Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері


Физиологияның негізгі даму кезеңдері



жүктеу 29,82 Kb.
бет3/7
Дата04.01.2022
өлшемі29,82 Kb.
#31559
1   2   3   4   5   6   7
ДӘРІС №1

Физиологияның негізгі даму кезеңдері.


Адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер байырғы Қытай, Үнді, Грек Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламаларының еңбектерінде кездеседі. Соның ішінде, жаңа дәуірге дейінгі IV ғ-да өмір сүрген грек ғалымдары Гиппократ (б.з.д. 460-377 ж.ж.) пен Аристотельді (б.з.д. 384-322 ж.ж.) ерекше айтуға болады. Аристотель аурудың пайда болуы сыртқы ортаның табиғи және қоғамдық жағдайына байланысты болатынын анықтады. Оның жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоология, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының дамуына негіз болды.

Гиппократ ұсынған ауруды анықтау, емдеу және болжау қағидалары, дәрігерлер этикасы туралы көзқарастары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Гиппократтың адам темпераменті туралы ілімі қазіргі кезге дейін өзгеріссіз сақталған.

Тәжірибелік (эксперименттік) физиологияның қалыптасуы римдік дәрігер Клавдий Гален (129-201ж.ж.) алғашқы рет қолданған вивисекциялық (тірідей тілу) тәсілдерінен басталады. Оның жасаған тәжірибелері бірнеше ғасырларға созылған қағидалардың негізін құрады.

Организмнің тіршілік іс әрекетін бақылау және тәжірибелер арқылы дәлелдейтін ғылым ретінде физиология XVI-XVII ғ.ғ. арасында қалыптасты. Физиология дамуының II кезеңі –1628 жылдан бастап саналады. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер Уильям Гарвей (1578-1657) өзінің «Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еңбегінде қанайналымының желісі туралы нақты дәлелдер келтірді. У. Гарвейдің ашқан қанайналымының желісі осы кезде де анатомия мен физиология пәндерін оқытуда өзгертілусіз қолданылады. Физиологияның осы даму кезеңінде зор үлесін қосқан орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) болды. Ол 1748 ж. тұңғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын ұсынды. Сонымен қатар, ол түрлі түсті ажырату теориясын жасады.

XVIII ғ. Аяғында итальян физигі Луиджи Гальвани (1737-1798) тіндердегі электр құбылыстарын ашты. Оның еңбегінің нәтижелері қазіргі кездегі электрофизиологияның негіздерін қалады. Физиологияда аспаптық зерттеу әдістерін енгізуші ғалымдардың бірі - неміс физиологы, физик, психолог Герман Гельмгольц (1821-1894). Ол бірінші болып жылу бөлу мен термодинамика заңдылықтарын ашты. Дыбыс қабылдаудың резонанс теориясын жасады. Көру физиологиясында ол көздің оптикалық қасиетін зерттеп, аккомодация және түрлі түсті ажырату теорияларын ұсынды. Г.Гельмгольц термоэлектрлік әдісін қолданып бұлшықеттің жиырылу және жылу өндіру қасиеттерін анықтады, жүйке талшықтары арқылы қозудың таралу жылдамдығын өлшеді.

Физиология дамуының III кезеңі - орыс ғалымдарының көрнекті еңбектерімен тығыз байланысты деп айтуға болады. Олардың ішінде атақты физиологтар И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерекше орын алады. И.М.Сеченов

(1829-1905) бірінші болып қандағы еріген газдарды шығарып алып талдау жасады, орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үрдісін ашты. Ол еңбек физиологиясының негізін салушы. Оның бұлшықеттің жиырылуы, қажуы және белсенді тынығу туралы ілімі әлі өз маңызын жойған жоқ. И.М.Сеченов

«Ми рефлекстері» деген ғылыми шығармасында тұңғыш рет психикалық іс- әрекеттердің физиологиялық заңдылықтарын көрсетті.

И.П.Павлов (1849-1936) тұңғыш рет организмдегі бүкіл үрдістердің реттелуінде жүйке жүйесінің жетекші роль атқаратындығын дәлелдеді, нервизм бағытын дамытуға үлкен үлесін қосты. Ол шәкірттерімен бірге физиологиялық хирургия негізінде (фистула және т.б.) созылмалы тәжірибелік әдісін әрі қарай дамытты. Соның нәтижесінде, бүкіл асқорыту сөлініс бездерінің қызметі шартты және шартсыз рефлекстік жолмен реттелуін дәлелдеді. Бұл еңбектері үшін 1904 жылы И.П.Павловқа дүниежүзілік Нобель сыйлығы берілді. Сонымен қатар, И.П.Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісі организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік берді. Ол шартты рефлекстердің қалыптасуы мен тежелу заңдылықтарын ашты, жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері мен сигналдық жүйелері туралы ілімнің қабырғасын қалады.

Физиологияның осы кезеңіндегі әрі қарай дамуында зор үлес қосқан орыс ғалымдары Н.Е.Введенский, А.А.Ухтомский, Л.А.Орбели, В.В.Парин, П.К.Анохин және т.б. болды.

Н.Е.Введенский (1852-1922) жүйке және бұлшықет талшықтарының қозу ырғақтарын салыстыра отырып, оптимум және пессимум тітіркендіріс қасиеттерін ашты, тіндердің лабилдік қаблеті мен парабиоз туралы ұғым енгізді.

А.А.Ухтомский (1875-1942) физиологияға маңызы зор күрделі үрдіс – доминанта (үстемдік) туралы ілім енгізді.

Л.А.Орбели (1882-1958) жоғары жүйке қызметін тексеруде және симпатикалық жүйкенің организмді бейімдеу-нәрлендіру әсерін анықтауда көптеген жаңалықтар ашты, жұлын мен мишықтың қозғалыс үрдістерін үйлестіруді қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Ол эволюциялық физиологияның негізін салды.

В.В.Парин (1903-1971) клиникалық физиология, космостық және авиациялық медицина, биокибернетика сияқты медицинаның жаңа салаларының негізін қалаған атақты ғалым. Оның зерттеу еңбектерінің нәтижесінде ғарышқа ұшқан адамның жағдайы мен өмірін қамтамасыз етуге және болжауға, сақтауға мүмкіндік жасалды.

П.К.Анохин (1898-1974) академик, физиолог, И.П.Павловтың шәкірті ретінде, ми қызметі туралы көрнекті еңбектерімен, оның ілімін әрі қарай жалғастырды. Ол әлемдік ғылымға енгізген әрекеттік жүйе теориясының негізін қалады. Осы жүйенің сезімдік құрамыс сатысына эмоция мен мотивация, жағдайлық және қозғағыш әсерлердің қатысатынын көрсетті. Ол шартты рефлекстің жаңа әдістерін қолданып, оның қалыптасу тетіктерін

және ішкі тежелудің ескерілмеген жақтарын тапты. П.К.Анохин мидың озық бейнелеу қасиеті болатындығын, нейрондардың бірлестіріс әрекетін және нейрохимиялық негіздерін, ұйқы мен ауырсыну сезімдерінің жүйкелік тетіктерін, есірткелер мен психотропты дәрілердің әсерін дәлелдеді.

Қазіргі замандағы клиникалық физиологияның дамуына өте зор үлесін қосқан американдық ғалым-физиолог Артур К.Гайтон (1919-2003). Оның ғылыми мұрасы 600-ден астам статьялар мен 40 монографияда жазылып, бүкіл әлемге тараған. А.К.Гайтонның негізгі еңбектері жүрек-тамырлар жүйесінің реттелу проблемасына арналған және артериялық гипертензия мен жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, оған байланысты пайда болатын ісіктердің табиғаты жөнінде тұжырымдама (концепция) жасаған. Ол алғашқы рет техникалық, математикалық, графикалық және жүйелік принциптері қолданып, жүрек-тамырлар жүйесі қызметін моделдеу әдісімен түсіндірді. 2008 жылы орыс тілінде аударылған А.К.Гайтонның «Медицинская физиология» оқулығының медициналық жоғарғы білім беру мекемелерінде оқитын студентер, аспиранттар, магистранттар, клиницистер және оқытушылар үшін өте қажет.

Қазақстандық физиология ғылымының ірге тасын қалаған атақты ғалым, академик А.П.Полосухин (1901-1965) болатын. Ол алғашқы рет отандық ғылыми-зерттеу физиология институтын ашып, онда 20 жылдан аса директор болып қызмет атқарған. Оның әріптестері мен шәкірттері физиология саласындағы еңбектері отандық ғылымға зор үлестерін қосты. Солардың ішіндегі академик Н.У.Базанова, М.Ф.Авазбакиева, Т.Ш.Шарманов, Х.Қ.Сәтпаева, И.А.Бірімжанова, Қ.Д.Дүйсембин және т.б. физиология ғылымының дамуына көп үлес қосқан еліміздің мақтаныштары деп айтуымызға болады.

Дүние жүзіне танымал ғалым, академик Т.Ш.Шарманов қазақ елінде тамақтану физиологиясының дамуына зор еңбек етуде. Ол нутрициология ғылымының жаңа бағыттарын, тиімді және теңдестірілген тамақтану қағидаларының, клиникалық диетологияның негізін жасады. Т.Ш.Шарманов және шәкірттері (А.А.Алдашев, Ш.С.Тәжібаев, Р.С.Көзденбаева, М.С.Сәулебекова, А.А.Өтепбергенов, Т.К.Кәрімов және т.б.) тамақтану физиологиясы мен иммунологиясы, биохимиясы мен гигиенасы жөніндегі мәселелерді экспериментальдық және клиникалық зерттеулер жасап, тағамдық заттар мен витаминдердің еліміздің көптеген аймақтарында жетіспейтіндегін, анемия, иод тапшылығының себептерін анықтады, емдеу тәсілдерін ұсынды.

Сонымен қалыпты физиология – дені сау адамның тіршілігі мен салауатты өмір сүру салтының теориялық негіздерін жасайтын ғылым. Ол аурудың алдын алу амалдарын ұсына отырып, адамның белсенді іс-әрекетін, тиімді жұмыскерлігін ұзақ уақытқа сақтауға жағдай жасайды. Болашақ мамандардың физиологиялық және клиникалық ойлау қабілеттерінің одан әрі өрістеуіне мүмкіндік туғызады.



    1. жүктеу 29,82 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау