Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
А қ м а р а л
(шыңғыра айқайлап,
Қайсарға ұмтылады).
Қа-ай-са-ар-р!... Тоқта-ат-т дей-ім-м!... Тоқташы!...
Қ а й с а р
(ызаланып).
Былай кет-т!
А қ м а р а л. Бұны өлтірсең екеуіміз де құримыз! Не-еғып-п түсінбейсің соны?!
Қ а й с а р. Мейлі!... Өзім өлтірем - өзім жауап берем! Сенің жұмысың болмасын!...
А қ м а р а л
(еңіз-теңіз болып).
Қайса-ар-р, жаным-м... өлтіре көрмеші!... Жалынам!...
Тым болмаса мына менің ішімдегі жеті жарым айлық нәрестені куә қылмашы ондай
сұмдыққа!... Қа-ай-сар-р!
Қ а й с а р. Әне!... Сендердің бәріңнің өсітіп сатқындарға жандарың
ашып шыға келеді. Ал бұлар бізді ешқашан аяп көрген жоқ. Өйткені бұларда жүрек жоқ,
тойымсыз өңеш пен қарын ғана бар!... Жаңа естіген жоқсың ба өз құлағыңмен
Марияға не айтқанын!?... Бұлар бізді бүгін
ғана сатумен шектелмейді, реті
келсе, ертең де, арғы күні де, тіпті жүз жылдан кейін де сата береді. Бұлар
тұрғанда, қарапайым халықтың басынан соры арылмағаны – арылмағаны!... Сендер
осыны қашан түсінесіңдер!?
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(үні әзер шығып).
Кеші-і-ірр!
А қ м а р а л.
Құдай-ай, кешірім сұрап жатыр ғой сенен, жіберші енді...
Қ а й с а р
(тістеніп).
Осының айтқанына сеніп тұрсың ба?! Сен де бір-р... Бұларда ант
деген болушы ма еді? Қазір есіктің алдына шығысымен бәрін ұмытады.
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч. Іні-ш-шек-к... ұмыт-па-йы-м... Өллә-біл-л лә.
Қ а й с а р. Жоқ, сен ұмытасың-ң! Қане, айт жаныңның барында,
- осы
кезге дейін қанша қазақты саттың?! Білем мен: сату мен сатылу – сендердің ата
кәсіптерің!... Сендер секілділер сатпаған қазақтың қандай қасиеті қалды?!...
Уақыт пен заманның атын жамылып, тілін де, дінін де, ар-ожданын да – бәріе де
сатып бітуге таядыңдар!... Және қит етсе, біз қайтейік, ол
кезде заман солай
еді ғой, білмей қалыппыз деп мүләйімсисіңдер! Енді, міне, бүгін де сол баяғы
тойымсыз өңештерің мен жанға жайлы жұмсақ креслоларың үшін ел намысын қорғап
алаңға шыққан ұл-қыздарыңды да сатып жібермексіңдер!... Бұл өздеріңнің
болашақтарыңды сату екенін түсінемісіңдер өздерің?!
Т и м у р Қ а л д ы б а е в и ч
(өлімсіреп).
Түс-с...
А қ м а р а л.
Қайсар-р, өлтір-дің-ң! өллә-біллә деп антын берді ғой жаңа!
Қайсар міз бақпайды.
Егер сен осыны өлтірсең, ең алдымен біз қысылғанда қанатының астына алған Баймырза
ағаны құртамыз!...
(Ақмарал бар күшімен жан ұшырып Қайсарды жұлқылай бастайды)
Естимі-сі-ің?! Түсінесің бе өзің, Бай-мыр-зза ағамды құтасың!...
Қ а й с а р
(өзіне-өзі келгендей
болып)
. Баймырза ағамды?!
А қ м а р а л
(Аппақ тістерін
Қайсардың доценттің алқымындағы қарулы қолына
салып).
Иә-иә-иә-ә! Қайсар доценттің алқымын босатып жібереді. Ол жерге жансыз
кісіше сылқ етіп, сұлап түседі.
А қ м а р а л
(еңіз-теңіз жылап
қоя береді).
Ақыры құр-т-тың-ң!.. Мынау уже-е...
(Ықылық атып) Өліп қалды-ы...
Қ а й с а р
(самарқау).
Қорықпа. Мұндайлар ит жанды келеді. Қазір тірілет...
А қ м а р а л
(қимылсыз жатқан
доценттің бетіне үңіліп).
Тіріл-лме-йт-т.
Қ а й с а р. Тірілет. Тірілет... Бетіне мұздай су бүрік...
Ақмарал
жанұшырып
асханаға
жүгіріп
барып,
ол
жақтан
бір
кесе мұздай су алып шығады да, жаутаңдап Қайсарға қарайды.
Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Қ а й с а р
Достарыңызбен бөлісу: