«Балапан қаз»
Халық əні
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Қолаң шаш уəдесін үзбеген жер-ай.
Ей, ахау; сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Əннің сөзіне көңіл бөл. Қазақ халқының өмірлік ұстанымдары жайлы не айта аласың?
Сенің ойыңша мұндай əндерді қай уақытта, қандай жағдайда орындайды?
«Балапан қаз» əні тарихтың қай кезеңімен байла-
нысты?
24-САБАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |