Агентство Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям


Хабарлау және өрт сөндірудің автоматика жүйесінің сипаттамасы



жүктеу 2,72 Mb.
бет7/31
Дата15.02.2020
өлшемі2,72 Mb.
#29158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

4.4. Хабарлау және өрт сөндірудің автоматика жүйесінің сипаттамасы


.

Басты корпус пен су жылыту қазандығының кабельді жартылай қабаттары мен жертөлелерінің су бүркілген өрт сөндірудің стационарлық құрылғысы автоматтандырылған режимде және қолмен басқару режимінде жұмыс істей алады. Су түтіндеген және температураға әсер ететін датчиктердің қосылуы кезінде жанған жерлерге кабельді имарат бөліктеріне беріледі.

Мазут сорғыш пен май шаруашылығының № 4, 5, 6 мазут сақтау қоймаларының көбікті өрт сөндірудің стационарлық құрылғысы. Құрылғы өрт ошағына, сондай-ақ № 4,5,6 мазут сақтау бактарының көбікті өрт сөндірудің сақиналы жолағына өрт гидранттарына орынға көбік түзеуішті бере отырып, автоматты режимде жұмыс істей алады.

ЖЭО-ның барлық имараттары нормаларға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жинақталған.



5. НЕГІЗГІ ӨРТ АВТОКӨЛІКТЕРІНДЕ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ
Өрт автоцистернасы немесе өрт автосорғысындағы бөлiмше – өзінің тактикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жауынгерлік міндеттерді орындай алатын өртке қарсы қызметінің негізгі тактикалық бөлімшелерінің алғашқы тактикалық бөлiмшесі.

Негiзгi және арнаулы өрт автокөлiктерiндегi екi және одан да көп бөлiмшелерден құралған қарауыл - өздерiнiң тактикалық мүмкiндiктерiне сәйкес жауынгерлiк тапсырмаларды өздiгiнше шеше алатын өртке қарсы қызметiнiң негiзгi тактикалық бөлiмшесі.

Өрт кезіндегі байланысты радиостанциялар, телефондар, мегафондар, дауыс ұлғайтқыш қондырғылары, сөйлесу және басқа да жабдықтар, сондай-ақ байланысшылар қамтамасыз етедi.

Өрт кезіндегі жарық беру негiзгi және арнаулы өрт көлiктерiнде тасымалданатын аппаратуралар және қондырғылармен қамтамасыз етiледi.

Өндiрiстердiң технологиялық процестерiнiң жағдайы және ерекшелiктерiне сәйкес өртке қарсы қызметінің гарнизондары осы тарауда көрсетiлмеген өрт техникасын қолдана алады.

Бөлiмнiң тактикалық мүмкiндiктерi – белгiлi уақыт iшiнде жауынгерлiк тапсырманы орындайтын, техникалық құрылымдармен жарақталған жеке құрамның мүмкiндiгi.

Жауынгерлік дайындық жүйесінде бөлімдердің жеке құрамы өздерінің білімдерін өрт-техникалық құралдармен жұмыс істегенге жұмылдырады, жауынгерлік есеп нөмірлерінің арасында істейді. Бұл, өрт бөлімдерінің тактикалық мүмкіндіктерін жоғарылатады және өртте қолдану тиімділігін арттырады.

Автоцистернадағы бөлімшеде су және көбіктүзгіш қоры бола тұрып, автокөлікті су көзіне орналастырмай, сөндіруге су және көбік оқпандарын бере алады, сол сияқты адамдарды құтқару бойынша шара қолдануға, шешуші бағытта қосымша күштер мен құралдарды енгізуге дейін оттың таралуын болдырмауға мүмкіндігі бар. Автоцистерналарды су көзіне орнату кезінде, бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктері улы және түтінденген ортада демалу органдарын қорғау құралдарын қолдануына жұмсалады.

Автосорғыштағы бөлімше де осы тәрізді жұмыстарды орындайды, бірақ олардың көлемі біршама үлкен. Бұл дегеніміз жауынгерлік есеп саны, құрал-жабдықтар түрі мен қоры әлдеқайда үлкенірек.


Автокөліктерді су көзіне орналастырмай бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктері.

Өрт автокөліктеріндегі су оқпандарының жұмыс істеу уақыты мына формула бойынша анықталады:


τ =

мұндағы:



τоқпандардың жұмыс істеу уақыты, мин;

VЦ – автоцистернадағы су көлемі, л;

NР – магистралды және жұмыс желісіндегі жеңдер саны, шт.;

VРбір жеңдегі су көлемі, л.



Жең диаметрі, мм.

51

66

77

89

110

150

Жең көлемі, л

40

70

90

120

190

350


NСТ – берілген машинадан жұмыс істейтін су оқпандарының саны, шт.;

QСТоқпанның су шығыны, л/с.

Орташа қысқалықты көбік генераторының және көбік оқпандарының жұмыс істеу уақыты мына формуламен анықталады:



τ =

мұндағы,



жүктеу 2,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау