Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет88/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156

құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрған болатын» [1:19].

Өзіне  дейінгі  қазақ  халқы  туралы  жиналған  деректердің 

бәрін жинақтап, оларды жүйелеген құнды еңбектердің бірі А.И. 

Левшиннің  үш  томдық  "Описание  киргиз-казачьих  или  киргиз-

кайсацких  орд  и  степей"  аталатын  кітабы.  Қазақстан 

тарихнамасында  тұтас  бір  кезеңнің  қорытындысы  болатын 

еңбекте  негізгі  әңгіме  қазақтың  саяси  тарихына,  тұрмыстық 

ерекшеліктеріне  қатысты  болды.  А.И.  Левшин  ХУІІІ  ғасырдағы 

қазақ қоғамының арқауын "анархия" деп атайды, көшпелілердің 

қоғамдық  дамуы  варварлық  дәуірдегі  Еуропа  халықтарымен 

салыстыруға келеді деген пікір түйеді [2:66-67].

Қазақ  хандығының  ішкі  және  сыртқы  саяси  жағдайы 

қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі 

жасады.  Тәуке  хан  өлгеннен  кейін  қазақ  хандығының  жағдайы 

қиындай  түсті.  Қайып  сұлтан  аға  хан  болды.  Кіші  жүздегі 

иеліктердің 

бірін 

билейтін 



Әбілқайыр 

өзінің 


Қайыпқа 

бағынышты,  оған  тәуелді  екенін  мойындады.  Көп  ұзамай  1719 

жылы  аға  ханның  атағын  Әбілқайыр  хан  алған  болатын. 

Әбілқайыр  хан Жәнібек ханның сегізінші ұлы Өсеке сұлтанның 

тұқымынан  шыққан  болатын.  Бұл  тұқымынан  Әбілқайырға 

дейін  ешкім  атаққа  ие  болмаған.  Сондықтан  Тәуке  хан 

әулетінен  шыққан  сұлтандар  бізді  аттап  өтті  деп  жаңа  ханның 

билігіне  мойынсұнбады.  Орта  жүзбен  Кіші  жүздің  көптеген 

билері де Әбілқайырды хан деп танымады. Сондықтан осының 

салдарынан  қазақ  жері  жеке-жеке  хандық  және  сұлтандық 

иеліктерге  бөлініп  кетті.  Қазақстанның  ішкі  саяси  жағдайының 

тұрақсыздығы  мен  феодалдық  бытыраңқылығын  пайдаланған 

Жоңғар  мемлекеті  қазақ  жеріне  басып  кірді.  1725  жылы 

жоңғарлар Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларын басып алды. 

Өз қонысынан, мекенінен, малынан айрылған Қазақ қауымдары 

Хожелі Хиуа және Қарақалпақ жерлеріне көшуге мәжбүр болды. 

Сонымен,  Қазақстанның  ХУІІІ  ғасырдың  30  жылдары  ішкі 

және  сыртқы  саяси  жағдайы  жоғарыда  айтылғандай  өте  қиын 

сәтке  тап  болды.  Әбілқайыр  ханға  Тәуке  кезінде  басталған 

Ресей  мемлекетімен  қатынас  жасау  саясатын  жалғастырып, 

қазақ  хандығының  тәуелсіздігін  сақтап  қалу  міндеті  жүктелді. 

Ол  үшін  қазақ  хандығының  бірлігін  нығайтумен  қатар,  оны 

орталықтандыру  керек  болды.  Бірақ  сол  кездегі  қоғам  үшін  ол 

мүмкін болмады. Өйткені қазақ қоғамының патриахалдық-рулық 

сипаты  сұлтандардың  өзара  феодалдық  бытыраңқылыққа 

тырысу әрекеттері рулық иеліктердің бәріне ортақ бір мәселені 

шешуде  қиыншылықтар  туғызып  отырды.  Осы  фактілерге 

сүйеніп  кейбір  тарихшылар  соңғы  уақытта  Әбілқайыр    Ресейге 

225



өз  еркімен    бодан  болды  деген  пікірлер  келтіріп  жүр  [3:161]. 

Соған  байланысты  Әбілқайыр  ханның  мұндай  шешімге 

баруына  қатысты  мына  бір  деректі  келтірсек,  А.И.  Левшин 

«Әбілқайыр  хан  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің  кейбір  руларына 

билік  жүргізе  отырып,  өз  халқының  қамын  ойлаған.  Сол 

кезеңдерде  Жоңғарлар,  Еділ  қалмақтары,  Жайық  казактары 

мен  башқұрттар  жан-жақтан  қазақ  ұлыстарын  ойрандады, 

кіріптарлыққа 

салды».-

деп 


жазды 

[4:117]. 

Сондықтан 

Әбілқайырды  Ресейге  бодан  болуға  итермелеген  алдымен 

қаптаған  жаудық  айбары  еді.  Әбілқайырдың  осындай  шешім 

қабылдауына  белгілі  дәрежеде  орыс  мемлекетінің  сыртқы 

саясаты  да  мәжбүр  етті.  ХУІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарында 

патшалық Ресей өзінің сыртқы саясатында Орта Азия, Үндістан 

елдерімен  тұрақты  қатынас  орнату  керек  болды.  Ал,  қазақ  елі 

болса  оның  жолында  жатты.  Демек,  Әбілқайыр  өз  еркімен 

бодандыққа  өту  арқылы  Ресейдің  жаулап  алушылық  саясатын 

болдырмады.  ХУІІІ  ғасырдың  20  жылдарындағы  Жоңғар 

феодалдары  мен  Қазақ  хандығының  күресу  тәжірибесі  өз 

күшімен 


сыртқы 

жаулардан 

түпкілікті 

сақтанып 

қалу 

мүмкіндігінің 



жеткіліксіз 

екенін 


көрсетті.  Сондықтан  да 

Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтан қорғану үшін және хан 

билігін  сақтап  қалу  үшін  және  нығайтуға  қажет  күшті  көршісі 

Ресей 


мемлекетінен 

іздестіруге 

мәжбүр 

болды. 


Қазақ 

хандығының  ХУІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  өте  қиын 

жағдайы, сол кезде Ресеймен ғана көршілік қатынас орнатудың 

бірден-бір  жолы  екенін  жеке  хандар  да  түсінді.  Соңғы  кезге 

дейін  бұл  мәселеде  Кеңес  тарихшылары  қазақ  хандарының 

Ресейге бодан болуының себебі тек қана жоңғарлардың әлсін-

әлсін  шабуыл  жасауы  деп  білді.  Бірақ  бұл  пікірдің  дұрыс 

еместігі  жайлы  тарихшы  С.М.  Мәшімбаевтың  "Дүниежүзі  және 

Қазақстан тарихының кейбір өзекті мәселелері" атты еңбегінде 

былай  деп  өз  пікірін  келтірген  болатын  «Ғасырлар  бойы  қазақ 

халқы  өз  күшімен  ғана  тәуелсіздігін  және  жерін  сақтап  қала 

алды.  Бірақ  ХУІІІ  ғасырдың  30  жылдарында  қазақ  хандығының 

әскери  күш  қуаты  әлсірей  бастауы  себепті  оларға  әскери  одақ 

керектігі белгілі болды»,- деп көрсетті [3:162].

Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саяси жағдайы Ресей 

елімен 


қарым-қатынасты 

дамытуда 

сонымен 

қатар 


экономикалық  жағдайдың  да  маңызы  зор  болды.  Ресеймен 

қарым-қатынасты  дамытудың  тағы  бір  ерекшілігі-ол  сауда 

мәселесі болды. Бұл орыс-қазақ қатынасына өте қажет болды. 

Біріншіден, 

Ресей 

патшасы 


қазақ 

жерінің 


шекарасына 

жақындай  түсіп,  қазақ  жері  арқылы  Орта  Азия  хандарымен 

226



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау