Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет141/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   156

Список использованных источников:

 Ельмурзаева 

Р.С. 

Жизнь 


и 

деятельность 

С.Садвакасова:  автореферат  дисс.  канд.  ист.  наук:  07.00.02.  –

Алматы, 1997. – 25 с. 

 Садвокасов  С.О  национальностях  и  националах  // 

Большевик, 1928,    № 1.



ІЛИЯС ОМАРОВ - КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ 

ҚАЙРАТКЕРІ 

Қаипбаева А.Т.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.

aina__78@mail.ru

Қазақ халқының ұлттық тарихы мен мәдениетін ғаламдық 

деңгейге  жеткізуді  өзінің  саналы  ғұмырына  өзек  еткен 

азаматтардың  бірі  –  Ілияс  Омаров.  Ол  бұл  мәселені  мақсат 

етіп қана қойған жоқ, оны іс жүзіне асыруда білімін, тәжірибесін 

сарқа  жұмсаған  қайраткер.  Сондықтан  да  І.Омаровтың 

тоталитарлық жүйе құрсауында қоңыраулатып көтерген ұлттық 

мәдениет, ұлттық өнер, ұлттық тарихты дамыту мәселесі бүгінгі 

таңда  да  өзінің  өзектілігін  жойған  жоқ.  Оған  Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

тікелей 

пәрменімен  үкіметте  қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік 

бағдарламасы  бұлтартпас  дәлел.  Аталмыш  бағдарлама 

негізінде  тарихи  сана  жаңғыртылып,  көпшілікке  беймәлім 

болып  келген  тарихи  ескерткіштер  мен  деректерді  ғылыми 

айналымға  қосу  және  оларды  насихаттау  ісі  жүзеге  асырылып 

отыр.  Бұл,  біріншіден,  тарихи  сабақтастықтың  үлгісі  болса, 

екіншіден, 

І.Омаровтың 

жан 


айқайының 

қазіргі 


тарихи 

шындықпен үндестігін айқындап тұрса керек.

І.Омаровтың  ұлттық  мәдениет  пен  тарихты  өркендету 

бағытында  атқарған  қызметінің  тарихи  тәжірибесі  әрбір 

мемлекетшіл  азамат  үшін  аса  қажет  үлгі.  Өйткені,  ол  биліктің 

барлық  сатысынан  өтті.  Партия  қызметкерінен  мемлекет 

қайраткері  дәрежесіне  көтерілді.  Қызылорда  Кеңес  Сауда 

техникумының  директоры,  Қазақ  КСР  Сауда  Халық  комиссары 

(министрі),  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі  төрағасының 

орынбасары,  Шығыс  Қазақстан  облыстық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы,  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Орталық 

357



Комитетінің  иделогия  жөніндегі  хатшысы,  Солтүстік  Қазақстан 

облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік 

Жоспарлау  комитеті  төрағасының  бірінші  орынбасары,  Қазақ 

КСР  Мәдениет  министрі  сияқты  лауазымды  қызмет  атқарған 

қайраткер, әрі саясаткер болды. І.Омаров мәдениет, идеология 

саласын  ұйымдастырушы  ғана  емес,  өнер,  ғылым,  әдебиет 

бағытында  шығармашылықпен  шұғылданатын  адамдардың 

ұйытқысы  болуы  тиіс  еді.  Зиялы  қауымға  ұйытқы  болудың 

мүддесінен шығу әрбір адамның қолынан келе беретін іс емес. 

Ол  үшін  оған  жауапты  адам    зиялы  қауымды  мойындатқан 

тұлға  болуы  керек.  І.Омаров  тұлғасы  қаншалықты  дәрежеде 

мойындалғаны 

және 

оның 


зиялы 

қауымды 


қандай 

қасиеттерімен,  іс-әрекеттерімен  мойындатты  деген  сұраққа 

талдау жасап, жауап беру де өте маңызды міндеттердің бірі. 

Сондай-ақ,  І.Омаров  ақын-жазушылардың  қатарындағы 

оқушысы, 

өнер 


туындыларының 

көрермені 

немесе 

тыңдаушысы  ғана  емес,  өзінің  де  қаламы  қарымды  сыншы, 



публицист, өнер зерттеушісі болғаны мәлім.

І.Омаровтың  күллі  әлем  жұртшылығына, қала берді бүкіл 

одақ  көлемінде  танымал  М.Әуезов,  Қ.  Сәтбаев,  Л.Леонов, 

Ю.Казаков,  Л.Соболев  сынды  т.б.  мәдениет,  ғылым,  өнер 

қайраткерлерімен  достық  қарым-қатынастары  және  олармен 

өзара  алмасқан  хаттарында  көтерілген  елдік,  азаматтық 

мәселелер  оның  ғаламдық  ой  иесі  болған  тарихи  тұлға  екенін 

дәлелдей түседі.

І.Омаров  –  біздің  тарихымызда  кеңестік  дәуір  деп 

аталатын 

заман 

тудырған 



 

тарихи 


тұлға. 

Академик 

М.Қозыбаевтың: 

«Өмірде 


өткен 

зиялы 


адамның 

ғұмырнамасына  үш  өлшеммен  қарау  керек  сияқты.  Біріншіден, 

ата  –  баба  мұрасынан  оның  алғаны  көп  пе,  әлде  қайтарып 

бергені  көп  пе?  Екіншіден,  ол  замандасына  қандай  қадір  –

қасиетімен  қымбат,  өткен  –  кеткенмен  салыстырғанда  ашқан 

жаңалығы  бар  ма?  Үшіншіден,  ол  келешек  ұрпақтарға  қандай 

мұра  қалдырды?  Міне,  осы  үш  сауалға  толық  жауап  болғанда 

ғана ондай жан тарихқа тұлға болып енетіндігіне күмән тумаса 

керек»  - деген  [1]  ойының  қалыбына  салып  қарағанда  да 

І.Омаровтың  өмірі  мен  қызметі  туралы  зерттеулер  тұлғалық 

келбетіне айқын дәлел.

І.Омаровтың  ғұмырбаянының  кейбір  тұстары,  партиялық, 

қоғамдық  –  саяси,  мемлекеттік  қызметінің  негізгі  кезеңдеріне 

арналған  ғылыми,  публицистикалық  еңбектер  мен  естелікке 

құрылған  әдебиеттер  жарық  көрді.  Оның  қызметіне  талдау 

жасалып баға да берілді. 

358



Жалпы,  Омаровтану  мәселесі  ғылымда  ол  өмірден 

өткеннен  кейін  қалыптаса  бастады.  І.Омаровтың  азаматтық 

болмысы  туралы,  біліктілігі  мен  білімі  жайлы,  ізгілікті 

адамгершілік  қасиеттері  турасында  достарымен,  замандас, 

қызметтес 

адамдармен 

қарым-қатынаста, 

алмасқан 

хаттарында  өзінің  көзінің  тірісінде-ақ  әділ  бағасын  алған.  Ал, 

І.Омаровтың  әлеумет  істеріндегі  қызметіне  бағаны  алғаш  рет 

сол  дәуірі  І.Омаровтың  қайғылы  қазасына  байланысты 

жазылған  қазанамада  оны  көрнекті  қоғам  қайраткері  және 

І.Омаровтың  өмірі  –  партияға  қалтқысыз  қызмет  етудің  өнегесі 

болды  деп  атап  көрсетті.  І.  Омаровпен  қоштасуға  арналған 

қаралы  жиында  академик  –  жазушы  Ғ.Мүсірепов:  «Үлкендер 

қатарында кіші емес, кішілер қатарында үлкен емес бір жан еді 

–  ау!  ...»  деген  жүрек  жарды  сөзімен  І.Омаровтың  азаматтық 

келбетін  айқындап  берді.  Сондай  –  ақ,  І.Омаровтың  кемел 

шағында дүниеден өткені қазақ мәдениеті мен өнері үшін орны 

толмас  қаза  екенін  сол  уақытта  Ә.Нұрпейісов,  Н.Анов, 

С.Қожамқұлов,  І.Жарылғапов  сынды  т.б.  жазушылар,  өнер 

және қоғам қайраткерлері жеткізген болатын [2].

І.Омаровтың  қайраткерлігін,  халықтың  шын  мәніндегі 

перзенті  екенін  аша  түсетін  өзінің  қоштасу  хаты  «Қазақ 

әдебиеті»  газетінде  қазанамамен  бірге  «Парыз»  деген  атпен 

берілуі де оны тереңірек танып білуге жетелейді. 

І.Омаровтың 

өмірі, 


қоғамдық-саяси 

қызметі 


мен 

шығармашылық 

мұрасын 

зерттеуде, 

оларды 

жарыққа 


шығаруда және насихаттауда жүйелі жұмыс жүргізген жазушы –

Жайсаңбек  Молдағалиев.  1971  жылы  І.Омаровтың  қайтыс 

болғанына  бір  жыл  толғанына  орай  Ғафу  Қайырбеков 

«Жаныңдай  көрген  жақсы  ағаң  ...»  /3/,  М.Бутин  «Ізгілік»  [3], 

С.Әшімбаев «Қадірліміздің бірі еді», М.Әлімбаев «Қызыл-күрең 

дептерді  ақтарғанда...  »,  ал  Ж.Молдағалиев  «Аға  мінезі»  және 

эпистолярлық  жанрға  негізделген  «Өлді  деуге  бола  ма 

айтыңдаршы»  деген  естелік  –  мақалаларында  жариялады  [4]. 

Бұл мақалаларында авторлар , әсіресе, І.Омаровтың қоршаған 

ортасы  туралы,  зиялы  қауым  арасындағы  беделін,  қадір  –

қасиетін  көбірек  сипаттайды.  Ж.Молдағалиев  көп  жылғы 

ізденістерінің  нәтижесінде  өзі  өмірден  озғаннан  кейін  1990 

жылғы  «Жомарт  жүрек»  атты  деректі  повесі  жарық  көрді. 

Ғұмырнамалық шығармада І.Омаровтың өте бай әрі мазмұнды 

саяси-  әлеуметтік,  сыншылық,  санаткерлік  қызметі  мен  өткен 

өмір  жолын  оның  мұрағат  тістері  мен  шығаршамашылық 

мұраларын ұтымды пайдалана отырып, ойшылдық, сыншылық, 

санаткерлік ерекшеліктерін шынайы жеткізіп беруге күш салған 

359



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау