- Тақырыбы:Материалық нүкте.Қозғалыс траекториясы.Жол .
- 7 сынып
- Өткізген: Жанбосынова Гүлнар Қойшықызы
- білімділік:Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы , жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.
- тәрбиелік: Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.
- дамытушылық:Шапшаңдыққа,бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі:сыни тұрғыдан ойлау , топпен жұмыс , жұппен жұмыс , жеке жұмыс , бағалау.
- Сабақтың барысы:
- І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөліп, басшыларын сайлау.
- Өтілген материалды қайталау.
- Жаңа сабақты топпен меңгеру
- Сабақты қорытындылау.
- Үйге тапсырма.
- Оқушыларды топқа бөліп,
- басшыларын сайлау.
І. Кезең .Ұйымдастыру бөлімі. «Кім көп біледі?» бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру - Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
- Санақ жүйесі дегеніміз не?
- Планета деген сөз нені білдіреді?
- Құралсыз көзбен неше планета көруге болады?
- Жер күннен қашықтығы бойынша нешінші орналасқан?
- Күнге ең жақын планета?
- Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі неде?
- Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі?
- Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқ жұлдыздарға сәйкес келеді?
- Жазғы және қысқы күн тоқырау қай күндері болады?
- Теңіз бетіндегі су толқиды, ағаштар тербеледі, бұлттар көшеді, планеталар Күнді айнала қозғалады, Жер өз осінен айналады, машина жүреді ....
- Кейбір жағдайларда дененің бөліктері ғана қозғалады
- мысалы :жаттығу жасаған спортшы
- Денелер уақыт өтуіне қарай бір-біріне қатысты орнын өзгертеді
- Абсолт тыныштықта тұратын денелер болмайды
- Барлық денелер Жерге қатысты қозғалыста болады
Қазанның жиырма сегізі - Материалық нүкте . Қозғалыс траекториясы. Жол .
- Жол- қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп
- өткен траекторияның ұзындығы
- Орын ауыстыру – дененің бастапқы орнын оның
- келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
ІІ кезең.(жеке жұмыс) Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгер (төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы) Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр. 1.Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда , кей жағдайда қозғалыстағы денені ..................... ретінде қарастырады. 2. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені материалық нүкте деп атайды. 3. Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. 4.Траекторияны түріне қарап қозғалысты түзусызықты немесе қисықсызықты деп бөледі. 5.Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. 6.Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді , яғни векторды айтады. IІІ кезең. Топтық жұмыс: «Мәтінмен жұмыс» - І топ:Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде?
- ІІ топ:Қозғалыс траекториясының физикалық мағынасы қандай?
- Бағалау критерийлері
- 1.Тақырыпты толық қамту
- 2.Безендіру
- 3.Баяндау
- 4.Топтағы ұйымшылдық
- 5.Уақытты тиімді пайдалану
ІV кезең. “Ойтолғау” - 1.Жүргізуші автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді.
- Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?
- 2.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады?
- 1.Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды.
- Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма ?
- 2.Лифт таңертеңгі сағат 6-дан бастап түнгі сағат 1-ге дейін жұмыс істейді.Сонда орын ауытыру неге тең болады?
Жаңа сабақты пысықтау. Бүкіл материалдық дүниеге тән қасиет… а) механикалық қозғалыс б)санақ денесі в) тыныштық 2. Қозғалыс траекториясы деген не? а) жеке молекуланың қозғалысы б) жылдамдыққа қарама -қарсы қозғалыс в) бір нүктеден екінші нүктеге дененің орын ауыстырғандағы сызығы. 3.Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады? а) материя б) физикалық дене в) зат 4. Жол дегеніміз не? а) Траекторияның жүріп өткен жолы б) дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген . в) дененің бастапқы және соңғы орнын 5.Жол қандай әріппен белгіленеді? а) l б) S в) d Жауаптары: - 5 балл - “3”
- 4 балл - “2”
- 3 балл - “1”
- 2 балл - “0”
Бағалау: Рефлексия. <Бүгін сабақта қандай жаңа , қызықты нәрселер білдіңіздер? <Сабақта не ұнады?неге? <Сабақтың несі ұнамады? - Үйге тапсырма: §15,16
- қайталап мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |