдардың қауіпсіздігіне, жарылыс қауіптілігі, оттың ең қарқынды тарауы және берілген жағдайда өрт сөндіру табыстылығына бағытталған бағыт жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты болып табылады.
Шешуші бағытта күштер мен құралдар енгізілгеннен кейін, күштер мен құралдар басқа бағыттарға енгізіледі.
Өрттегі жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты келесі принциптермен анықталады:
ӨҚФ адам өміріне қауіп төндіреді және оларды оқпандарсыз құтқару мүмкін емес болағн жағдайда – күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге енгізіледі;
жарылыс қаупі пайда болғанда – күштер мен құралдар бөлімшелер қимылдарының жарылысты тоқтату орнына жұмылдырылады;
жанумен объектінің бір бөлігі қамтылған, және ол оның басқа бөліктеріне немесе көршілес құрылыстарға таралғанда – күштер мен құралдар оттың келесі таралуы ең үлкен шығынға әкелетін участокқа жұмылдырылады;
жанумен жеке тұрған ғимарат қамтылған және көршілес объектілерге от таралу қаупі жоқ болғанда – негізгі күштер мен құралдар ең қарқынды жану орындарына енгізіледі;
жанумен құндылықтары жоқ ғимарат қамтылған және жақын орналасқан объектілерге қаупі болмағанда – негізгі күштер мен құралдар жанбаған ғимарат жағынан енгізіледі.
Өртті тоқтату үшін күштер мен құралдар жетіспегенде осындай мөлшерде өртке қарсы қызметінің қосымша күштері мен құралдары, сол сияқты өртке қарсы апаттық-құтқару ұйымдары, халық, әскери бөлімдер мен ішкі істер органдарының бөлімшелері жауынгерлік тапсырманы қысқа мерзімде орындауға шақырылады.
Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін, бірінші өрт бөлімшелерімен өрт дамуын тоқтату шаралары жүзеге асырылады.
Жанып жатқан және қос бөлмелерде түтіннің, газдың, жоғары температураның бар болуы, өртті тоқтату және жою жұмыстарын төмендетпеуі тиіс, ол үшін өртті сөндіру және бөлмеден газ бен түтінді жою, шашыранды ағыс немесе көбік беру жолымен жоғары температураны төмендету жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Дем алуға жарамсыз ортада сөндіру жұмыстары ТОЖҚҚ өткізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдарын қолданумен.
Қарауыл өз жауынгерлік учатогынан тек ӨСБ немесе жауынгерлік участок бастығының рұқсатымен ғана кете алады.
Өрттерді сөндіру үшін тиімді от сөндіргіш заттарды (көбікті, ұнтақты, суландырғышы бар суды) қолдану қажет және бірінші кезекте ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және стационарлы өрт сөндіру құралдарын қимылға келтіру қажет.
Бірінші автоцистерна өрт орнына шешуші бағытта оқпанды беру жеріне жақын орналастырылады, ал келесі өрт автоцистерналар өрт орнына жақын жердегі су көздеріне магистралдық желіні өткізумен орналастырылады.
Өрт автоцистернасынан су шығындалғаннан кейін, оқпан су көзіне орнатылған өрт автокөлігінің магистралдық желісіне қосылады.
Дамыған өртті сөндіруге "А" және лафетті оқпандары беріледі, оны жою шаралары бойынша олар кейін кіші диаметрлі оқпандарға ауыстырылады.
Ғимарат конструкцияларының бостықтарында және желдету каналдарында жану кезінде "А" су оқпандары және көбік оқпандары беріледі, ғимараттың жанатын конструкцияларын бұзу ұйымдастырылады.
Жану орнын суландыру үшін "Б" оқпандары беріледі, ішкі өрт крандары қолданылады.
Қотару арқылы суды беру кезінде қажетті өрт автокөліктер мөлшері, жеңдік желілерді салу әдістері мен тәсілдері анықталады.
Жеңдік желілерді өткізу үшін бірінші кезекте жеңдік өрт автокөліктері және жеңдік катушкалар қолданылады.
Қуатты сорғышы бар өрт автокөлігі су көзіне орналастырылады және өрт орнына одан магистралды жең желілері тартылады, ал қуаты төмен автокөліктер өрт орнына жақын жерге орналастырылады және одан бір уақытта су көзі мен өрт орнына жеңдік желілер тартылады.
Жанып жатқан бөлмелерді көбікпен толтыру кезінде ӨСБ анықтау тиіс:
көбікпен толтыруға жарамды бөлем көлемін;
көбіктің ағуына бөгет жасайтын тосқауылдарды орнату орнын;
қажетті көбіктүзгіш, көбік оқпандарының мөлшерін және оларды орналастыру орнын;
берілген бағытта көбіктің қозғалуына жағдай жасайтын өрт түтін сорғыштарын орналастыру орнын.
Бөлмеге көбік беру кезінде талап етіледі:
көбік оқпандарын жану деңгейінен жоғары орналастыру;
түтін сорғыштарды және басқа да желдету агрегаттарын көбік оқпандарын орналастыру орнына қарама-қарсы орнату және жану өнімдерін жою;
бөлмені көбікпен толтырғаннан кейін газтүтіннен қорғау буынын қалып қойған жану ошақтарын жоюға және жағдайды анықтауға бағыттау.
Судың артық төгілуін болдырмас үшін қажет етіледі:
жабылмалы оқпандар, оқпан-шашыратқыштарды қолдану;
резеңкеленген өрт жеңдерін қолдану;
көбікті, ұнтақты, су суландырғыштарын қолдану;
оқпан жұмыстарын уақытында тоқтату немесе оларды сыртқа шығару.
Егер адамдар мен жануарларға қауіп жоқ болса, ал өрт дамуы шектелген және қолда бар күштер мен құралдармен оны тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, өрт тоқтатылған деп саналады.
Егер жану тоқтатылса және оның қайта жанбауына шаралар қолданылса, өрт жойылған деп саналады.
3 бөлім. ЖШС «Казполиграф» жедел тактикалық мінездемесі
3.1 ЖШС «Казполиграф» смпаттамасы
ЖШС «Казполиграф» Семей қаласының Әуезов ауданында Семей ет өңдеу комбинатының жанында орналасқан жалпы ауданы 6 ГА.
Әкімшілік ғимараты 4 қабатты қабырғасымен бөліктері кірпіш, 2-ші дәрежелі өрт қауіпсіздігі бар, төбесінде шатыр жоқ, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған. Едені бетон, бөлмелердің еденінде линолеум жайылған, қабырғасы штукатурданған жартылай боялған, үшінші қабатта аспалы төбе бар, баспалдақ бөлігінде қабат аралықтарында қабырғалық понел бар. Ғимараттың астында жертөле бар. Жертөлеге ғимараттың ішіндегі баспалдақтан түседі.
Ағаш өңдеу цехы
Қабырғасымен бөліктері кірпіш, төбесі темір бетон, үсті цементпен құйылған, күлмен жылытып жабылған, одан кейін қара қағаз жайылып сымаламен жағылған.
Цех- 5250 м2 алаңды алып жатыр. Кептіру камералары бар өлшемі 25*25м. Сорып шығару желдеткіші бар үш шақты ауыстырумен. 2-ші дәрежелі өрт қауіпсіздігі бар, жылу жүйесі сумен. Цехта өрт-күзету дабылдатқышымен қамтамасыз етілген. Цехта негізінен ағаш өнімдері балады, күніне 10 м3 ағаш өңделеді. Цехтан 4 қосымша құтқару шығатын жері бар. Кәзіргі уақытта бос тұр.
Мазут қоймасы
Мазут тұрған үлкен ыдыс көлемі 700м3, диаметрі 10м жер астында орналасқан, биіктігі 9м, жәнеде қосымша көлемі 140м3 екі дана үлкен ыдыс бар.
Дайын заттардың қоймасы
Қабырғасы понельді (керамзитті), 2-ші дәрежелі өрт қауіпсіздігі бар, бөліктері күлбетонды кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған, қойма ауданы 4788 м2
Қоймада негізінен кардоннан жасалған заттар, рулондағы қағаздар, орама қағаздар орналасқан ауданы 200 м2 . Қоймадан 3 қосымша құтқару шығатын жері бар
Гофротар цехы
Қабырғасы понельді (керамзитті), 2-ші дәрежелі өрт қауіпсіздігі бар, бөліктері күлбетонды кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған, цех ауданы 4788 м2 Өрт қауіпсіздігі «В» категориясына қарайды. Цехта карто жәшіктері, шарбақтар ауданы500 м2. Цехтан 3 қосымша құтқару шығатын жері бар.
Аралас заттар шығаратын цех
Қабырғасы понельді (керамзитті), 2-ші дәрежелі өрт қауіпсіздігі бар, бөліктері күлбетонды кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған, цех ауданы 1728 м2. Өрт сөндіру үшін цехта автоматты түрде қосылатын көмірқышқыл өрт сөндіру қондырғысы бар. Цехта жәшіктерді, қағаз рулондар жиналады ауданы 100м2. Цехтан 2 қосымша құтқару шығатын жері бар.
Гараж.
Қабырғасы кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған. Гараж ауданы 1006м2. Кіретін қақпалар саны 14. Өрт сөндіру үшін әр гаражда бір өрт сөндіру крандары орналасқан. Гаражда 12 дана ауыр техника 9 дана жеңіл техника болады.
Құрылыс жөндеу цехы
Ғимарат бір қабатты қабырғаларымен бөліктері кірпіш, төбесі ағаш, шатыры ағаш төр көбен жабылып шиферланған. Қабырғасымен төбесі штукатурларған ағартылған.
Ағаш кесетін жер
Ғимарат бір қабатты, қабырғасы кеамзитбетонды, бөліктері кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған.
Қазандық
Ғимарат 4 қабатты, қабырғсымен бөліктері кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған. Едені бетон. Жертөле бар онда насос орналасқан.
Мемлекеттік резерв қоймасы
Ғимарат бір қабатты, қабырғасымен бөліктері кірпіш, төбесі темір метал. қоймада жәшіктерді, қағаз рулондар жиналады.2
Ауа компрессор станциясы
Ғимарат бір қабатты, қабырғасы кеамзитбетонды, бөліктері кірпіш, төбесі темір бетон, қара қағаз жайылып сымаламен жағылған. Едені бетон. Жертөле бар онда насос орналасқан.
Өртке қарсы қолданылатын су көздері
Сыртқы су көздері қаланың су құбырлары арқылы іске асады, олар айналмалы су көздері диаметрі 150мм, қысымы 2-3 атм. Қысымды көтеру үшін қазандықта насос бар сол арқылы қысымды көтеруге болады. Қазандықта тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Алты дана санында гидранттар біркелкі орналасқан барлық комбинат аумақтары ғимараттың ең үлкен ара қашықтығымен көбірек 30 метр емес .
Аумақтарға суат сыйымдылықпен 200 м 2, суат ағаш шеберлігі цех арасында орналасқанады және дайын өнім қоймасымен ( ара қашықтық қоймаға дейін және цехтің
10 метр құрастырады ), қысым көтеруіне арналған повыситель насосы болады ,
Сонымен қатар повысители насостары гофротары . қоймасында орнында болады
Ет комбинаты аумақтарына болады түзуде күй-жағдай айналма су жүргізетін аулар , ЗМП аумақтарына « Ромат » болады түзуде күй-жағдай айналма су жүргізетін аудың , сонымен қатар улмен .1- Лесотарная болады түзуде күй-жағдай айналма ара қашықтыққа су жүргізетін аудың 200-300 метр .
Ара қашықтықта 800 метр ЖШС « Казполиграф » өзен орнында болады Иртыш ,
- объекті өртке қарсы сақтық сумен жабдықтауының су шығынында
Қотаруды немесе су жақындатуы мүмкін ұйымдастыру .
Объекті аумақтарына орналасқан өрт сөндіру гидранттар .
ПГ қиыстырылған материалдардың цехінің 3 метріне -1 орналасқан
ПГ механикалы цехтің 5 метріне -2 орналасқан
ПГ 6 метрге -3 орналасқан қазанның
ПГ ағаш шеберлігі цехтің 5 метріне -4 орналасқан
ПГ қоймалық орналастырудың 15 метріне -5 орналасқан
ПГ қоймалық орналастырудың 10 метріне -6 орналасқан
Ішкі өртке қарсы сақтық сумен жабдықтау .
7 дана қағаз ламинирлеуі цехінде орналасқан ішкі өртке қарсы сақтық сумен жабдықтау қайсы өрт сөндіру крандардан жүзеге асады , цехте
Гофротары 10 дана , ағаш шеберлігі цехте 3 дана , қиыстырылған орналастыруда
Қағаздың 3 дана , гараж орналастыруында 2 дана .
Достарыңызбен бөлісу: |