«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі
Шығармалар: Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі,
Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы
Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі
1-БӨЛІМ
1. «Бауырлар» өлеңінің тақырыбына арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз
A. Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне орай
B. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орай
C. Астананың 10 жылдығына орай
D. Абайдың 150 жылдық мерекесіне орай
[1]
2. «Шал мен теңіз» әңгімесінен үзіндідегі «Мен көп нәрсені түсінбеймін. Адамның аспандағы күнді, айды, жұлдызды құлатып түсіруге ниет қылмайтыны қандай жақсы. Біз қорегімізді теңізден зорлық қып тартып алып, өзіміз секілді тіршілік иелерін өлтіріп жатамыз, - адамға осы да жеткілікті ғой», - деген кейіпкердің сөзінен қандай астарлы ойды байқауға болады ?
А. адамдардың ниетінің дұрыс болуы
В. жер бетіндегі соғыстың болуы
С. табиғаттың заңдылығын сақтау
D. қанағатшылдықтың маңыздылығы
[1]
3. «Бекторының қазынасы» шығармасында қазіргі қоғамдағы қандай мәселе көтеріледі?
A. түнгі клуб пен мейрамхана өмірінің теріс қырын көрсету
B. рухани құндылықтардың адам үшін қадірін жоғалтуы
С. жастардың жан бағу үшін ақша табу жолындағы қиындықтары
D. бай адамдардың ақшаның көмегімен көп нәрсеге қол жеткізуі
[1]
4. «Бекторының қазынасы» шығармасындағы кейіпкер Қайырболды шынайы өмірде кім?
А. мейрамхана даяшысы
В. тележурналист
С. Бекторының досы
D. зал меңгерушісі
[1]
5. «Шал мен теңіз» повесінде шал қай жерді көруді армандайды?
A. Африка
B. Гольфстрим
C. Гавана
D. Канар аралдары
[1]
2-БӨЛІМ
6. «...Кедей едім. Кедей болсам да көңіліммен бай едім. Бай болдым, Бай болсам да – кедей болдым. Ақшасы көп қайыршы болдым» деген Қайырболдыңы ішкі монологі нені меңзейді? Кейіпкердің ішкі толғанысын шығарма идеясымен байланыстыра түсіндіріңіз.
[5]
7. «...Адамға бақыт түрліше түрде келмек, оны танымай қалармын деймісің? Бақыттың қандай түрі болса да, таңдамай-ақ, аздап сатып алар едім, сұрағанын төлер ем...» деген үзіндіде қандай астарлы ой бар?
[5]
8. «Бауырлар» өлеңіндегі «...Туған елсіз ешқашан көгермейсің...» ойды қалай түсіндірер едіңіз? Өз ойыңызды 1-2 шумақ өлеңмен жеткізіңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Төменде екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз.
Э. Хемингуейдің «Шал мен теңіз» повесіндегі шалдың басынан өткен оқиғаларды саралай отырып, кейіпкер тағдырына жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау жасап, әдеби сын жазыңыз.
Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен адамзаттық сезімін талдап, әдеби сын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |