Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет74/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156

жүздің  әлуетті  сұлтаны  Абылай  1765  жылы  жартылай 

отырықшы  шаруашылық  бастады.  Петропавл  бекінісінің 

қарсысындағы жайлаулар соған қарайтын... Абылай Қылшақты 

өзенінен  7  шақырым  жердегі  қыстауында  өзіне  қысқы  тұрғын-

жай салып беруді сұраған. (ООММ, 1-қор, 1-тізбе, 133-іс, 10-10-

сырт. пар.) Абылай үшін салынатын қысқы үйлер татарлардың 

«шұбалма пешімен» жылытылған.

Қосымша  ретінде  айтарымыз,  аталған  жаңа  қоныстың 

орны  Петропавл  бекінісінен  250  шақырым  жердегі  Қылшақты 

өзеншесінің  өткелінен  өткен  соң,  7  шақырым  жерде.  Сол 

жылдан  бастап  «Жаңа  қыстау»  аталған  хан  ордасы  қазіргі 

Көкшетау  қаласынан  35  шақырым  жердегі  «Кенесары  ауылы» 

деген  елді  мекеннің  оңтүстігіндегі  шоқылардың  арасына  

салынған.

1771  жылы    Әбілмәмбет  хан  қайтыс  болғаннан  кейін, 

қазақтың  үш  жүзінің  беделді  өкілдері  «марқұм  ханның  өз 

кіндігінен  тараған  ұлдарының  мұрагерлік  құқы  бола  тұрса  да, 

өзге  сұлтандардың  ішінде  ең  таңдаулысы  ретінде»  (Шоқан), 

Түркістан  қаласында  Абылайды  «үш  алаштың»  ханы  етіп, 

бірауыздан  сайлаған  [2,357-359,361,365].  Бірақ,  Абылай  хан 

патша құзіретімен биік лауазымға бекіту рәсімін тілемеген және 

тәуелсіз  елдің  билеушісі  ретінде  Ресейге  бодандық  шартынан 

бас  тартқан.  Тек,  арада  7  жыл  өткен  соң  ғана  Қазақ 

даласындағы  өз  ықпалын  сақтап  қалуды  амалдап,  Ресей 

патшалығы  1778  жылғы  4  мамырда  А.  «Орта  жүздің  ханы 

лауазымына  бекіту  туралы»  құзырхат  жіберуге  мәжбүр  болған

[2,367-374,377].  Алайда,  тәуелсіз  көрші  мемелкеттің  ішкі 

істеріне  араласу  болып  табылатын  халықаралық  құқық 

нормаларына  қайшы  бұл  құжатты  Абылай  хан  заңсыз    деп 

таныды.  Ресей  императорының  жарлығын  мойындамады, 

мансап  куәлігінен  ашық  бас  тарттты,  көрші  мемлекет  билігі 

ұсынған  сый-сияпатты,  хандық  жора-рәсімерді  қабылдамады. 

[2,386,392].  Абылайдың  бұл  ұстанымын  әр  саққа  жүгірткен 

Ресей  генералдары  мұндай  «варвар,  түз  тағысын»  тақтан 

тайдыру,  тіпті  ыңғайы  келсе  тұтқындап,  көзін  жоюдың 

амалдарын  қарастырғаны  туралы  құжаттар  баршылық  [2,375-

388].    

Енді  сол  құжаттардан  кейбір  үзінділер  берсек:  «...Орта 

жүзді  түгел  қозғап,  қарауындағыларды    Абылайға  қарсы  қою 

керек»,  [2-393]. «Өз қарауындағы елдерде ғана емес, қазақтың

басқа  да  жерлерінде  Ресейдің  көптеген  адамдарын  тұтқында 

ұстап  отыр.  Қанша  талап  етсек  те,  қайтармайды»  [2,384]. 

«Елінде және өз ауылында көптеген орыс адамдарын тұтқынға 

189



ұстап  отыр,  оларды  қайтару  туралы  біздің  талабымызды 

орындаған  жоқ...орыстарға  нешетүрлі  жамандық  жасаудан 

тайынбайды»  [2,388],  Орта  жүз  ішінде  Абылайдың  беделін 

түсіретіндей  іс  ойластырып,  оған  «бақталас»  болатын 

мансапқор біреуді іздеп тауып, ондай адамды үкімет тарапынан 

қолпаштап отырған жөн [2,388].

«...Әзірше,  Орта  жүзде  жағдай  осындай  болып  тұрған 

кезде қазақ жеріне орыстардың қатынауына тыйым салу қажет. 

Өйткені,  бұл  «жыртқыштан»  қауіп  күшті.  Сондай-ақ,  бүкіл 

шегара  бойында  қазақтардың  шапқынынан  сақтанып  отыру 

қажет,  ондай  жағдай  бола  қалса,  мейлінше  бетін  қайтарып, 

қуып, барымталап жіберу керек [2,388].

«Осынау  бұзық  ниетті  Абылайға  бәсекелес,    одан  қысым 

көріп,  наразы  болып  жүргендердің  арасынан:  Ресейге  адал 

қызмет  ететін    Әбілпейіз  сұлтан,  ағайынды  Бекболат  пен 

Кенжебай  сияқтылардың  арасы  қазір  қандай  екенін  білу  үшін, 

нақты барлау жүргізу жөнінде Огарев мырзаға мынадай нұсқау 

берген  едім:  «Егер  олар  Абылайдың  Ресей  жөніндегі  қылық-

әрекеттерін  жек  көретін  болса,  Орта  жүзді  түгел  азғырып,  

Абылайға  қарсы  көтеру  керек.    Мұнымыздың  орайы  келсе, 

Абылайға  қарсы  шығушыларды  патша  ағзам  тарапынан 

қолпаштап,  шенін  өсіреміз  деп  дәмелендірген  жөн  болар  еді. 

Бұл  ойымыздың  орайын  келтіру  үшін  ондай  адамдарға  пара 

беріп,  аузын  алу  керек.  Генерал-майор  Огарев  өз  тарапынан 

ханға  біз  ойлағандай  әлуетті  бәсекелес  таба  алар  ма  екен,  ол 

жөнінде  мен  біліп  отыруым  керек  қой.  Осы  жұмыс  бойынша 

оған  өз  қасымдағы  тілмәш  Бекчуринді  жіберіп  алғанмын.  Осы 

жоспарымыздан  көңілдегідей  нәтиже  күтіп  отырғанымда, 

таяуда  тілмәш  Бекчурин  де  қайтып  оралды.  Тілмәш  арқылы 

Огарев маған мына жайларды хабарлапты:

«Қолынан  іс  келеді-ау,  деген  Әбілпейіз  сұлтан  қазір 

Түркістан  қаласында  екен,  әзір  ол  жақтан  қайтатын  түрі 

көрінбейді.  Арнайы  адам  жіберіп,  шақырып  алайын  десем, 

оның да ыңғайын таба алмай отырмын.

Ал  енді,  ағайынды  екеудің  біреуі  -  Бекболат  Огаревтің 

шақырғанына  келмепті.  Аурумын,  денсаулығым  жарамайды 

десе  керек.  Оның  үстіне,  бізге  шын  берілген  ел  ағалары  да 

оның әлжуаз әрі тым кәрі екенін айтып отыр. Бекболаттың інісі 

Кенжебай  қолайлырақ  болар  еді,  оны  былтыр  кездескенде 

Огарев  мырза  да  байқаған  екен,  алайда  Кенжебай  шегара 

шебіне ұрымтал маңнан көрінбейді, қайда екені белгісіз. Демек, 

бұл  екеуінің  де  ыңғайы  келмейтіндіктен,  Огарев  мырза  Сібір 

шебіне  таяу  қоныстанған  Төре  сұлтан  мен  Құлыбек  батыр 

190



екеуінің бірін таңдағанды жөн көретіндей. Төре сұлтан әуелден 

Абылаймен  жұлдызы  қарсы,  оның  айтқандарын  орындай 

қоймайтын,  өзін  Абылайдан  кем  санамайтын.  Ал,  Құлыбек 

батырдың бізге жақсы қызмет етіп келе жатқаны рас, десек те, 

оныңыз біз ойлағандай нәтиже шығара алар ма екен?

Огаревтің  осындай  да  күдігі  бар.  Өйткені  Ертісті  бойлап, 

Омбы  бекінісінен  жоғарырақ  аймақта  отырған  Абылайдың  інісі 

Сұлтанмұхаммет  сұлтан  мен  немере  інілері  Орыс  және  Иман 

сұлтандар  бар,  бұлардың  балалары,  туыстары,  қарауындағы 

қазақтары  бар.  Олар,  әрине,  Абылайдан  сырт  айналмайды» 

[2,392,393].  Кезінде  хатталған  бұл  сөздерге  түсінік  беру  артық 

болар.


Абылай  мен  орыс  билігі  арасындағы  қатынастар   туралы 

Ресей бас штабының биік шенді офицері И. Красовский былай 

деп  жазған:  «...  дәл  сол  кездегі  Орта  жүзге  алғыр  да  әлуетті 

әскербасы, көрші державалармен қарым-қатынас жасап тұруға 

шебер  мәмілегер  керек  еді.  Осы  міндеттің  екеуін  де  Абылай 

абыроймен орындап шықты. Ол тек арғын тайпасын ғана емес, 

басқаларын  да  биледі.  Үш  жүздің  ортақ  дұшпаны  жоңғарларға 

қарсы  жеңісті  күрес  бастады.  Аса  өрнекті  ептілік  танытып, 

Ресеймен  де,  Қытаймен  де  байланыс  орнатты.  Осындай 

қасиеттерінің арқасында, Әбілмәмбет ханға қарағанда, Абылай 

сұлтанның  атақ-даңқы  арта  берді.  Әбілмәмбет  хан  болса, 

әскерді де, мәмлегерлікті де Абылайға өз еркімен беріп қойды, 

билікке  таласқан  жоқ.  Соның  нәтижесінде  Сібір  даласындағы 

Орта  жүз  сұлтандарының  арасында  алауыздық  [болған]  жоқ. 

Мұндай  ауызбірліктің  екінші  бір  негізі,  жоңғар  мен  қазақ  арасы 

тыныштанған  соң,  Абылай  бүкіл  қазақ  аламанының  қолбасы 

атағынан  өз  еркімен  бас  тартты.  Орта  жүз  тайпаларын 

бұрынғыдай,  бір  шыбықпен  айдаймын  деп  аптыққан  жоқ...».

[Материалы  для  географии  и  статистики  России,  собранные 

офицерами генерального штаба. Область Сибирских киргизов. 

Часть 1. СпБ, 1868. С.39.]

Абылай 


хан 

Ресейдегі 

Е. 

Пугачев 


көтерілісіне 

байланысты  ұстамдылық    танытты.  Ресейдің  ішкі  ісіне 

араласқан жоқ, көтерілістің түбі шикі, мақсаты бұлыңғыр екенін 

байқады.  Қазақ  халқын  арандатудан,  орынсыз  қан  төгуден 

сақтап  қалды  [2.311,312].  Ескерте  кетейік,    «Абылай  хан  Е. 

Пугачевті  қолдады,  тіпті  40  мың  әскермен  Ресей  бекіністерін 

шабуға  дайын  отыр»-мыс  [2-313]    деген  жазбаша  дерек  сол 

дәуірде  насихат  үшін  таратылған  жалған  ақпар  екені 

дәлелденді.

Абылайдың  қырғыздарға  екі  мәрте  жорық  жасағаны 

191



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау