Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет49/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ МҮСІРЕПОВ
(22 наурыз 1902 жыл — 31 
желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, 
мемлекет және қоғам қайраткері. 
Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), 
Қазақстан халық жазушысы. 
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар 
Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және 
ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты. 
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының 
шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші 
мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке 
ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық 
сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы 
Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды 
дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты. 
Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде 
жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы 
Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ 
бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт 
күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған 
толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас 
қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін 
байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды.


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы 
шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” 
(1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы 
адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” 
(1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, 
повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат 
соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. 
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында 
қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында 
Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана 
тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді 
жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” 
(1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы 
сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы 
әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы 
қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, 
Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері 
сипатталады. 
Оның “Кездеспей кеткен бір бейне” повесі (1966, ҚР Мемл. сыйл., 
1970) — классикалық шығарма. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері 
ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен 
жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл 
өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. 
Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде 
жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі 
тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем 
өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең 
лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан 
бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде 
үлкен жетістік саналды. 
Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. 
Оның “Қыз Жібек” (1934), “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” (1939), “Ақан Сері 
— Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. 
Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, 
ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры 
репертуарынан тұрақты орын алды. “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” ұйғыр, 
корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында 
және Мәскеу қаласындағы 
театрларда, 
Франциядағы Нанси қаласы 
театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр 
фестивалінде 1-орын алды (1981). 
Мүсірепов сондай-ақ “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты 
опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “Амангелді” 
(1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы 
Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Мүсірепов – көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылдың 4 
шілдесінде ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың 
басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне 
“Бесеудің хатын” жолдады. Хаттың мазмұны мен көтерген келелі мәселесі 
Мүсіреповтің қай кезеңде де болмасын халқының қамы үшін күресіп, қоғам 
алдындағы парызын адал орындаған азамат болғандығын айғақтай түседі. 
1990 жылы Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен 
жасөспірімдер театры “Бесеудің хаты”спектаклін қойды, пьеса авторы –
 Ш.Мұртаза, қоюшы-режисер Р. Сейтметов). Мүсіреповтің қоғам қайраткері 
ретіндегі, қарапайым адам қатарындағы адамгершілік ұстанымдарын 
айғақтайтын іс-қимылдары жетерлік. Соның бірі 1937 жылы Қазақстан 
Жазушылар одағындағы жиналыста тағдыры талқыға түсіп, ұсталып бара 
жатқан Б.Майлинге араша түсіп, “Бейімбет жау болса, мен де жаумын” деген 
сөзі бүгінгі күні аңызға айналған. Осының салдарынан ол 1938 жылы партия 
қатарынан шығарылды. 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау