Қорытынды
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын рухани
қазынасы, зерттеудің көзі болып табылады. Абайды тану, бағалау, насихаттау,
оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке
жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан
тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-
мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз
болмақ.
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайдың мұрасы – халықтың ең
қасиетті қазынасы. Сол қазынаны «Абайтану» курсын оқыту арқылы өскелең
ұрпаққа аманаттауды уақыт талап етіп отыр. Өйткені қазақ
халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында
жатыр. Жастардың адамгершілік мінез-құлқын, адами қалпын қалыптастыруда
Абайтану ілімінің тәрбиелік маңызы зор. Сол себепті, ең алдымен, Абай
мұрасын меңгеру, терең танып білу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып
отыр
Абайға баратын жол – ұзақ жол. Ол ешқашан таусылмайды. Заман
өзгерген сайын, халықтың сана-сезіміне еркіндік самалы есіп, ақыл-есі
желпінген сайын ұлы ақынның өлмес мұрасы да жаңа бір қырларынан ашылып,
жарқырай түспек. Демек, өз жолында жаңа бір олжалар тауып, тың жемістер
теруге ұмтылу Абайға қарай сапар шеккен әрбір зерттеушінің абыройлы
борышы болса керек.
Әдістемелік құралда:
-
қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысына;
-
қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу,
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарына;
-
Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігіне;
-
Ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік
мұрат, адамгершілік идеяларын танытуға;
-
Абайтану ғылымының мол мұрасына;
-
Абай мұраларының педагогикалық құндылығына қатысты ғұмырын
әлемдік көркем ойлау тарихындағы аса ірі құбылыс – Абай мұрасын терең
зерделеу мен насихаттауға арнап жүрген ғалымдардың ғылыми-зерттеу
еңбектеріне шолу жасалды.
Абайтанудың кезеңдері сараланып, шығармашылығындағы тұлға, толық
адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерге де назар аударылды. Ең
бастысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген «Абайтану» курсының оқу
бағдарламасын орта мектепте оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Ал, бұл
өз кезегінде биылғы оқу жылында орта білім беру жүйесіне алғаш рет енгізіліп
отырған курстың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін оң ықпалын
тигізетіні сөзсіз.
64
Сонымен қатар, әдістемелік құралда орта мектепте «Абайтану» курсын
оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар, пысықталған үлгілік тақырыптық
жоспар мен бірнеше үлгілік сабақ жоспарлары қоса беріліп отыр. Бұл
практикалық жұмыстар осы курсты мектептерде жүргізуші мұғалімдерге
әдістемелік жағынан көмек ретінде ұсынылады.
Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық
тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами
қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.
Жалпы алғанда, Абай шығармаларының көркемдік, танымдық, тәрбиелік
мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін ғылыми еңбектер ғана
абайтану ғылымын алға жетелей түспек.
Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік
мәні бар, ағартушылық маңызы зор, педагогикалық идеяларға толы,
психологиялық ой-пікірлерге бай тәлімгерлік тағылымы баға жетпес
өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз.
Абайдың адам тәрбиесі хақындағы педагогикалық көзқарастары аса үлкен
мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оятар демекпіз.
65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Назарбаев Н. Семей мен Қарауылдағы Абайдың 150 жылдық
мерейтойында салтанатты жиындарда сөйлеген сөздерінен, 10-11 тамыз. 1995
жыл.
2.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы 20 т. – Алматы:
Жазушы, 1985.
3.
Абай. Энциклопедия. Ред. басқарған Р.Нұрғалиев. – Алматы: Атамұра,
1995. –
720 б.
4.
Мырзахметұлы М. Абайтану. Оқу құралы. – Алматы, 2010. – 152 б.
5.
Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. // Записки Семипалатинского
Подотдела
Западно-Сибирского
отдела
Императорского
русского
географического Общества, 1907, Вып. 3. С. 1-8., Қыр баласы. Түрк, қырғыз,
қазақ һәм ханлар шежіресі // Қазақ. - 1913. - 28 сәуір. - №12.
6.
Дулатұлы М. Абай. // Қазақ. – 1914. - 23 маусым. - №67.
7.
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Қазақ. – 1913. - 23 қараша. - №39;
-
30 қараша, - №40; - 22 желтоқсан, - №43.
8.
Ғаббасов С. Тарих қазақ жайынан // Айқап, 1915. - №9. - Б.128-129.
9.
Екеу. Абайдан соңғы ақындар // Абай, 1918, №5. Б. 1-6.
10.
Ысқақұлы Д. Сын талқы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 416 б.
11.
Сағди А. Абай. //Абай, 1993. - №6. - Б.4-14.
12.
Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. / Кітапта: Абай
тағылымы. –Алматы: Жазушы, 1986. - 432 б.
13.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. –Алматы: Дәуір, 1993. -
224 б.
14.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. –Алматы: Атамұра, 1995. - 208 б.
15.
Жиреншин Ә. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны және
ойшысы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1950. - 222 б.
16.
Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-
жазушылары. –Алматы: Қазақстан, 1958. - 308 б.
17.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі. –Алматы: ҚМКӘБ, 1960. - 364 б.
18.
Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –Алматы: Жазушы, 1966. -
345 б.
19. 21
Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы. –Алматы: Жазушы, 1971. -
112 б.
20.
Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. –Алматы: Жазушы, 1974. - 216 б.
21.
Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы: Санат, 1995.
22.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. – Алматы: Санат, 1997.
23.
Сильченко М.С. Творческая биография Абая. – Алма-Ата: издательство
Академии наук Казахской ССР, 1957.
24.
Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 1966.
25.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995.
26.
Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996.
66
Достарыңызбен бөлісу: |