7 Дәріс
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР МЕН АПАТТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу
Еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің жазатайым оқиғаларға тап болуын және денсаулығының басқалай бұзылуын тергеу және тіркеу ережелері 2001 жылдың 3 наурызындағы Қазақстан республикасы үкіметінің №326 қаулысында бекітілген.Бұл ереже жұмыс берушімен еңбектік қарым-қатынастағы қызметкердің еңбектік міндеттерін орындау процессінде болған жазатайым оқиғаларды, кәсібіне байланысты сырқаттарын, улану немесе денсаулығының басқалай зақымдалуын тіркеу мен рәсімдеу және тергеудің біртұтас ретін бекітеді.Ереже сонымен қатар:жұмыс берушіде мамандандарылған дайындықтан өтіп жүрген,сынақ мерзімінде жүрген немесе өзінің болашақ өндірістік қызметіне басқалай дайындалып жүрген тұлғаларға;оқу орындарында оқып жүрген, бастауыш және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беруге арналған оқу программасын өздері кәсіби сынақ-тәжірибеден өтіп жүрген кезде немесе жұмыс берушіге жұмыс істеп жүрген кезде жасайтын тұлғаларға;әскери қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлерге;сот шешімімен еңбекке тартылған тұлғаларға;әскерилендірілеген апатты-құтқарушы бөлімнің жеке құрамына,әскерилендірілген күзетке,адам өмірі мен мүлкін құтқарушы топтарға,апаттың зардабын,дүлей апаттардың зардаптарыи жоюға арналған ерікті топтың мүшелеріне де қатысты болады
Жұмыс беруші ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиға болғанда,екі немесе оданда көп жұмысшылармен бір уақытта болған топтық қайғылы жағдайларда,жәбірлеушілердің жарақаттарының ауырлығының дәрежесіне қарамай, топтық кәсіптік аурулар (улану) негізінде, қайғылы оқиға болған жердегі құқық қорғау орнына,өндірістік және салалық бақылау және қадағалаудың құзырлы органдарына дереу хабарлайды.Кәсіптік немесе өткір кәсіптік ауруларды (улану) комиссия тергегенде мемлекеттік санэпид қызметкерлері немесе кәсіптік потология орталығының өкілдері қатысады. Өткір(қатты)кәсіптік аурулар (улану) жеке тергегенде мемлекеттік санэпид қызметкерлерінің органдарының немесе кәсіптік потология орталығының өкілдері 24 сағат ішінде,ал егер созылмалы кәсіптік ауруларда хабарлама алған сәттен бастап 7 күн ішінде қаралады. Жұмыс берушімен немесе жәбірленушімен шарттық қатынасы бар,сақтық ұйымының өкілі комиссия жұмысына қатысуға құқылы.
Егер басқа ұйымға кәсіпшілік тапсырмамен (қызметтік не шарттық міндеттер) жіберілген жұмысшымен болған қайғылы жағдайды тергесе,соның ішінде кәсіптік практиканы өтеуші,жалпы білім беретін ,кәсіптік мектептермен жоғарғы оқу орнында оқитындар болса ,онда бұл жағдай қай жерде болса сол ұйымның жетекшісі құрған,жұмыс берушімен және жәбірленушінің өкілетті өкілдің қатысуымен құрылған комиссия қарайды.Басқа ұйымның аумағында орналасқан және негізгі жұмысы сол аумақта өтетін жұмыскерлер болған жазатайым оқиғаларды тергегенде ,оның жұмыс берушісімен ,қай аумақта жазатайым оқиға болса,сол ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен өтеді.Көлік апаты себебінен қайғылы жағдайға душар болғанда, тергеуді көлік инспекция органдарының тергеу материалдарының негізінде өткізеді.
Бірінші топтағы бұзушылықтардың алдын алуда тәрбиелеу және үгіттеу ең тиімді әдіс екендігі анықталған.Ал екінші топтағы себептерді жою үшін қауіпсіз жұмыс істеудің ағымдағы және әбден жетілдірілген дағдыларын үйрену керек,үшінші топта – нақты жұмыс түрлеріне байланысты адамдарды кәсіби және дәрігерлік таңдаудан өткізу керек.
Статистикалық тәсілдің топографиялық және топтық түрлері анықталған. Топтық шарада жарақаттың әртүрлі белгілері бойынша топтарға: жарақат алған уақыты; жасы; жарақат алушының маманы мен квалификациясы; жұмыс түрлері; жазатайым оқиғалардың себебі және тағы басқа түрлері болып бөлінеді. Бұның барлығы өндіріс жабдықтары мен жұмыс шартының жағдайы және өндірістегі жұмыс барысында туындаған қолайсыз жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |