ActivInspire бағдарламасының ClassFlow Desktop бағдарламасына ауысуы Сұрақтар мен жауаптар



жүктеу 357,77 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі357,77 Kb.
#20945
түріБағдарламасы


ActivInspire бағдарламасының ClassFlow Desktop бағдарламасына ауысуы 

Сұрақтар мен жауаптар 

 

 



1-сұрақ. ClassFlow Desktop деген не? 

ClassFlow Desktop – тек қана Promethean интерактивті тақталарымен қолдануға болатын 

Promethean компаниясы ұсынған сабақ беру бағдарламасының келесі буыны.  Жүктеп 

алуға болатын бағдарлама ретінде ClassFlow Desktop бағдарламасы мұғалімдердің 

интерактивті сабақтарын офлайн режимде де, онлайн режимде де оп-оңай жасап, 

көрсетуге мүмкіндік береді. ClassFlow Desktop бағдарламасындағы функциялардың көбі 

ActivInspire бағдарламасындағы функцияларға ұқсайды, бірақ ол мұғалімдерді жаңа әрі 

жетілдірілген жинақпен қамтамасыз етіп, мобильді компьютерлер немесе планшеттер 

арқылы оқушылармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарапайым интерфейс 

пен функциялардан тұрады. 

 

2-сұрақ. Promethean компаниясы ActivInspire бағдарламасынан ClassFlow Desktop 

бағдарламасына не үшін ауысып жатыр? 

Promethean компаниясы ActivInspire бағдарламасын алғаш рет сегіз (8) жыл бұрын 

таныстырған болатын. Сол уақыттан бері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын 

оятып, белсенді қатысуына себеп болатын мыңдаған көз тартар "Флипчарт" сабақтарын 

жасап, көрсетті.  Дегенмен сыныпта мобильді әрі интернетке қосылатын құрылғыларды 

пайдалану сияқты заманауи технологияның даму қарқынына ілесу үшін, тұтынушыларды 

Promethean бағдарламаларының алдыңғы нұсқаларындағы ең жақсы педагогикалық 

үрдістерді бойында сақтаған бағдарламалармен және ресурстармен қамтамасыз ету 

қажеттілігі туындады, бірақ ол сондай-ақ бүгінгі және алдағы уақытта пайда болатын 

көптеген жаңа және бірегей технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың 

қызығушылығын арттыру мәселесін де қарастырады. 

 

3-сұрақ. ClassFlow Desktop бағдарламасы ActivInspire бағдарламасынан қаншалықты 



ерекшеленеді? 

ClassFlow Desktop бағдарламасындағы функциялардың көбі ActivInspire 

бағдарламасындағы функцияларға ұқсайды, бірақ ол мұғалімдерді жаңа әрі жетілдірілген 

жинақпен қамтамасыз етіп, мобильді компьютерлер немесе планшеттер арқылы 

оқушылармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарапайым интерфейс пен 

функциялардан тұрады. Оған қоса, ClassFlow Desktop бағдарламасы мұғалімдерге 

миллиондаған жетік технологиялы интерактивтік, 3D және мультимедиа сабақтарынан, 

ресурстардан, тәжірибелерден және үлгілерден тұратын онлайн режимдегі ауқымды 

бағдарламалар нарығына жол ашады.  

 

4-сұрақ. ClassFlow Desktop бағдарламасы бұлт негізінде жұмыс істейтін ClassFlow 



бағдарламасынан қаншалықты ерекшеленеді? 

Promethean интерактивті дисплейлерінің кейбір пайдаланушыларында тұрақты интернет 

жоқ немесе кіру уақыты шектеулі. Сондықтан да ClassFlow бағдарламасының "тек бұлтта" 

жұмыс істейтін нұсқасы мұғалімдердің сыныптағы интерактивті дисплеймен жұмыс істеу 




кезінде көптеген керекті мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Ал жүктеп алуға болатын 

ClassFlow Desktop бағдарламасы интернетсіз-ақ интерактивті дисплей бағдарламасының 

"сұраныстағы" көптеген мүмкіндіктерін ұсынады. Интернет байланысы орнатылған 

уақытта ClassFlow Desktop бағдарламасының функциялары автоматты түрде құлыпталып, 

сыныпты сабақ берудің және біріге жұмыс істеудің жетілдірілген жинағымен қамтамасыз 

етеді.  


 

5-сұрақ. ActivInspire бағдарламасы ClassFlow Desktop бағдарламасына қашан көшеді? 

Өнім бірден ауысатын болады. Windows және Mac OS пайдаланушылары ClassFlow 

Desktop бағдарламасын 2017 жылдың 6 наурызынан бастап жүктеп ала алады.  

 

6-сұрақ. ActivInspire бағдарламасы көптеген тілде қолжетімді. ClassFlow Desktop 



бағдарламасы қай тілдерде шығады? 

ClassFlow Desktop бағдарламасын қазір 27 тілде жүктеп алып, пайдалануға болады, олар: 

Ағылшын, испан, португал, араб, голланд, француз, неміс, итальян, дат, фин, норвег, швед, 

орыс, қазақ, түрік, поляк, латыш, Литва, чех, венгр, қытай (қарапайым), қытай (дәстүрлі), 

жапон, индонезиялық, малай, тай, Вьетнам тілдері. 

 

7-сұрақ. ClassFlow Desktop бағдарламасына ауысқаннан кейін мендегі ActivInspire 



бағдарламасының ағымдағы нұсқасы жұмыс істейтін бола ма? 

Иә, жүктеп алынған ActivInspire бағдарламаларының барлығы қазіргідей жұмыс істей 

беретін болады. Алайда, 2017 жылдың 4 қыркүйегінен бастап ActivInspire 

бағдарламасының пайдаланушыларына техникалық қызмет көрсету бөлімінен жаңа 

нұсқалар келмейтін болады және ақаулықтар түзетілмейтін болады. 2017 жылдың 4 

қыркүйегінен кейін компьютердің операциялық жүйесін ауыстырсаңыз, оған дейін жүктеп 

алынған ActivInspire нұсқасына сәйкес келмеуі мүмкін. ActivInspire бағдарламасының 

тұтынушыларына қолдау көрсету қызметі 2018 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.  

 

8-сұрақ. ClassFlow Desktop бағдарламасы Promethean интерактивті дисплейлерінің 

барлық үлгілерінде жұмыс істейтін бола ма? 

Иә, ActivInspire сияқты ClassFlow Desktop бағдарламасы да жеткізіліп, орнатылған барлық 

Promethean интерактивті дисплейлерімен жұмыс істеуге арналған. 

 

9-сұрақ. ActivInspire пайдаланушылары ClassFlow Desktop бағдарламасына қалай қол 



жеткізе алады? 

• 

Егер сіздің компьютеріңізге ClassFlow Desktop бағдарламасының ескі нұсқасы жүктеп 



алынған болса, жаңа нұсқасын (ClassFlow Desktop 3.0 нұсқасы) орнатпас бұрын, 

міндетті түрде ескі нұсқаны жойып тастаңыз.   

• 

ClassFlow Desktop бағдарламасын жүктеп алу үшін және өзіңіздің ClassFlow есептік 



жазбаңызға тіркелу үшін өз тіліңізге арналған URL мекенжайын ашыңыз. Жүйенің 

минималды талаптары: 

• 

Операциялық жүйе: Windows 7 немесе одан кейінгі, MAC OS 10.9 немесе 



одан кейінгі, Linux 

• 

Процессор: Intel i3 Core немесе одан да жақсысы 




• 

Жад: 1 Гб оперативтік жад 

• 

Сақтау орны: 4 Гб қатты диск орны 



• 

Жүйелік әкімшілер, ClassFlow Desktop орнату жинағына .msi (Windows), 

.dmg (Mac) және .deb (Linux) файлдары кіреді. 

 

 



 

10-сұрақ. ActivInspire бағдарламасы пайдаланушыларының жаңа ClassFlow Desktop 

бағдарламасына бейімделуіне көмектесетін қандай материалдар бар?  

 

1. Learn.classflow.com (Америка), Learn.classflow.co.uk (БК), және Learn.classflow.sg (Азия-

Тынық мұхитындағы елдер) сияқты арнайы онлайн тренингілік сайттар (ағылшын тілінде) 

бар. Бұл сайттар:  

Онлайн режимдегі "ClassFlow Desktop" тренингілік сабағынан (уақыты шектеусіз) 

Онлайн режимдегі "Дайын ресурстарды дайындау" тренингілік сабағынан (уақыты 

шектеусіз) тұрады  

  

2. ClassFlow Desktop бағдарламасының ішкі "анықтамасы" 



Арнайы іздеуге болатын 94 анықтамалық мақала (барлық тілде) 

15 арнайы анықтамалық бейне (барлық тілде) 

  



3. Арнайы ClassFlow Desktop жаттығу курсы (ағылшынша) Қазірше Promethean тарапынан 

ұсынылады. 

ClassFlow Desktop бағдарламалық жасақамасы жөніндегі жеке кәсіби дамыту сабағы 

ClassFlow Desktop бағдарламасы жөніндегі жеке кәсіби дамыту курсы (жарты күндік) 

 

4. Төмендегі тілдердің "ActivInspire қолданушыларына" арналған вебсайттар 



 

 

11-сұрақ. ActivInspire пайдаланушылары .flipchart файлдарын ClassFlow Desktop 



бағдарламасына қалай түрлендіреді? 

Жеке файлдар үшін ClassFlow Desktop бағдарламасында ActivInspire, SMART Notebook, 

Microsoft PowerPoint және Adobe PDF файлдарына арналған файл түрлендіру функциясы 

бар. 


  

ActivInspire Flipchart (ең азы 50) файлдарын көп көлемде түрлендіру үшін ".flipchart" 

файлдарын ClassFlow сабақтарына түрлендіретін ActivInspire сабағының файлын 

түрлендіру қызметін қамтамасыз етеді.  Бұл қызмет 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін 

тегін ұсынылады (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақы алына бастайды). Толық ақпарат 

алу үшін, өз тіліңізге арналған мына URL мекенжайына өтіңіз:  

 



 

 

12-сұрақ. ActivInspire бағдарламасын жүктеп алуға болатын соңғы мерзім қандай? 



ActivInspire бағдарламасын 2018 жылдың 30 наурызынан бастап жүктеп ала алмайсыз. 

 

жүктеу 357,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау