22 қаңтар 2018 жылы
Интернет ресурсында
орналастырылды
КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 23857 телефоны, факс 8(71536) 23857, электрондық мекенжай: tainsha-akimat@sko.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» КММ бас маман-жерге орналастырушы (2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысының кезеңіне). Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жер пайдаланушылар және жер телімдерінің меншік иелері, қолда бар жерлер және оларды алқаптар, санаттар бойынша бөлу туралы жылдық есепті, ауданның жерлер балансын құрастыруды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық аумақтардың даму мониторингісін әзірлеу.
Жер пайдаланушылар және жер телімдерінің меншік иелері, қолда бар жерлер және оларды алқаптар, санаттар бойынша бөлу туралы тоқсан сайынғы есептерді құрастыру.
Жер пайдаланушылар және жер телімдерінің меншік иелері, сонымен қатар жер құқық қатынастарының басқа субьектілерінің есебін жүргізу.
Елді мекен аумақтарында жер –шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Жер заңнамасын қолдануда тәжірибені жинақтауды, жерлерді аймақтарға бөлу бойынша жұмыстарды, жерлер мониторингісін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуымен пайдаланған жерлер және пайдаланбаған жерлерді анықтау. Иесіз қалған жерлерді есепке қою. Ауыл шаруашылығына арналған жер телімдерінің төлқұжаттарын беруге дайындау.
Жер саудасын (конкурс, аукцион) жүргізуді ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «қызмет көрсету» (жерге орналастыру) немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, маркетинг, менеджмент, статистика, есеп және аудит, қаржы, жергілікті және мемлекеттік басқару, немесе «құқық» бейіндері бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіби: «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (жерге орналастырушы, агрономия) немесе «сервис, экономика және басқару» (маркетинг (салалар бойынша), менеджмент (салалар бойынша және қолдану облыстары бойынша), статистика, есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)), немесе «құқық» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды, сонымен қатар олардың қозғалыстарымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алуды өз уақытында бейнелеудің, толық есепке алуын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік құжаттарының алғашқы жазылған негізінде бухгалтерлік есепті құрастыру, тиісті органдарға белгіленген мерзімде ұсыну.
Бухгалтерлік құжаттарды сақтау және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру . Еңбек ақылардан табыс салықтарын, міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудару және МЗТО филиалымен және салық комитетімен өзара іс әрекет жасау. Осы бөлімше бойынша есептерді мерзімінде тапсыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік жергілікті басқару) бейіні
бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға «сервис, экономика және басқару» менеджмент (салалар және қолдану аумағы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша) бейіні бойынша рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мәдениет жөніндегі бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Әдістемелік материалдарды, сценарийлерді әзірлеу және тарату, көпшілік демалысты және халыққа мәдени қызмет көрсетуді ұйымдастыру, аудандық фестивальдарды, көркемөнерпаздар байқауларын, семинарларды дайындау және жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, болашақ ағымдағы жоспарларды, мекеменің статистикалық есеп беру мәліметтерін әзірлеуге қатысу, тиісті ұсыныстарды дайындау, мәдениет саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін ұйымдастыру және жоспарлау, мәдениет мекемелердегі өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару құрылымдарының қызметтерін үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «өнер» (музыкатану, аспаптық орындаушылық, вокалдық өнер, дәстүрлі музыка өнері, актерлік өнер, эстрада өнері, хореография, кескіндеме, өнертану, сән өнері), немесе «қызмет көрсету» (мәдени–тынығу жұмысы, кітапхана ісі) бейіндері бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім», немесе «сервис, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша)), немесе «өнер және мәдениет» (кітапхана ісі, әлеуметтік–мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы (салалар бойынша), аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша), хор дирижеры, музыка теориясы, ән салу, хореография өнері, актерлік өнер, сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі www.tsh.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
______________________________________________________
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
|
_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
___________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
Ұлты/Национальность (по желанию)
|
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
|
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-
дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,
если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
қабылданған/ приема
|
Күні/Дата
босатылған/ увольнения
|
Күні/Дата қызметі, жұмыс
орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение
организации қабыл-
данған/приемабосатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата_________
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |