«Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» жоспары
бойынша жұмыстар атқарылуда. Жастардың республикалық
телеарналарға сөйлегені, газет және журналдарда мақалалар
жариялап,
Bag.kz
және
BNWS.kz
cайттарына
ғылыми
баяндамалар жариялауда. Бұл маусым-қыркүйек айларында
атқарылған жұмыстардың есебі ҚР БҒМ Ғылым комитетіне
берілді.
Республикамыздағы
«Халық
тарих
толқынында»
Мемлекеттік бағдарлама бойынша тарихты зерттеу және
насихаттау
мәселесіне
қатысты
«Жас
тарихшылардың
республикалық қауымдастығына» мүше жастардың ғылыми
зерттеу
жобаларын
2014-2016
жж.
жүзеге
асыруы
жоспарланды. Қауымдастықтың қаржыландыру көзі ғылыми
жобалар арқылы жүзеге асырылады. Олардың тақырыптары
төмендегідей аталады:
Шығыс Қазақстан петроглифтері: дәстүр және сабақтастық
Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық
тарихтың рөлі (1991-2016 жж.)
Батыс Қазақстан ерте көшпенділерінің әскери ісі
Қазақстандағы этносаралық қатынас және саяси тұрақтылық
(1991-2016 жж.)
Ғылым және жастар: ҚР БҒМ ҒК жүйесіндегі қоғамдық
гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарындағы
жастар мәселесі
Жоғарыда
аталған
ғылыми
жобалардың
тұжырымдамалары мен бюджеттік қаржыландыру мәселесі
көрсетілді.
2013 жылдың 27 қыркүйегінде «Жас тарихшылардың
республикалық қауымдастығы» мүшелерінің ұйымдастыруымен
«Екінші Дүниежүзілік соғыс тарихының өзекті мәселелері» атты
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны Астана
қаласындағы
Л.Н.
Гумилев
атындағы
Еуразия
ұлттық
университетінің «Отырар кітапханасында» өткізді.
Еліміздің болашағы жастар екені анық. Сондықтан,
оларды осы бастан дұрыс бағыттап, тәлім-тәрбие беріп жолға
салу аға буын алдындағы бір міндет деп айтуға болады. Осы
аталған қоғамдық бірлестікті құруға қолдау білдірген ҚР
Президент Әкімшілігінің қызметкерлері, ҚР БҒМ Ғылым
комитетінің басшылары және Мемлекет тарихы институтының
басшылары екендігін айта кеткенді жөн көрдік.
Алдағы уақытта жастар «Халық тарих толқынында» атты
мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде және Отан тарихының
өзекті мәселелеріне қатысты зерттеулер мен зерделеулер
387
жасап, ел тарихын зерттеуге қатысады.
Қазіргі
жастардың
көпшілігі
шет
тілдерін
біледі,
компъютер және ақпарат құралдарымен жұмыс жасайды.
Сондықтан, олардың мүмкіндіктері көп. Тек жастарымызды
керек
салалар
бойынша отандық және шетелдік оқу
орындарынан, зерттеу институттарына тағылымдамалардан
өткізіп, дайындықтарын шыңдауы керек.
Еліміздің елдігін сақтауда ұлттық сана, ұлттық намыс,
тарихи таным деген мәселелердің барлығы жастарымыздың
бойына осы тарих саласынан алатын тағылым арқылы дариды.
Сол себепті, біздер аға буын мен жастар арасындағы
сабақтастықты
жалғастырып
отыруды
басты
назарда
ұстауымыз керек.
Республикамызда Отан тарихын түрлі кезеңдері мен
тақырыптарына қарай зерттеп, онымен айналысып келе жатқан
тарихшы
қауым
бар
және
бұдан
кейінде
тереңдетіп
зерттеулерді жүзеге асыра береді деген сенімдеміз. Демек,
осылай халқының тарихы мен мәдениетіне құрметпен қараған
елдің болашағы зор болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті –
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //
Егемен Қазақстан, 15.12.2012 жыл.
М.М. Тәжин «Тарих толқынындағы халық» // Егемен
Қазақстан, 06.06.2013 жыл.
Аяған Б., Ауанасова Ә., Сүлейменов А. Қазіргі
Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес
мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.
Аяғанның жалпы редакциясымен. – Алматы: Реаритет, 2010. –
448 бет.
Жас
тарихшылардың
республикалық
қауымдастығының Жарғысы. 2013 жыл 29 шілде. 1-5 беттер.
КӨКШЕ ӨҢІРІНІҢ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЕСІМДЕРІМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ҒИМАРАТТАР МЕН СӘУЛЕТ НЫСАНДАРЫ
Кушпаева А.Б.
Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университтеті,
388
Көкшетау қ.
kushpaevaab@mail.ru
Көкше өңірінің ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы тарихы Ресей
патша өкіметінің сол кезеңде еркше қарқын алған отаршылдық
пен оған қарсы бағытталған отаршылдықпен күрес тарихы
болды десек, тарихи шындықтан алшақ кетпейміз, бәз біреулер
айтып жазып жүргендей Ресейдің далалық өңірдің ішкі
аудандарына жылжыуы «бейбіт» адамгершілік пен өркениеттті
далалықтарға әкеліп таратушы болмағандығына халқымыз
тәуелсіздікке
ие
болған
ХХ
ғ.
тоқсаныншы
жылдары
зерттеушілер қатты назар аударып, тарихи шындықты қалпына
келтіруге әрекеттер жасалынды. Соның ішінде біздің өлкеміздің
тарихына қатысты екі зертеушінің еңбегі ерекше мәнге ие
болатын. Олар профессорлар Өмірзақ Озғанбай мен Қадіржан
Қабиденұлы Әбуовтың зерттеулері деуге болады.
ХІХ аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басында әсіресе
Көкшетау өңірінде патша үкіметінің қазақтарды ата дінінен
айырып шоқындыру саясаты жүргізілді Сол кезде қазақ
халқының рухани- діни бостандығына үлкен қатер төнген
болатын. Міне осы бір қыйын шақта Бұхарада терең діни білім
алған Науан Хазірет патша өкіметінің саясатына қарсы шықты.
Оны қолдаған қайраткердің бірі көрнекті Алаш қайраткері,
Ақмола облысынан тұңғыш депутат болып сайланған діндар
Шаймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы
Көкшетау уезі Қотыркөл болысында дүниеге келген. Ол туралы
Өмірзақ Озғанбай өзінің «Ресей Думасындағы қазақтар»
еңбегіде тың деректер келтірген болатын [1]. Жас шағында
ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан
хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы
қалада 1886 жылы жүртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл
болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы
ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады бұл
турасындағы алғашқы кең көлемді еңбек профессор Қ
Әбуовтың 2001 жылы жарық көрген «Науан Хазірет». атты
зерттеуі болатын [2].
Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру
саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы
сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық
режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас
қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам
Н.Таласұлы
екеуі
абақтыға
жабылады.
Жандармерия
тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164
389
Достарыңызбен бөлісу: |