Абайдың жасы 3-ке тақалды. Орыс мектебінде ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді



жүктеу 30,93 Kb.
бет5/5
Дата31.05.2020
өлшемі30,93 Kb.
#30726
1   2   3   4   5
1 Абай жолы массагет

Өрде

1

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен қызықты думан өткізіледі. Абай осы үш күн бойы өз қалыңдығын көрмеген болатын. Тек төртінші күні құдалар барлығы үйге жиналған кезде неке оқылады. Абай әлі Ділдәмен жақын танысып та үлгермей, шымылдықтың алды жабылады. Осы ауылға келерде Абай қасына Ерболды да ертіп алған болатын. Тоғжан одан сәлемін айтып, артынан жылап қалыпты. Осыны есіткен Абай екі от арасында қалғандай қиналады. Абайлар Алшынбай ауылында тағы он бес күндей қонақ болып қайтады. Қайтқанда Абай жас жүрегіне жалынды от қосып қайтқан жоқ еді.



2

Абайлар келгенде жұрт тегіс Шыңғыс сыртындағы жайлауда екен. Құнанбай атшабарларын жіберіп, былтырғы қыстауларын қайтара бастапты. Он төртін түгел қайта иемденген. Ал біреуін Байсал өжерлік қылып, бермепті. Құнанбай ашуланып, тағы бір соғыс ашайын дегенде, Абай оны тоқтатты. Сосын Бөжейдің жылы келе жатқанын айтып, Құнанбай бармаса да, өзі ауыл ірілерін ертіп баруына рұқсат сұрайды. Абайдың өзіндік жоспары болатын. Ол Бөжей ауылына келетін қонақтардың бір үлесіне он киіз үй тіктіріп, жайлы қонақ күтпек болады. Дегені де болды. Абай, Ербол, Мырзахан, Ұлжан, Айғыздар көпшілік боп, Бөжейдің алыс нағашыларын қонақ етеді. Тыным таппай үш күн қызметте болады. Байдалы, Байсал, Сүйіндік және нағашы ақсақалдар ырзашылық білдіріп, өз баталарын береді. Абай мен Ербол үш күн ұйқы көрмеген болатын. Сондықтан үйіне қайтысымен екі күн, бір түн қатып ұйықтап, сергіп тұрады.

3

Абайдың аса ірі жауапкершілікпен атқарған еңбегі бүкіл Шыңғыс түгіл, ел сыртына да таралып үлгереді. Абайды кім көрсе де ашық қуанышты жүзбен амандысатын болған. Ербол ауылына бір барып қайтқанда, Абайдың Тоғжанмен кездесуіне тағы бір сәт туғанын айтады. Сосын оны ертіп алып кетеді. Екеуі тағы да ай сәрінде кездеседі. Тоғжан Абайды құшақтай салысымен жылап жібереді. Екі жүректің дірілдеген дәмдері қосылып, ыстық еріндері енді айырылмастай табысқандай болатын. Тып-тыныш жаздың таңы баяу атып, түріліп келе жатқанда, Абай атына мініп, Ботақанға бет алады. Елдің қыстауға қонатын шағында Абай Қарқаралыға жүріп, Ділдәні алып келеді. Бұл арада Құнанбай баласын ұрып, інісін масқаралатқан Құлыншақ пен оның "бес қасқасына" өзіндік жазаларын беріп үлгерген еді.


Қияда

1

17 жаста Абай әке атанады. Ділдәдан үлкен баласы Ақылбек туды. Бір жыл өте кейінгі қызы Күлбадан дүниеге келеді. Бұл кездері Абай өзін әке сезініп жүрген жоқ еді. "Әке болдың" деген жұрттың сөзінен ұялып, қиналып жүретін. Осындай кездердің бірінде көктем келіп, сәуір, мамыр айлары шықса да үскірік боран тоқтамай, ауылдарда мал қырылып, жұт болады. Осындай жұтшылықтан қашып Ырғызбай қыстауларына Бөкенші Дәркембай келе жатты. Дәркембайдың отыз-қырық қойынан шөп қызғанып, Тәкежан Жұмағұлды жұмсап қуа кетеді. Майбасар старшындықтан түскеннен кейін Жұмағұл да атшабарлықтан қалып, Тәкежанмен дос болып алған болатын. Абай үйінде Ербол, Жиренше, Асылбек және Базаралылармен әңгіме құрып отырғанда Дәркембай келіп көмек сұрайды. Абай, Ербол екеуі лезде тұрып, барып Жұмағұлды жақсылап сабап, атын алып қояды. Содан кейін қойлар тегіс маяларға бас қояды. Ал Жұмағұлды үйіне жаяу қайтарады. Абай Дәркембайға жұттан қиналып жатқан барлық ауылдардың малын жинап, алып келуді бұйырады. Бір күн өтпей қорыққа келген ауылдардың саны елуден асты. Сол күні Тәкежан Қарашоқыға бет алып, әкесіне Абайдың үстінен шағымданыпты. Құнанбайдың сәлемін Жидебайға жорға Жұмабай алып келеді. Әкесінің сөзіне көнбей, Абай оны да қайтарып жібереді. Құнанбай бұған ызаланып, ендігіде Жақыпты жібереді. Оған Зере, Ұлжан мен Абайлар да қарсы шығып, Құнанбайдың қыстағы ақылдаспай істеген ісіне ренжігендерін білдіріп, Жақыпты да жөнелтеді. Құнанбайдың биыл қыста бүлдіргені – ешкіммен ақылдаспай төртінші қатын алғаны болатын. Бердіқожа деген қожаның қызы Нұрғанымды тоқалдыққа алған еді. Абай дәл осы істі Жақыпқа айтып жібереді. Құнанбай бұйрығынан құтылған соң Ұлжан мен Абай бар ынтасын көпті күтуге салады. Он бес күн өтеді. Көктемнің шырайы ашылып, жылы жел соға бастайды. Абайдың арқасында елу ауылдың мың жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы жандарын сақтап, аман қалады.



2

Көктемнің ескегі соға бастасымен жұрт жазғытұры жайлауларына көше бастады. Көші-қон кезінде Зере қатты сырқаттанады. Бір-екі күнде тынысы тарылып, қозғала алмайтын болып қалады. Бір күні таңсәріде Зере көзін ашып, Ұлжан мен Абайға соңғы сөздерін айтады да, әжім басқан көздерін мәңгілікке жұмады. Күн шығысымен хабар шартарапқа тарап, ағайын тегіс жиналады. Абай түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей, қайғыға батып кеткен болатын. Қырқына шейін әжесінің рухына арнап Құран аударып жүреді. Ұлжан Абайдың қатты ойға түскенін байқап, Ерболмен бірге ел аралап қайтуын сұрайды. Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты. Олар солай қарай бет алысты. Біраз күн ол жерде қонақ болып, Қадырбай ауылына Қарашаш және бір топ жастармен барады. Сұрастыққа тек мамырдың жұтын сұрайды. Қызық ойын-сауықтар болады. Осы екі жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей болып, Тобықты жайлауына сергіп қайтады.

3

Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат жоғалады. Жоқшылар ұрының ізін таба алмады. Көп өтпей Керейден де жылқы жоғалады. Ұрының ордасы Жігітектің Қаумен ауылы болып шықты. Оны алғаш Базаралы таңсәріде ұйқысы қашып, сыртта жүргенде бейтаныс аттарды алып келген өз ағасы Балағаз және қасындағылар Абылғазы мен Әділхан екенін байқады. Базаралы ызаға булығып, жағдайды әкесі Қауменге айтады. Қаумен Балағазды қасына шақырады. Базаралы шыдай алмай, өз ағасымен жағаласып кетеді. Қаумен оларды тоқтатып, Балағазға көшуін бұйырады. Құнанбай: "Жаңа кесілген ет қайда болса, ұры да сол жақта", – деп, әр елге сыр бермейтін шал мен кемпірлерді жібереді. Көп өтпей Абылғазының үйінен еттің иісі шығады. Кейіннен ол жігіттер көрінбей кетіп, тау ішін паналайды. Ұрылардың істері ел ішіне жайылып, енді барлық салмақ олардың ауылдары Қарашанікіне және Қаумендікіне түседі. Осы тұста жаңа заң шығады. Енді Тобықтыны старшын емес, үш болыс болып билейтін болыпты. Құнанбай сайлау алдында ұрылардың тоқтатуға шешім қабылдайды. Бірақ Балағаздар мал алуды тоқтатпады. Құнанбайдың шақыруына да көнбеді.



4

Ел ішіне сайлау келгенде Жидебайдағы Абайды Құнанбай шақыртып алады. Абай әуелі әкесіне бармай, ағасы Құдайбердіге кіріп өтеді. Ағасы төсек тартып қалыпты. Құнанбай Абайды болыс болуға шақырғанын Құдайберді айтады. Оған болмағаның жөн деп, өз пікірін де білдіреді. Құдайбердінің балалары Шәке, Шұбар, Нұртазалармен Абай бір түн сол жерде қалады. Ертеңгі күні Құнанбай дәл сол болыстық туралы айтады. Абай оған: "ағаның орны бөлек", – деп, болыстыққа Тәкежанды ұсынады. Сол кезде Тәкежан да іште болатын. Оны естіп мәз бола қалады. Осыдан он бес күн өткенде Тәкежан болыс атанады. Жаңа болыс қалаға барып, Семей уезінің ұлығы Тінібекпен көрісіп қайтады. Одан қайтқанда Балағаздарды ұстауға бес кісілік қарулы топ ала келеді. Тәкежан ауыл ішінен тағы он бес жігіт қосып, Шыңғыс тауына бет алады. Топ ұрыларға оңай кез болады. Бірақ, Тәкежан жігіттері іркіліп, ақыры аттарынан айырылып қалады. Тәкежан елге құр қол қайтпайын деп, Қаумен, Қараша ауылдарының ірі қараларын алып кетеді. Тәкежанның ісін естіп, Абай Мұсақұлға жетеді. Ол жерге малын қайтару үшін Базаралы да барған болатын. Абайдың айтуымен ол малдарын ала кетеді. Содан кейін Тәкежан Балағаз бен Абылғазыларды елден қуғызғалы Семейге қағаз жөнелтеді. Ол қағазды Жұмағұл, Қарпық және бір атшы жеткізуі тиіс болған. Семейге жақын Мұқыр жырасында алдарынан үш жігіт бетін шүберекпен таңып шығады. Атшылардың бетін бұрып, қағаздардың барлығын алып кетеді. Бұлар Балағаздар болатын. Енді ұрылар Найманға қарай жөнеледі. Осыдан кейін Құнанбай ызаланып, бір түнде отыз шақты жігітке Ызғұттыны басшы етіп, ұрыларды ұстап алып келуге жібереді. Олар таң атпай-ақ, Балағаздың қыстауына жетіп, ұйқы үстінен ұстап алады. Оларды Мұсақұлға алып келісімен, Құнанбай бұйрығы бойынша Тәкежан мен Майбасар сол түні Семейге алып кетеді. Тәкежан ел ішінен ұрлыққа қатысы жоқ кісілерді де тіркеп кеткен екен. Оның ішінде Байдалы мен Базаралы да бар. Байдалы Базаралыны Құнанбайға: "Өз бөлтірігін жейтін қасқыр елі" деп сәлемдеме жіберіпті.



5

"Ұры болса да ағайын ғой", – деп Абай мен Ербол Балағаздарды ақтауға қалаға жөнеледі. Олар өз атына арыз тастап, адвокат та жалдады. Адвокат өзі Петерборда оқыған Ақбас деген кісі. Екеуінің сөзі келісіп, жақсы жақын болады. Бұл әрекеттері Байдалы, Базаралыларды құтқарғанымен, Балғаздарды құтқармады. Оларды Үркітке жер аударатын болады. Соттың ісі аяқталып, Абай Ақбаспен қоштасады. Сонда Ақбас: "Сен әлі де оқу оқимын десең, мен көмектесемін. Білім жарығына ұмтыл", – дейді. Осыдан кейін Абай риза болып, Жидебайға қайтады. Осы жазда оның үшінші ұлы Әбдірахман туылған еді. Абайдың әкелік мейірімі енді ғана туа бастаған. Бірақ, ол көп бөгелмей, пұл қамдап, қайтадан қалаға жөнеледі.
жүктеу 30,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау