100 м. қашықтыққа кедергіден жүгіру техникасы
Кедергі қойылған 100 м. аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 немесе 8 адым, мәре бөлігін 5 адымда; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан еркектермен бірдей.
Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынан 11О м. кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. Іші кедергіге итерілер алдындағы аяқтан итерілетін аяқ 10-15 см. қысқа. 8 адымдық екпін алуда (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады) осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіден жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Ересек кедегіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринтерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар - ол кедергіден жүгіру адымы.
Кедергіден өткенде итеру бұрышы 60-70%. Итерілу кедергіден 195-200 см. жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда, аяқты соза қойған ағдайда, жедел жылдамдық қамтамасыз етілмесе, қозғалыс жылдамдығы 1 төмендейді, ал таяу қою кедергіден секіруге әкеледі, спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы (300-31О м.), ол І-ші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см. кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедергіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту. Ол кедергіні тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жағдай жасайды.
Сермелетін аяқ кедергіден өткенде сәл бүгіліп, ерлердің 11О м. кедергіден жүгіру тәріздес сирақ сілтеп тасталмайды. Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес, табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады, тізе, табан мөлшерінен жоғары, бұл қалып сан-бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді І-ші адымда тез қолданылуын қамтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жөғары бағыттау, ол үлкен қате, бұл, көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады.
Кедергіден жүгіруде тепе-теңдікті, тұрақты тік қозғалысты қолмен, шынтақтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден апап өткен кезде, сермелеген аяққа қарама-қарсы қол сәл түзетіліп, алға тасталады, кедергіден түсер сәтте итерілетін жақтағы қол жанына төмен, артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізгі болып келеді, қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі етеді.
Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері мынандай.
Дене көп алға бүгілмейді және кедергіге кіргенде қатты ырғақпен тасталмайды.
Сермелетін аяқтың сан мен тізесі кедергіге кіргенде жоғары көтерілуі, бұл жамбасты алға шығарып, кедергіге жедел шабуыл жасауға өз үлесін қосады.
Кедергіден кідірмей, тоқтаусыз жүгіріп өтуі.
Кедергіден өткенде итерілген аяқты алға тастағанда денені жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету.
Кедергі арасын үш адымда жүгіру дистанция бойымен жүгіргенде адым ұзындығы әр түрлі болып келеді. Бірақ ырғақ тепе теңдігі сақталады. Кедергіден түскеннен кейін 2 адым ұзартылады, ал үшіншісінде қысқартылады. Кедергі арасы мен жүгіргенде, адым ұзындығының жобасы мынадай: І-адым 160, екінші 200, үшінші 190, кедергіге итеру аралығы 200. Мәреге жету ақырғы кедергіден өткеннен кейін басталады және мәре сызығына дейі. 5 спринтерлік адым жасалады. Мәре бөлігін жүгіріп өткенде дене босаңқы, қысылмай ерте және терең еңкеймеуі керек. Себебі көп мөлшерде еңкею сермелген аяқтың ақырғы кедергіден төмен өтуіне әкеледі, ол кедергіге соғылуға, тіпті құлатып кетуге өз әсерін тигізеді. Бұл тепетеңдіктің жоғалуын және мәре бөлісіндегі жылдамдықты төмендетеді.
Сауалнама
1.Кедергіден жүгіру аралығы, кедергілер биіктігі,
2.Әйгілі кедергілерден жүгірушілердің әдісін жіктеу.
3. Сөре және сөрелік қозғалыс әдісін жіктеу.
4.Кедергіден өту әдісін, кедергіге шабуыл жасау, кедергіден өту,кедергіден түсуді шындау .
5. Кедергілердің аралығын жүгіру әдісі қайталау.
6. Кедергіден жүгіру әдісін жетілдіру.
Тапсырма.
Кедергіден жүгурі мектептерінің жаттуғыларын орында тұрып, швед сатыларың пайдаланып орындау.
Кедергіден жүгіру әдісін кедергінің жанында сермелетін және итерілетін аяқтын қозғалысын жетілдіру, кедергіден толық жүгіру жүйесін орындау.
Аласа сөреден жүгіріп 1 кедергі шабуыл жасау.
Аласа сөреден 2-3-4ші кедергіден жүгіру, аралықтыта 3 адымда жүгіру.
Әдістемелік нұсқау.
Кедергіден жүгіру 40-тан 400м аралықтан өтеді. Үйрету кезінде әртүрлі биіктікте қойылған кедергіден жүгіру.
Достарыңызбен бөлісу: |