2.1.2. Өрттердің даму ерекшеліктері
Трансформатордағы өрттердің даму ерекшеліктері оның пайда болу орнына байланысты. Қысқа тұйықталу кезінде трансформатор майына электр доғасының әсер етуі және оның жанғыш газдарға ыдырауы нәтижесінде трансформатор мен май қосқыштардың істен шығуына әкелетін жарылыстар өтуі мүмкін. Трансформатор орнатылған камераларындағы өрттер тарату щитінің бөлмесіне және кабельді каналдар немесе туннельдерге тарала алады, сол сияқты көршілес қондырғылар мен трансформаторларға қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір трансформаторда немесе реакторда 100 т май болғандықтан, өрт ошағының мүмкін өлшемдері туралы болжауға болады
Гидростанцияларда жоғарлатқыш трансформаторларды станция ғимаратының жанына орналастырады, ал жоғары кернеулі ашық таратқыш қондырғыларды станцияға жақын жерге орнатады.
Тез нейтрондардағы реакторлары бар атом электростанцияларында, көрсетілген өрттер дамуының ерекшеліктерінен басқа, апаттар кезінде сұйық металлды жылу тасымалдағыштың жануы мүмкін, ол химиялық заттармен және кәдімгі сөндіру құралдарымен әрекеттескен кезде жану температурасын жоғарылатады, улы газдарды бөледі немесе жарылыстармен аяқталады. Атом электростанцияларының аумағында радиацияның қауіпті деңгейлері пайда болуы мүмкін.
Электростанциялар мен подстанциялардағы өрттер тек энергетикалық объектінің тоқтауына ғана әкелмейді, сонымен қатар басқа да халық шаруашылық объектілерін электр энергиясыз қалдырады.
Барлық электростанциялар мен подстанциялар сенімді апаттық қорғаумен және дабылдағыштармен қамтамасыз етілген. Өрттер пайда болған кезде бұзылған қондырғы және апппраттар автоматты түрде релелік қорғау құрылғыларымен тоқтатылады.
Өрттерді сөндіру ұйымдастыру негіздері, еңбекті қорғау ережелерін сақтау және энергетикалық объектілердің қызмет көрсетуші тұлғаларымен әрекеттестігі ӨҚҚОЖЖ анықталған.
Сур. 1. Трансформаторда өртті сөндіру кезіндегі шашыранды су берудің принципиалды сызбасы
Нұсқау 200 кВ дейінгі кернеу астында болатын электрқондырғыларында өрттерді сөндіру кезіндегі қызмет көрсетуші тұлғалардың өте қауіпсіз іс-қимылдар бойынша критерийлерді анықтайды.
Қимылға келтірілген электрқондырғылар кернеу астында болуымен түсіндіріледі, немесе оларға кез-келген сәтте қызмет көрсетуші тұлғалармен кернеу беріледі.
Кернеу астындағы электрқондырғылардағы өрттерді сөндіру қажеттілігі келесі негізгі талаптармен анықталады:
екіншілі тізбек коммутацияларынан 0,22 кВ кернеулі тұрақты немесе ауыспалы тоқты алып тастау мүмкінсіздігі, өйткені бұл бөлмелер арқылы жоғары механизмдердің кабельдері өтеді;
жауапты тұтынушылардың жылу-, энерго жабдықталуын сақтау үшін электроэнергетикалық өндірісті сенімді қамтамасыз ету;
басқа қондырғы және өнеркәсіп имараттарына таралуын болдырмас, тасушы конструкцияларға жоғары температураның әсер ету уақытын қысқарту үшін өртті тез тоқтату қажеттілігі;
энергокәсіпорындарының қондырғыларынан кернеуді түсіру және ағыту бойынша ұзақ уақытты шектеу, ол энергожүйелердің жұмыс режимдері және технологиялық байланысқан өндірістер үшін өте үлкен зардаптар әкеледі.
Энергетикалық кәсiпорындардағы және электр қондырғылары бар бөлмелердегі өрт кезiнде:
генератордың, трансформаторлардың және бөлушi қондырғылардың май жүйелерi зақымданған кезде жанған майлардың кабелдiк тоннелдерге, жарты қабаттарға және май сақтайтын жертөлелерге ағу, сондай-ақ жанғыш жылытқыш және ғимараттың конструкциялық элементтерi бойымен оттың тез таралуы;
барлық химиялық заттармен, оның iшiнде кәдiмгi сөндiру құралдарымен де әрекет жасайтын, жоғары температура, уландырушы газдар бөлетiн, ал олардың кейбiрiмен қопарылыс жасайтын сұйық металдық жылу шығарғыштардың жануы;
радиацияның қауiптi деңгейiнiң тууы;
сутегi салқындатқыш жүйелердiң бұзылуы кезiнде жарылу қаупi бар құрамның құрылуы;
тұрақты радио байланыстың бұзылуы;
уландырғыш өнiмдердiң түзелуiнен қалың түтiндеудiң пайда болуы мүмкiн.
2.1.3. Өрт сөндіру тактикасы және ұйымдастырылуы
Энергетика объектілеріндегі өрттерді табысты сөндіру, сөндіруге алдын-ала дайындығына байланысты. Бұл объектілерде өрттерді сөндіруге жұмылдырылатын барлық басшы құрам жедел-тактикалық ерекшеліктерді мұқият білуі және өрт сөндіруге қатысушы барлық қарауыл жеке құрамдарымен бірге жылыны бір реттен кем емес алдын-ала өңделген бағдарлама бойынша энергообъектінің инженерлі-техникалық тұлға жетекшілігімен арнайы нұсқаудан өтулері тиіс.
Қуаты 20 МВт және одан жоғары жылу, атом, гидравликалық электросатнцияларда, қуаты 10 МВт газотурбиналық және дизельді, сол сияқты қуаты 110 КВт және одан жоғары подстанцияларда өрт сөндіру жоспарлары жасалады, онда өрттер пайда болған кездегі энергообъекті тұлғаларының іс-қимылдары және өрт бөлімшелерінің жеке құрамдарымен әрекеттесу реті, сол сияқты техника қауіпсіздігін ескеріп бөлімшелердің күштер мен құралдарды қолдану ерекшеліктері анықталады. Жоспарларды өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен энергообъект қызметкерлері жасайды, энергокәсіпорнының басшысы мен өртке қарсы қызмет гарнизонының бастығы қарастырады және бекітеді, және объектінің барлық кезекші тұлғаларымен және ӨҚҚ гарнизонының басқарушы құрамымен оқытылады.
Өрт сөндіру басшысы үшін қазандық қондырғыларда, генераторларда, трансформатор, кабельді бөлмелерде өрттерді сөндіру бойынша нақты ұсыныстарды өңдейді және оны өрт сөндіру жоспарына қосады.
Объектінің кезекші тұлғалары үшін бас инженер бекітетін әрбір кабельді бөлмелердің, генератор, трансформатор отсектеріне жедел кәртішкелер жасалады. Жедел кәртішкелерде сөндіру бойынша өрт бөлімшелерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, қарсы алу және шақырту реті, стационарлы сөндіру жүйелерін қосу бойынша агрегаттар мен қондырғылардан кернеуді түсіру жүйелері және өрт сөндіруді қамтамасыз ету бойынша басқа да сұрақтар көрсетіледі.
Әсіресе энергообъектінің кезекші тұлғаларының және энергоқондырғыларда өрттерді сөндіру кезіндегі өрт бөлімшелерінің іс-қимылдар реті мұқият өңделеді. Бұл іс-қимылдарды кезекші тұлғалардың жедел кәртішкелеріне және өрттерді сөндіру жоспарларына енгізеді. Жоспардың графикалық бөлімдерінде жерлегіш конструкцияларға иілмелі жерлегіштердің қосылу орны сәйкес келуші белгілермен, сол сияқты нақты электрқондырғыларына дейінгі қауіпсіз қашықтықтар ескеріліп өрт сөндірушілердің жауынгерлік позициялары міндетті түрде көрсетіледі.
Әрбір энергокәсіпорнында диэлектрлік аяқ киім, қолғап және жерлегіш құрылғылардың қажетті мөлшері сақталады. Келуші өрт бөлімшелеріне оларды беру және өрт техникасын жерлендіру бойынша көмек көрсету ретін анықтайды. Кернеуі 1000В жоғары электрқондырғыларында қимасы 25 мм2 иілгіш мыс сымының көмегімен қол оқпандарды және өрт техникасын жерлеу жиі қолданылады.
Кезекші тұлға (станция бастығы, диспетчер немесе подстанция, энерго жүйесінің кезекшісі) өрт кезінде тез арада өрт бөліміне, энергообъект жетекшілігіне және энергожүйелер диспетчеріне хабарлайды. Кезекшілік бастығы өрт орнын, оның мүмкін таралу жолдарын, сол сияқты өрт аймағында орналасқан қондырғылар мен ғимарат конструкцияларына қаупін анықтайды. Ол автоматты өрт сөндіру қондырғыларының қосылуын тексереді, апаттық режим бойынша қимылдарды өткізеді, өз күшімен өртті сөндіруге кіріседі, өрт бөлішелерін қарсы алу үшін өкілдерді бөледі және олардың келуіне дейін өрт сөндіруді басқарады.
Өрт бөлімшелерін басқаратын аға бастық, өртке келісімен тез арада кезекшілік бастығымен байланысады және одан өрт туралы қажетті мәліметтерді алады. Техникалық тұлғалар немесе жедел шығу бригадасының басшысы өрт бөлімшелерімен бірге мұқият нұсқауды өткізеді. Энергообъект өкілі сөндіру бойынша өрт бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарын өткізу орнын белгілермен көрсетеді.
Егер өрт кезекші тұлғалар қарастырылмаған энергетикалық объектіде пайда болса, онда өрт сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды қызмет көрсетуші тұлғалар келгенге дейін жүзеге асырады.
Өрт бөлімшелері өртке келісімен, олардың санына байланыссыз барлық жағдайларда құрамына міндетті түрде энергокәсіпорнының тұлғасы кіретін өрт сөндірудің жедел штабын құрады.
Өртті сөндіру процесінде бөлімшелердің барлық жауынгерлік іс-қимылдары әкімшіліктің аға жетекшілерімен немесе жедел-шығу бригадасымен жүзеге асырылады. Өз кезегінде инженерлі-техникалық немесе жедел-шығу бригадасның басшысы өз қимылдарын ӨСБ келістіреді және оған электрқондырғылары жұмысының өзгеруі туралы хабарлайды.
Энергообъектілердегі барлауды түрлі бағыттарда бірнеше барлау топтарымен ұйымдастырады және өткізеді. Газтүтіннен қорғаушылардың барлау топтары 4-5 адам құрамында құрылады. Міндетті түрде бақылау-жіберу пункттері және резервті буындар ұйымдастырылады.
Өртті барлау кезінде энергообъектінің аға кезекшісімен әрдайым байланысты ұстау қажет. Жалпы тапсырмалардан басқа, өртті барлау барысында анықтайды: қандай стационарлы жүйелерді қимылға келтіру, жарылыс және жанғыш сұйықтықтардың төгілу мүмкінділігі; өрт сөндірушілердің іс-қимылдарды өткізу учаскелері мен бөлмелері; қандай агрегаттардың жұмысы от пен жану өнімдерінің таралуына қабілетті болады; сөндіру процессінде қандай қондырғылар мен аппараттар өрт сөндірушілер үшін қауіп төндіреді; сұйық металлды жылу тасымалдағыштың бар болуы және жануы, сол сияқты радиацияның қауіпті деңгейлері және өрт сөндіру кезінде жеке құрамға қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігін және т.б. Өртті барлау барысында І жоғары кернеулі қондырғылары бар бөлмелерге тек кезекші тұлғалардың рұқсатымен кіруге ғана рұқсат етіледі. Сөндіру процессінде барлауды басқарудың бас пункттерінде және релейлік пункттер бөлмелерінде өткізу қажет.
Энергетика объектілерінде өрттерді сөндіру кезінде талаптарды қатаң сақтау қажет: егер сөндіруді өткізуде ағыту туралы рұқсат көрсетілмесе, онда оларды кернеу астында деп санайды.
Энергообъектілерде өрттерді сөндіру кернеу астында сөндірілген электрқондырғыларында және электрқұрылғыларында өткізілуі мүмкін, РСК-50 (dсп =11,5 мм) РС-50 (dсп = 13 мм) оқпандары және шашыранды оқпандар, НРТ-5 саптамалары бар оқпандар, сол сияқты жанбайтын газдар, ұнтақты құрамдар қолданылады. Кернеу астындағы электрқондырғыларды сөндіру кезінде қол құралдарымен кез-келген көбікті беруге тиым салынады. Оқпандар саптамаларынан кернеу астындағы элетрқондырғыларына дейінгі минималды қауіпсіз қашықтықтар (1 кестеде) келтірілген.
1 кесте
Қолданылатын от сөндіргіш зат
|
Кернеу астындағы жанып жатқан электрқондырғысына (кВ) дейінгі қауіпсіз қашықтық (м)
|
1дейін
|
1-10
|
10-35
|
35-110
|
110-220
|
1. Оқпандардан берілетін су, НРТ типті турбиналық саптамаларымен жабдықталған; от сөндіргіш ұнтақты құрамдар; су мен ұнтақты бір уақытта беру
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
3,0
|
4,0
|
2. 3,6 л/с шығынымен РС-50 типті қол оқпандарынан берілетін су
|
4,0
|
6,0
|
8,0
|
10,0
|
Жіберілмейді
|
3. 7,4 л/с шығынымен РС-70 типті қол оқпандарынан берілетін су
|
8,0
|
12,0
|
16,0
|
20,0
|
Сол да
|
Бұл қашықтықтар тоқ күші 0,5 мА дейін оқпашы арқылы өту шартынан қабылданған, ол адам үшін қауіпсіз болып табылады. 100 мА және одан да жоғары тоқ адам өміріне қауіп төндіреді, 50-ден 80 мА дейінгі тоқ тыныс алуды тоқтатуы мүмкін, 20-дан 25 мА дейінгі тоқ қол параличіне әкеледі (адам өздігінен кернеу астындағы тоқ тасымалдағыштан шыға алмайды), 0,6-дан 1,5 мА дейін – қолдың дірілдеуі. Тоқ соғуды болдырмас үшін, жеке құрам таратқыш құрылғылар, аппараттар және жоғары кернеу астындағы басқа электрқондырғысы орналасқан жерге кірмеулері тиіс.
Оқпандар саптамаларынан кернеу астындағы электрқондырғысыно дейінгі қашықтық 100 Ом/см тең меншікті су кедергісін ескеріп анықталады. Қатты ластанған және теңіз суы су құбырындағы сумен салыстырғанда төмен кедергіге ие, сондықтан да оны кернеу астындағы электрқондырғыларын сөндіру үшін қолдануға тиым салынады.
Кернеу астындағы электрқондырғыларда кішірек өрттер мен жануларды (9.2 кестеге) сәйкес қол және тасымалы от сөндіргіштерді қолдана отырып сөндіруге болады.
9.2 кесте
-
Кернеу, кВ
|
Шашыратылудан электрқондырғысына дейінгі қауіпсіз қашықтық
|
От сөндіргіштердің типтері
|
0,4 дейін
|
1 м кем емес
|
Хладонды
|
1,0 дейін
|
1 м кем емес
|
Ұнтақты
|
10.0 дейін
|
1 м кем емес
|
Көмірқышқылды
|
Достарыңызбен бөлісу: |