тарихшы дайындау міндетті ме? Тарихшы мұғалімдер
педагогикалық рыноктың қай тетігінде жүр, уақыт тудырған
бәсекелестіктерге қалай бейімделуде? Кәсіптік орта білім
саласында түрлі тарихшы мамандардың (мұғалімнен басқа)
мүлде дайындалмауы көңіл толарлық құбылыс па?
Демек, тарихи білімнің үздіксіздігін, кәсіптік білім берудегі
басқыштар
сабақтастығын,
тарихи
білімнің
өркениеттік
сипатын, еңбек рыногының сұранысын ескере отырып, маман
дайындау жүйесін жаңалау ісі түбегейлі шешілуі керек. Ал бұл
процесс ең алдымен оның нормативтік – құқықтық құжаттарын
(мамандықтар классификаторын, тарихи білім стандарттарын,
оқу бағдарламалары мен жоспарларын қайта қараудан)
басталатыны белгілі. Бұл ретте кәсіптік білім институтының
қызметкерлері мен оқытушы – ғалымдарының атқаратын
міндеттері ортақ болмақ. Іргетасы жаңадан қаланған кәсіптік
білім институты қазірдің өзінде аталмыш мәселелер бойынша
бірқатар мәселелерге бас ие, үйлестіруші орталық болып отыр.
Тарихшы маман дайындау ісінің бірі – отандық
геральдика, нумизматика, этнография, қазақ этносының
тарихы, халықтар мәдениеті тарихы, туризм, өлкетанушылар,
музейтанушылар, архивтанушылар тарихы, тарихи демография
салалары бойынша тарихи білім беру, мұғалімдікпен қоса
өндіріске қажетті практик маман дайындауды жаңалау.
Сондай – ақ, кәсіптік орта білім оқу орындарындағы
тарихи білім беру, студент таңдап алған кәсіптің тарихын оқыту
арқылы тарихи сана қалыптастыру, жас маманның өз кәсібіне
деген құрмет – сезімін ояту, игерген білімі мен білігін
шығармашылықпен қолдана білуге үйрету, кәсіптік менталитет
қалыптастыру мәселелері де назар аудартады.
Бұл әсіресе гуманитарлық емес оқу орындарында
қордаланып тұрған, кәсіп, мамандықтар тарихына қатысты,
арнайы қарастыруды қажет ететін көкейтесті мәселенің бірі.
Мысалы, студент игергелі жүрген кәсіптің, мамандықтың
тарихын қалай оқытып жүрміз, ондай арнайы пән бар ма, оны
тарих пәнінің оқытушысы оқыту керек пе, әлде маманның өзі
оқыта ма, оқулықпен қамтамасыз етілуі қалай деген сауалдар
қайсыбір басқосуларда көрініс беріп қалады.
Тарихшы мамандардың үлесіндегі міндеттерінің бірі –
мешіт пен медреселерде қызмет етіп жүрген халыққа дін
танытушылардың дайындалуына бас ие болу. Дінді насихаттап
жүргендер теология саласынан білімді ме, кәсіби тұрғыдан
білікті ме? Шет мемлекеттердегідей дінтанушыларды арнайы
оқытуға, біліктілігін арттырып қайта даярлауға, қосымша
232
мамандық беру арқылы рухани қызметтің түрлерін жаңалап,
бағытын
оңдауға,
тәрбиелік
ықпалын
реттеп,
дұрыс
пайдалануға
болмас
па
деген
ой
келеді.
Германия
Федеративтік Республикасындағы шіркеулер мен мешіттерде
халыққа
діни
қызмет
көрсету,
діни
орталықтарда
дінтанушылардың біліктілігін арттыру, мәдени, қоғамдық
орталық
ретінде
ұтымды
қолдана
білу
тәжірибесінен
қажеттілігімізге қарай сабақ алуымызға болатын сияқты.
Кәсіптік орта білім оқу орындарының тарихшы –
үйлестіруші, тарихшы – лаборант, дінтанушы, өлкетанушы,
архивтанушы, туризм тарихы, тарихшы – хронолог, тарихшы –
библиограф, т.б. қосарланған мамандық иелерін дайындау,
халыққа қызмет көрсету аясын кеңейту мүмкіндіктері бар.
Тарихшы мамандарды жоғары оқу орнынан кейін және
қосымша білім беру сатыларында дайындау мәселесінің де
бірлесіп шешетін өзіндік қырлары бар. Осылайша тарихи білім
берудің мазмұны мен түрлерін, маман дайындау ісінің
көкжиегін кеңейте берсек, олардың еңбек рыногындағы қызметі
мен рөлі жаңа қырынан таныла бермек. Жастар бойында
тарихи
сана
мен
зерделілік,
кәсіптік
менталитет
қалыптастыруда,
әлеуметтік
–
экономикалық
еңсемізді
көтеруде тарихшы мамандарымыздың қосар үлесі мол екеніне
сенеміз [4:38-39].
Казіргі күнде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңа
тарихы
дүниежүзілік
тарих,
көшпелі
өркениеттің,
түркі
халықтарының, Орталық Азия елдерінің тарихы тұрғысынан
ұғынуды күтіп тұр. Қазақстанның жоғары мектебін шын мәнінде
жоғары білімнің алғашқы ұлттық моделі мазмұнындағы моно-
еуроцентристік дүниетанымды жеңу жөнінде орасан зор
жұмыстар күтуде [5, 4-б.].
Осыған
байланысты
Қазақстан
Республикасының
Президенті жанындағы Мемлекетік саясат жөніндегі ұлттық
кеңестің 1995 жылы Қазақстан Республикасында тарихи сана-
сезімді
қалыптастыру
Концепциясын
бекітуін
жоғары
дәрежедегі айтулы акт деп есептеу керек. Біздің халқымыздың
өз тарихы ұлттық менталитет негізінде тарихи сана-сезімді
қалыптастыруда
мемлекеттік
саясаттың
негізгі
басымдықтарының бірі болуы тиіс [6:142].
Бұған ғылым, білім, отбасы тәрбиесі, бұқаралық ақпарат
құралдары, әдебиет, өнер, мәдени – ағарту, мұражай, архив,
өлкетану жұмыстары, туризм арқылы адамдарды тарихи ақыл-
ойға, тарихи ой жетістіктеріне, тұтас алғанда қоғам мәдениетіне
жетелейтін арналар арқылы қол жетеді. Қоғамда тарихты білу,
233