Ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің «Үздік көптілділік инновациялық жобасы» облыстық сайысының ережесі жалпы ережелер



Дата09.02.2020
өлшемі67 Kb.
#28663

Ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің «Үздік көптілділік инновациялық жобасы» облыстық сайысының

ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Бұл ереже мұғалімдердің көптілділік инновациялық жобалары бойынша өткізілетін облыстық сайысының өту тәртібін реттейді.

Сайысты Шығыс Қазақстан облысының білім Басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастырып, өткізеді.

Сайыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуін ұйымдастырушы комитет жүзеге асырады (Бұдан әрі – Ұйымдастырушы комитеті).


2. КОНКУРС МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Конкурстың мақсаты: Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж. арналған білім беруді дамыту Бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру мектептерінің педагогтық қызметкерлерінің көптілділік инновациялық қызметін жандандыру.

2.2 Міндеттері:

  • Білім жүйесіндегі қызметкерлердің білім берудегі көптілділік инновациялық потенциалдарын, мектеп мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысындағы әдістемелік және жаңа қорытынды түрлерін дамыту және кеңінен тарату;

  • мұғалімдердің көптілділік инновациялық білім беру қызметі жүйесіндегі мотивация шарты мен қалыптасуын анықтау;

  • мұғалімдердің көптілділік инновациялық потенциалдарын қолдау, мұғалімдердің зерттеу қызығушылығын зерделеу;

  • ең үздік дербес және ұжымдық көптілділік инновациялық білім беру жобаларын анықтау;

  • оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және жобалық дағдыларын ынталандыру;

  • бұл көптілділік инновациялық бағыттар қызметінің көрсеткіштер банкін құру;

  • білім жүйесінің оқу-әдістемелік және оқу-білім беру қаржы жүйесін толықтыру, оларды қазіргі жұмыс тәжірибесіне енгізу.



3. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

3.1 Қатысушылар

1. Сайысқа қатысуға білім бағдарламаларын жүзеге асыратын облыс пен қаланың жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері шақырылады.

2. Облыстық сайысқа қатысуға аудандық (қалалық) сайыстардың, сондай-ақ облыстық білім беру мекемелерінің жеңімпаздарының жұмыстары жіберіледі. (әр номинация бойынша 1 адам)


    1. Конкурс бағыттары

  • «Білім берудегі инновациялар»


3.3. Ұйымдастыру комитеті

Сайысты өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік қамту үшін төрағасы, орынбасары және мүшелерінен тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

– қазылар алқасын анықтайды және Сайысқа жіберілетін материалдарды бағалау критерийлерін жасайды (қазылар алқасының мүшелері білім беру басқармасының, «Шығыс» өңірлік орталығының өкілдері, бұрынғы облыстық педагогикалық шеберлік сайыстарының жеңімпаздары, облыстық мекемелердің өкілдері бола алады);

– ақпараттық көпшілік құралдарында Сайыстың өткізілетіндігі және қорытындысы туралы ақпаратты жариялайды;

– Сайысқа қатысуға кандидаттардан құжаттар пакетін қабылдайды;

–Сайысқа жіберілетін материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды анықтайды;

– Сайысты өткізу шарттарын және мерзімін анықтайды.

Ұйымдастыру комитетінің құрамы ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы директорының бұйрығымен бекітіледі.

Қазылар алқасының тізімдік құрамының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі.



    1. Конкурсты өткізу мерзімі

I кезең (сырттай):  2012 ж. 15 желтоқсанына дейін – аудандық (қалалық);

II кезең (сырттай):  2012 ж. 20 желтоқсанына дейін – қатысушылардың хабарламалары мен сайыстық жұмыстарын ұсыну

III кезең (іштей): 2012 ж. 25 желтоқсан – конкурстық комиссияның жұмысы, облыстық семинарда сайыстағы жобалар мен жеңімпаздар презентациясы, жеңімпаздарды марапаттау.

4. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

4.1 Конкурсқа қатысуға талаптарға сай хатталған жекелей дайындалған инновациялық жобалар жіберіледі.

4.2 Әрбір қатысушы келесі материалдарды ұсынады:

  • белгіленген үлгідегі хабарлама (1 Қосымша)

  • таңдалған бағыт аясындағы жоба.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс және инновациялық жобалар 2012 жылдың 20 желтоқсанына дейін Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығына электронды және баспа нұсқасы түрінде мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 10/1., тел. 75-33-33, e-mail: centr_shygys @ mail.ru тапсырылуы қажет. Көрсетілген мерзімнен кеш өткізілген жобалар қарастырылмайды!

Сайысқа жіберілген көптілділік инновациялық жобалар қайтарылмайды.



4.3. Жұмыстарды хаттау тәртібі:

4.3.1 Сайыстық жұмыс ғылыми мәселелерді шешудегі жаңашылдығымен, өзінділігімен ерекшеленіп, толық зерттелген болуы тиіс. Нәтижелер мақұлданып, оқу үрдісіне енгізу үшін ұсынылуы керек.

Жұмыс электронды және А4 форматында басылған (тігілген), көлемі 25 беттен көп емес (әдебиеттер тізімін қосқанда), 14 кегл Times New Roman, Kz Times New Roman шрифтісінде, жол арасындағы интервалмен – 1,0, үстіңгі, астыңғы, сол жақтары – 2 см, оң жағы – 1,5 см. болуы талап етіледі. Қолданылған әдебиеттерге сілтемелерді төртбұрышты жақшаға алу керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі мәтіндегі деректемелерге жасалған сілтемелер реті бойынша жасалады (2 Қосымша). Жұмыстағы иллюстрациялық материалдар да А4 форматта орындалады.



4.3.2 Дайындалған жобаның сыртқы мұқабасында (3 Қосымша) келесі ақпараттар болуы керек:

  • мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің толық атауы;

  • бағыты;

  • инновациялық жоба тақырыбы;

  • автордың (толық) аты-жөні.

4.3.3 Көптілділік инновациялық жобаға тақырып көкейкестілігін, зерттеу мақсаты мен міндеттерін, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығын, алынған нәтижелерді (2 беттен аспайтын) қамти отыра, жобаны толық сипаттайтын аңдатпа ұсынылуы керек.

4.3.4 Жоба мазмұны:  

1. Жобаның тұжырымдамасы:

  • білім беру мекемелерінде туындаған жағдайлардың талдау барысын көрсететін инновациялық қызметтің аналитикалық негіздемесі, мұндай жағдайларды инновациялық тәсілдермен шешуі қажеттілігіне әкелетін, білім беру тәжірибесіндегі даму мәселелері мен қарама-қайшылықты талдау;

  • жоспарланған инновациялық қызмет көкейкестілігін дәлелдеу;

  • жобаның міндет, мақсаттарының жүйесін, олардың негіздемесімен, болжауымен көрсету;

  • жобаның ғылыми және практикалық маңыздылығы;

  • оларды жүзеге асыруының жолдары мен механизмдер;

  • өнімдерді көбейтетін жобаны жүзеге асыру нәтижелері, жобаның нәтижелілігін бағалау белгілерінің сипаттамасы;

  • инновациялық-эксперименттік қызметтің негативті салдарларының болжамы және орнын толтыратын шаралардың жоспары;

  • нәтижелерді трансляциялау мүмкіндіктері бойынша ұсыныстар.

2. Жоба бағдарламасы:

  • мазмұнына, түріне, мерзіміне, эксперименттік жұмыс жоспарына, күтілетін нәтижелері және олардың өлшемдері көрсететін эксперименттік жұмыс жоспары, нәтижеге жетудегі жауапкершілік;

  • ағымдағы және қорытынды инновациялық жұмыс нәтижелерінің мониторинг жүйесін сипаттау және оны жаппай педагогикалық тәжірибеге енгізу шарттары.

3. Жобаны iске асыруын қамтамасыз ету жүйесi:

  • инновациялық жұмыстың нормативті құқықтық базасын;

  • жобаны басқару жүйесін;

  • жобаны оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруын;

  • жобаны кадрлық қамтамасыз етуін;

  • жобаны қаржыландыру көздері, жобаны ала материалды-техникалық, қаржылық қамтамасыздандыру бойынша алдын ала есептеулерін қарастырады.

4.3.5 Power Point форматындағы жобаның толық тұсау кесер рәсімі. (7 минут)

4.3.6 Сондай-ақ, инновациялық жобаға қосымша білім жүйесінің құрылымынан орындалған жобаның көкейкестілігі, жаңашылдығы мен зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы туралы пікір ұсынылуы қажет (еркін түрде).

Осы Ереженің талаптары сақталмай орындалған жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.



4.4. Номинанттардың жұмыстарын бағалау өлшемдерi

  • Мәселенiң өзектiлiгi

  • Әдістемелік шеберлік;

  • Зерттеу шеберлігі;

  • Жобаның жаңашылдығы;

  • Тәжірибелік бағыттылығы;

  • Жұмыстардың талаптарға сай ресiмделуі;

  • Бағдарламалық қамтамасыздандыру (бағдарламалық өнім)

  • Жоба тұсау кесерінің және оның нәтижелерінің болуы;

  • Жоба нәтижелерiнiң ресми түрде мақұлдануы.

Әрбiр өлшем 1-ден 10 балға дейін бағаланады. Жоғарғы ұпай – 90 .
5. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ

5.1. Сайыс жеңімпаздары сайыстық комиссияның инновациялық жобаларды тексеру қорытындысы бойынша анықталады. Қорытындылар 2012 жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей хатталады. Әрбір ғылыми бағыт бойынша алты ең үздік ғылыми жоба анықталады (1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орындар). Сайыс қорытындылары қалыпты хаттамамен (эксперттік бетпен) хатталады.

5.2. Сайыс жеңімпаздары ШҚО Білім Басқармасының бастығының дипломдарымен марапатталады.

5.3 Сайыстық комиссия ерекшеленген қатысушыларды қосымша номинациялармен марапаттай алады.

5.4 Сайыс қорытындысы туралы ақпараттар ШҚО білім басқармасының сайтында жарияланады.

Қосымша__Мұғалімдердің_көптілділік_инновациялық_жобалар_бойынша__облыстық_сайысқа_қатысу__ТАПСЫРЫСЫ'>1 Қосымша

Мұғалімдердің көптілділік инновациялық жобалар бойынша

облыстық сайысқа қатысу

ТАПСЫРЫСЫ

төмендегідей тәртіпте беріледі

Мектеп атауы (толық)

 


 

Қатысушының аты-жөні (толық)


 

Автордың лауазымы





 Инновациялық жоба тақырыбы


 

 Номинация


 

Пошталық мекенжай (индекспен бірге)





Қатысушының телефоны, факс, электронды мекенжайы, ұялы телефоны

(міндетті түрде)



 

 


__________________________________________________________________'>2 Қосымша

Қолданылған әдебиетер тізімі

1 _________________________________________________________________

2 _________________________________________________________________

3 _________________________________________________________________

3 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕКТЕПТІҢ ТОЛЫҚ АТАУЫ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӨПТІЛДІЛІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСЫ

Бағыт: __________________________

Инновациялық жоба тақырыбы

________________________________________________
Автордың аты-жөні (толық)

Өскемен – 2012 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау