9 - сынып. География
ІІ нұсқа
1.Орталық Азия картасындағы ақтаңдақтарды жүріп өткен қай ғалым?
А. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев В. Махмұд Қашқари С. Алдар Петрович Горбунов
Д. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Е. Чжань Цянь
2. Қазақстан географиясының жаңа кезеңінің географ-академиктері:
А. Н.Н. Пальгов В. А.Р. Медеу С. Ә.С. Бейсенова Д. И.В. Северский Е. Ш. М. Нәдіров
3. Тау, ойпат, қыраттардың атаулары:
А. Дромонимдер В. Хоронимдер С. Ойконимдер Д. Оронимдер Е. Урбанонимдер
4. Бір автордың немесе авторлар ұжымының бір тақырыпқа арналған ғылыми жұмысы (кітабы)
А. Монография В. Стендік баяндама С. Ғылыми мақала Д. Ғылыми хабарлама Е. Баяндама тезисі
5. Жерді қашықтықтан зерделеу кезінде қандай құралдар қолданылады?
А. Авиағарыштық В. Компьютерлік желілер С. Әуе шарлары Д. Техникалық Е. Оптикалық
6. Аталғандардың қайсысы жаһандық мәселелерге жатпайды?
А. Мекен - жай бойынша іздеу В. Тығыз орналасу С. Аумақтың ластануы Д. Ормандардың қысқаруы Е. Мұхиттардың ластануы
7. Республиканың қай бөлігі таулы аймақтар?
А. Шығыс және оңтүстік-шығыс В. Солтүстік С. Солтүстік-шығыс Д. Оңтүстік Е. Оңтүстік-батыс
8. Жер сілкіну процестерін зерттейтін ғылым:
А. Геоморфология В. Геология С. Палентология Д. Сейсмология Е. Тектоника
9. Қазақстан қандай пайдалы қазбалар жөнінен бірінші орында?
А. Мырыш В. Хром С. Қорғасын Д. Вольфрам Е. Марганец
10. Қазақстанның қай аймағында мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған?
А. Оңтүстік В. Оңтүстік шығыс С. Шығыс Д. Батыс Е. Орталық
11. Қызылорда облысының мұнай кен орны:
А. Жаңажол В. Кеңқияқ С. Құмкөл Д. Өзен Е. Қаламқас
12. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы
А. Температураның амплитудасы В. Ылғалдану коэффициенті С. Температура инверциясы
Д. Күн радиациясы Е. Амплитуда циркуляциясы
13. Қазақстандағы ең суық ай
А. Қаңтар В. Желтоқсан С. Ақпан Д. Қараша Е. Қазан
14. Еліміздің жауын-шашын ең көп түсетін жерін көрсетіңіз:
А. Алматы В. Петропавл С. Батыс Алтай Д. Жоңғар Алатауы Е. Көкшетау
15. Климаттық қалыптастырушы факторлар көрсетілген қатарды белгілеңіз.
А. Жер қыртысы, ауа массасы В. Құрлық сулары, атмосфералық циркуляция
С. Су буы, ауа температурасы Д. Атмосфералық циркуляция, жердің төсеніш беті
Е. Қатты жел, жоғарғы температура
16. Қазақстанның барлық өзені қандай су алаптарына бөлінеді?
А. Солтүстік Мұзды мұхит алабы В. Атлант мұхитының алабы
С. Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық алабына Д. Ішкі ағынсыз тұйық алабы
Е. Үнді мұхиты алабына
17. Өзен суының шығыны дегеніміз не?
А. Өзеннен жыл бойында ағып шыққан су мөлшері
В. Өзеннің жылдық ағын мөлшері С. Өзендегі орташа судың мөлшері
Д. Өзен қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері Е. Өзеннің күндік ағын мөлшері
18. Балқаш-Алакөл алабының өзендері:
А. Ертіс, Есіл, Тобыл В. Жайық, Жем, Сағыз С. Қаратал, Лепсі, Іле, Ақсу
Д. Сырдария, Арыс, Шу Е. Торғай, Ырғыз, Талас
19. Қазақстанның ең суы мол өзені
А. Сырдария В. Жайық С. Есіл Д. Ертіс Е. Іле
20. Қазақстандағы кеме жүруге жарамды өзендер
А. Сырдария, Есіл В. Жайық, Арыс С. Есіл, Тобыл Д. Ертіс, Жайық Е. Іле, Нұра
21. Зоналылықтың жалпы табиғат заңы екенін дәлелдеді
A) А. Гумбольдт B) В.В. Докучаев C) В.И.Вернадский D) Э.Леруа E) П.Т.де Шарден
22. Таулардағы табиғат зоналарының ауысуы
A) Биіктік белдеулік B) Табиғат кешені C) Ландшафт D) Ноосфера E) Беткей экспозициясы
23. Кейбір шаруашылық түрлерін жүргізуге рұқсат берілетін ерекше қорғауға алынған аумақ
A) Мемлекеттік табиғи қорық B) Табиғат ескерткіштері C) Ұлттық саябақ
D) Табиғи резерват E) Мемлекеттік табиғи қорықша
24. Адам ықпалына түсіп, өзгеріске ұшыраған биосфера бөлігі
A) Тропосфера B) Табиғат кешені C) Ландшафт D) Ноосфера E) АТК
25. 2017 ж. 10 маусым-10 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен шара
A) Азиада B) Универсиада C) ЭКСПО D) Ислам Конференциясы E) ЕҚЫҰ саммиті
26. Қазақстан аумағындағы ірі физикалық – географиялық кешендер саны
A) 5 B) 7 C) 9 D) 14 E) 17
27. Адамның тиімсіз әрекеттері немесе көршілес ландшафтылардың кері ықпалы нәтижесінде қалыптасқан ландшафт
A) Акультуралық B) Антропогендік C) Өзгертілген ландшафт D) Мәдени ландшафт E) Мелиорация
28. Қазақстандағы саны жағынан үлкен диаспора
A) Өзбектер B) Қазақтар C) Орыстар D) Әзірбайжандар E) Түріктер
29. Қазақстан халқының көпұлтты құрамының қалыптасуы қай кезден басталды?
A) ХVIғ. B) ХVIIғ. C) ХVIIIғ. D) ХIIIғ. E) ХIХғ.
30. Өз елінде жұмысы бағаланбайтын ой еңбегі адамдарының миграциясы
A) Эмиграция B) Иммиграция C) Репатриация D) Гастарбайтер E) Ақылдың ағылуы
9 – сынып.
География
Достарыңызбен бөлісу: |