Геометриялық оптика Тест А1.
1.Жинағыш линзаның көмегімен нәрсенің кішірейтілген жалған кескінін алуға бола ма? Егер мүмкін болса нәрсені қалай орналастыру қажет?
а) жоқ; б) иә, линза мен фокус аралығында; в) иә, Ғ пен 2Ғ арасында;
г) иә, 2Ғ –тен ары ; д) иә, 2Ғ-те.
2. Егер нәрсені шашыратқыш линзаның фокусында орналастырса, онда оның кескіні ...
а) шын, үлкейтілген; б) жалған, кішірейтілген ; в)жалған,үлкейтілген ;
г) жалған,өлшемі өзіне тең ; д) кескін пайда болмайды.
3.Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2м . Кескіннің өлшемі өзіне тең болу үшін нәрсені линзаға дейін қандай қашықтыққа қою керек?
а) 10см ; б) 20см ; в) 40см; г) 80см; д) ондай жағдай мүмкін емес.
4.Нәрсе мен өлшемі өзіне тең кескіннің ара қашықтығы 2м. Линзаның оптикалық күші
а) 1 дптр; б) 2 дптр; в) 3 дптр; г) 4 дптр; д) 0,5 дптр.
5. Линзаның оптикалық күшінің БХЖ-де өлшем бірлігі ...
а) Н; б) ; в) м ; г) ; д) жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6.Егер жинағыш линзаның екі фокус аралығынан алыс орналасқан нәрсені линзадан алыстата бастаса, онда нәрсенің өлшемі ...
а) үлкейеді; б) кішірейеді; в) алдымен үлкейеді, сосын кішірейеді;
г) алдымен кішірейеді, сосын үлкейеді; д) жауап нәрсенің өлшемі мен линзаның фокус аралығына байланысты.
7. Нәрсе жинағыш линзаның оптикалық бас осінде одан 20см қашықтықта орналасқан.Егер нәрсенің шын кескіні линзадан 4Ғ ( Ғ-фокус аралығы) қашықтықта пайда болса, онда Ғ шамасы ...
а) 5см; б) 10см; в) 15см; г) 20см; д) 40см.
8. Нәрсе оптикалық күші 2,5 дптр линзадан 50см қашықтықта орналасқан.Егер нәрсені линзаға 5см жақындатса, онда оның кескіні ... есе үлкейеді.
а) 0,5 есе; б) 1,1 есе; в) 0,1 есе; г) 1,2 есе; д) 2 есе.
9. Линзаның көмегімен экранда нәрсенің кескіні алынды. Егер линзаның астыңғы бөлігін жапса, онда кескін ...
а) кескін мүлде жоғалып кетеді; б) кескіннің үстіңгі бөлігі жоғалады; в) кескіннің астыңғы бөлігі жоғалады ; г) кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы азаяды;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Суретте көрсетілген нүктелердің қайсысы S жарық көзінің кескіні болып табылады?
а) 1-нүкте;
б) 2-нүкте;
в) 3-нүкте;
г) 4-нүкте;
д) ешқайсысы .
Достарыңызбен бөлісу: |